Ұңғымаларды бұрғылау 5В070600 «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы студенттеріне арналған


Бұзылған тау жыныстарын тасымалдау



бет3/4
Дата20.10.2022
өлшемі444,5 Kb.
#154022
1   2   3   4
Байланысты:
Ұңғыларды бұрғылау процесінің негізгі жұмыс операциялары

Бұзылған тау жыныстарын тасымалдау

  • Бұрғылау кезінде талқандалған тау жынысы ұңғыма түбінен жер бетіне шығуы тиіс. Бұрғыланған тау жыныстар жиналған жағдайда - ұңғыма кенжарында жыныс бөлшектердің ұсақталуына, энергияның шығындалуына әкеліп соғады, және де аспаптардың тозуына, ұңғыманың тереңдеу жылдамдығы азаюына келіп тіреледі.

Бұзылған тау жыныстарын тасымалдау

  • Бұрғыланған тау жыныстарын тасымалдауы бірнеше тәсілдермен орындалады:
  • меxаникалық
  • гидравликалық
  • пневматикалық
  • қосынды.
  • Меxаникалық тәсілінде бұрғыланған тау жыныстарын тасымалдауы арнайы және бұрғы құралы (желонка, қасықша, шнек) арқылы іске асады.

Бұзылған тау жыныстарын тасымалдау

  • Гидравликалық тәсілінде бұрғыланған бөлшектер жуу сұйығы ағынымен тасымалданады.
  • Пневматикалық тәсілде ұңғыма тазалауы ауа мен газ ағыны арқылы іске асады.
  • Қосынды тәсілде бұрғыланған бөлшектер жуу сұйығы ағынымен жарым жартылай жоюды және меxаникалық тәсілімен толық жоюды (желонка немесе шламды құбыр) - қарастырады.

Бұзылған тау жыныстарын тасымалдау

  • Талқандалған тау жыныстарын тасымалдау тәсілдері бұрғылау тәсілімен және тау жыныстардың қаттылығымен анықталады.
  • Меxаникалық тәсіл терең емес бұрғылауда айналмалы тәсілімен жұмсақ тау жыныстарында және соққылама-арқанды бұрғылауда қолданылады.
  • Айналмалы колонкалы және роторлы бұрғылауда гидравликалық және пневматикалық тәсілдері қолданылады. Сұйықтық, ауа және газ бұрғылау құралдарын суытады, нәтижесінде бұрғылау жылдамдығы ұлғаяды.

Бұзылған тау жыныстарын тасымалдау

  • Гидравликалық тәсілінде жуу сұйығы кенжарға сораптармен үздіксіз айдалады, ал қозғалмалы ағын жыныс бөлшектерін көтеріп алып жер бетіне шығарады.
  • Бұрғы ерітіндісі ұңғымадан шығар кезде таужыныс бөлшектерінен тазаланады және ұңғымаға қайтадан айналады. Тазалау процесі тұңдырғыш (отстойник), елеуіштер және гидроциклон көмегімен орындалады. Науаша (желоб) және тұндырғыштар жиі шламдардан тазарып тұруы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет