29.Фотоэлектрлік түрленгіштер Фотоэлектірлік түрленгіштер- шығыс сигнал түрленгіштерге түсетін жылулық ағымға байланысты өзгеретін түрленгіштері айтады.Фотоэлектрлік түрленгіштер 3 топқа болады:
1)сыртқы фотоэффектісі бар фотоэлементтер;
2)ішкі фотоэффектісі бар фотоэлементтер
3)фотогальманикалық түрленгіштер;
30.Жұтылу спектрлері көмегімен фотобиологиялық үдерістерді зерттеу әдістері Жұтылу спектрі – сәуленің зат арқылы өтуі және онда жұтылуы кезінде алынатын спектр. Ол төменгі энергия деңгейінен жоғары энергия деңгейіне сәуле шығаратын кванттық ауысулар кезінде пайда болады. Молекулалардың немесе олардың қосылыстарының спектрі бірқатар жалпақ жолақтардан тұрады: бұл жолақтардың әрқайсысы өте тығыз орналасқан сызықтар.
31.Жарықтың жұтылуы. Фотоколориметрия Жарық толқыны басқа зат арқылы өткенде сол затты құрайтын атомдардың электрондарын еріксіз тербеліске келтіреді. Оған жарық толқынының біраз энергиясы жұмсалады. Сөйтіп, жарық толқыны бірте-бірте өше береді. Осы процесті жарықтың әлсіреуі деп атайды. Сонымен қатар жарық толқынының келесі бір бөлігі энергияның басқа түріне айналып кетеді.
Жарық толқыны энергиясының заттың ішкі энергиясының басқа түріне айналып кетуін жарықтың жұтылуы деп атайды. Біртекті ортаға сәулелерін параллель түсіріп тұрған монохромат жарықтың жұтылуын П.Бугер мен И.Ламберт анықтап берді:
Өте кішкене бірдей қалыңдықтағы (d) жарықтың азаюы (dI) осы қашықтыққа және жарықтың күшіне (I) тура пропорционал болады:
, мұндағы α – жұтылу коэффициенті, ол заттың табиғаты мен толқын ұзындығына байланысты. Қалыңдығы денеден өткенде жарықтың жұтылу теңдеуі:
бұл Бугер-Ламберт заңы деп аталады, мұндағы I0 – жарықтың денеге түскен кездегі интенсивтігі, I – жарықтың денеден шыққаннан кейінгі интенсивтігі.
Фотоколориметрия
Фотоколориметрия – фотоэлектрлік колориметрлердің (ФЭК) көмегімен зерттелетін заттың монохроматикалық емес жарықтың жұтылу дәрежесін өлшеуге негізделген әдісі. Бұл әдіс түсті мөлдір ерітінділерде қолданылады. Фотоколориметриялық әдіспен ерітінділердің концентрациясын анықтау үшін Бугер-Ламберт-Бер заңы теңдеу түрінде қолданылады:
Өлшеу үшін арнайы құрал – фотоэлектрлік колориметр қолданылады.
Фотоколориметр – тар спектрлік диапазондағы ерітінділердің оптикалық тығыздығын өлшеу үшін қолданылатын оптикалық құрылғы. Фотоколориметрдің жұмысы түрлі-түсті ерітінділердің олар арқылы өтетін жарықты сіңіру қасиетіне негізделген. Спектрофотометрден айырмашылығы, өлшеуді арнайы жарық сүзгілері құрған монохроматтық емес, полихроматикалық тар спектрлі жарық сәулесінде жүргізеді. Өткізілетін жарықтың тар спектрлік диапазондары бар әр түрлі жарық сүзгілерін пайдалану бір ерітіндінің әр түрлі компоненттерінің концентрациясын бөлек анықтауға мүмкіндік береді, өйткені олар әр түрлі ұзындықта жұтылады.