Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы



бет2/11
Дата29.01.2018
өлшемі2,25 Mb.
#35893
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы «5» мамырдағы

№485 қаулысымен

бекітілген


«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру»мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

 

1. «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар), Астана және Алматы қалаларының аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – аумақтық инспекция) ұсынады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 13-бабының 4-тармағы, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөнiндегi ереженің 26-тармағы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген аумақтық инспекциялардың стендтерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.minagri.kz интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы» кіші бөлімінде орналасқан.

5. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты қағаз тасығышта немесе жазбаша түрде оны беруден дәлелді бас тартуды беру мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде ұсынылады:

1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тұтынушы тиісті құжаттарды тапсырған күннен бастап – бес жұмыс күні ішінде;

2) фитосанитариялық сертификатты алғанға дейін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;

3) тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 40 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындарда күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға, сондай-ақ физикалық мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін қолайлы жағдай жасалады. Құжаттарды толтыру орындары тиісті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері келтірілген стендтермен жабдықталады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды:

1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысанда екі данадағы өтінімді;

2) импорттаушы елдің фитосанитариялық талаптарын (импорттық карантиндік рұқсат), карантинге жатқызылған өнімді жеткізу туралы шартта және (немесе) келісімшартта талаптар көрсетілмеген жағдайда;

3) жеке тұлғалар үшін – салыстырып тексеруге түпнұсқасын берген жағдайда тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

4) салыстырып тексеруге түпнұсқасын берген жағдайда заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

5) карантинге жатқызылған өнімді жеткізу туралы шарттың және (немесе) келісімшарттың көшірмесін (бар болса) ұсынады.

12. Өтінім бланкісін аумақтық инспекцияның кеңсесі береді сондай-ақ оның нысаны Министрліктің www.minagri.kz интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы» кіші бөлімінде орналастырылады.

13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша тиісті аумақтық инспекцияның кеңсесіне тапсырылады.

14. Тұтынушыға:

1) құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні;

2) сұратылып отырған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен аттары;

4) мемлекеттік қызметті алатын күні (уақыты) және құжаттар беру орны;

5) аумақтық инспекцияның құжаттарды қабылдаған жауапты лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.



15. Фитосанитариялық сертификат мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген тиісті аумақтық инспекцияда берілген фитосанитариялық сертификаттар журналына жеке келіп қол қою арқылы қолма-қол беріледі.

16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға:

1) тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық бермеуі;



2) тұтынушының карантинге жатқызылған өнімді оның карантиндік жағдайын анықтауға ұсынбауы;

3) карантинге жатқызылған өнімнен карантиндік объектілердің анықталуы негіз болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде аумақтық инспекцияның лауазымды адамдары:



1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;

2) сыпайы және әдепті болу;

3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;

4) тұтынушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

5) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағиттарын басшылыққа алады.
4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Аумақтық инспекцияның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген аумақтық инспекцияның заң қызметінің маманы түсіндіреді.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесіне келіспеген жағдайда шағым жазбаша түрде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының немесе оның орынбасарының атына мына мекенжайы бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 703-кабинет, телефон 555961, электрондық мекенжай: fsb_grpest@minagri.kz, демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін пошта арқылы немесе қолма қол беріледі.



22. Дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша тиісті аумақтық инспекцияның басшысының атына жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол, демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағымдар жазбаша дәлелді жауаппен немесе өзге құжаттармен қоса жазбаша түрде қабылданады.

25. Қабылданған шағым тиісті аумақтық инспекцияда немесе Комитеттің кеңсесінде тіркеледі. Шағым берген тұтынушыға тiркелген күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген тиісті аумақтық инспекция кеңсесінің, (8-7172) 555813 телефон арқылы Комитет кеңсесінің лауазымды адамдарынан алуға болады.



Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

26. Аумақтық инспекцияның және Комитеттің байланыс телефондары сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және аумақтық инспекцияларда орналасқан стендтерде көрсетіледі.
«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан

Республикасынан тыс жерлерге әкетуге

фитосанитариялық сертификаттар беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар), Астана және Алматы қалалары аумақтық инспекцияларының байланыс деректері



Атауы

Заңды мекенжайы

Телефон нөмірі

1

2

3

Ақмола облысы

Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

akmola_C-OTU@minagri.kz

8 (7162) 250816

Ақкөл аудандық аумақтық инспекциясы

Ақкөл қаласы,

Нұрмағамбетов көшесі, 81



8 (71638) 21100, 22312,

20188, 21451



Аршалы аудандық аумақтық инспекциясы

Аршалы кенті,

Комсомол көшесі, 3



8 (71644) 22483,

ф. 21634, 21290



Астрахан аудандық аумақтық инспекциясы

Астрахан ауылы,

Әл-Фараби көшесі, 49



8(71641) 22808, 22286

Атбасар аудандық аумақтық инспекциясы

Атбасар қаласы

Жеңіс көшесі, 67



ф. 8(71643) 42902, 41388

Бұланды аудандық аумақтық инспекциясы

Макинка қаласы,

Яглинский көшесі, 42



8 (71646) 21505,

ф. 21009


Егіндікөл аудандық аумақтық инспекциясы

Егіндікөл ауылы,

Жеңіс көшесі, 7



8(71642) 21965,

ф. 21334



Еңбекшілер аудандық аумақтық инспекциясы

Степняк қаласы,

Рысқұлов көшесі, 2



8 (71639) 21154,

ф. 21512


Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы

Ерейментау қаласы,

Уәлиханов көшесі, 39



8 (71633) 23770,

ф. 23798


Есіл аудандық аумақтық инспекциясы

Есіл қаласы,

Мырзашев көшесі, 96а



8(71647) 29387, 21437,

ф. 21387



Жақсы аудандық аумақтық инспекциясы

Жақсы ауылы,

Ленин көшесі, 32



8 (71635) 21168,

ф. 21672, 91672



Жарқайын аудандық аумақтық инспекциясы

Державинск қаласы,

Ленин көшесі, 24



8 (71648) 91437, 91336

Зеренді аудандық аумақтық инспекциясы

Зеренді ауылы,

Ленин көшесі, 23 а



8 (71632) 21250,

ф. 22558


Қорғалжын аудандық аумақтық инспекциясы

Қорғалжын ауылы,

Ленин көшесі, 14



8 (71637) 21869,

ф. 21236



1

2

3

Сандықтау аудандық аумақтық инспекциясы

Балқашин ауылы,

Ленин көшесі, 126 а



8 (71640) 91674,

ф. 92200



Целиноград аудандық аумақтық инспекциясы

Ақмол ауылы,

Гагарин көшесі, 14



8 (71651) 31153, 31152

Шортанды аудандық аумақтық инспекциясы

Шортанды кенті,

Зеленый айналымы, 5



8 (71631) 22520, 21744, 21914

Щучье аудандық аумақтық инспекциясы

Щучье қаласы, Железнодорожный көшесі, 105

8 (71636) 36236

Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясы

Ақмола облысы, Красный Яр ауылы, Ветлаборатория көшесі, 4

8 (7172) 403120

Степногор қалалық аумақтық инспекциясы

Степногорск қаласы,

2 шағын ауданы, 16 үй



8 (71645) 64997,

ф. 61993



Ақтөбе облысы

Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы

Ақтөбе қаласы,

Смағұл көшесі, 11

aktobe_D-OTU@minagri.kz


8 (7132), 215323, 400301

Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясы

Комсомольский ауылы,

Құлымбет көшесі, 6



8 (71339) 21712; 21182; 21577

Алға аудандық аумақтық инспекциясы

Алға қаласы,

Тамды көшесі, 1



8 (71337) 31475;

ф. 31475


Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы

Байғанин кенті,

Метеостанция көшесі, 33



8 (71345) 22998; 22076

Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы

Ырғыз кенті,

Барысбай көшесі, 7



8 (71343) 21643; 21848

Қарғалы аудандық аймақтық инспекциясы

Бадамша кенті,

Әйтеке би көшесі, 40



8 (71342) 23106; 22356

Қобда аудандық аумақтық инспекциясы

Қобда кенті,

Алиата көшесі, 21



8 (71341) 21122

Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы

Мәртөк кенті,

Панфилов көшесі, 50



8 (71331) 21778; 21747

Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция

Қандыағаш қаласы,

Қалиев көшесі, 14



8 (71333) 35550

Темір аудандық аймақтық инспекция

Шұбарқұдық кенті,

Желтоқсан көшесі, 5



8 (71346) 22152; 23217

Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы

Ойыл кенті,

Бақаев көшесі, 6



8 (71332) 21821

Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы

Хромтау қаласы,

Спортивная көшесі, 2



8 (71336) 21741

Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы


Шалқар қаласы,

Үргенішбаев көшесі, 26



8 (71335) 21748

Ақтөбе аудандық аймақтық инспекциясы


Ақтөбе қаласы,

Иманов көшесі, 33



8 (7132) 962558; 228477

1

2

3

Алматы облысы

Алматы облыстық аумақтық инспекциясы

Талдықорған қаласы,

Лесная көшесі, 1

Almaty_B- OTU@minagri.kz


8 (7282) 268337, ф.268338

Ақсу аудандық аумақтық инспекциясы

Жансүгіров кенті,

Сәтпаев көшесі, 2



8 (72832) 21940, 22797

Алакөл аудандық аумақтық инспекциясы

Үшарал қаласы,

Шуақов көшесі, 30



8 (72833) 21455, 21365

Балқаш аудандық аумақтық инспекциясы

Бақанас кенті,

Бижанов көшесі, 4



8 (72773) 91466, 91575

Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясы

Иссык қаласы,

Пугачев көшесі, н-з



8 (72775) 41879, 44481

Ескелді аудандық аумақтық инспекциясы

Қарабұлақ кенті,

Оразбек көшесі, 52



8 (72836) 30130, 31523

Жамбыл аудандық аймақтық инспекциясы

Ұзынағаш ауылы,

Сәтпаев көшесі, 117



8 (72770) 22731, 21592

Іле аудандық аумақтық инспекциясы

Өтеген батыр кенті,

Титов көшесі, 33 а



8 (72752) 22286, 23692

Қарасай аудандық аумақтық инспекциясы

Қаскелен қаласы, Тәуел-сіздікке 10 жыл көшесі, 23

8 (72771) 22173

8 (7272) 983211



Қаратал аудандық аумақтық инспекциясы

Үштөбе қаласы,

Оспанов көшесі, 8



8 (72834) 21849, 21198

Кербұлақ аудандық аумақтық инспекциясы

Сарыөзек кенті,

Рысқұлов көшесі, 20



8 (72840) 31280, 32125

Көксу аудандық аумақтық инспекциясы

Балпық би кенті,

Сейфуллин көшесі, 5



8 (72838) 21716, 21660

Панфилов аудандық аумақтық инспекциясы

Жаркент қаласы,

Иванов көшесі, 94



8 (72831) 51034, 53278

Райымбек аудандық аумақтық инспекциясы

Кеген ауылы,

Лебаев көшесі, 43



8 (72777) 21911, 21393

Сарқанд аудандық аймақтық инспекция

Сарқанд қаласы,

Қабанбай Батыр көшесі, 6



8 (72839) 21089, 21068

Талғар аудандық аумақтық инспекциясы

Талғар қаласы,

Пугачев көшесі, 1



8 (7283) 882897,

8 (72774) 32045



Ұйғыр аудандық аумақтық инспекциясы

Шонжы ауылы, Ж. Құдайбергенов көшесі, 119

8 (72778) 21800, 22541

Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясы

Талдықорған қаласы Қабліс жырау көшесі, 207

8 (7282) 301980, 301996

Текелi қалалық аумақтық инспекциясы

Текели қаласы, Ш. Қалдаяқов көшесі, 60

8 (72835) 41498, ф.41498

Атырау облысы

Атырау облыстық аумақтық инспекциясы

Атырау қаласы, Орманшар шағын ауданы, 49 а

atyrau_E-OTU@minagri.kz



8 (7122) 282941; 292071

Жылыой аудандық аймақтық инспекциясы

Құлсары қаласы,

8-учаске


8 (71237) 55730

1

2

3

Мақат аудандық аумақтық инспекциясы

Мақат кенті,

Орталық алаң, 2



8 (71239) 31110

Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы

Махамбет ауылы,

Ветстанция, 1



8 (71236) 30210

Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы

Миялы ауылы,

Құттыбаев көшесі, 16



8 (71238) 21324

Индер аудандық аумақтық инспекциясы

Индер кенті,

Қаражанов көшесі, 9



8 (71234) 22244

Исатай аудандық аумақтық инспекциясы

Аққыстау ауылы,

Ынтымақ көшесі, 45



8 (71231) 20952

Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы

Ганюшкино ауылы,

Ветстанция, 1



8 (71233) 23063

Атырау қалалық аумақтық инспекциясы

Атырау қаласы, Орманшар шағын ауданы, 49 а

8 (7122) 290633, 292070

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы

Өскемен қаласы,

Крылов көшесі, 40

vko_F-OTU@minagri.kz


8 (7232) 259920,

ф.254008



Абай аудандық аумақтық инспекциясы

Қарауыл ауылы,

Баян көшесі, 25



8 (72252) 91308

Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы

Аягөз қаласы,

Осенний орамы, 48 а



8 (72237) 33540

Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы

Большая Владимировка ауылы,

Совхозная көшесі, 38



8 (7222) 91604

Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы

Бородулиха ауылы,

СТО, 4


8 (72351) 21932

Глубокое аудандық аумақтық инспекциясы

Глубоковское ауылы,

Пирогов көшесі, 6



8 (72331) 22870, 21552

Жарма аудандық аумақтық инспекциясы

Қалбатау ауылы, Мұсылманқұлов көшесі, 21

8 (72347) 65582

Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы

Зайсан қаласы,

Стамбетова көшесі, 10



8 (72340) 21393

Зырян аудандық аумақтық инспекциясы

Зырян қаласы,

Бриллин көшесі, 55



8 (72335) 61718

Қатонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы

Үлкен нарым ауылы,

Слямов көшесі,136



8 (72341) 21833

Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясы

Көкпекті ауылы,

Қабанбай көшесі, 81



8 (72348) 21808

Күршім аудандық аумақтық инспекциясы

Күршім ауылы,

Момышұлы көшесі,12



8 (72339) 31280

Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы

Ақсуат ауылы,

Қабанбай көшесі, 24



8 (72346) 21405

Ұржар аудандық аймақтық инспекциясы

Ұржар ауылы,

Калинин көшесі, 1



8 (72230) 34739

Ұлан аудандық аймақтық инспекциясы

Молодежный кенті

8 (72338) 27366

Шемонаиха аудандық аумақтық инспекциясы

Шемонаиха ауылы,

Мичурин көшесі, 21



8 (72332)30630

1

2

3

Риддер аудандық аумақтық инспекциясы

Риддер қаласы,

Қонаев көшесі, 40



8 (72336) 40930

Семей қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Семей қаласы,

Павлодарская көшесі, 106



8 (72226) 36101

Курчатов қалалық аумақтық инспекциясы

Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 35/59

8 (72251) 22955

Өскемен қалалық аумақтық инспекциясы

Өскемен қаласы, Пограничный көшесі, 49

8 (7232) 532480

Жамбыл облысы

Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы

Тараз қаласы,

Пушкин көшесі, 140-б zhambyl_H-OTU@minagri.kz



8 (7262) 432963

Байзақ аудандық аумақтық инспекциясы

Сарыкемер ауылы,

Орынқұлов көшесі, 89



8 (72637) 21249, 21931

Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы

Аса ауылы,

Промышленная көшесі, 3



8 (72633) 22598, 21257

Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы

080300

Б.Момышұлы ауылы, 93



8 (72635) 21592, 21311

Қордай аудандық аумақтық инспекциясы

Қордай ауылы,

Жібек жолы көшесі, 108



8 (72636) 47464, 47461

Меркі аудандық аумақтық инспекциясы

Меркі ауылы,

Панфилов көшесі, 6



8 (72632) 24888, 24887

Мойынқұм аудандық аумақтық инспекциясы

Мойынқұм ауылы,

Көшенов көшесі, 5



8 (72642) 24625, 21467

Т. Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы

Құлан ауылы,

Асылов көшесі, 54



8 (72631) 21199, 21221

Сарысу аудандық аумақтық инспекциясы

Саудакент ауылы,

Асанов көшесі, 7



8 (72639) 21954, 22149

Талас аудандық аумақтық инспекциясы

Ақкөл ауылы,

Қонаев көшесі, 17



8 (72641) 21460, 21169


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет