«Физиканың таңдаулы тараулары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені ПӘн глоссарийі физика



бет93/100
Дата08.02.2022
өлшемі2,75 Mb.
#120036
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   100
Байланысты:
Физика, таңдаулы тараулар. Лекция кешен

Ядроның байланыс энергиясы - нуклондарды бөлуге кететін (кинетикалық энергиясыз) жұмыс. Ол еркін нуклондардың энергиясы мен олардың ядродағы энергияларының айырмасына тең.
(15.1)
мұндағы Δm – массаның ақауы, ол нуклондардың ядро құрағандағы энергияларының азаюын сыйпаттайды, с – электродинамикалық тұрақты.
(15.2)
mp, mn –протонның және нейтронның массалары, МЯ –ядроның массасы. Массалар массаның атомдық өлшем бірлігімен өлшенуі мүмкін.
Кей кезде ядроның және протонның массаларын атомның массасымен Ма және сутегі атомының массасымен mH алмастырады, онда
(15.3)
меншікті байланыс энергиясының массалық санға А тәуелділігі көрсетілген. Массалық сандары 50≤А≥ 60 (Cr-Zn) аралықтағы нуклондардың байланыстары күшті екені көрініп тұр. Олар үшін Есв = 8,7 МэВ/нуклон. Ең ауыр табиғаттық ядро үшін Есв = 7,5 МэВ/нуклон.
Мұндай тәуелділік ауыр ядролардың бөлінуінің және жеңіл ядролардың қосылуының (синтез) энергиялық мүмкіндігін көрсетеді.
15.1-сурет.

Атомдық ядроларда ерекше ядролық тарту күштері әсер етеді, олар гравитациялық және электромагниттік күштерден бөлекше келеді, олардан әлдеқайда асып түседі. Бұлар күшті өзара әрекеттесетін күштер класына жатады.


Ядролық күштердің негізгі қасиеттері:
1. Ядролық күштер аз қашықтықта әсер етеді. Олардың әсерлік радиусы шамамен 1ферми (10-15 м ).
2. Олар зарядқа тәуелді емес, яғни екі протонның, екі нейтронның немесе протон мен нейтронның әсерлесу күштері бірдей.
3. Ол күштердің қанығу қасиеттері бар, яғни, әрбір нуклон саны шектеулі басқа нуклондармен ғана әсерлеседі.
4. Ядролық күштер әсерлесетін нуклондардың спиндерінің бағыттарына тәуелді.
Мысалы, протон мен нейтроннан тұратын 1Н2 изотопы олардың спиндері параллель болғанда ғана дейтрон ядросын құрайды.
5.Ядролық күштер орталық күштер емес, яғни нуклондардың центрлерін қосатын сызықтар бойынша әсерлеспейді.
Ядролық күштердің алмасулық сыйпаттамалары бар. Бүгінгі көзқарастар бойынша нуклондар өзара виртуал π-мезондармен- ядролық өріс кванттарымен алмасады. Мұндай гипотезаны бірінші рет 1935 ж. жапон физигі Х.Юкава айтты, ол 1947 ж. Оккиалини мен Поуэлл тәжірибелерімен дәлелденді.
Виртуал процестер нәтижесінде нуклон виртуал π-мезондардың ядролық өріс бұлтымен қоршалған сияқты:
; ; ; .
Нуклондар арасындағы алмасулық әсерлесуді виртуал процестермен суреттеуге болады:
; ;
Күшті өзара әрекеттің өте күрделілігіне байланысты осы уақытқа дейін атомдық ядроның қалыптасқан теориясы жоқ. Көптеген ядро модельдерінің ішіндегі екеуіне ғана тоқталамыз: тамшылы және қабықшалар модельдері.
Бор мен Френкельдің (1936) тамшылы моделі ядродағы нуклондар мен сұйық тамшысындағы молекулалардың арасындағы ұқсастыққа негізделген – аз қашықтықта әсерлесу, қанығу қасиеті, тұрақты тығыздық, көлемнің бөлшектердің санына пропорционалдығы. Бұл модель ядроның байланыс энергиясының формуласын алуға мүмкіндік берді және ядролардың бөліну реакциясын түсіндіре алды. Бірақ ол сиқырлы санды (2,8,20,28,50,82,126) нуклондары бар ядролардың аса орнықтылығын түсіндіре алмады.
Мария Гепперт-Майер және басқалардың (1949) қабықшалар моделінде нуклондар дискретті энергиялық деңгейлерде Паули принципі бойынша орналасады. Деңгейлерден қабықшалар жасалады, оларда саны анықталған нуклондар ғана орналаса алады. Қабықшалары толық толтырылған ядролар аса орнықты болады. Сонымен қатар, осы модель ядролардың спиндерінің және магниттік моменттерінің бар болатынын, ядролардың қасиеттері периодты түрде өзгеретінін түсіндірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет