Формативті бағалауға арналған тапсырмалар



Дата01.11.2023
өлшемі29,95 Kb.
#188997
Байланысты:
ФО 8.2В бөлімі


Формативті бағалауға арналған тапсырмалар

Сынып______ Аты-жөні: ___________________________________________________________


8.3.2.1 химиялық реакциялар әртүрлі жылдамдықпен жүруі мүмкін екендігін түсіну
Оқушылар мақсатқа жетеді, егер:

  • химиялық реакция жылдамдығының анықтамасын жаза алса;

  • реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды тізімдей алса;

  • реакция жылдамдығының артуының себебін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіре алса.

Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер:


1.Химиялық реакция жылдамдығы дегеніміз не?_____________________________________________
_______________________________________________________________________________________
2. Өлшем бірлігі қандай? _________________________________________________________________
3.Ол қандай факторларға тәуелді? _________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
4. Қозғалыс жылдамдығының және химиялық реакция жылдамдығының ұғымдарын салыстырыңыз. Олардың ұқсастығы қандай?


8.3.2.2 химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды болжау
Оқушылар мақсатқа жетеді, егер:

  • химиялық реакция жылдамдығының анықтамасын жаза алса;

  • реакция типтерін ажырата алса;

  • реакцияның жылдамдығын арттыру жолдарын ұсынады.

1. Реагенттердің агрегаттық күйлеріне қарай реакциялар қалай жіктеледі?________________________


2. Сыртқы қысым сұйықтықтар арасындағы реакцияны жылдамдата алады ма?___________________
3. Газ тәрізді азот пен газ тәріздес сутегі арасындағы реакцияны жылдамдығын арттыру жолдарын ұсыныңыз._____________________________________________________________________________
4. Арман мырышты күкірт қышқылының ерітіндісімен әрекеттестіру арқылы сутегіні алуға шешім қабылдады. Бұл реакцияның жылдамдығын арттыра алатын жолдарын Арманға ұсыныңыз.


8.3.2.3 химиялық реакция жылдамдығына температура өзгерісінің әсерін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру
Оқушылар мақсатқа жетеді, егер:
- реакция жылдамдығын түсіндіре алса.

  1. Темір бөлме температурасында хлормен баяу әрекеттеседі, ал жоғары температурада реакция қарқынды жүреді (темір хлорда жанады). Себебін, бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіріңіз.

8.3.2.4 химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның әсерін түсіндіру
Оқушылар мақсатқа жетеді, егер:
- В реагентінің концентрациясын анықтаса;
- реакция жылдамдығының артуы принципін түсіндіре алса.



  1. Мақсат, Әділ және Самат үш сынауыққа мырыш грануларын салды. Барлық гранулардың өлшемдері және массалары бірдей. Олар әртүрлі концентрациялы ерітінділерді - 0,2 моль/л, 0,6 моль/л, 1 моль /л қолданғаны белгілі. Самат жасаған реакция бірінші аяқталды, Әділдікі соңғы. Әр оқушының қолданған қышқыл ерітінділерінің концентрацияларын анықтаңыздар. Концентрацияның реакция жылдамдығына қалай әсер ететінін түсіндіріңіз.




  1. Химиялық реакция мына реакция теңдеуі бойынша жүреді: А + В = С.

Тәжірибе деректері келесідей:

зат

концентрация

бастапқы

30 мин кейін

А

2,7 моль/л

2,5 моль/л

В

2,5 моль/л

?

С

?

?

Есептеңіз:


а) кестеде сұрақ белгісімен белгіленген концентрацияларды;
в) берілген уақыт аралығындағы реакцияның орташа реакция жылдамдығын
8.3.2.5 химиялық реакция жылдамдығына әрекеттесуші заттардың жанасу ауданының, бөлшектер өлшемінің әсерін түсіндіру
Оқушылар мақсатқа жетеді, егер:
- реакция жылдамдығын болжай алса;
- бөлшектер мөлшерінің реакция жылдамдығына әсерін түсіндіреді;


1. Мақсат, Әділ және Самат үш сынауыққа 5 мл-ден бірдей концентрациялы тұз қышқылының ерітіндісін құйды. Әрқайсысы 1 грамм мырыштан алды. Мақсатта мырыш гранула түрінде болды. Әділде ұнтақ үйінде, ал Саматта пластинка түрінде болды. Қай оқушы жасаған реакция бірінші аяқталады. Неліктен? Бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіріңіз.
8.3.2.6 реакция жылдамдығына түрлі факторлардың әсерін қорытындылау және бақылаған өзгерістерді бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру
Оқушылар мақсатқа жетеді, егер:
- реакция жылдамдығын есептесе.


1. Егер А затының концентрациясы реакцияға дейін 2,5 моль/дм3, ал 15 секундтан соң реакция басталғаннан соң – 0,4 моль/дм3 болды. А+В=С реакциясының орташа жылдамдығын анықтаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет