Температура- молекулалардың орташа кинетикалық энергиясынның өлшеуіші.
Абсолют температура-молекулалар қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшеуіші; Осыны дәлелдейік және
Теңдеулерінің сол жақ бөліктері бірдей. Демек, олардың оң жақ бөліктері де бірдей болуы тиіс . Бұдан молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы мен температура арасындағы байланыс шығады:
Газ молекулаларының бейберекет қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы абсолют температураға пропорционал болады.Температура неғұрлым жоғары болса,молекула соғұрлым шапшаң болады.Температураның молекулалардың орташа жылдамдығымен байлынысы туралы бұрын ұсынылған болжам, осылайша, сенімді негізгіндеу тапты.
Температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы арасындағы сиретілген газдар үшін тағайындалған. Алайда бұл қатыс атомдарының немесе молекулаларының қозғалысы Ньютонның механика заңдарына бағынатын кез келген заттар үшін орынды.Бұл қатыс сұйықтар үшін де және атомдары кристалдық тордың түйіндеріндегітепе-теңдік қалыптың маңында ғана тербеле алатын қатты денелер үшін де дұрыс.
Температура абсолют нөлге жақындаған сайын молекулалардың жылулық қозғалыс энергиясы да нөлге жақындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |