«Физика» пәнінен «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы студенттері үшін №2 аралық бақылаудың сұрақтар тізімі



бет1/39
Дата22.11.2022
өлшемі0,56 Mb.
#159303
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
«Физика» п нінен «Фармацевтикалы ндіріс технологиясы» маманды


«Физика» пәнінен «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы студенттері үшін №2 аралық бақылаудың сұрақтар тізімі
1. Гидродинмиканың физикалық негізі
Гидродинамика (гидро... және динамика) – гидроаэромеханиканың сығылмайтын сұйықтықтың қозғалысын және оның өзімен шекаралас орналасқан қатты денемен әсерлесуін зерттейтін бөлімі.
Гидродинамика – сұйықтық пен газ механикасының ертеден келе жатқан әрі жақсы дамыған саласы.
Гидродинамика көмегімен сұйықтықтың жалпы қасиеттеріне механиканың негізгі заңдары мен тәсілдерін қолдана отырып, сұйықтық алып жатқан тұтас ортаның кез келген нүктесінің жылдамдығы, қысымы тәрізді өлшемдер анықталады.
2. Ағыстың түрлері. Бернулли теңдеуі
Бернулли теңдеуі — гидромеханиканың негізгі теңдеулерінің бірі. Бұл теңдеуді швейцариялық ғалым Д. Бернулли (1700 — 1782) өзінің 1738 жылы Страсбургте жарық көрген “Гидродинамика” деген еңбегінде тұжырымдаған.
Бернулли теңдеуі біртекті ауырлық күші өрісіндегі сығылмайтын сұйықтықтың бірқалыпты қозғалысы үшін төмендегіше өрнектеледі:

теңдеудің сол жағындағы алғашқы екі мүшесінің қосындысы сұйықтықтың (бірлік массаға қатысты) толық потенциалдық энергиясына, ал үшінші мүшесі сұйықтықтың кинетикалық энергиясына тең. Демек, тұтас алғанда теңдеу қозғалыстағы сұйық ағыны үшін механикалық энергияның сақталу заңын өрнектейді әрі р және h арасындағы негізгі тәуелділікті белгілейді. Бернулли теңдеуін төмендегіше түрде де өрнектеуге болады:





салмағы. теңдіктегі барлық қосылғыштың ұзындық өлшемдері бар және олар сәйкес түрде геометриялық (нивелирлік), жылдамдық биіктігі деп, ал теңдіктегі барлық қосылғыштың қысымдық өлшемдері бар және олар сәйкес түрде салмақтық, статикалық және динамикалық қысым деп аталады.
3. Тұтқырлық. Тұтқыр сұйықтар үшін Ньютон теңдеуі

Сұйықтың тұтқырлығы
Сұйықтың бір қабаты екінші қабатына қатысты орын ауыстырса, оларда ішкі үйкеліс күші пайда болады. Сұйықтар ағысында оның жеке қабаттары бір-бірімен әсерлеседі.
Сұйықтың жылдам қозғалатын қабаттары баяу қозғалатын қабаттарын үдетеді де, керісінше баяу қозғалатын кабаттары жылдамырақ қозғалатын қабаттарын тежейді.
Бұл құбылысты сұйықтың ішкі үйкелісі немесе тұтқырлығы деп атайды. Сұйықтар тұтқырлық қасиетіне қарай 2-ге бөлінеді: ньютондық және ньютондық емес


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет