Физика пәнінен олимпиаданың мектепішілік кезеңінің тапсырмалары 7 сынып



Дата21.11.2022
өлшемі452,19 Kb.
#159200
Байланысты:
Физика пәнінен олимпиаданың мектепішілік кезеңінің тапсырмалары



Физика пәнінен олимпиаданың мектепішілік кезеңінің тапсырмалары

7 сынып
Әр тапсырма 5 ұпаймен бағаланады.


1. Бактериялардың бір түрінің ұзындығы 0,5 мкм ге тең. Қатар орналастырғанда 1 см ұзындыққа осындай бактериялардың қаншасы сияр еді? Жауабын стандарт түрде жазыңдар.

2. Жас бамбук тәулігіне 86,4 см-ге өседі. Ол секундына қанша өседі?

3. Кішкене шардың орташа көлемін мензурканың көмегімен қалай табуға болады?

4. Аквариумның қабырғаларын тазарту үшін оған салып қойған ұлулардың біреуі сейсенбі күні 16 сағат 30 минуттан бастап, содан бейсенбінің 9 сағат 00 минутына дейін қабырға бойымен 42 см жүрген. Ұлу қандай орташа жылдамдықпен қозғалған?

5. 1- суретте көрсетілген шыныдан жасалған тығынның массасын анықтаңдар. Шынының тығыздығы:



1 сурет

Физика пәнінен олимпиаданың мектепішілік кезеңінің тапсырмалары


8 сынып
Әр тапсырма 5 ұпаймен бағаланады.


1. Көлік жолдың 2/3 бөлігін 60 км/сағ жылдамдықпен, ал жолдың қалған бөлігін 40 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, көліктің орташа жылдамдығын табыңдар.

2. 200С температурада суы бар ыдысқа температурасы 200С 100 г мұз салынды. Ыдыста қандай температура орнайды? Суы бар ыдыстың жылу сыйымдылығы 1,67 кДж/К. Мұздың меншікті жылу сыйымдылығы 2100 Дж/кг 0С, мұз еруінің меншікті жылуы 3,4·105 Дж/кг


3. Массасы 10 кг тротил толық жанғанда 1,5·108 Дж энергиясы бөлінеді.Тротил жануының меншікті жылуы қандай?

4. Ваннаға температурасы 100С, көлемі 210 л су құйылған. Осы ваннадағы судың температурасы 370С болуы үшін оған қанша мөлшерде қайнаған су құю керек?



5. Суы бар стаканда мұз кесегі жүзіп жүр. Мұз ерігенде, ыдыстағы судың деңгейі қалай өзгереді?
Жағдайларын қарастыру:
а) Мұз біртекті.
б) Мұзда қатып қалған тас бар.
с) Мұз кесегінің ішінде ауа бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет