Физика • Ғалам • Үлкен жарылыс


ФИЗИКА • ҒАЛАМ • ҮЛКЕН ЖАРЫЛЫС



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата25.05.2023
өлшемі0,74 Mb.
#177713
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
kktwig-lken-zharylys

ФИЗИКА • ҒАЛАМ • ҮЛКЕН ЖАРЫЛЫС
Тұрақты күй теориясы 1940-шы жылдардың соңында пайда 
болды. Ол Үлкен жарылыс теориясына балама ретінде 
жасалды. Бұл теория бойынша, Ғалам миллиардтаған 
жылдар бұрын емес, бірте-бірте жаңа заттардың қосылып, 
Ғаламның тығыздығын тұрақты түрде сақтап тұруынан 
пайда болу үстінде деп тұжырымдайды. 
1960-шы жылдары ғарыштық микротолқындық 
радиацияның ашылуы Үлкен жарылыс теориясының 
қабылдануына себепші болды. Себебі, тұрақты күй 
теориясында жаңа табылған радиацияны түсіндіретін 
тұжырымдар болған жоқ. 
1990-шы жылдары тұрақты күй теориясының жаңа 
нұсқасы ұсынылды. Тұрақты сыңайлы күй ғарышнамасы 
деп аталатын бұл жаңа теория бойынша, Ғалам пайда 
болғаннан бастап, “минибанг” деп аталатын кішкентай 
пайда болу оқиғалары болып тұрған. Алайда, бұл теорияны 
ұстанушылар көп емес.
• Ұсынылатын фильмдер

– Үлкен жарылыстың дәлелдері

– Деректер: Үлкен жарылыс және ғалымдар
 
 
• Үлкен жарылыстан басқа теориялар бар ма?
ДИАГРАММА 02:
• Үлкен жарылыстан бұрын не болған?
Әдетте бұл сұраққа 13,7 миллиард 
жыл бұрын Үлкен жарылысқа дейін 
ештеңе болмаған деп жауап беріледі. 
Нақтырақ айтқанда, уақыттың өзі 
Үлкен жарылыс кезінде пайда 
болғандықтан, бұл сұрақ мағынасыз 
болады, себебі ол кезде ешқандай 
“бұрын” болмаған. Алайда, Ғаламның 
бастапқы кезеңдерін түсіндіретін 
кейбір моделдер уақыттың Үлкен 
жарылыс кезінде пайда болуын 
талап етпейді. Егер осы моделдер 
дұрыс болса, Үлкен жарылысқа дейін 
Ғаламның басқа формада болуы 
әбден мүмкін. Кейбір теориялар 
бойынша, әлем периодты құбылыс, 
әрдайым Ғаламның “соңында” Үлкен 
жарылыс болып тұрады. Егер бұл 
тұжырым дұрыс болса, Ғаламның 
жасы 13,7 миллиард жылдан 
әлдеқайда асып кетуі мүмкін.
Қосымша сұрақ
С2. Ғаламның соңы қандай болады?
Егер біз Ғаламның басы бар деген тұжырымға келіссек, онда оның 
соңы бар ма және ол қандай түрде болады деген сұрақ туындайды. 
Бұл туралы бірнеше болжамдар бар, бірақ Ғаламның ақырғы тағдыры 
ғарыш кеңістігінің геометриясына немесе ғаламның “пішініне” 
байланысты болады деп пайымдалады.
Жай сөзбен айтқанда, егер гравитациялық күш Ғаламның ұлғаюын 
бәсеңдетіп, ақыр соңында тоқтата алса, Ғалам сығылып, соңында 
“Үлкен сытыр” болуы ықтимал. Тіпті бұл тағы да бір Үлкен жарылысқа 
алып келуі мүмкін, нәтижесінде Ғалам тұрақты түрде ұлғайып және 
сығылып отырады.
Бір жағынан, ғалам мәңгі ұлғайып отыруы мүмкін. Ақыр соңында, 
бүкіл қуат көзі таусылып, жұлдыздар түзіле алмайтын болады. Соңғы 
жұлдыздар сөнген кезде, қалған қалдықтар ақырын ыдырайды да, 
орасан зор уақыттан кейін бүкіл Ғаламда біркелкі температура 
орнайды. Бұл “жылулық өлім” деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет