31.Атмосфералық,альвеолалық және дем шығарғандағы ауаның құрамы.
Атмосфералық ауа – О2, СО2, N2 газдарының қоспасы
Альвеолалық ауа - альвеолаларды толтырып тұрған ауа қоспасы, ол организмнің ішкі газ ортасы болып табылады.
Дем шығарғандағы ауа – атмосфералық және альвеолалық ауалырдың қоспасы.
32. Өкпедегі газдардың алмасуы. Газдардың (О2, СО2) альвеолалық ауадағы парциалдық қысымы, қандағы газдардың кернеу күші.
Өкпедегі ауа мен қан арасындағы газ алмасу процесі диффузиялық жолмен газдардың үлес қысымының (ауа қоспасында жеке газ тудыратын қысым) айырмасына байланысты жүреді. Газ үлес қысымы жоғары жақтан үлес қысымы төмен жаққа өтеді. Тыныстық ауа құрамында 20,94% - О2, 0,3% - СО2, 79,03 % азот және басқа газдар (аргон, неон, гелий) болады. Деммен шыққан ауада О2 мөлшері – 13,6-14,5%, СО2 - 5-6,6% құрайды. Азот және инертті газдар алмасу процесіне қатыспайды. Олардың мөлшерінің аз ғана өсуі деммен шыққан ауа көлемінің азаюымен – оттегінің көбірек сіңіріліп, көмір қышқыл газдың азырақ бөлінуімен, байланысты. Атмосфералық ауада (тыныстық ауа) оттегінің үлес қысымы с.б.-159 мм, азоттың үлес қысымы -600,8 мм, көмір қышқыл газ қысымы - 0,2 мм тең. Өкпедегі ауада орта есеппен 14,3% О2, 5,6% СО2 болады да, олар тиісінше с.б.102 мм және 40 мм қысым тудырады. Вена қанында оттегінің үлес қысымы өкпедегі деңгейінен төмен, ал көмір қышқыл газ қысымы - жоғары. Сондықтан да О2 өкпеден қанға, ал СО2- қаннан өкпеге өтеді.
Өкпеде газ алмасуына әсер ететін себептер:
Өкпедегі ауа көлемі.
Өкпе капиллярындағы қан мен альвеоладағы ауаның ортасындағы бөгет эндотелий мен альвеола эпителиінің жұқалығы және қан құрамындағы газдар мен альвеоладағы ауаның өзара жанасу дәрежесі.
Оксигемоглобиннің тін капиллярында ыдырау дәрежесі мен қанда еріген газ көлемінің өсуі.
Белгілі бір тіннің оттегіне мұқтаждығы, мембрана арқылы тек еріген газ ғана өте алады.
Альвеолалық ауадағы О2 парциалдық қысымы тыныс алған ауадағы осы газдың қысымымен және өкпе вентиляциясы өлшемімен анықталады. Өкпе вентиляциясы неғұрлым жоғары болған сайын, яғни, өкпеде ауа неғұрлым көп алмасса, соғұрлым альвеолалық ауа
құрамы атмосфералық ауаға тақау болады. Дегенмен, альвеолалық
ауадағы О2 парциалдық қысымы кез келген жағдайда осындай
атмосфералық (тыныс алатын) ауаға жуықтауы ғана мүмкін, бірақ
оған тең болу немесе одан асып кету деген мүлдем болмайды.
Осыған орай биіктіктің артуы (барометрлік қысым төмендеуі) бары-
сында атмосфералық ауада және сәйкесінше, альвеолалық ауада О2
парциалдық қысымы төмендейді.
Атмосфералық және альвеолалық ауадағы О2 парциалдық
қысымының төмендеуіне пропорциялы артерия қанында О2
парциалдық кернеуі төмендейді (гипоксемия). Бұл – тыныштық
күйде өкпе вентиляциясының күшеюіне әсер ететін маңызды
стимулдардың бірі. Гипоксемия тыныс орталықтары белсенділігін
рефлексті күшейтетін каротидті және қолқа денешіктер хеморецеп-
торларын стимулдайды (ынталандырады).
Биіктік гипервентиляциясы қаннан тыныс шығарылған ауа-
мен СО2 біржола жойылуының күшеюін тудырады. Нәтижесінде
биіктікке шығу барысында бұлшық ет спазмдарын (түйілуін) және
көлемді вазоконстрикция дамуын тудыруы мүмкін болатын артерия
қанында СО2 кернеуі төмендейді, яғни гипокапния дамиды. Әсіресе,
организм үшін ми тамырларының тарылуы салдары жағымсыз бо-
лады.
Қаннан тыныс шығарған ауамен СО2 кетірілуінің күшеюі кезінде
ондағы бикарбонатқа қарағанда еріген СО2 мөлшері көп төмендейді.
Қанның газ кернеуі деп қандағы газдардың ішінара қысымын айтады. Газ қысымын өлшеудің бірнеше маңызды мақсаттары бар. Газдың ең көп өлшенген кернеуі - оттегі кернеуі (P x O 2), көмірқышқыл газының қысымы (P x CO 2) және көміртегі тотығының кернеуі (P x CO). Әр белгідегі х индексі газдың өлшенетін көзін көрсетеді: артерия үшін «а», альвеолярға «А», венаға «v», капиллярға «в». Қан газын сынау (мысалы, артериялық қан газын сынау) осы ішінара қысымды өлшейді.
Достарыңызбен бөлісу: |