Философияның функциялары


Онтологияның орталық категориясы



бет3/4
Дата17.12.2021
өлшемі42,96 Kb.
#102249
1   2   3   4
Байланысты:
материя
Сауат 21.09 қмж, 215 невр2, 215 невр2
Онтологияның орталық категориясы

Дәріс мақсаты: онтологияның басты зерттеу обьектісіне назар аудару, негізгі ұғымдарға түсініктеме беру.

Жоспар:

1.        Материя түсінігі. Материяның негізгі өмір сүру формасы: қозғалыс, кеңістік және уақыт

2.        Материя, қозғалыс, кеңістік пен уақыттың бірлігі

    


    Материя, оның жалпы қасиеттері мен өмір сүру тәсілі. Материя ұғымы философиялық материализмнің негізгі іргетасы. Ол әлем мен адамды табиғи себептерге сүйене отырып зерттеудің ұзақ тәжірибесінен туындаған. Ғылымның ірі жетістіктері әлемнің механикалық үлгісінің іргесін босатты. Материя туралы білімнің аясы одан да кеми түсті. Ғылымда қалыптасқан осы бағытты қорытындылай отырып, В.И. Ленин 1908 жылы материя ұғымының кеңейтілген анықтамасын берді: “Материя дегеніміз - адамға оның түйсіктері арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізге тәуелсіз бола отырып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі алынатын, суреті түсірілетін, бейнесі жасалатын, объективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория”. Яғни, материя дегеніміз біздің сана-сезімізден тыс өмір сүретін реалдылық, өйткені ол адамнан, адамзаттан тыс өмір сүреді. Әлемді ешкім жасаған жоқ, ол болған, болады және бола бермек. Әлем шексіз, шетсіз, ол көпжақты, көп қырлы, оның әр түрлі қасиеттері, ерекшеліктері бар. Әлемнің шексіздігі ондағы процестер мен құбылыстардың ешқашан аяқталмайтынын білдіреді. Материалдық әлемнің басы, соңы жоқ, ол ұдайы даму, ұдайы өзгеру, ұдайы қалыптасуда болып отырады. Материяға біртұтастық, яғни бүтіндік және құрылымдылық, біркелкілік тән. Әлемнің әр түрлі бөліктері мен қырлары өзара тікелей немесе бір бірі арқылы байланысқан - табиғат пен қоғам, тұлға мен тап. Материяның өмір сүру тәсілі - қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз кез келген өзгеріс. Қозғалыс объективті, абсолютті, салыстырмалы, мәңгі. Қозғалыс көп түрде болады. Ф.Энгельс қозғалыстың негізгі бес түрін көрсетіп, жүйелеген еді. Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік деп аталған. Қозғалыстың ең қарапайым түрі механикалық қозғалыс, ол заттар мен құбылыстардың кеңістікте орын алмастыруын білдіреді. Әлеуметтік қозғалыс қоғам өміріндегі шым-шытырық құбылыстар мен процестерді бейнелейді.

   Материяның басты қасиеті - қозгалыс, материясыз қозғалыс, қозға-лыссыз материя жоқ. Болу деген қозғалыста болуы дегенді білдіреді.

Қозғалысты кез-келген өзгеріс деп түсіндіруге болады, ол материяның сырт-қы емес, ішкі, ажырамас қасиеті, ол объективті, мәңгілік және абсолютті. Сонымен қатар, қозғалыс салыстырмалы, себебі ол өзгеріп отыратын, әрбіреуі өзіндік маңызға ие нақты формалар арқылы көрініс табады. Материалдық дүние таусылмас, шексіз, яғни қозғалыстың формалары да сансыз көп. Ф.Энгельс ХІХ-ғасырда жасаған қозғалыс формаларының классификациясы қазіргі кезде ғылым жаңалықтарымен толықтырылып, кенейе түсті, бірақ негізін сақтады деуге болады. Ол қозғалыстың меха-никалық, физикалық, химиялық. биологиялық және әлеуметтік түрлерін атап көрсетті.

   Кеңістік және уақыт - материяның маңызды атрибуттары. Кеңістік - материя болмысының объективті, жалпы, заңды формасы, ол әр түрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, өзара орналасқандығын, құрылымды-лығын және бірге өмір сүретіндігін сипаттайды.



   Кеңістік пен уақыт

Материя кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Уақыт дегеніміз заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзындығын, олардың әр түрлі жағдайының ауысуын білдіреді. Ол оқиғалар ағымы. Платонның сөзімен айтсақ “Мәңгіліктің қозғалу бейнесі”. Әр түрлі материалдық обьектінің өз уақыты бар. Сондықтанда физикалық, әлеуметтік уақыт болады. Уақыттың үш өлшемі бар: қазіргі, кешегі және болашақ. Уақыт ұдайы алға ұмтылады , ешнәрсе, ешкім оның обьективті бағытын өзгерте алмайды. Оны тоқтатуға болмайды. Қоғамда уақыт ағысы жылдам және күрделі. Ол адамның іс әрекетімен тығыз байланысты. Уақыт - тіршіліктің мықты да аяусыз өшірушісі, сонымен қатар оны жаратушысы да. Уақытша деген ұғым өткіншілікті жоғалып кетуді білдіреді. Керісінше, мәңгілік ұғымы ұдайылықты, ұдайы болып отыруды меңзейді. Адам өмірі биологиялық тұрғыдан өткінші. Сондықтан да ойлы адам өзінің өмірінің жүгіртпе секундтарына жоғарыдан қарай алмайды. Ол өзінің бұл дүниедегі өткінші жағдайын жақсы түсініп, өз өмірінің мән мағынасы, мақсаты туралы ойланып, толғанады. Әлеуметтік кеңістік пен әлеуметтік уақыт бұл адамның іс - әрекетінің бүкіл дүние жүзілік тарихы. Адам уақыттың есебін жүргізбей өмір сүре алмайды. Мұндай есеп жүргізудің әдістері тым ерте ойлап табылды. Кеңістік - заттар мен құбылыстардың бір - бірімен қатар орналасу, өзара әрекеттесу ретін білдіретін философиялық ұғым. Дүниедегі заттардың барлығы да, кеңістікте орналасқан. Кеңістіктің негізгі бірліктері - нүкте, көлем, ұзындық, қашықтық. Кеңістік объективті, өйткені ол материяның ажырамас қасиеті. Кеңістіктің үш өлшемі бар, ол ұзындығы, ені және биіктігі. Бұл өлшем тек заттық формаға ғана тән емес, әр түрлі процестерге де тән. Уақыт пен кеңістік бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, уақыт оның төртінші өлшемі болып табылады. Кеңістік пен уақыт туралы ұғым мифтік дәуірдегі дүниетанымдық жүйесінің негізгі түпқазығы болып табылады. Дәстүрлі мәдениет үлгілерінен уақытты игеру әрекетінің көптеген мысалын табуға болады. Уақытты тоқтату талпынысы дәстүрлі салтты қайталау арқылы іске асады. Болмыс, материя, қозғалыс ұғымдары дүние дегеніміз бір-бірінен оқшау тұрған заттар мен құбылыстардың ретсіз жиынтығы емес, тұтас байланысты бірліктегі құбылыс екендігін айқын көрсетіп отыр. Өлі табиғат пен тірі табиғат арасында өзара тылсым байланыс пен бір-біріне өту бар. Қоғам өмірі, оның заңдылықтары өзінің материалдық негізі болып табылатын табиғатпен тығыз байланысты. Жердегі тіршілік космос әлемімен байланысты. «Адамның мәңгі арқа сүйейтін, рухани - тірегі-ол жарық Дүние, осы жарық Дүние мен өмірдің ажырамас мәңгі біртұтастығын сезіну - түсіну. Осы сезіну-түсіну әр адамның таным -білімінің ең терең деңгейі болып табылады. Сондықтан адаммен әр уақытта бірге өмір сүретін арқа сүйеудің күші мен мәңгілігіне еш уақытта күмәндануға болмайды. Осы тірек әр адамға өмірдің ерекше тереңдігін сыйлайды, өйткені әр адам өмірді өзі жеке, жеке мүмкіндіктерімен қабылдай отырып, оның мәңгілігіне, дүниенің мәңгілігіне өз өмірінің (ұрпағының) баласының өмірі арқылы мәңгі жалғаса беретініне сенеді. Адамның рухани, мәңгі тіреуі - бұл жарық Дүниені ешнәрсемен салыстыруға болмайды. Сондықтан да қазақтар естіртіп те және естіртпей де өзінің арқа сүйеуі Жарық Дүниеге - О, Жарық Дүние-ай, деп сиынып отырады”-деп жазды Қ.Ш. Нұрланова. Қорыта айтқанда, дүниенің ғылыми картинасы ұғымы: 1) біртұтас дүние жайлы біртұтас білімді білдіреді; 2) олар фундаменталдық сипатта болады; 3) жалпы заңдар мен принциптер негізінде бір жүйеге келтірілген; 4) ол өлі табиғат пен тірі табиғатты да әлеуметтік өмір мен адамның өзін де қамтиды; 5) ол практикада әбден тексерілген, объективтік ақиқатты білдіретін білімдер; 6) айтарлықтай тұрақты; 7) ғылыми танымның алдағы дамуында, соның негізінде жаңа білімдердің тууында эвристикалық роль атқаратын білімдер”.21 Дүниенің ғылыми картинасына жақындау ұғым “әлем үлгісі” категориясы. В.Н. Топоровқа сүйеніп, бұл ұғымды кеңінен пайдаланған Ж.Ш.Резин. Әлем үлгісі дегеніміз - өмірде бар заттар мен құбылыстарды түсіндірудің жалпы және қарапайым бейнесі. Үлгі әрдайым нысанды түгелдеу емес, оның белгілі бір жақтарын, функциялары мен қалып - күйін туындатады, бұндайда таңдау ісінің өзі танымның маңызды буыны болып табылады. Әлемді игерудің көне әмбебап тәсілдерінің бірі болып табылатын үлгі жасау дүниенің ғылыми картинасын жасау жолындағы алғашқы қарапайым қадамдардың бірі болып табылады. Өйткені, оған да біртұтастық, жүйелік тән, ол да дүниенің біртұтастығын, ажырамас бірлігін түсіндіруге тырысқан.

   Материя (лат. materіa - зат) - әлемдегі алуан түрлі нысандар мен олардың жүйелерін, дүниедегі сан алуан құбылыстар мен оқиғалардың, қандай да болсын қатынастар мен байланыстардың, қасиеттер мен формалардың негізін, ішкі мәнін, себебін білдіретін философиялық ұғым.          Айналадағы бүкіл дүние - мәңгі қозғалыстағы М-ның алуан түрге түсіп, құбылып өзгеруінің, шексіз байланыстары мен қатынастарының көрінісі.

Ежелгі қытай, үнді, грек философиясында М. дүниедегі барлық заттардың негізі, дүниенің алғашқы тегі деп түсіндірілді.

  Антик. философтар М-ны жеке заттарға: Фалес - суға, Анаксимен - ауаға балады. Гераклит дүниенің алғашқы тегі және оны үздіксіз өзгеріске түсіріп, ұдайы жаңартып тұратын күш лаулаған от, алғашқы зат пен қозғаушы күштің тегі бір деп, диалектикалық натурфилософияның негізін қалады.

Материя мен қозғалыстың бірлігі жөніндегі мәселені Демокрит өзінің атомистік жүйесі арқылы шешеді. Ол біртекті элементтер атомдарының әр түрлі қосылысынан дүниедегі алуан түрлі заттар пайда болады деп түсіндіреді.

Аристотель материяны алуан түрлі заттық дүниенің болу мүмкіндігі ғана деп қарайды. Аристотельдің материяны бастапқы ырықсыз зат, ал рухты белсенді жасампаз құдіретті күш деп дуалистік тұрғыда анықтауы кейінгі философия тарихында маңызды орын алды.

  Жаңа заман философтарынан Декарт субстанция жөніндегі теориясында материяны оның көлемімен барабар деп қарады. Бруно мен Спиноза субстанция ретінде бүкіл дүние, әлем табиғатпен барабар деп санады. Спиноза жеке заттар сыртқы себептің нәтижесінде ғана қозғалысқа түседі, ал табиғат болса өздігінен қозғалып өзгереді дейді. Дидро мен Гольбах “материя - табиғат”, “материя мех. қасиеттердің жиынтығы” деген тұжырымдамаларды ұштастыруға тырысты және материя ұғымның сыңаржақтылығын аңғарып, материя дегеніміз - біздің түйсіктерімізде бейнеленетін және осы түйсіктерді тудырушы себеп деп, оған танымдық тұрғыдан анықтама берді. Материя анықтамасын оған қарама-қарсы тұрған материалды дүниемен емес, идеалды дүниемен қатысы арқылы да ашуға болады. Материядан өзге мұндай бейматериалдылыққа тек сана ғана жатады.

   Зат өзінің санада бейнеленуіне байланысты, біріншіден, ойдың нысаны болса, екіншіден, сол зат жөніндегі ойдың нәтижесі, ұғым. Сөйтіп, ол қосмәнділікке ие болады. Бұл екі ұғым - материя мен сана диалектиканың бір-біріне қарама-қарсы жалпы категориялары. Материя ұғымында объективті дүниені тану кезінде айқындалған оның ең жалпы қасиеттерін сипаттайтын белгілері анықталады.

  Осы заманғы ғыл. түсінік бойыншаматерияның маңызды қасиеттері:

• сақталу мен өзгеру (қозғалыс),

• үздіктілік пен үздіксіздік,

• кеңістік пен уақыт.

Бұл қасиеттер объективті дүниеде бірімен-бірі ажырамас диалект. бірлікте болады. Материалдық дүниедегі объектілердің ішкі құрылымы тәртіпке келіп реттелген элементтерден түзілген жүйелер болып келді. М-ның біртұтастығы оның әмбебап қасиеттерінен айқын көрінеді. Ол қасиеттерге жататындар: М-ның жаңадан пайда болмайтындығы мен жойылмайтындығы, уақыт өлшемінде мәңгі өмір сүретіндігі, кеңістіктегі шексіздігі, құрылымының алуан түрлілігі. А.Қалибасұлы

   Материя туралы адамдардың ойлары өз заманындағы қоғамдық тәжірибенің, жалпы мәдениеттің көрінісі. «Материя» деген терминді қолданбаған бірде - бір философиялық мектеп немесе бірде - бір философ жоқ. Сондықтан, түрлі кездерде және түрлі мағынасы мен маңызы болғандығы таңданарлық нәрсе емес. Материя ұғымы - дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән-мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет