Фразеология (грек. phrasіs — сөйлемше, logos — ұғым),
Тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретін тіл білімінің саласы;
Бір тілдегі тұтас Фразеологиялық қор.
Фразеологизмдердің зерттелуі
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы теориялық тұрғыдан зерттеу ХХ ғасырдың ортасынан баталып, бүгінгі күнге дейін зерттеушілер назарына ілігіп, зерттеу обьектісіне айналып, әлі толастамай келеді. Осы уақыттағы зерттеулерді шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болды:
ХХ ғасырдың ортасы мен 60 жылдар арасы – қазақ фразеологиясын теориялық жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі.
60 – 70 жылдар – қазақ фразеологизмдерін классификациялау, жеке авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдер жайы.
ХХ ғасырдың соңғы он жылы – фразеологизмдерді, этнолингвистикалық, этномәдени тұрғыдан зерттеу және салыстырмалы фразеология.
Қырықыншы жылдардан бері қазақ тілінің фразеологизмдері әр қырынан зерттеліп, мақалалар көлемінен шығып, диссертциялық зерттеулер обьектісіне айналды. Қазақ фразеологиясын тілдік тұрғыдан зеттеуге алғашқа кезеңде ұлттық тіл білімін қалыптастырудағы аса көрнекті тілші ғалымдар дені түгел назар аударды. Фразеологизмдердің теориялық – практикалық мәселелерін І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, К. Аханов, Р. Сәрсенбаев және кейінгі буын зерттеушілер А. Байтелиев, Қ. Қалыбаева, Н. Қашанова, С. Сәтенова т.б. фразеологизмдердің тақырыптық – мағыналық топтарын, синтаксистік қызметін арнайы зерттеп, тұжырымдар жасады.
Фразеологияны дербес пән ретінде қарастыру туралы ой тастап, түркі тілдес халықтар тіл білімінде осы мәселеге байланысты зерттеудің тууына игі әсер еткен, қазақ фразеологиясының мәселесімен шұғылданып, арнайы зерттеу жүргізген, сол жайында еңбек жазған І. Кеңесбаев болды. Академик І. Кеңесбаев фразеологизмдерді танып білуде мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, қолдану тиянақтылығы сияқты «үш белгіге немесе үш критерийге сүйене, яғни табан трей отырып, бүкіл қазақ тілі құрамындағы құбылыстарды ең негізгі үлен арнаға бөлеміз. Оның біріншісі – фразеологиялық түйдектер, екіншісі – фразеологиялық тіркестер деп аталады. Фразеологиялық тіркестер өз ішінен екіге бөлінеді: а) түйін тіркес; ә) түйіс тіркес» деп тұжырымдады.(1.591)
С. Аманжолов фразеологизмдерді зерттеуді қолға алу керектілігін атап өтті, бағыт – бағдарын көрсетеді және фразеологиялық тіркестердің сөйлем мүшесіне қатысы жайлы айтып өтеді. (2.53-59)
Н. Сауранбаев фразеологияға не жатады дегенге көңіл аударады. «Қазіргі қазақ тілі» оқулығына (1954 ж) фразеология бөлімін енгізген Ғ. Мұсабаев та фразеологиялық ерекшеліктерге көп көңіл бөлген. К. Аханов мәтелдер мен шектеулі тіркестерді фразеологиялық тіркестер құрамында қарастырып, өзінің «Тіл біліміне кіріспе» атты (3.22) жоғары оқу орындарына арналған оқу құралының лексикология тарауында қазақ тілі фразеологиясына В. В. Виноградовтың классификациясы бойынша жіктеу берсе, Р. Сәрсенбаев «Мақал – мәтелдер мен нақыл сөздердің фразеологияға қатысы, бұлардың тұрақтылығы мен эвфониялық құбылыста қолдану сипатына байланысты, осы сипаттар арқылы бұларды фразеологиялық единицалар тобына қосып қараймыз деп атап өтеді. Сонымен қатар тіркестердің бір түріне жататын мақал – мәтелдердің тілік ерекшеліктеріне тоқталады». (4.29)