ФИЗИКА • ҒАЛАМ • ҮЛКЕН ЖАРЫЛЫС
• Ғарыштық микротолқындық сәулелену деген не?
3-бөлім: Үлкен жарылысты зерттеу
Аспандағы жұлдыздардың арасындағы “жарық” әлсіз болып көрінеді. Ол
жарықтардың толқын ұзындығы біздің көзімізге көрінбейтіндіктен, аспанның
сол бөлігі бізге қараңғы болып көрінеді. Бұл “жарық” Үлкен жарылыстан
кейін шамамен 400 000 жыл өткен соң, Ғалам қазіргіден әлдеқайда ыстық
болған кезден қалып қойған. Шамамен сол кездерде атомдар алғаш құрыла
бастады. Яғни, жарық қатты жұтылмайтын болғандықтан, сол кезден бастап
ол қазіргідей аздап болса да көріне бастады. Алайда, Ғаламның ұлғаюынан
жарықтардың толқын ұзындығы да артты, сол себепті олар қазір тек
микротолқын түрінде көрінеді.
Осы радиацияның формасы Үлкен жарылыс теориясымен сәйкес келеді
және ол Үлкен жарылыс теориясын қолдайтын маңызды дәлел болып
табылады.
• Ұсынылатын фильмдер
– Үлкен жарылыстың дәлелдері
– Кездейсоқ Нобель сыйлығы
Ғарыштан келген микротолқындар
микротолқынды пеш шығаратын
толқындарға ұқсас
• Жеңіл химиялық элементтердің көптігі Үлкен жарылыс теориясын қалай
растайды?
Үлкен жарылыстан кейін ауыр элементтер түзілмей, сутегі, гелий және литий сияқты жеңіл элементтерген түзілген
деп пайымдалады. Үлкен жарылыс теориясы бойынша, элементтердің түзілу уақыты Үлкен жарылыстан соң 20
минуттан кейін тоқтаған, бұл уақыт ауыр элементтердің түзілуіне жеткіліксіз.
Жеңіл элементтер мөлшерінің көп екендігін растайтын өлшемдер Үлкен жарылыс теориясымен сәйкес келеді, ал
бұл Үлкен жарылыс теорияның дұрыстығын растайтын тағы бір дәлел бола алады.
• Ұсынылатын фильмдер
– Үлкен жарылыс теориясы
– Үлкен жарылыстың дәлелдері
Қосымша сұрақ
С6. Ғарыштық микротолқындық сәулелену нені көрсетеді?
Ғарыштық микротолқындық сәулелену біркелкі болғанымен, онда бізге Үлкен жарылыстан кейінгі жағдайлар
мен Ғаламның дамуы туралы мағлұмат беретін аздаған ығысулар бар. Соның арқасында, есептеулер
тоқтаусыз жақсаруда. 2009 жылы ғарыштық микротолқындық сәулеленуді зерттеуге, Үлкен жарылыс
теориясының салаларын сынақтан өткізуге және бізге Ғаламның нақты қалай пайда болғанын түсінуге
көмектеседі деген мақсатпен Планк ғарыш кемесі ұшырылды.
|