Қондырғының сипаттамасы
Баллистикалық маятнигінің жұмыс істеу негіздері: ҒРМ – 09 (8.1, 8.2 – сурет) снарядтың ұшу жылдамдығын анықтауға арналған. Массасы m снаряд ату тетігіне 7 қойылады. Айналмалы маятникті бұрыштық 8 шкаланың 00 – сәйкестендіріледі. Жылжымалы жүктер 11 белгілі ара қашықтықта бекітіледі. Тетіктен атылған снаряд жылдамдығымен ұшып келіп 10 табақшаға бекітілген пластилинге жабысады да, маятникті a бұрышына ауытқытады.
Маятникті тоқтатып, қайтадан сол ауытқыған a бұрышына бұрып, миллисекундомерді 15 қосып, маятникті өз бетінше тербелуге жібереміз. Индикатордың сол бетінде көрсетілген тербелу санын оң бетінен тербелу уақытын жазып аламыз.
Айналмалы баллистикалық маятник:
1 – табаны
2 – орнықты реттеуге арналған аяқшалар
3 – құралдың ұстыны
4,5,6 – жоғарғы, төменгі, ортадағы кронштейндер
7 – снаряд ату тетігі
8 – бұрыштық шкала
9 – фотоэлектрлік тетік
10 – пластилин толтырылған табақша
11 – жылжымалы жүктер
12 – біліктер
13 – болат сым
14 – сымға бекітілген (водилка)
15 – ҒРМ – 14 универсалды миллисекундомер.
Снарядтың ұшу жылдамдығын анықтаудың физикалық негіздері
Ұшып келіп пластилинге жабысқан снаряд айналмалы маятникті ауытқытады. Импульс моментінің сақталу заңына сәйкес мына теңдеуді жазамыз:
(8.1)
мұндағы снарядтың импульс моменті, m снаряд массасы u - снарядтың пластилинге жабысқан кездегі жылдамдығы, r – жабысқан снарядтың айналу өсіне дейінгі ара қашықтық, - снаряд жабысқандағы маятниктің импульс моменті, - айналмалы маятниктің айналмалы жүктерінің өстен ара қашықтығындағы инерция моменті.
J – жылжымалы жүктерсіз маятниктің инерция моменті, М – жылжымалы жүктің массасы, R – жылжымалы жүктің центірінен айналу өсіне дейінгі ара қашықтық, w – снарядтың соғылу нәтижесінде пайда болған маятниктің бұрыштық жылдамдығы.
Жоғарыдағы анықтамаларды ескере отырып 8.1 – ші теңдеуді түрлендіріп жазамыз:
(8.2)
Энергияның сақталу заңына сәйкес маятниктің айнымалы кинетикалық энергиясы оның a бұрышқа бұрылған кездегі сымның бұрылу потенциялдық энергиясына тең болады:
(8.3)
мұндағы - алғашқы ауытқу кезіндегі маятниктің айналмалы қозғалысының кинетикалық энергиясы, - сымның бұрылу потенциалдық энергиясы , D – сымның бұрылу кездегі қаттылығы, a - маятниктің ең үлкен ауытқу бұрышы.
(8.1), (8.2) және (8.3) теңдеулерден снарядтың жылдамдығын табамыз:
(8.4)
Мұндағы D және J белгісіздерін жою үшін, маятникті a бұрышына бұрғандағы алған тербелістердің периодтарын анықтаймыз:
(8.5)
Т1 – маятниктің жылжымалы жүктің R1 жағдайдағы периоды
(8.6)
Т2 – маятниктің жылжымалы жүк жағдайдағы периоды (8.5) пен (8.6) формулаларынан:
(8.7)
8.5 – формуладан:
(8.8)
(8.7), (8.8) және (8.4) формуладан снарядтың жылдамдығын табамыз:
(8.9)
мұндағы: m – снаряд массасы, M – жылжымалы жүк массасы, a - маятниктің үлкен ауытқуы, – жабысқан снаряд центірінен айналу өсіне дейінгі ара қашықтық, R1 – жылжымалы жүктің центірінен айналу өсіне дейінгі, бірінші жағдайдағы ара қашықтығы, R2 жылжымалы жүктің центірінен айналу өсіне дейінгі, екінші жағдайдағы ара қашықтық, Т1 – маятниктің жылжымалы жүгі R1 жағдайындағы тербелу периоды, Т2 – маятниктің жылжымалы жүгі R2 жағдайдағы тербелу периоды.
Достарыңызбен бөлісу: |