«Физиканың таңдаулы тараулары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені ПӘн глоссарийі физика



бет52/100
Дата08.02.2022
өлшемі2,75 Mb.
#120036
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   100
Байланысты:
Физика, таңдаулы тараулар. Лекция кешен

Конденсатордың сыйымдылығын мына өрнектің көмегімен анықтайды:
, (9.19)
мұндағы – астарлардың біреуіндегі заряд, - конденсатор астарларының арасындағы потенциалдар айырмасы.
Вакуумді конденсатордың сыйымдылығы , ал астарлары арасындағы кеңістік біртекті диэлектрикпен толтырылған сол конденсатордың сыйымдылығы болсын. Сонда

қатынасын диэлектриктің салыстырмалы диэлектрлік өтімділігі деп атайды.
1. Жазық конденсатордың сыйымдылығы
,
ал диэлектрикпен толтырылған жазық конденсатордың сыйымдылығы
. (9.20)
2. Цилиндрлік конденсатордың сыйымдылығы
, (9.21)
ал диэлектрикпен толтырылған цилиндрлік конденсатордың сыйымдылығы
. (9.22)
3. Сфералық конденсатордың сыйымдылығы
,
ал диэлектрикпен толтырылған сфералық конденсатордың сыйымдылығы
. (9.23)
Берілген кернеу үшін керекті сыйымдылықты алу мақсатында конденсаторларды бір-бірімен батарея құрып жалғайды.
1. Конденсаторларды параллель жалғау
2. Конденсаторларды тізбектей жалғау .
Өткізгіштің ішкі бөліктерінде зарядтың болмауы Гаусс теоремасының салдары болып табылады. Ал Гаусс теоремасының өзі Кулон заңына негізделген.
Бір бірінен ара қашықтықта орналасқан нүктелік және зарядтардың өзара потенциалдық энергиясын зарядының өрісінде орналасқан зарядының потенциалдық энергиясы, немесе зарядының өрісінде орналасқан зарядының потенциалдық энергиясы деп қарастыруға болады:
,
мұндағы және - заряды орналасқан нүктедегі заряды тудыратын және заряды орналасқан нүктедегі заряды тудыратын потенциалдарға сәйкес.
Тыныштық күйдегі заряд үшін нүктелік зарядтар жүйесінің өзара әрекеттесу энергиясы
,
мұндағы – жүйенің -ші зарядынан басқа, барлық зарядтарының заряды орналасқан нүктедегі тудыратын потенциалы:
. (9.24)
Оқшауланған өткізгіштің беті эквипотенциалды болып табылады, яғни . Өткізгіш бетіндегі зарядты нүктелік зарядтар жүйесі деп қарастыруға болады. Сонда
.
Өткізгіш бетіндегі зарядпен оның потенциалының арасындағы байланысты ескере отырып, зарядталған өткізгіштің энергиясы үшін төмендегідей өрнектерді жазуға болады:
. (9.25)
Заряды + конденсатор астарының потенциалы -ге, ал заряды - астарының потенциалы –ге тең болды делік. Сонда
.
Конденсатор астарларындағы заряд пен олардың арасындағы потенциал айырмасының байланысын ескере отыра зарядталған конденсатор энергиясы үшін мына өрнектерді жазуға болады:
. (9.26)
Конденсатор астарлары бір-бірін тартатын механикалық (пондеромоторлық) күшті жазық конденсатордың потенциалдық энергиясы арқылы анықтауға болады:
. (9.27)
Зарядталған конденсатордың энергиясы оның электр өрісінде, яғни оның астарларының арасындағы кеңістікте шоғырланған. Конденсатордың энергиясын оның электр өрісін сипаттайтын шамалар арқылы өрнектеуге болады. Жазық конденсатор үшін мына өрнекті жазуға болады:
, (9.28)
мұндағы - өрістің алып отырған көлемі.
Егер өріс біртекті болса, онда оның ішіндегі энергия кеңістікте тұрақты тығыздықпен таралады:
. (9.29)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет