Физика пәнінен Ұбт-ға дайындау (теорияны қайталау 1)



Дата23.05.2018
өлшемі26,68 Kb.
#40650

Физика пәнінен ҰБТ-ға дайындау (теорияны қайталау - 1)

  • ОҚО, Қазығұрт ауданы,
  • П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі
  • Физика пәнінің мұғалімі
  • Орынбаева Қызжібек Жолдасбекқызы

1.Құбылыстар

  • 1.Космостық байланыс үшін қолданылатын радиотолқын-
  • ультрақысқа толқын
  • 2.Радиоқабылдағыштың тербелмелі контурындағы сигналдың қабылдануына негізделген физикалық құбылыс – Резонанс
  • 3. Телескоппен бақылағанда, бір-біріне жақын орналасқан жұлдыздарды ажыратуды қиындадатын құбылыс - дифракция
  • 4. Арнайы салыстырмалылық теориясының бір постулатына сәйкес инерциялық санақ жүйесінде бірдей өтетін
  • кез келген физикалық құбылыстар.
  • 5. Катушкаға тұрақты магнит таяқшасын енгізгенде электр тогы пайда болатын құбылыс – Электромагниттік индукция.
  • 6. Жерден көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалыс траекториясының ең жоғарғы нүктедегі үдеудің бағыты. Ауамен үйкелісті ескереміз – Төмен қарай бағытталған.

7. Гейгердің газ разряды санағышының әсері негізделген құбылыс – газ молекулаларының соққы арқылы иондалуы

  • 8. Тегіс стол бетінде жатқан, қатаңдыңы аз, иілгіш сымнан жасалған катушкадан ток жібергенде бақылайтын құбылыс-
  • катушка сығылады.
  • 9. Электромагниттік сәуле әсерінен заттардан электрондардың ыршып шығу құбылысы – фотоэффект.
  • 10. Радиоқабылдағыштың тербелмелі контурындағы сигналдың қабылдануы негізделген физикалық құбылыс – Резонансқа.
  • 11. Вакуумдық фотоэлементке жарық түсіргенде, онысымен жалғасқан сыртқы тізбекте электр тогы пайда болады. Токтың пайда болуына себепкер физикалық құбылыс – Фотоэффект
  • 12. Протон мен электронның массалары тең емес. Резерфорд атомының классикалық моделі мына жағдайлардың қайсысын
  • түсіндіре алмайды? – Атомның тұрақтылығы.

13.Тербелмелі контурдағы ток күші шектеусіз өседі. Контур кедергісі қалай өзгереді? – Кемиді

  • 14.Гейгер-Мюллер тіркегішінің жұмысында қандай құбылыс қолданылады? – Газдағы атомдар ионизациясы
  • 15.Вакуумдағы фотоэлементке жарық түсіргенде, онымен жалғасқан сыртқы тізбекте электр тогы пайда болады. Бұған себепкер –
  • Фотоэффект құбылысы
  • 16. Жарық әсерінен химиялық реакцияның жүру немесе тездетілу құбылысы – фотосинтез
  • 17. Жарықтың табиғаты толқынды болатын құбылыстар –
  • жеке пленкалардың кемпірқосақ түске боялуы көлеңке ортасында жарық дағының пайда болуы
  • 18.Жарық интерференциясын түсіндіретін құбылыстар –
  • жұқа сабын және май пленкаларының боялуы: Ньютон сақиналары.

2. Сәулелер

  • 1. α,β , γ –сәуле шығарушылардың өтімділігі нашар- α альфа
  • 2. Альфа сәулесі дегеніміз – гелий атомы ядроларының ағыны.
  • 3. α, β, γ – сәле шығарушыларының магнит және электр өрісінде көбірек ауытқитыны- β - сәулесі
  • 4. Радиоактивті элементтен 10 см қашықтықта Гейгер санағышы тіркей алатын сәуле шығарудың түрі - β - және γ – сәулелері
  • 5. α, β, γ – сәуле шығарушылыардың магнит және электр өрісінде ауытқымайтыны - γ – сәулесі
  • 6. Гамма сәулесі дегеніміз – Атом ядросынан шығатын
  • электромагниттік сәуле

7.Радиоактивті апат зонасында противогаз және резеңкеленген киімнің сыртқы факторлардан сақтайды- L және β –сәуле шығарудан сақтайды

  • 8.Маңайында радиоактивті препарат жоқ кезде де Гейгер санағышының иондаушы бөлшектерді тіркеу себебі –
  • санағышқа космостық сәулелер әсер етеді.
  • 9. Қызыл түсті сәуленің түсу бұрышы сыну бұрышынан үлкен. Екінші ортадағы жарық жылдамдығы – І-ші ортаға қарағанда
  • n есе аз.
  • 10.Жоғары жиілікті электромагниттік толқындар – гамма сәулелер
  • 11.Жақтары параллель шыны пластинаға аудан 30 градус бұрыш жасай түскен, жарық сәулелерінің ығысуы-
  • пластина материалына және жарық сәлесінің түсуіне байланысты.

12.Химиялық белсенділігі жоғары – ультракүлгін сәулелер

  • 13. Шағылғын сәулелер тоған түбінен көруге бөгет жасайды. Осы шағылған сәулелерде тоған түбін көру үшін қалай жоюға болады?
  • - Полероидты қолдану арқылы
  • 15.Заттардың фотохимиялық реакция жүретін жағдайлар –
  • кваннтық сәуле шығару энергиясы молекулаларының активтену реакциясынан артық болғанда.
  • 16. Ядролық сәулелерді тіркеуге арналған приборлардың қайсысында шапшаң қозғалатын зарядталған бөлшектер буда сұйық тамшыларынан тұратын із қалдырады- Вильсон
  • камерасы.

17. Инфрақызыл сәулелендіру денелердің қандай температураларында байқалады? – Абсолют нөл температурасынан жоғары әрбір температурада

  • 18. Фотон қозған атомға соқтығысқан кезде, осы атом индукциялық сәуле шығарады. Екеуінде ортақ шамалар –
  • Жиіліктері, қозғалу бағыттары, фазалары және поляризация
  • бағыттары.
  • 19.Заттарда фотохимиялық реакция қандай жағдайларда жүреді?-
  • Кванттық сәуле шығару энергиясы молекулалардың активтену энергиясынан артық болады.
  • 20. Сәуленің толық шағылуы қандай шарттарда болады?-
  • Түсу бұрышы шекті бұрыштан үлкен болғанда.
  • 21. Лазерлік сәуле шығаруға тән қасиеттер-
  • жоғары монохроматтық, көгеренттік, сәуле шығарудың бағыттылығы, сәуле шығару қуатының жоғарылығы.
  • 23.Келтірілген электромагниттік сәуле шығару түрлерінің толқын ұзындығы ең қысқа – Рентген сәулелері
  • 24. L, β, γ – сәуле шығару түрлерінің қайсысы магнит және электр өрісінде ауытқымайды? - γ сәулелері
  • 25. Сирек қымбат тастардағы сәуленің ойнауын қалай түсіндіруге болады? – Сыну көрсеткіші үлкен.
  • 26. Берілген электромагниттік сәулелерді тербеліс жиеліктерінің өсу ретімен орналастырыңыз –
  • 1-радиотолқын, 2 инфрақызыл сәуле, 3 көрінетін жарық, 4 ультракүлгін сәуле, 5 рентген сәулесі

3. Ғалымдар

  • 1.Радиоактивтік құбылысты ашқан – Француз зерттеушісі
  • Беккерель
  • 2. Электромагниттәк индукция құбылысын ашқан – Фарадей
  • 3. Броун (броундық қозғалыс) байқаған қозғалыс –
  • ерітіндіде жүзген бөлшектердің қозғалысы.
  • 4. Серпімділік күшін анықтайтын заң – Гук заңы
  • 5. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядтарға әсерін тапқан –Лоренц
  • 6. Атом ядросының бар екенін эксперимент арқылы дәлелдеген-
  • Э.Резерфорд

7.Атомның ядролық моделін ұсынған ғалым- Э.Резерфорд

  • 8. Тоғы бар өткізгіш айналасында магнит өрісі бар болатынын тәжірибе арқылы көрсеткен ғалым – Эрстед
  • 9. Алғаш рет лабораториялық тәсілмен жарық жылдамдығын өлшеген ғалым – И.Физо
  • 10. Атомның құрылысы туралы Резерфордтың анықтағандары –
  • Ядроның өлшемі атом өлшемінен өте кіші

4.Анықтамалар

  • 1.Ток күші дегеніміз –
  • өткізгіштің көлденең қимасы арқылы t уақыт аралығында өтететін q
  • зарядтың сол уақытқа қатынасы
  • 2. Күш сызықтары тұйық өрістердің аталуы – құйынды өріс
  • 3. Кюри температурасы – заттың феррамагниттік қасиеті жойылатын
  • температура
  • 4.Дененің импульсі не кқозғалыс мөлшері дегеніміз –
  • дене массасының жылдамдығына көбейтіндісі.
  • 5. Пластикалық деформациялар дегеніміз –
  • сыртқы күштер әсері тоқтағанда жойылмайтын деформациялар

6.Дененің потенциялдық энергиясы дегеніміз? Дененің әсерлесу энергиясы

  • 7.Тербеліс амплитудасы дегеніміз – тербелуші нүктенің тепе-теңдік
  • қалпынан ең үлкен ауытқуы
  • 8. Ферромагниттер дегеніміз – Магнит өтімділігі өте үлкен (м > 1) денелер
  • 9. Жол – қозғалыс траекториясы бойымен дененің жүріп өткен ара
  • қашықтығы
  • 10. Еркін тербеліс дегеніміз – сыртқы периодты күштердің әсерінсіз
  • болатын тербеліс.
  • 11.Зат мөлшері – заттың массасының оның молярлық массасына қатынасы
  • 12. Меншікті балқу-жылжу дегеніміз –
  • балқу температурасы 1 кг кристалл затты сұйыққа айналдыру үшін кеткен жылу мөлшері

13. Кризистік массаны анықтаушылар – 1 Ядролық атомның түрі. 2 Баяулатқыш. 3 Ядролық қондырғының конструкциялық ерекшелігі

  • 14. Поликррсталл дене дегеніміз –
  • саны көп майда кристалдан тұратын қатты дене.
  • 15. Дененің (материалдық нүктенің) орын ауыстыруы –
  • бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын бағытталған түзу кесінді.
  • 16. Вета сәулесі дегеніміз- электрондар ағыны
  • 17. Дыбыс зорайтқыштың жұмысы неге негізделген?-
  • Тұрақты магниттік магнит өрісінің жылжымалы катушкадағы айнымалы тоққа әсеріне

18.Меншікті булану жылуы дегеніміз?- тұрақты температурадағы 1 кг сұйықты толықтай буландыруға кететін жылу мөлшері.

  • 19. Қыздыру шамы – Жылулық сәуле шығару болып табылады.
  • 20. Термодинамиканың 1- заңы дегенміз –
  • Жылу құбылыстарына таралған энергияның сақталу және
  • айналу заңы
  • 21. Парциал қысым – егер басқа газдардың әсері жоқ десе, онда-
  • атмосферадағы су буының түсіретін қысымы
  • 22. Ампер гипотезасы – дененің магниттік қасиеті оның ішімен шыр
  • айнала қозғала алатын ток арқылы түсіндіріледі
  • 23.Механикалық резонанс дегеніміз- тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі мен мәжбүрлеуші күштің жиілігі теңескен кезде, еріксіз тербеліс амплитудасының күрт артуы

24. Механикалық резонанс дегеніміз – тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі мен мәжбүрлеуші күштің жиілігі теңескен кезде, еріксіз тербеліс амплитудасының күрт артуы.

  • 25. Элементар электр тогы – Электрондардың атомдағы қозғалысы
  • 26. Фотоэффектінің қызыл шекарасын қандай параметр анықтайды? – жарық жиілігі, катод затының қасиеттері
  • 27. Жарық сәулесі дегеніміз – Жарық энергиясының таралу
  • бағытын көрсететін сызық.
  • 28. Тізбекті реакция дегеніміз –
  • реакцияны тудыратын бөлшектердің оның нәтижесі түрінде пайда болатын реакция.
  • 29. Суы бар ыдыста мұз кесегі бар. Мұз еріп болғанда су деңгейі қалай өзгереді - Өзгермейді

30. Меншіктің балқу жылуы дегеніміз – балқу температурасында 1 кг кристалдық затты сұйыққа айналдыру үшін кеткен жылу мөлшері

  • 31. Электромагниттік сәуле шығару ағынының тығыздығы
  • тығыздығы 1 дегеніміз –
  • ∆t уақыт ішінде S беті арқылы өтетін ∆w электромагниттік энергиясының Sх ∆t көбейтіндісіне қатынасы
  • 32. 238 U (уран) ядросының екіге бөлінуі – ыдырау деп аталады.
  • 92
  • 33. Фотоэффект құбылысы дегеніміз – жарық әсерінен заттардан
  • электрондардың ыршып шығуы
  • 34. Электростатикалық өрістің күштік сипаттамасы бола алатын физикалық шама – Кернеулік Е
  • 35. Тізбектегі реакция – реакцияны тудыратын бөлшектердің
  • дегеніміз оның нәтижесі түрінде пайда болатын реакция.

36. Бір нүктеден бір уақытта көкжиекке әртьүрлі бұрыш жасай лақтырылған екі дененің екіншісінің бірінші денеге қатысты қалай қозғалатынын тап?- бір қалыпты және түзі сызықты

  • 37. Ядролық реакцияның энергетикалық шығуы дегеніміз –
  • Ядролар мен бөлшектердің реакцияға дейінгі және реакциядан кейінгі тыныштық энергияларының айырмасы.
  • 38. Трансформатор дегеніміз –
  • айнымалы токты түрлендіру үшін қолданылатын құрал.
  • 39.Термоэлектрондық эмиссия дегеніміз –
  • катодты жоғары температураға дейін қыздырғанда электрондардың ұшып шығуы.
  • 40. Фотоэлемент дегеніміз – фотоэффект әсерінен жарық энергиясын
  • электр энергиясына айналдыратын құрал

41. Толқын ұзындығы – Бірдей фаза мен тербеліп тұрған екі көршілес нүктелердің ара қашықтығына тең

  • 42. Табиғи радиоактивтілік дегеніміз – Ядроның өздігінен түрленуі
  • 43. Термоядролық реакция – сутегі ядроларының жылу бөлу
  • арқылы бірігу реакциясы
  • 44. Фотоэлементтің кідіртуші потенциялы дегеніміз –
  • Фототокты жоғалтатын, кідіртуші электр өрісінің
  • потенциялдар айырмасы
  • 45. Нормальдық үдеу дегеніміз –
  • жылдамдықтың бағыты бойынша өзгеруін анықтайтын толық үдеудің құраушысы.
  • 46. “Ньютон сақинасындағы” жұқа пленка дегеніміз –
  • линза мен пластина арасындағы ауа қабаты

5.Приборлар

  • 1.Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал – барометр
  • 2. Қарапайым автотербелмелі жүйе – Маятникті сағат
  • 3. Дыбыс толқындарын қоздырушы прибор –
  • дыбыс зорайтқыш
  • 4. Зарядатлған бөлшектерді олардың меншікті зарядына қарай ажырататын прибор – масс –спектограф
  • 5. Қыздыру шамы – жылулық сәуле шығару

Каталог: materialy -> vizika
vizika -> Сабақтың мақсаты: «Тұрақты электр тогы»
vizika -> Сабақтың тақырыбы : Фотоэффект құбылысы. Эйнштейн формуласы
vizika -> Сабақтың тақырыбы: «Рентгендік сәулелер»
vizika -> Сабақтың тақырыбы: Толқындардың интерференция және дифракция құбылысы Сабақтың мақсаты
vizika -> Сабақтың тақырыбы: "Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары.". Мақсаты: б І л І мд І л І к
vizika -> Жаксылыкова Зауре Азимбаевна Физика-информатика пәнінің мұғалімі №134 орта мектеп Қызылорда облысы
vizika -> Сабақтың аты §19 Термодинамиканың І заңы Сілтеме Жоспар Жалпы мақсаты
vizika -> Сабақтың тақырыбы : кристалл және аморфты денелер Сабақтың мақсаты: Білімділік
vizika -> Сабақ Тақырыбы: «Дененің салмағы. Салмақсыздық»
vizika -> Инновациялық жоба: күн энергияcын пайдалану және оның болашағы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет