«Философия» пәнінен глоссарий Философия



бет4/24
Дата03.01.2022
өлшемі46,05 Kb.
#108593
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
fs

Дао (қыт. жол) - қытай философиясының ең басты ұғымы. Д- бүкіл әлемнің, әрбір заттың даму заңдылығы, ғарыштық үйлесімділік пен қуаттың жарқын бейнесі. Бір өзі бар абсолютке тең, бүкіл тірліктің негізі, әрбір бастаманың басы. Д.- әрбір қайталанбас сәттің нәрі. Д. Сезім арқылы тануға көнбейді, ол барлық жерде және еш жерде емес, түрсіз және ныспысыз. Заттар әлемі Д. Арқылы жасалып, өмір заңына бағынады, яғни өткінші: барлық заттар ұлы айналымда болады, кейіннен шегіне жетіп, қайтадан өзінің қайнар көзі Д- ға қайтып, содан жаңадан туылады. Авторлығы Лао Цзыға телінетін Дао-Дэ-Цзин (Дао және Дэ туралы кітап) заманынан бері Д. туралы түсініктемелердің өзі бес мың томға жуық болды.

Лао Цзы бойынша, Д.- мәңгілік, негізсіздік, қуыс сынды онтологиялық қасиеттері бар мейлінше кең шынайылық. Бірақ қанша тіл жетпес, түсініктен тыс болса да, ол Дэ арқылы көрінеді. Дэ дегеніміз - ізгілік, әділдік, асыл қуат. Дэ Даоның этикалық көрінісі ретінде адамның қоғаммен, табиғатпен және өз-өзімен қарым- қатынасын табиғи жолмен түзеуге бағытталған. Осы заңдылықтар бойынша, Дао мен Дэ «цзы жэнь» - табиғилық және «у- вэй» - әрекеттенбеу қағидаларын ұстанады. Демек, Д. Ғылыми ілімнен гөрі рәсімге ұқсайды. Бірақ қытайлықтар түсінігінше, Д. Рәсімге де, ырымға да жатпайды. Адамдар ақылгөйліктен бас тартып, әрбір заттың немесе құбылыстың табиғи болмысын таба білуге тиіс.


Индуизм - әлемдегі ең ірі діндердің бірі. И. негізі карма заңына сәйкес жанның істеген ісінің оң не терістігіне сәйкес өлгеннен кейін жаңа түрге айналатындығы туралы ілім. И. діні бойынша, адам өзінің болашақ өмірін белгілі бір кастасы арқылы белгілейді. Әрбір үндіс сол кастаға сай, уағызды қатаң ұстануға тиісті. Осы арқылы о дүниеге барғанда қоғамда жоғарғы дәрежеде болуы мүмкін. И. - де біртекті догма да, әдет- ғұрыптық негіз де шіркеулік ұйым да жоқ. Табыну, культтік ғұрып храмдарда, жергілікті не үй альтарында, қасиетті жерлерде жасалады.
Ригведа - үнді мәдениетінің ең көне діни және әдеби ескерткіші. Ғалымдардың айтуы бойынша, оның жырлары б.з.б 15-6 ғғ.шамасында келген. Егер Веда үндіарийлердің қасиетті білім жинағы болса, Ригведа - жырлар жинағы. Бұл жинаққа сол заман білімінің құдайлар, жын, ғарыш, ритуал, әлеуметтік құрылым, этикалық құндылықтардың бүкіл жиынтығы кірген бірақ Ригведа құдайларды жырлауға арналған мінәжат ескерткіші болғандықтан, оның авторлары тәңірлерді арийлер жағына шақырумен болған. Олардың міндетіне Тәңірлерді мадақтау, олардың батырлығы мен қасиеттілігін жырлау, құрбандық қабылдауға шақыру, арийлер үшін көмек сұрап жалбарыну сияқты көптеген әрекеттер кірген. Бұл арада Құдай мен оған жалбарынушының арасындағы айырбас ахуалы тән. Мифология мен ритуал жағынан Ригведада Авестамен ұқсастық көп.
Сансара (айналып оралу, иірім) - үнді философиясы мен дінінің негізгі концепцияларының бірі. Сансара бойынша тіршіліктің түрлерінің бәрі бір-бірімен тығыз байланысты және бір- біріне айналу мүмкіншілігіне ие. Үнемі өзгеріске ұшырап отыратын әлемде заттардың негізі, мәні ешқашан жойылмайды, тек бір түрден екінші түрге ұдайы өтіп отырады. Сансара концепциясы бойынша, өлім өмірге қарсы қойылған зауал емес, өлім - өмірдің басқа түрлеріне өту жолы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет