Феноменология — (грек. файнеменон — пайда болатын) — Гегель философиясында сананың, рухтың қалыптасып, дамып жетілуі. Гегельдің «Рух феноменологиясын» Маркс «Гегель философиясының түпкі мәні және құпиясы» деп атады.
Жаттану (жатсыну) Гегель ілімінде әлемдік рухтың даму барысында өзінің қарама-қарсылығына, табиғатқа айналуы, басқа болмысты құруы.
Антропологиялық принцип — Фейербахтың пікірінше, адамды бетке ұстайтын жаңа философияны — адам философиясын құруға мүмкіндік береді.
Даналық - философия мен адамды жақындастыратын қажетті буын, олардың арасындағы рухани көпір (Рысқалиев Т.Х. Даналық пен түсініктің үлгілері / Философия тарихына шолу / Алматы, 1999).
Достарыңызбен бөлісу: |