ФИЗИКА • ҒАЛАМ • ҮЛКЕН ЖАРЫЛЫС • Үлкен адрондық коллайдер Үлкен жарылыс жайлы қандай ақпарат бере алады?
Үлкен адрондық коллайдердегі (ҮАК) тәжірибелердің көбісінде протондар үлкен жылдамдықта соқтығысады.
Сондай-ақ, қорғасын иондарымен де тәжірибелер жүргізіледі. Бұл соқтығыстар салыстырмалы түрде үлкен
көлемге көп мөлшерде энергия тарату үшін жүзеге асырылады. Сөйтіп, мүлдем өзгеше материяның жаңа
формасын, кварк-глюондық плазманы құру көзделген.
Протондар мен нейтрондар атом ядросында кездеседі. Олар бір-біріне глюон деп аталатын бөлшектер арқылы
мықты байланысқан кварктардан құралған. Протоннан немесе нейтроннан кваркты бөліп алу үшін өте көп
энергия қажет. Тіпті протондардың соқтығысуы арқылы кваркты бөліп алғанның өзінде, кварк лезде ыдырап, өзге
бөлшектер “ағынын” шығарады. Алайда, егер атом өте үлкен жылдамдықпен соқтығысатын болса, ол “отты доп”
шығаруы мүмкін. Пайда болған ыстық материалдың ішінде кварктар еркін қозғала алады. Бұл материал кварк-
глюондық плазма деп аталады. Үлкен жарылыс болғаннан кейін, секундтың триллионнан бір бөлігіндей уақыт
ішінде ғалам кварк-глюондық плазмадан құралды деп пайымдалады. Үлкен жарылыс болғаннан кейін, секундтың
миллионнан бір бөлігіндей уақыт ішінде, Ғалам протондар мен нейтрондардың түзілуіне жететіндей салқындаған.
Қорғасын иондарын соқтығыстыру арқылы кварк-глюондық плазманы зерттеу бізге Үлкен жарылыстың бастапқы
кезеңдерін жақсырақ түсінуге көмек береді.
• Ұсынылатын фильм
– Үлкен адрондар коллайдері Қосымша сұрақ С7. Антизат деген не?
Зат пайда болғанда, бір уақытта антизат та пайда болады. Мысалы, электрон түзілгенде, оған антизат болып
табылатын позитрон да түзіледі. Антизаттың заряды қарама-қарсы, ал массасы заттың массасымен бірдей
болады. Бұл екі бөлшек бір-бірімен қайта жанасқанда, энергия шығарады да, жойылады.
Ғалам түгелдей “қалыпты” заттардан құралғандай көрінеді. Үлкен жарылыссақ, мұның қалай мүмкін болатыны
әлі нақты түсінікті емес. Және мұның қалай болғаны жайлы ҮАК-тағы тәжірибелер біршама түсінік береді деп
үміттенеміз.