Қысым
ФИЗИКА • КҮШТЕР • ҚЫСЫМ
1
1-бөлім: Газ заңдары
• Температура дегеніміз не?
Қосымша сұрақтар
С1. Абсолют нөл дегеніміз не?
Газдардың температураға тәуелділігі анықталғанда, олардың
көлемі температура бойынша өзгеретіндігі түсінікті болды. Егер
температура төмендей берсе онда біз көлем нөлге тең болатын
температураны байқар едік. Бірақ бұл мүмкін емес, себебі өте төмен
температурада газдар сұйыққа айналады. Дегенмен температура
жүйедегі бөлшектердің орташа кинетикалық энергиясының шамасы
болғандықтан, энергия нөлге тең болатын температура болуы керек.
Бұл температура -273,15
o
C және абсолют нөл деп аталады. Бұл газдың
көлемі нөлге тең болатын температура секілді деп қарастыруымызға
болады.
Температура жүйедегі бөлшектердің орташа кинетикалық энергиясының
шамасы болып табылады. Бөлшектер қозғалысы жылдам болған сайын
температура арта түседі.
Температура бөлшектердің кинетикалық энергиясына тура пропорционал,
энергия екі еселенгенде температура да екі еселенеді. Алайда температура
бөлшектердің орташа жылдамдығының квадратына пропорционал,
жылдамдық екі есе артқанда, температура төрт есе артады.