Жарық ағыны Ф-тің (оптикалық сәулелену қуаты) бірлігі - Люмен (лм): 1Люмен деп жарық күші 1кд болатын нүктелік көздің 1ср денелік бұрыш ішінде шығаратын жарық ағынын айтады. (1лм=1кд-ср). Rжарық шығарғыштық деп — жарқырап тұрған ауданы S – болатын беттің қосынды ағынын айтады.
Жарық шығарғыштық өлшем бірлігі — люменнің метр квадратқа қатынасы (лм/м2).
Қандай да бір φ бағытындағы жарық шығарып тұрған беттің жарқырауы деп I жарық күшінің S ауданшасының таңдап алынған бағытқа перпендикуляр бағытқа проекциясының қатынасына тең шаманы айтады.
Жарқыраудың өлшем бірлігі— канделаның метр квадратқа қатынасы (кд/м2).
Жарықталыну Е — деп S ауданға түсіп тұрған Ф жарық ағынының осы ауданға қатынасын айтады.
Жарықталынудың өлшем бірлігі — люкс (лк): 1Люкс деп 1м2 – ауданға 1лм ағын түсіп тұрған жарықталынуды айтады. (1лк=1лм/м2)
Заттың жарық сындыру көрсеткішінің n жарық толқыны ұзындығына λ тәуелділігі жарық дисперциясыдеп аталады, яғни n= φ(λ). Мұндағы n заттың сыну көрсеткіші, ал λ жарықтың толқын ұзындығы.