Табиғаты Францияның көпшілік бөлігі жалпақ жапырақты ормандар аймағында орналасқан. Қиыр оңтүстікн жерортатеңіздік субтропиктер алып жатыр. Жағалаулары негізінен аласа, аккумулятивті немесе лагуналы, құрлыққа еніңкіреп жатқан шығанақтары бар (Атлант мұхиты жағалауларында Бискай, Сен-Мало, Жерорта теңізі жағалауында Лион), Ла-Манш пен Па-де-Кале бұғаздарының жағалаулары — абразивті, аласалау, бірақ тік, Котантен мен Бретань түбектерінің жағалаулары риас типті болып келеді. Лион шығанағынан шығысқа қарай Жерорта теңізі жағалаулары жартасты, Альпі тауларының теңізге келіп тірелген сілемдерінен құралған (Француз Ривьерасы деп аталады). Аумағының 2/3-сі елдің солтүстік, орталық және батыс аудандарын алып жатқан аласа және көтеріңкі жазықтар. Олардың ішіндегі ең үлкені — солтүстікте орналасқан Париж бассейні болып табылады. Оңтүстік-батысын — Аквитания жазықтары алып жатыр. Солтүстік-батысында жазықтар Арморикан үстіртімен ұласады, олар солтүстік-шығысы мен шығысында биіктігі орташа Арденн (көп бөлігі Франциядан тыс жерде) және Вогез тауларымен қоршалған.