«Физика» пәні бойынша қорытынды аттестаттау тапсырмалары
1нұсқа
А бөлімі
1. 5 км, 4 сағат, 3 см3 –і ХБЖ-не түрлендіріп, еселік және үлестік түрде дұрыс жазылуын көрсетіңіз.
А) 50 м , 144 с, 3·10 -3 м3
В) 5·102 м, 14,4·102 с , 3·10- 4 м3
С) 5·103 м, 144·103 с , 3·10-5 м3
D) 5·103 м, 14,4·103 с, 3·10-6 м3
[1]
2. Суретте автомобиль қозғалыс жылдамдығының уақытқа тәуелділік графигі көрсетілген.
Суретті пайдаланып, төмендегі кестенің дұрыс жазылған жолын көрсетіңіз
|
t, c
|
ϑ, м/с
|
а, м/с2
|
S, м
|
А
|
2
|
4
|
4
|
8
|
B
|
2
|
4
|
2
|
4
|
C
|
2
|
4
|
0
|
8
|
D
|
2
|
4
|
4
|
0
|
[1]
3.Әрқайсысының күші 300 Н болатын екі күштің теңәсерлі күшін табыңдар. Олардың арасындағы бұрыш 90°.
А) 420 Н
В) 500 Н
С) 550 Н
D) 600 Н
[1]
4. Қай қатарда сыртқы күштер әрекет етпегендегі серпімді соқтығыс кезінде денелер жүйесінің толық импульсі мен кинетикалық энергиясы қалай өзгеретіні дұрыс көрсетілен?
|
Толық импульс
|
Толық кинетикалық энергия
|
A)
|
сақталады
|
сақталады
|
B)
|
сақталады
|
сақталмайды
|
C)
|
сақталмайды
|
сақталады
|
D)
|
сақталмайды
|
сақталмайды
|
[1]
5. Ұзындығы 6,6 м мұхит толқындары 3,2 м/с жылдамдықпен қозғалады. Бұл толқындардың жиілігі қандай?
A) 0,48 Гц
B) 2,1 Гц
C) 9,8 Гц
D) 21 Гц
[1]
6. Массасы 500 г таскөмір толық жанғанда бөлінетін жылуды пайдаланып, су массасының қанша мөлшерін 20 ºС-тан 70 ºС-қа дейін қыздыруға болады? (Судың меншікті жылу сыйымдылығы 4200 Дж/кг·ºС, таскөмірдің меншікті жану жылуы 30 МДж/кг.)
А) 71,4 кг
В) 72,6 кг
С) 84 кг
D) 86 кг
[1]
7. Циклдік процесс нәтижесінде, газ 100Дж жұмыс атқарып, қыздырғышқа 500Дж жылу берді. Циклдің пайдалы әрекет коэффициетін анықтаңдар.
A) 10%
B) 15 %
C) 20 %
D) 25 %
[1]
8. Массасы 4кг балқу температурасындағы қорғасынды балқыту үшін
қанша энергия жұмсалады ? (𝜆 = 2,5 ∙ 10 4Дж/кг)
А) 1,6 кДж
B) 10кДж
C) 100 кДж
D) 625 кДж
[1]
9. Кеңістікте орналасқан екі нүктелік зарядтар көрсетілген. Олардың зарядтары сәйкесінше 12 мкКл және 3 мкКл. Нүктелік зарядтар вакуумда орналасқан және олардың ара қашықтығы 8 см деп есептеп әсерлесу күшінің сандық мәнін анықтаңыз. (k = 9·109 Н∙м2/Кл2 ).
А) 20 Н
В) 38 Н
С) 50,3 Н
D) 50,6 Н
[1]
10. Тізбектегі жалпы кедергіні және амперметрдің көрсетуін анықта.
А) 2А
B) 2,5А
C) 3А
D) 4А
[1]
11. Өткізгіш тоқпен магнит өрісінде орналасқан. Оған күш әсер етеді. Тоқ, өріс және күш векторлары өзара перпендикуляр. Суретте өзара перпендикуляр бағытталған X, Y және Z үш бағыты көрсетілген.
\
Ток, өріс және күштің ықтимал бағыттары қай жолда көрсетілген?
[1]
12. Фокус аралығы 4 см жинағыш линзадан нәрсе 6 см қашықтыққа орналасқан. Кескін мен линзаның арақашықтығын анықтаңыз.
А) 11 см
B) 10 см
C) 12 см
D) 13 см
[1]
13. Электронмен соқтығысу барысында 13,24 *10-19 Дж энергия ала отырып, атом сәуле квантын шығарады. Сәулеленудің жиілігін анықта.( петагерцпен). Планк тұрақтысы 6,62*10-34 Дж*с. (1 ПГц=1015 Гц)
А) 2МГц
B) 2ПГц
C) 2,1МГц
D) 2,3ПГц
[1]
14. Азот атомының ядросына 14N7 альфа бөлшек түсіп, сонда қалады. Осы кезде белгісіз элемент ядросы түзіліп, протон ыршып шығады. Менделеевтің периодтық кестесіндегі осы элементтің реттік нөмірі қандай?
А) 6
B) 7
C) 8
D) 9
[1]
15. Кеплердің 1- заңы
А) Барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады.
B) Планетаның радиус - векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады.
C) Планеталардың орбиталық периодтары мен олардан Күнге дейінгі қашықтық арасындағы байланысты анықтайды: кез келген планетаның Күнді айналу периодтары жартыосьтерінің қатынасына тең болады.
D) Барлық планеталар Жер центріне тартылады.
[1]
Достарыңызбен бөлісу: |