«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



Дата01.08.2020
өлшемі32,56 Kb.
#75934
Байланысты:
Жиынтық бағалау 4 тоқсан


«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1. Көлбеу жазықтық күштен 3 есе ұтыс береді. Осы көлбеу жазықтық қашықтықта

A) 3 есе ұтылыс береді

B) 3 есе ұтыс береді

C) ұтыс та, ұтылыс да бермейді

D) ұтыс пен ұтылыс қозғалыс жылдамдығына тәуелді [1]

2. Әлемнің геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерінің центрінде қандай денелер орналасқан?

A) Жер, Жер; B) Жер, Күн; C) Күн, Жер; D) Күн, Күн. [1]

3. Төмендегі диаграммада көлбеу жазықтықтағы Жердің орналасуы және Күннің орны келтірілген.

солтістік полюс

Жер күн сәулесі

экватор

Диаграммада С нүктесінде қандай маусым көрсетілген?



  1. жаз B) күз C) қыс D) көктем [1]

4. Суретте желбіршектің (бадминтонға арналған қауырсынды не жиекшелі кішкене шар) потенциалдық энергиясы максималды және минималды болатын нүктелерді белгілеңіз.



5. Қатты қағазды қайшымен кеседі. Қайшының осінен қағазға дейінгі қашықтық 2 см, ал күш түсіру нүктесіне дейін 16 см. Қайшыны 200 Н күшпен қысса, қайшы қағазға қандай күшпен әсер етеді? [3]

6. Жыл мезгілдерінің ауысуының екі себебін жазыңыз. [2]

7. Массасы 0,4 кг допты вертикаль жоғары қарай 20 м/с жылдамдықпен лақтырады. Ауаның кедергісі ескерілмейді. g=10 Н/кг.

a) Лақтыру уақытындағы доптың кинетикалық энергиясын анықтаңыз. [2]

b) Механикалық энергияның сақталу заңының формуласын жазыңыз. [1]

c) Доптың ұшу траекторияның жоғарғы нүктесіндегі потенциалдық энергиясын анықтаңыз. [1]

d) Доптың көтерілу биіктігін анықтаңыз. [2]

8. Тәжірибе нәтижесінде оқушы кестеде көрсетілген мәліметтерді алды.

h, см

l, см

Fауырлық, Н

Fтарту, Н

Aпайдалы, Дж

Aжасалған, Дж

ПӘК, %

20

50

3

2










a) Механикалық жұмыстың формуласын жазыңыз. [1]

b) Тәжірибе нәтижесінде алыңған мәліметтерді пайдаланып денені h биіктікке көтеруге жұмсалған пайдалы жұмысты. [1]

c) Көлбеу жазықтықпен қозғалған кездегі жасалған жұмысты есептеңіз. [1]

d) Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтаңыз. [1]



Бағалау критерилері тапсырма сонында жақшада көрсетілген. Мах- 20

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет