Молекулалардың жылдамдық квадратының орташа мәні
Орташа мән. Біз ең бастан-ақ газ түзетін барлық молекулалардың қозғалысын бақылауға әрекет жасаудан бас тартуымыз керек. Олар өте көп және бір-бірімен соқтығысатын болғандықтан, олардың қозғалысы тым күрделі. Бізге әрбір молекуланың қалай қозғалатынын білудің керегі де жоқ. Бізге керегі- газдың барлық молекулаларының тұтас қозғалысынан қандай нәтиже шығатынын анықтау.
Жеке молекулалардың жылдамдықтары әр түрлі болғанымен, олардың жылдамдықтары модулінің орташа мәні толық анықталмаған шама болады. Дәл сол сияқты кластағы оқушылардың бойлары да бірдей емес. Бірақ олардың бойларының орташа мәні- белгілі бір шама. Оны табу үшін оқушылардың бәрінің бойларының ұзындығын қосып, осы қосындыны олардың санына бөлу керек.
Жылдамдық квадыратының орташа мәні. Бұдан былай бізге жылдамдықтың орташа мәні емес, жылдамдықтың квадратыныкі қажет болады. Молекулалардың орташа кинетикалық энергиясы осы шамаға тәуелді. Ал молекулалардың орташа кинетикалық энергиясының бүкіл молекула-кинетикалық теорияда орасан зор маңызы бар, оған біз ілгеріде көз жеткіземіз.
Жеке молекулалар жылдамдықтарының модульдерін арқылы белгілейік. Жылдамдық квадратының орташа мәні мына формуламен анықталады:
,
мұндағы –N газдағы молекулалар саны.
Алайда кез келген вектор модулінің квадраты оның координаталар осьтеріндегі проекциялары квадарттарының қосындысына тең. Сондықтан
орташа мәндері ұқсас формулалардың көмегімен анықтауға болады. орташа мәні мен проекциялар квадраттарының орташа мәндері арасында мынадай қатыс бар:
Зейін қойыңдар! Молекулалар қозғалысының бейберекеттігі салдарынан бағыттары барабар болғандықтан, жылдамдықтар проекциялар модульдері квадраттарының орташа мәндері тең:
.
Формуладағы пен -тың орнына -ты қоямыз. Сонда жылдамдық проекциясының орташа квадраты:
яғни жылдамдық проекциясының орташа квадраты жылдамдықтың өзінің орташа квадыратының тең.Көбейткіш кеңістіктің үш өлшемді екендігінен,демек, бұдан кез келген вектордың сәйкес үш проекциясы болатындығы келіп шығады.
? 1.Өздеріңнің саусақтарың ұзындықтарының орташа мәнін табыңдар.
2.Молекула жылдамдығының осіне проекциясының орташа мәні неге
Достарыңызбен бөлісу: |