ң деңгейі
|
Сипаттама
|
Ұсынылатын тапсырмалар түрлері
|
Білу және түсіну
|
Білу:
бастапқы физикалық ұғымдарды;
сәйкес бөлімдердегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды;
физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;
физикалық құбылыстарды.
Түсіну:
шамалардың физикалық мағынасын, сәйкес бөлімдердің негізгі терминдері мен заңдарын;
физикалық құбылыстардың маңыздылығын.
|
Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ) және/немесе
Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.
|
Қолдану
|
Қолдану:
процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;
қолданбалы және оқу тапсырмаларын орындау, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика заңдары мен формулаларын;
нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;
өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;
алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге.
|
Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ)қажет ететін тапсырмалардыжәне/ немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.
|
Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)
|
Талдау:
эксперимент нәтижесінде алынған деректерді,
графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты.
Жинақтау:
кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды;
гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді;
эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын.
Бағалау:
жасалған эксперименттің нәтижелерін.
|
Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе Толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.
|