• Ұсынылатын фильм
– Үлкен жарылыс теориясы
3
ФИЗИКА • ҒАЛАМ • ҮЛКЕН ЖАРЫЛЫС
• Қызыл ығысу деген не?
2-бөлім: Ұлғаю
Жарықтың алыс галактикалардан қызыл ығысуы олардың бір-бірінен алшақтап қозғалатынын көрсетеді, және бұл
Үлкен жарылысқа дәлел бола алады.
Қозғалыстағы заттар толқын шығарғанда, толқынның ұзындығы мен жиілігі өзгереді. Мәселен, пойыз бір орында
тұрған бақылаушыға қарай қозғалса, пойыздан шығатын дыбыстың жиілігі қозғалыссыз тұрған пойыздың жиілігінен
көп болып естіледі. Егер пойыз бақылаушы жанынан өтіп, бақылаушыдан ұзап бара жатса, дыбыстың жиілігі
азайғандай болады. Мұның себебі, қозғалыстағы пойыз шығаратын дыбыс толқындары алдын-ала шығып қойған
толқындарға ілеседі не олардан алшақтайды, бұл толқындардың арақашықтығын азайтады немесе арттырады.
Яғни, келіп жатқан толқындардың арасындағы уақыт азаяды немесе көбейеді. Дененің жылдамдығын осы жиіліктің
өзгерісі арқылы өлшеуге болады.
Жарықта да осы эффект жүзеге асады. Егер дене бақылаушыға қарай қозғалса, толқын ұзындығы спектрдің
соңына қарай, “көк” түске қарай жылжып, азая бастайды. Ал егер дене бақылаушыдан қарсы бағытта қозғалса, ол
“қызыл ығысуға” ұшырайды.
Алыс галактикаларды бақылағанда, олар қызыл ығысуға ұшыраған сияқты болып көрінеді. Мұның екі себебі бар:
біріншіден, галактикалар бір-бірінен алшақтап қозғалуда; екіншіден, жарық ұлғайып жатқан ғарыш кеңістігі арқылы
өткенде, оның толқын ұзындығы артады, бұл да қызыл ығысуға алып келеді.
• Ұсынылатын фильмдер
– Үлкен жарылыстың дәлелдері
– Деректер: Қызыл ығысу
ДИАГРАММА 03:
Қосымша сұрақ
С3. Үлкен жарылыс қай жерде болған?
Ғалам сыртқа қарай барлық бағытта ұлғайып
жатқандықтан, ол бір орталық нүктеден жан-жаққа
бағытталып жатыр деп айтуға болады, және сол
нүктенің қай жерде екенін білгіміз келеді. Егер әуе
шарының бетіне сызылған нүктелерді елестетсек,
шар ұлғайғанда, нүктелер де бір-бірінен алшақтай
түсетінін түсінуге болады. Әуе шарының ортасын
ұлғаю басталған жер деуге болады, ал ғарыш
кеңістігі тек әуе шарының сыртқы беті секілді.
Сыртқы беттегі нүктелердің барлығы жан-жаққа
қарай қозғалып жатқанымен, онда ұлғаю басталды
дейтін нүктені дөп басып айту қиын. Дәл осыған
ұқсас, ғарыш кеңістігінде де Үлкен жарылыс осы
нүктеден басталды дейтін нүкте жоқ; керісінше біз
оны барлық жерде болды дейміз.
|