Екі жағынан қисық бетпен шектелген мөлдір дене линза деп а
талады. Дербес жағдайда бір беті жазық болуы мүмкін. Сыртқы пішініне қарай линзалар мынадай түрлерге бөлінеді: қос дөңес, жазық дөңес, қос ойыс, жазық ойыс, дөңес-ойыс. Егер линзаның қалыңдығы линзаны шектеуші беттердің қисықтық радиустарынан әлдеқайда кем болса (d < r1), (d < r2) ондай линзалар жұқа линзалар деп аталады. Әдетте оптикалық жүйелерде линзаларды екі бағытты тілшелермен белгілейді. Дөңес бет үшін қисықтық радиусы R > 0, ал ойыс линзалар үшін R < 0. беттердің қисықтық центрі арқылы өтетін түзуді бас оптикалық өсь деп атайды. Линзаның оптикалық центрі деп – әдетте оны (0 деп белгілейді) негізгі (ұлы) оптикалық өсьте жататын және одан өткен сәулелер сынбайтын қасиеті бар нүктені айтады.
Жанама оптикалық өсьдеп – линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін, бірақ негізгі оптикалық өсьпен сәйкес болмайтын түзуді айтады.
Линзаның F фокусы деп – ұлы оптикалық өсьте жататын, осы ұлы оптикалық өське параллель таралатын параксиалді сәулелер қиылысатын нүктені айтады.