Жарықтың сыну заңы Жарықтың сынуы келесі заң бойынша жүреді: Түскен және сынған сәулелер және сәуленің түсу нүктесіндегі екі ортаның арасындағы шекараға түсірілген перпендикуляр бір жазықтықта жатыр. Түсу бұрышы синусының сыну бұрышының синусына қатынасы екі орта үшін тұрақты шама болып табылады: Жарықтың сыну заңы, мұндағы α – түсу бұрышы, β – сыну бұрышы, n – түсу бұрышына тәуелсіз тұрақты шама. Түсу бұрышы өзгерген кезде сыну бұрышы да өзгереді. Түсу бұрышы неғұрлым үлкен болса, сыну бұрышы соғұрлым үлкен болады. Егер жарық оптикалық тығыздығы аз ортадан тығызырақ ортаға түссе, онда сыну бұрышы әрқашан түсу бұрышынан кіші болады: β <α. Екі ортаның интерфейсіне перпендикуляр бағытталған жарық сәулесі бір ортадан екіншісіне сынусыз өтеді.
51)Жарықтың сыну заңдары Жарықтың сынуы – екі ортаның шекаралық қабатына түскен сәуленің екінші ортаға өткен бөлігінің бастапқы бағыттан ауытқуы. Жарықтың сыну заңдары былай тұжырымдалады: Түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін шекаралық бетке жүргізілген перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Түскен сәуле мен сынған сәуле өзара қайтымды болады; Түсу бұрышы синусының (α) сыну бұрышы синусына (φ) қатынасы тұрақты шама болады: мұндағы н – ортаның сыну көрсеткіші. Берілген заттың вакууммен салыстырғандағы сыну көрсеткіші сол заттың абсолюттік сыну көрсеткіші деп аталады. 52)Жарықтың шағылу заңдары Шағылу заңы. Жарықтың шағылу және сыну заңдарын алғаш рет Христиан Гюйгенс ұсынған. Оның принципі бойынша екі ортаның шекара бетінен шағылған сәуленің бағынатын заңын қорытып шығарған. Түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады. Α – түсу бұрышы, β – шағылу бұрышы. ∠α= ∠β • Шағылу заңдары: - түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке Тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. – шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады. • Айналық бет деп түскен жарық энергиясының басым бөлігін шағылдыратын, яғни жарықты ол түскен ортаға қайта бағыттайтын бетті айтады. • Егер жарық сәулесі айналық бетке түссе, одан шағылу да айналық немесе бағытталған шағылу болады. • Егер бет кедір – бұдыр болса, онда одан шағылғанда жарық шашырайды. Мұндай шағылуды шашыранды немесе диффузиялық шағылу деп атайды. • Параллель жарық шоғы жазық айналық беттен параллель шоқ түрінде, яғни дәл бағытталған түрде шағылады. 53)Толық ішкі шағылу Жарық тығыздығы кем ортадан тығыздығы артық ортаға өткенде сынған сәуле түсу нүктесінен жүргізілген нормальға жақындайды, ал оптикаша тығыздығы артық ортадан тығыздығы кем ортаға өткенде нормальдан қашықтайды. Жарықтың оптикалық тығыз ортадан оптикалық тығыздығы аз ортаға өткенде сәуленің түсу бұрышы өскен сайын сыну бұрышы артып 90 ° тең болады . Бұлжағдайда жарық сәулесі екі ортаның шекарасының бойымен таралады . Мұндай құбылыс толық ішкі шағылу деп аталады . 54. Талшықты оптиканың физикалық негізі Талшықты оптика – оптиканың жарықтың таралуын және ақпараттың жарықжетекші бойынша берілуін зерттейтін саласы. Талшықтық оптика 20 ғасырдың 50-жылдары пайда болды. Жарық Талшықтық оптикада көп өзекті жарық өткізгіштер мен иілгіш талшықтар шоғы арқылы таралады (қ. Сурет). Әр талшық өзінің бір ұшына түскен жарықты ғана таратады. Мұнда өзектік талшықтардың сыну көрсеткіші одан шеткерірек орналасқан талшықтардыкінен басым болып келеді. Соның нәтижесінде талшық ұшына түскен сәуле оның бойымен толық ішкі шағылу арқылы таралып, басқа талшықтарға өтпейді. Пайдалану мақсатына қарай талшықтардың диаметрі бірнеше микроннан см-ге дейін болады. Жарықтың диаметрі толқын ұзындығымен салыстырғанда үлкен жарық жетегімен таралуы геометриялық оптика заңы бойынша өтеді: жіңішкерек талшықпен (толқын ұзындығымен шамалас) Талшықтық оптика шеңберінде қарастырылатын толқындардың жекелеген түрлері немесе олардың жиынтығы ғана таралады. Жарықжетектері, талшықтық-оптик. Бөлшектер техникада, медицинада, т.б. ғылымизерт. Орындарында қолданылады. Диаметрі 15 – 50 мкм талшықтардан жасалған қатаң түзу немесе алдын-ала иілген жарықжетектері мұрын кеңсірігінің ішкі қуысын, асқазанды, қолқаны, т.б. жарықтандыру үшін мед. Аспаптарда қолданылады. Жарықжетектері жедел кино түсіруде, ядролық бөлшектер ізін тіркеуде, фототелеграфияда және теледидарлық өлшеуіш техникада, шапшаң әрекет ететін есептеуіш машиналарға арналған жарықтың кванттық генераторларында, т.б. қолданылады.Физикалық оптика жарық пен жарық құбылыстарының табиғатына байланысты мәселелермен айналысады. Жарық көлденең электромагниттік толқындар деген тұжырым жарықтың дифракциясы, интерференциясы, жарықтың поляризациясы және анизотропты ортада таралуы жөніндегі көптеген эксперименттік зерттеулердің нәтижелеріне негізделген. 55 . Рефрактометрдің құрылысы мен қолданылуы Рефрактометр — жарықтың сыну көрсеткіштерін анықтау үшін қолданылатын құрал, екі ортаның шекарасында байқалатын толық ішкі шағылуға негізделген. Рефрактометрдің қозғалмалы призмалы, құрамды призмалы, жарты сфералы және тағы басқа түрлері бар.Сандық (электрондық) рефрактометрлер .Өлшеу нәтижесіндекөрсетілетін сұйық кристалды дисплейдің болуымен сипатталады. Олар қолмен салыстырғанда көп фунцияларды атқарады, бірақ олардың жұмысына қуат көзі қажет. Рефрактометр бұл маңызды артықшылықтарға ие, оның ішінде: пайдаланудың қарапайымдылығы,нәтижелердің жоғары дәлдігі,сондай ақ талдау үшін аз мөлшерде материалдар жинау қажеттілігі. Сізге тез нәтиже алу мүмкіндігін береді, салыстырмалы түрде, бағасы қымбат емес. Бұл ұзақ мерзімді және қымбат зертханалық талдауды ауыстыра алатын көп функционалды көмекші.Рефрактометрдің қолдануының кең спектрі бар: Тамақ өнеркәсібінде сусындардың сапалы бақылау, балдың ылғалдылығын анықтау, сусындардағы қант концентрациясын өлшеу, майлар мен тағамдағы басқа заттардың мөлшері. Гемология – асыл тастарды сынау. Тоқыма өнеркәсібі. Басқада салаларда мұнай өнеркәсібінде, ағынды суларды талдауға арналған желім, қағаз өндірісіндне қолданады . 56.Медицинадағы рефрактометрлік әдістер Биологиялық сұйықтарда глюкозаның мөлшерін анықтау үшін; Ерітінділердегі дәрілік заттарды анықтау; Қан көрсеткіштерін(мысалы,қант немесе ақуыз), несептің тығыздығын, буын сұйықтықтарын, дәрілік заттардың концентрациясын анықтау үшін; Химиялық қосылыстардың, әртүрлі заттардың параметрлерін, оларды ерітінділердегі концентрацияны анықтау. Рефрактометрия офтальмологияда көздің оптикалық қасиеттерін зерттеу үшін пайдаланылады.