Фс қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет2/4
Дата05.11.2016
өлшемі1,96 Mb.
1   2   3   4




Пәннің аталуы

Камералық ансамбль 1

Қысқартылған атауы

КА1

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Жеке сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ә.

Мейірбеков Б.Б.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компанент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Жеке сабақтар -15, ОСӨЖ -15, СӨЖ -15 .


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер / сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Музыка теориясы», «Гармония», «Сольфеджио», «Музыка тарихы», «Фортепиано», «Арнайы музыкалық аспап», «Оркестр класы», «Дирижерлау техника негіздері», «Аспаптану».

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәнді оқыту мақсаты - 050402-“Аспаптық орындау” мамандығы бойынша мамандар дайындау мақсаты: орындаушылық, педагогикалық, ұйымдастырушылық мiндеттерiн атқара отырып, жоғары кәсіби біліктілігін қалыптастыру, музыкалық мұраларды тек бағалап қана қоймай, сондай-ақ эстетикалық көркем тәрбие барысында жүзеге асыру. Камералық ансамбль” пәні ансамбльдік орындаушылық өнеріміздің дамуына, шығармашылық белсенділіктің артуына ықпал жасайды.

Мазмұны

Жеке сабақтар: Трио ансамблінде ойнау ерекшеліктері. Ансамбльдік үйлесімділік. Квартет ансамблінде ойнау ерекшеліктері. Ансамбльдік үйлесімділік.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Презентация, фонотекалар (аудио және видео)




Пәннің аталуы

Орындаушылық өнер тарихы1

Қысқартылған атауы

ООТ1

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ә.

Балабеков Е.О.

Доцент / оқытушы:

П.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компанент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -15, ОСӨЖ -15, СӨЖ -15 .


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер / сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Музыка теориясы», «Гармония», «Сольфеджио», «Музыка тарихы».

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Орындаушылық өнер тарихы» пәнін оқытудың мақсаты – оркетр ұжымын ұйымдастыру, онымен жұмыс жүргізудің әдістемесін студенттерге жүйелі түрде үйрету, оркестр мен ансамбльдердің жұмыс жасау ісінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып болашақ оркестр жетекшілерін ғылыми және теориялық біліммен қаруландыру. Кәсіби және әуесқой оркестрлер мен ансамбльдердің жұмыс жасау ерекшеліктерімен таныстыра отырып, олардың ұлттық өнерге, мәдениетке деген эстетикалық дұрыс көзқараын қалыптастыру.

Мазмұны

Дәрістер: Көне түрік жазбалары, әл-Фарабидың еңбектеріндегі ұлттық аспаптар туралы деректер. 3-19 ғасырларда қазақ жерінде болған этнографиялық жазбаларда кездесетін аспаптар туралы мәліметтер, ұлттық музыкалық аспаптардың жіктелуі: шертпелі аспаптар, үрмелі аспаптар, соқпалы аспаптар, шекті аспаптар т.б. Жетекші салалары: / домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер, сырнай, жетіген, сазсырнай, т.б. ұрмалы сылдырмақты аспаптар түрлерінің дамуы, күйлердің шығу кезеңдері. Халық күйлері. Авторлық дәстүрлі күйшілік өнер. 19-шы ғасырдағы күйшілік дәстүр. Күй – аспаптық музыканың негізі. Күй атауының шығуы. Күйге тән стилистикалық заңдылықтар. Қазақстандағы музыка танушы ғалымдардың аспаптық музыка туралы зерттеулері. Көне аңыз күйлер. Халық күйлері Батыс Қазақстандық және шығыс Қазақстандық күй дәстүрлері. Төкпе күйлердегі Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина мектептері. Маңғыстау өңірінің күйшілік дәстүрлері. Шертпе күйлердегі Тәттімбет және Қаратау өңірі күйшілік дәстүрінің ерекшеліктері. Қазақ музыка өнерінің қалыптасуы. Күй атасы-Қорқыт. Қобыз күйлерінің орындаушылық ерекшеліктері. Ықылас және оның күйшілік дәстүрі, фольклорындағы аспаптық орындаушылық. Сыбызғы аспабында орындаушылық өнердің қалыптасуы. Сыбызғы күйлерінің стильдік ерекшеліктері. Сармалай сыбызғышылық орындаушылықытың дәстүрін қалыптастырған күйші. Сыбызғы аспабында орындаушы қазіргі заманғы күйлер. Қазақстандағы халық аспаптық орындаушылықтың пайда болуына, жасаған А.Жұбановтың еңбегі. Бүкілқазақстандық музыкалық аспаптарда орындаушылар слетінің маңызы. А.Жұбановтың 1933 жылғы алғаш ұйымдастырған домбырашылар ансамблінің оркестрлік өнердің қалыптасуына салған жолы; өнердің даму кезеңдері. Қазақ ұлт-аспаптары оркестріне арнап шығарма жазған кәсіби сазгерлердің шығармашылық жолына шолу жасайды. Домбыра тобы: Қазақ күйлерінің түп нұсқасын еске сақтап, нота жазбасын түсіруге ықпал еткен домбырашылар:Дина Нұрпейісова, Қали Жантлеуов, Р.Омаров, Ғ.Есқалиев, М.Айтқалиевтың орындаушылық өнері. Қобыз тобы: Қобыз күйлерінің түп нұсқасын жеткізіп, оркестрге лайықтап беруге себепкер болған күйшілер: Д.Мықтыбаев, Ж.Қаламбаев т.б. Домбыра-прима аспабында орындаушы өнерпаздар. Сырнай аспабында орындаушылық өнерді дамытушы өнерпаздар. Репертуарға қойылатын жалпы талаптар. Қазақ халық аспаптары оркестрлеріне арналған репертуар. Репертуар таңдауға қойылатын талаптар: Қазақтың көне музыкалық аспаптарын зерттеудегі Б.Сарыбаевтың Ғылыми еңбектері. Фольклорлық экспедиция нәтижесінде жиналған көне музыкалық аспаптар. Ұлттық музыканы насихаттаудағы «Ғасырлар пернесі», «Мұрагер», «Адырна», «Сазген», «Қазына» фольклорлық – этнографиялық ансамбльдердің орындаушылық еңбектері. Қазақстан сазгерлерінің шығармаларына тақырыптық негіз болған қазақ халық музыкалары. Е.Брусиловский, А.Зильбер, Ғ.Жұбанова т.б. шығармашылық жолы. Алғашқы ұлттық опералардағы халық күйлері мен әндері. Алғашқы ұлттық операларда қолданылған қазақ халқының әндері мен күйлері... Е.Брусиловский опералық шығармаларында тақырыптық негіз болған әндер мен күйлер.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Фильмдер, роликтер, кесте, слайд, презентация, фонотекалар.




Пәннің аталуы

Оркестр класы1

Қысқартылған атауы

OК1

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ә.

Жомартова Ғ.Р., Мейірбеков Б.Б.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы.

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық сабақтар-30, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 90

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Музыка теориясы», «Сольфеджио», «Музыка тарихы», «Арнайы музыкалық аспап», «Дирижерлау».

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Оркестр класы» пәнінің негізгі мақсаты – ұлт аспаптар оркестрінің шеберлігі жоғары орындаушысын даярлау. Курсты оқу барысында студенттің эстетикалық талғамы өсіп, мамандығына деген қызығушылығы мен ынтасы артады. Ортақ іске деген ұйымшылдығы қалыптасып, жауапкершілік сезімі жоғарылайды. Оркестр класында қалыптасқан орындаушылық тәртіп, шығармашылық қарым-қатынас болашақ ұжым жетекшісінің жеке тұлғасын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Мазмұны

Практикалық сабақтар: Студенттердің оркестрде отыру тәртібі, орындаушылардың концерттік сахнада дұрыс орын алып отыруының мәнін түсіндіру. Оркестрдегі музыкалық аспаптармен таныстыру. Аспаптардың құлақ күйін келтіру тәртібі. Гамма, арпеджио және әртүрлі жаттығулар орындау. Қарапайым көлемдегі, кілт белгілері аз тональдігінде жазылған музыкалық шығармаларды орындау. Абай «Торжорға» күйін парақтап оқу. Моцарт В.А. «Түрік рондосы» Домбыра тобының штрихтары, ойнау тәсілдері. Қобыз тобының штрихтары, ойнау тәсілдері. Сырнай тобы. Ұрмалы аспаптар. Үрмелы аспаптар. Бас тобының оркестрде алатын орны. Қурманғазы «Балбырауын». Бишімбаев Қ. «Шайқас»-орындаушылық ерекшеліктері.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Фильмдер, роликтер, кесте, слайд, презентация, фонотекалар.




Пәннің аталуы

Фортепиано 1

Қысқартылған атауы

For.1

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Жеке сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ә.

Байтасова Г.Ш.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Жеке сабақтар-15, ОСӨЖ-15, СӨЖ-15.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер / сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: “Музыка теориясы”, “Музыка тарихы”, “Сольфеджио”, “Гармония”.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

050402-«Аспаптық орындаушылық» мамандар дайындау мақсаты: терең теориялық білімді, тәжірибе жинаған, фортепианоны жетік меңгеріп, орындаушылық шеберлігі шыңдалған жоғары кәсіби біліктілікті маман әзірлеу. «Фортепиано» пәні аспаптық орындаушылық өнеріміздің дамуына бірден-бір негіз болып табылады.

Мазмұны

Жеке сабақтар: Студенттің таңдауы бойынша орындаушылық дағдыны фортепианода немесе басқа (екінші) аспапта ойнауды тәрбиелеу. Шетел және Қазақстан композиторлалының фортепианолық әдебиетімен танысу. Әр түрлі стильдер мен жанрлар шығармаларын орындау, ансамбльдер мен сүйемелдеуші аспаптардың орындалуы. Орындаушылық техниканың дамуы, парақтан оқу. Шығарманың көркемдік талдануы.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Презентация, фонотекалар (аудио және видео)




Пәннің аталуы

Гармония

Қысқартылған атауы

Gar.

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 1.

Оқытушының Т.А.Ә.

Турдалиев А.М.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компанент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық сабақтар-30, ОСӨЖ -30, СӨЖ -30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 90

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Сольфеджио», «Музыка теориясының негіздері», «Музыка тарихы».

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Гармония»-курсының мақсаты студенттердің мәдени музыкалық ой-өрісін кеңейте байыту және арттыру, олардың табиғи музыкалық қабілеттерін ынталандыру, өнерге деген көз қарасын көркемдік ұнату қабілеттерін дамыту. Музыкалы-теориялық дүние танымын ояту. Гармонияның атқаратын ролі, үндестік заңдылығына сүйене отырып шығарманың музыкалық мазмұнына жете түсінуге мүмкіндік туғызады.

Мазмұны

Практикалық сабақтар: Гармония. Үндестік. Аккорд. Аккордтардың түрлері және олардың аттары. Септаккорд. Үлкен және кіші үш дыбыстықтар. Үшдыбыстықтың әуендік жағдайы. Негізгі үшдыбысьықтардың функционалдық жүйесі. Лад. Ладтық функция. Негізгі үшдыбыстықтардың қосылулары. Берілген әуенді негізгі үшдыбыстықтармен гармонизациалау. Аккорда ішіндегі алмасу тәсілі. Бас даусын гармонизациялау. Терциялық тондардың секіртпесі. Терциялық секіртпенің сопранолық дауыста қолданылуы. Каденциялар. Кезең (Период). Сөйлем. Каданстық квартсекстаккорд. Негізгі үшдыбыстықтардың секстаккордтары. Тризвучия мен секстаккордтың қосылуындағы жіберілетін секіртпелер. Екі секстаккордың қосылуы. Жалпы мәлімет. Өтпелі және көмекші квартсекстаккордтар. Жалпы мәлімет. Негізгі доминансептаккорд. Оның құрылымы. Доминантсептаккордтың айналымдары. Доминантсептаккордтың тоникаға шешілуі. Мажор мен гармоникалық минордың толық функционалдық жүйесі. Екінші басқыштан құрылған үшдыбыстық пен оның секстаккордтары. Гармоникалық мажор. Алтыншы басқыштан құрылған трезвучие. Субдоминантсептаккорд. Анықтамасы және таңбалануы. Кіріспе септаккорды анықтамасымен таңбалануы. Доминантнонаккорд. Доминантатобындағы сирек кездесетін аккордтар. Фриигилік айналымдағы натуралдық минор. Диатоникалық тональдық секвенциялар. Көмекші септаккордтар. Қосалқы доминанта-каденцияда. Шығармашылық құылымының ішінде кездесетін қосалқы доминанта. Қосалқы доминантадағы альтерация. Тональдық арақатынастың түрлері. Ауытқу. Хроматикалық жүйе. Хроматикалық секвенциялар. Модуляция. Жалпы мәлімет. Бірінші сатыдағы туыстық тональдіктер модуляциясы. Аккордың құрамына енбейтін даярланған кешіктіруші дыбыс. Диатоникалық өтпелі дыбыстар. Хроматикалық өтпелі дыбыстар. Диатоникалық және хроматикалық көмекші дыбыстар. Аккордтың құрамына енбейтін алдын алу дыбыстар. Кешіктіруші дыбыстардың бірнеше түрлері. Доминанта тобындағы аккордтарды альтерациялау.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Фильмдер, роликтер, кесте, слайд, презентация, фонотекалар.




Пәннің аталуы

Жалпы дирижерлау

Қысқартылған атауы

ZhD

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Жеке сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ә.

Жомартова Ғ.Р.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компанент


Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Жеке сабақтар-15, ОСӨЖ -15, СӨЖ -15 .


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер / сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Музыка теориясы», «Сольфеджио», «Фортепиано», «Музыка тарихы», «Оркестрмен жұмыс жасау әдістемесі», «Арнайы музыкалық аспап», «Оркестр класы», «Дирижерлау техника негіздері», «Аспаптану» пәндері.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Жалпы дирижерлау» пәнінің негізгі мақсаты – студентті болашақта шығармашылық ұжымымен жүргізетін оқу-тәрбиелік және дирижерлық-орындаушылық қызметке даярлау. Курсты оқу барысында студенттің эстетикалық талғамы өсіп, мамандығына деген қызығушылығы мен ынтасы артады. Дирижерлау пәнінде қалыптасқан орындаушылық тәртіп, шығармашылық қарым-қатынас болашақ ұжым жетекшісінің жеке тұлғасын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Мазмұны

Жеке сабақтар: Дирижерлау –орындаушылық өнердің бір түрі. Дирижерлық аппарат, оның құрылымы, құрамдас бөлшектері (қол, ден, мимика және оркестрді басқарудағы олардың орны мен міндеттері). Ауфтакт, оның дирижерлаудағы ролі. Дирижерлық қимылдың құрамдас элементтері. Дирижерлық өлшемдердің түрлері (жай, күрделі, аралас өлшемдер). Дирижерлық қимылдың негізгі штрихтері (легато, стаккато). Дирижерлық құралдары арқылы динамикалық құбылыстарды көрсетуде қолдану. Оң және сол қолдың міндеттері. Дыбысты тоқтатуды көрсететін қимылдар. Жай, орташа және жылдам екпінді. Фермата. Оның түрлері. Үзіліс. Оның түрлері. Дирижерлық қол қимылының ауқымы (амплитудасы). Күрделі формадағы (үлгідегі) музыкалық шығармаларды дирижерлау. Дирижерлау кезеңінде музыкалық тілдің көркемдік, мағыналық, құрылымдық элементтерін (әуен, фраза, сөйлем) жасау, көрсету. Шығармаға орындаушылық талдау жасау жолдары.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Презентация, фонотекалар (аудио және видео)

2 семестр


Пәннің аталуы

Экология және тұрақты даму

Қысқартылған атауы

ЭТД

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Лекция, лабораториялық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ж.:

Мусалиев Б.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Лекция – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ– 30, СӨЖ – 30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: орта білім базасының жақсы білуі; биология, химия, табиғаттану негіздерін білуі; соңғы экологиялық және саясаттағы оқиғалар мен өзгерістерді білуі керек.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Студенттердің экологиялық білімін жоғары дәрежеге көтеріп, қоршаған ортаны қорғауға және оны көркейтуге деген оң көзқарастарын қалыптастырып, жауапкершіліктерін арттыру.

Мазмұны

Лекция: Экология туралы түсінік. Экология ғылымының дамуы мен қалыптасуы. Экологияның мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері. Экология – табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі. Негізгі тіршілік орталары, олардың сипаттамалары. Популяция – түрдің тіршілік ету формасы, популяцияның негізгі критерийлері. Негізгі биогендік элементтердің экожүйедегі айналымы. Экожүйелердің орта түзушілік рөлі жəне бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру. Биосфера және оның ресурстары.Биосфераның құрылысы жəне биосфера шекаралары.Экономикалық және саяси мәселелерді шешудегі экологияның рөлі мен орны. Қоршаған ортаның факторлары мен жүйелоның ері, биологиялық әралуандыққа тигізетін әсері. Биоценоз, экожүйе және биогеоценоз туралы түсінік. Биосфера туралы ілім. Табиғи ресурстар мен оларды тиімді пайдалану. Табиғи ресурстарды экономикалық бағалау. Өзекті экологиялық мәселелер. Қоршаған ортаны бақылаудың жай-күйі мен негізгі экологиялық мониторингті ұйымдастырудың жолдары.

Практикалық сабақтар: В.И.Вернадскийдің ноосфера туралы ілімінің Тұрақты даму тұжырымдамасын қалыптастырудағы бағыттаушы ролі. Тұрақты қоғам моделі, оның белгілері жəне қызмет атқару принциптері. Адамзат қоғамының табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу проблемасы. Қоршаған орта жəне тұрғындардың денсаулығы. Тұрақты даму. Қазіргі заманның əлемдік экологиялық проблемалары бойынша халықаралық конвенциялар мен келісімшарттар. Қазақстан Республикасының ерекше қорылатын табиғи территориялары. Қазақстаның экологиялық проблемалары. Арал өңірінің әлеу-меттік экологиялық проблемалары. Семей ядролық полигоны. Үшінші əлем” проблемалары. Мешеуліктен құтылу - тұрақты дамудың өзекті мəселесі. Өмір шындығы жəне тұрақты дамуды қамтамасыз етудің ықтимал уақыт кезеңдері

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Студенттерді экологиялық проблемалармен таныстыру: глобалды, жергілікті, ҚР-ның негізгі түсініктемелерін және жалпы экология зандарын, табиғат қорғаудың қоғамдық ғылыми негіздерін білуі шарт; студенттердің экологиялық білімін арттыру үшін активті жұмыс жасауын қамтамасыз ету; қоғамның тұрақты дамуы үшін қоршаған ортаның сапасын сақтауға деген жауапкершілікке дағдыландыру/емтихан.




Пәннің аталуы

Шетел тілі 2

Қысқартылған атауы

Шет. тіл.2

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ж.:

Морозова В.Ю

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Ағылшын, қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Практикалық – 30, ОСӨЖ – 15, СӨЖ – 15.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 60 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: «Қазақ тілі», «Орыс тілі»

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Курстың мақсаты коммуникацияның төрт түрін: оқу, хат, шет тілде сөйлесуді қолдана отырып, маманның кәсіптік ортасында шет тілін қолданумен анқталады.

Мазмұны

Практикалық сабақтар: Фонетика деңгейінде: фонетика бойынша мәліметтерді кеңейту және тереңдету, артикуляциялық дағдыларды бекіту. Сөйлемнің әр түрлі типтерін, яғни 1. хабарлы; 2. сұраулы; 3. бұйрықты сөйлемдерді интонациялық тұрғыдан рәсімдеу. Басқа тілдерден енген сөздердің жалқы есімдерді қоса алғанда, айтылуы. Морфология деңгейінде: аффикстік сөзжасам, зат және сын есімдердің, үстеудің, етістіктің префикстері: конверсия-сөзжасам тәсілі. Синтаксис деңгейінде: затты, тұлғаны, құбылысты, іс-әрекетті, жағдайды, үдрісті білдіретін грамматикалық түрлер мен конструкциялар, іс-әрекетке бейімдеу, іс-әрекеттің қажеттігі, мүмкіндігі, нақтылығы, іс-әрекеттің болған орны, уақыты, мәні, заттың, тұлғаның, құбылыстың қасиеті, сапасы. Сөйлемнің құрылымдық түрлері: сұраулы (сұраулы сөзбен), (сұраулы сөзсіз), хабарлы(болымды, болымсыз), бұйрықты: жай, құрмалас, салалас құрмалас, сабақтас сөйлем. Сөйлемдегі күрделі конструкциялар: жайылма анықтауыштың формалды белгілері, инфинитивті айналым топтың формалды белгілері. Мәтін элементтері арасындағы логикалық-мағыналық байланыстардың формалды белгілері (жалғаулықтар, жалғаулық сөздер, клише жасалған фразалар, енгізу айналымдары мен конструкциялары). Мәтін деңгейінде: экономикалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері. Айтылым қызметі деңгейінде. Мәтін мазмұнын айту, диалог, монолог құру, іскерлік келісімдер, тұсаукесерлер өткізу. Жазу деңгейінде: резюме (түйіндеме) және іскерлік хаттар жазу.

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Күнделікті қолданысты жағдайларда сөйлесу үшін қажетті лексико-грамматикалық материалдарды меңгеру, сөйлеу түрлерінің және сөйлеу қызметінің әр қилы түрлерін дамыту/ емтихан.




Пәннің аталуы

Қазақ (орыс тілі) 2

Қысқартылған атауы

Қаз. (орыс тіл.) 2

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ж.:

Баймурзаева К.Б.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Практикалық – 30, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: Мектеп бағдарламасы бойынша қазақ тілін меңгеріп, тіл дамыту, сөздік қорды байыту, екі тілді қоса меңгеру, сауаттылықты арттыру қарастырылған.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Академиялық, арнаулы публицистикалық және басқа басылымдардан алынған мәтіндерді сыни көз қараспен оқи алу; эссе, баяндама, іскери хат, мазмұндама және басқа да түрдегі академиялық және арнайы прозаны сауатты жаза білу; академиялық, арнай және әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасай алу; академиялық, арнайы және әлеуметтік контекстердегі ауызекі қазақ тілін түсіне алу; жоғарыда келтірілген дағдыларды игеру үшін негізгі терминологиялық өзекті меңгеру; сонымен қатар қазақ тілінің грамматикалық жүйесін меңгеру.

Мазмұны

Практикалық сабақтар:Орыс тілін оқыту барысында орыс тілінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салалары қамтылады. Грамматика бөлімінде орыс тілінің фонетикалық, орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалары мен негізгі түсініктері беріледі. Сөйлем деңгейінде жай және күрделі сөйлем құрылысындағы субъектілі-предикативтік қатынастар, жай және құрмалас салалас пен құрмалас сабақтас сөйлемдердегі объектілік, анықтауыштық, толықтауыштық мәндері ашылады. Лексика саласы бойынша төмендегілер қарастырылады: тура, ауыспалы, көп мағыналы сөздер; омоним, синоним, антоним сөздер; фразеологизмдер; лексикография; жиі қолданылатын сөздер; кәсіби лексика; экономикалық терминдер; ауыз екі сөйлеу лексикасы. Мәтін деңгейінде түрлі тақырыптағы мәтін байланыстарының құралы мен құрылымы, қазіргі орыс тілінің түрлі стилінің (ғылыми, ауыз екі, көсемсөздік, ресми-іскерлік, көркем әдебиет стильдері) ерекшеліктері негізге алынады.Оқытудағы негізгі ұстаным–үйренушінің күнделікті сөйлеу жағдаятында (әлеуметтік–тұрмыстық және кәсіби– іскерлік жағдаяттарда) тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана алуы. Сондықтан тілді үйрету барысында үйренушілердің сөйлесім әрекетінің 4 түрін-түрлі типтегі монолог, диалог, полилог құра білуге үйрету, мәтін мазмұнын талдау мен қайта жаңғыртып оқыту арқылы олардың белсенділігін арттыру көзделеді.

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Жоғары оқу орнында мектептен алған білімдерін арттыра отырып, жаңа технологиялық әдістермен қатар активті, интерактивті әдістерді қолданып, лексика-грамматикалық тақырыптарды еркін меңгертумен бірге, сөздік қорды молайту / емтихан.




Пәннің аталуы

Мамандық 2

Қысқартылған атауы

Мам.2

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Жеке сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Сейдалиева Р.Т.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компанент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Жеке сабақтар -30, ОСӨЖ -30, СӨЖ -30 .


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 90

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Музыка теориясы», «Гармония», «Сольфеджио», «Музыка тарихы» пәндері.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

“Мамандық”/домбыра пәні дәстүрлі аспапта орындаушылық өнеріміздің дамуына шығармашылық белсенділіктің артуына ықпал жасайды.

Мазмұны

Жеке сабақтар: Пъеса жанры. Қазақстан, жақын шет ел шығармалары. Мазмұны мен көлемі әртүрлі сипатта. Қазіргі заман күйлері /Қ.Ахмедияров, А.Жайымов/. Күрделі көлемді күйлерді орындау. Күйлер. Дәстүрлі орындаушылық тәсілдерді меңгеру. Аппликатура ерекшеліктері. Орындаушылық деңгейі орта дәрежелі күйлер. Техникалық қиын тұстармен жұмыс. Көркемдік орындаушылық мағынасымен жұмыс жасау. Нота мазмұнын бірден ойнап кету қабілетін жетілдіру.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Презентация, фонотекалар (аудио және видео)




Пәннің аталуы

Қазақ музыкасының тарихы 2

Қысқартылған атауы

КМТ2

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Турдалиев А.М.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компанент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -15, ОСӨЖ -15, СӨЖ -15 .


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер / сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Музыка теориясы», «Орындаушылық өнер тарихы», «Қазақстан тарихы», «Өнер тарихы», «Музыка тарихы».

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Курстың негізгі мақсаты келешек мамандардың музыка өнерінің тарихи кезеңдері мен олардың шығармашылық бағыты, ағымдары мен стильдік өркендеу жолдарымен таныстырып сол кезеңмен осы кезеңді салыстырып, көзқарастары мен ұғымдарын қалыптастыру болып келеді. Курстың міндеті болашақ кәсіби мамандарды музыка өнерінің өсу жолдары мәселесіне музыкалық шығармашылығының құбылыстарымен байланысты, оның халықтың әлеуметтік өзгерістерін, философия, мәдениет пен өнер өзара толықтырылып идеялық көзқарасты көркемдік талғамды тәрбиелеу мақсатындағы бағытта толық мағлұматын алу мен меңгеруі көзделеді.

Мазмұны

Дәрістер: «Қазақ музыкасының тарихы» пәнінің көздеген мақсаты мен міндеті. Көне түркі дәуірінің музыкалық мәдениеті. Ортағасырлардағы музыка мәдениеті. Оғыз дәуірі мәдениеті. Хандық дәуір музыкасы (15-18 ғасырлар). Халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр. Аспаптық музыка (19 ғасыр). Кәсіби музыкалық дәстүр. 19 ғасырдағы әншілік өнер. Көне дәуір музыкасының қазақ руханиятынан алатын орны. Шетел ғалым-этнографтарының, музыкатанушыларының қазақ музыкасы туралы ой-пікірлері. 20 ғасырдың 30 жылдарындағы кәсіби музыкасының қалыптасуы. Ұлы Оьан соғысы жылдарындағы қазақ музыка мәдениеті. 60-70 жылдардағы қазақ музыкасы. Қазіргі дәуірдегі қазақ музыкасы. Қазақстан Республикасында қазіргі кезеңдегі музыкатану ғылымының дамуы. Қазақстан Республикасының орындаушы-шығармашылық ұжымдары мен музыкалық оқу орындары.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Фильмдер, роликтер, кесте, слайд, презентация, фонотекалар.




Пәннің аталуы

Әлем музыкасының тарихы 2

Қысқартылған атауы

АМТ 2

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Турдалиев А.М.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компанент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -30, ОСӨЖ -30, СӨЖ -30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 90

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Музыка теориясы», «Орындаушылық өнер тарихы», «Қазақстан тарихы», «Өнер тарихы», «Музыка тарихы».

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Өткен заман мен қазіргі заман классиктерінің шығармашылық мұрасын тарихи-хронологиялық ретпен зерттеу: біртұтас тарихи дамып келген, әлеуметтік-тарихи процеспен тығыз байланыстағы құбылыс болып отырған музыкалық өнер туралы студенттердің түсінігін қалыптастыру. 050402-«Аспаптық орындаушылық» мамандығында оқитын студенттердің кәсіби дайындығы жолында әлем музыкасының тарихы курсының зор маңызы бар.

Мазмұны

Дәрістер: Ежелгі Шығыс және Жерорта теңізі музыкалық мәдениеті. 11-ші ғасырға дейінгі феодалдық қоғамның музыкалық мәдениеті. 11-13 ғасырлардағы батыс-еуропалық музыкалық мәдениеті. Ежелгі, еуропалық ортағасырдағы, қайта өрлеу дәуіріндегі музыка өнері (14-16 ғ.). 17-18 ғасырлардағы еуропалық музыка. 19 ғасырдағы батыс-еуропалық музыка. 20 ғасырдағы шетел музыка мәдениеті. 18-ші ғасырға дейінгі орыстың музыка мәдениеті. 18-ші ғасырдағы орыстың музыка мәдениеті. 19-шы ғасырдың 1-ші жартысындағы орыстың музыка мәдениеті. 19-шы ғасырдың 80-90 жылдарындағы орыстың музыка мәдениеті. 20-шы ғасыр басындағы орыстың музыка мәдениеті. Советтік музыка мәдениетінің дамуындағы негізгі кезеңдер.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Фильмдер, роликтер, кесте, слайд, презентация, фонотекалар.




Пәннің аталуы

Камералық ансамбль2

Қысқартылған атауы

КА2

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Жеке сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Мейірбеков Б.Б.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компанент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Жеке сабақтар -15, ОСӨЖ -15, СӨЖ -15 .


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер / сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Музыка теориясы», «Гармония», «Сольфеджио», «Музыка тарихы», «Фортепиано», «Арнайы музыкалық аспап», «Оркестр класы», «Дирижерлау техника негіздері», «Аспаптану».

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәнді оқыту мақсаты - 050402-“Аспаптық орындау” мамандығы бойынша мамандар дайындау мақсаты: орындаушылық, педагогикалық, ұйымдастырушылық мiндеттерiн атқара отырып, жоғары кәсіби біліктілігін қалыптастыру, музыкалық мұраларды тек бағалап қана қоймай, сондай-ақ эстетикалық көркем тәрбие барысында жүзеге асыру. Камералық ансамбль” пәні ансамбльдік орындаушылық өнеріміздің дамуына, шығармашылық белсенділіктің артуына ықпал жасайды.

Мазмұны

Жеке сабақтар: Трио ансамблінде ойнау ерекшеліктері. Ансамбльдік үйлесімділік. Квартет ансамблінде ойнау ерекшеліктері. Ансамбльдік үйлесімділік.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Презентация, фонотекалар (аудио және видео)




Пәннің аталуы

Орындаушылық өнер тарихы2

Қысқартылған атауы

ООТ2

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Балабеков Е.О.

Доцент / оқытушы:

П.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компанент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -15, ОСӨЖ -15, СӨЖ -15 .


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер / сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Музыка теориясы», «Гармония», «Сольфеджио», «Музыка тарихы».

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Орындаушылық өнер тарихы» пәнін оқытудың мақсаты – оркетр ұжымын ұйымдастыру, онымен жұмыс жүргізудің әдістемесін студенттерге жүйелі түрде үйрету, оркестр мен ансамбльдердің жұмыс жасау ісінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып болашақ оркестр жетекшілерін ғылыми және теориялық біліммен қаруландыру. Кәсіби және әуесқой оркестрлер мен ансамбльдердің жұмыс жасау ерекшеліктерімен таныстыра отырып, олардың ұлттық өнерге, мәдениетке деген эстетикалық дұрыс көзқараын қалыптастыру.

Мазмұны

Дәрістер: Көне түрік жазбалары, әл-Фарабидың еңбектеріндегі ұлттық аспаптар туралы деректер. 3-19 ғасырларда қазақ жерінде болған этнографиялық жазбаларда кездесетін аспаптар туралы мәліметтер, ұлттық музыкалық аспаптардың жіктелуі: шертпелі аспаптар, үрмелі аспаптар, соқпалы аспаптар, шекті аспаптар т.б. Жетекші салалары: / домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер, сырнай, жетіген, сазсырнай, т.б. ұрмалы сылдырмақты аспаптар түрлерінің дамуы, күйлердің шығу кезеңдері. Халық күйлері. Авторлық дәстүрлі күйшілік өнер. 19-шы ғасырдағы күйшілік дәстүр. Күй – аспаптық музыканың негізі. Күй атауының шығуы. Күйге тән стилистикалық заңдылықтар. Қазақстандағы музыка танушы ғалымдардың аспаптық музыка туралы зерттеулері. Көне аңыз күйлер. Халық күйлері Батыс Қазақстандық және шығыс Қазақстандық күй дәстүрлері. Төкпе күйлердегі Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина мектептері. Маңғыстау өңірінің күйшілік дәстүрлері. Шертпе күйлердегі Тәттімбет және Қаратау өңірі күйшілік дәстүрінің ерекшеліктері. Қазақ музыка өнерінің қалыптасуы. Күй атасы-Қорқыт. Қобыз күйлерінің орындаушылық ерекшеліктері. Ықылас және оның күйшілік дәстүрі, фольклорындағы аспаптық орындаушылық. Сыбызғы аспабында орындаушылық өнердің қалыптасуы. Сыбызғы күйлерінің стильдік ерекшеліктері. Сармалай сыбызғышылық орындаушылықытың дәстүрін қалыптастырған күйші. Сыбызғы аспабында орындаушы қазіргі заманғы күйлер. Қазақстандағы халық аспаптық орындаушылықтың пайда болуына, жасаған А.Жұбановтың еңбегі. Бүкілқазақстандық музыкалық аспаптарда орындаушылар слетінің маңызы. А.Жұбановтың 1933 жылғы алғаш ұйымдастырған домбырашылар ансамблінің оркестрлік өнердің қалыптасуына салған жолы; өнердің даму кезеңдері. Қазақ ұлт-аспаптары оркестріне арнап шығарма жазған кәсіби сазгерлердің шығармашылық жолына шолу жасайды. Домбыра тобы: Қазақ күйлерінің түп нұсқасын еске сақтап, нота жазбасын түсіруге ықпал еткен домбырашылар:Дина Нұрпейісова, Қали Жантлеуов, Р.Омаров, Ғ.Есқалиев, М.Айтқалиевтың орындаушылық өнері. Қобыз тобы: Қобыз күйлерінің түп нұсқасын жеткізіп, оркестрге лайықтап беруге себепкер болған күйшілер: Д.Мықтыбаев, Ж.Қаламбаев т.б. Домбыра-прима аспабында орындаушы өнерпаздар. Сырнай аспабында орындаушылық өнерді дамытушы өнерпаздар. Репертуарға қойылатын жалпы талаптар. Қазақ халық аспаптары оркестрлеріне арналған репертуар. Репертуар таңдауға қойылатын талаптар: Қазақтың көне музыкалық аспаптарын зерттеудегі Б.Сарыбаевтың Ғылыми еңбектері. Фольклорлық экспедиция нәтижесінде жиналған көне музыкалық аспаптар. Ұлттық музыканы насихаттаудағы «Ғасырлар пернесі», «Мұрагер», «Адырна», «Сазген», «Қазына» фольклорлық – этнографиялық ансамбльдердің орындаушылық еңбектері. Қазақстан сазгерлерінің шығармаларына тақырыптық негіз болған қазақ халық музыкалары. Е.Брусиловский, А.Зильбер, Ғ.Жұбанова т.б. шығармашылық жолы. Алғашқы ұлттық опералардағы халық күйлері мен әндері. Алғашқы ұлттық операларда қолданылған қазақ халқының әндері мен күйлері... Е.Брусиловский опералық шығармаларында тақырыптық негіз болған әндер мен күйлер.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Фильмдер, роликтер, кесте, слайд, презентация, фонотекалар.




Пәннің аталуы

Оркестр класы2

Қысқартылған атауы

OК2

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Ізтай Т.Ж.

Доцент / оқытушы:

Кафедра меңгерушісі, доцент

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық сабақтар-30, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 90

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Музыка теориясы», «Сольфеджио», «Музыка тарихы», «Арнайы музыкалық аспап», «Дирижерлау».

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Оркестр класы» пәнінің негізгі мақсаты – ұлт аспаптар оркестрінің шеберлігі жоғары орындаушысын даярлау. Курсты оқу барысында студенттің эстетикалық талғамы өсіп, мамандығына деген қызығушылығы мен ынтасы артады. Ортақ іске деген ұйымшылдығы қалыптасып, жауапкершілік сезімі жоғарылайды. Оркестр класында қалыптасқан орындаушылық тәртіп, шығармашылық қарым-қатынас болашақ ұжым жетекшісінің жеке тұлғасын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Мазмұны

Практикалық сабақтар: Шығармалардың нота үлгісін парақтап оқу. Қурманғазы «Ақсақ киік» күйдің аппликатура ерекшеліктері. Домбыра тобының оркестрде орындайтын қызметі. Мухит «Айнамкөз». Қобыз тобының оркестрде орындайтын қызметі. Гаммаларды әртүрлі динамикалық өзгерістерімен орындау. Гаммаларды әртүрлі штрихтармен орындау. Классикалық шығармаларды орындау ерекшелігі. Свиридов Г. «Вальс» Домбра-прима тобының оркестрде алатын орны. Сүгір «Аққу» күйдің орындау ерекшеліктері. Қурманғазы «Адай» күйдің техникалық қиын тұстарымен жұмыс. Шығарманың мазмұның ашу жолдары. Жеке аспаптық топтармен жұмыс. Дәулеткерей «Қосалқа» 2-ші түрі.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Фильмдер, роликтер, кесте, слайд, презентация, фонотекалар.




Пәннің аталуы

Фортепиано 2

Қысқартылған атауы

For.2

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Жеке сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Байтасова Г.Ш.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Жеке сабақтар-15, ОСӨЖ-15, СӨЖ-15.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер / сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: “Музыка теориясы”, “Музыка тарихы”, “Сольфеджио”, “Гармония”.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

050402-«Аспаптық орындаушылық» мамандар дайындау мақсаты: терең теориялық білімді, тәжірибе жинаған, фортепианоны жетік меңгеріп, орындаушылық шеберлігі шыңдалған жоғары кәсіби біліктілікті маман әзірлеу. «Фортепиано» пәні аспаптық орындаушылық өнеріміздің дамуына бірден-бір негіз болып табылады.

Мазмұны

Жеке сабақтар: Студенттің таңдауы бойынша орындаушылық дағдыны фортепианода немесе басқа (екінші) аспапта ойнауды тәрбиелеу. Шетел және Қазақстан композиторлалының фортепианолық әдебиетімен танысу. Әр түрлі стильдер мен жанрлар шығармаларын орындау, ансамбльдер мен сүйемелдеуші аспаптардың орындалуы. Орындаушылық техниканың дамуы, парақтан оқу. Шығарманың көркемдік талдануы.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Презентация, фонотекалар (аудио және видео)




Пәннің аталуы

Имиджелогия

Қысқартылған атауы

Имидж.

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Тұрдалиева Ш.Ж.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Таңдау бойынша компанент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-15, практикалық сабақтар-15, ОСӨЖ -15, СӨЖ -15 .


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 60

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Имиджелогия» пәнін игеру үшін студент әдебиетпен қызмет жасап, алған ақпаратты талдауға бейімделіп, компьютерде интернетпен қызмет жасай білуі тиіс.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Курстың негізгі мақсаты – болашак маманның шығармашылық және іскерлік дағдысын өз имиджі арқылы кәсіби деңгейде көрсете білуге бағытталған. «Имиджелогия» арнайы курсы оқу жоспарына нарықтық экономикалық жағдайында мінез-құлықтың жаңа модельдерін меңгеру қажеттілігіне бағыты енгізіліп отыр.

Мазмұны

Дәрістер: Имиджелогия пәні, өзге ғылымдармен байланысы. Имидж туралы түсінік. Тұлға имиджінің даралануы. Имидждің түрлері: айналы, қалаулы, қоғамға қажетті имидж, көптік, корпоративтік, шынайы, идеалды, жағымпаз, топтық, заттық. Имидж символикалық құбылыс ретінде. Имиджді қалыптастырудағы символиканың ролі. Сырт — бейнелік имидж туралы түсінік. Киім кию мәдениеті. Макияж стратегиясы. Тұлғаның рухани келбеті-тұлға имиджінің негізгі көрсеткіші ретінде. Ауызша сөз сөйлеу өнерін игеру техникасы. Көпшілік алдында сөз сөйлеу өнерін игеру техникасы. Этикет туралы түсінік. Іскерлік этикет қалыптасқан іскерлік, қарым-қатынастың тәртібі ретінде. Озық мінез-құлық стратегиясының негізгі.. Ишараның, бет-әлпеттің, дене қалыбының шартты мәндері. Әр түрлі халықтардың бейвербалдық қарым -қатынас ерекшеліктері. Корпоративтік имидждің ұғымы. Қызметтестердің өзара қарым-қатынас стилі. Ұйым (ұжым, фирма) имиджі — көптеген, адамдың фирманы тұтасымен қоғамдық қабылдауы. Ұйымның ішкі және сыртқы имиджінің (объективті бірлігінің негізі).

Практикалық сабақтар: «Паблик Рилейшнз» - қоғамындағы коммуникаңия заңдары, адамзаттық өзара қарым-қатынастардың жаңа типтері туралы ғылым. Паблик Рилейшнз қызмет саласы. «Паблик Рилейшнз» міндеттері. Лидердің типтері, олардың сипаттамасы. Дара имидждін ерешеліктері. Имидждің түрлері: айналы, қалаулы, қоғамға қажетті имидж, көптік, корпоративтік, шынайы, идеалды, жағымпаз, топтық, заттық. Имиджді анықтайтын факторлар. Символика туралы ұғым. Символиканың түрлері. Имиджді қалыптастырудағы символиканың ролі. Киім кию мәдениеті. Қоғамдық орындардағы мәдениет. Макияж стратегиясы. Габитарлық (сырт-бейнелік) ақпарат. Ауызша сөз сөйлеу өнерін игеру техникасы. Жазбаша сөз өнерін игеру техникасы. Көпшілік алдында сөз сөйлеу өнерін игеру техникасы.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Презентация, фонотекалар (аудио және видео)




Пәннің аталуы

Дирижерлау 1

Қысқартылған атауы

Dir1

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Жеке сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Жомартова Ғ.Р.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Таңдау бойынша компанент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Жеке сабақтар -15, ОСӨЖ -15, СӨЖ -15 .


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер / сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Музыка теориясы», «Фортепиано», «Сольфеджио», «Арнайы музыкалық аспап», «Музыка тарихы», «Оркестр класы», «Оркестр партитурасын оқу», «Аспаптану».

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Дирижерлау» пәнінің мақсаты – музыкалық кәсіби деңгейі жоғары, жетік білімді, озық ойлы маман иесін даярлауда. Курсты оқу барысында студенттің эстетикалық талғамы өсіп, мамандығына деген қызығушылығы мен ынтасы артады. Ортақ іске деген ұйымшылдығы қалыптасып, жауапкершілік сезімі жоғарылайды. «Дирижерлау» класында қалыптасқан орындаушылық тәртіп, шығармашылық қарым-қатынас болашақ орындаушы дирижердің жеке тұлғасын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Мазмұны

Жеке сабақтар: Әр қолдың қимылындағы дербестігін дамыту жолдары /координация/. Фермата. Оның түрлері. Ферматаны дирижерлау тәсілдері. Дирижерлау кезеңіндегі үзіліс. Оның түрлерін (люфтпауза, генералды пауза т.б.) дирижерлау жолдары. Сол қолдың көркемдік қимылдарының көрсету ерекшеліктері. Күй жанры. Күйлерді дирижерлау ерекшеліктері. Күйлердің мазмұнын ашу жолдары. Ноталық мазмұнымен жұмыс, авторлары жайында мәлімет беру және күйлердің аңыз-әңгімелерін білу. 3/8,5/8 тактілеу схемаларын меңгеру. Музыкалық шығарманың өрлеу, шарықтау шегіне жету (кульминация) және қайта құлдырау кезеңдерін дирижерлау тәсілдері. Шығармада кездесетін созылыңқы дыбыстар, паузаларды т.б. дирижерлау тәсілдері. Дирижерлауда кездесетін белсенді қимылдарымен жұмыс жасау (акцент, сфорцандо, қатты дыбыс күші т.б.). Шығармадағы дирижерлық қиыншылықтарымен жұмыс.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Презентация, фонотекалар (аудио және видео)




Пәннің аталуы

Абайтану

Қысқартылған атауы

Абайт.

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Мекемтас М.

Доцент / оқытушы:

Профессор, ф.ғ.д.

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Таңдау бойынша компанент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-15, практикалық сабақтар -15, ОСӨЖ -15, СӨЖ -15 .


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 60

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Абайтану пәнін меңгеру үшін әдебиет тарихынан жан-жақты білімі, Абай шығармашылығын меңгеру керек және Абайдың адамгершілік мұраттарын жете түсіну қажет.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Абай - қазақ әдебиетінің классигі. Абай – ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы. Абай – қазақ поэзиясының реформаторы. Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар. Абай және қазақ лирикасы. Абай – ойшыл, философ, ақын. Абай дәстүрі және оның ұлттық әдебиеттің дамуындағы рөлі. Абай өмірі мен шығармашылық мұрасынан жалпы мәліметтер. Өмірбаяны. Шығармалары. Ақындығының алғашқы кезеңі. Ақынның толысу жылдары.Аудармалары. Поэмалары. Қара сөздері. Абайтану тарихынан қысқаша мәліметтер.

Мазмұны

Дәрістер: Өмірі мен шығармашылығы. Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар. Абай — өз заманының жыршысы. Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы. Абайдың ағартушылық қызметі. Абай мұрасындағы табиғат тақырыбы. Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы. Абайдың эстетикалық тағылымы. Ақын өлеңіндегі даналық дәрістері. Ақынның терең тебіреніске толы жүрек тақырыбы. Абайдың поэмалары. Абайдың ақын шәкірттері. Абайдың көркем аудармалары. Абайдың қара сөздері. Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы.

Практикалық сабақтар: Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай шығармалары — ақын заманының шежіресі. Абай шығармаларындағы қазақ қауымының әлеуметтік бейнесі. Абайдың ағартушылық қызметі. Ескі ауылдағы әлеуметтік теңсіздік, кедей жалшының мүшкіл халі. М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы осыған ұқсас көрініс. Махаббат тақырыбына Абай әкелген жаңа леп. Махаббат сезімінің баяндылығын, қазақ әйелінің бойына біткен табиғи ұстамдылығын ақынның суреттеуі. Қазақ жастарын адал сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелейтін Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиямызда алатын орны. Ұлттық поэзиядағы көркемдік табиғатын Абайдың түсінуі. Ақын Абайдың ұстаздық тағылымы, оның өнерпаз жастарға қалдырған өсиеті. Көркемдік талғам туралы ұғым. Батыс пен Шығыс даналығын 6ip басына жинақтаған, өз заманының әpi ғұлама ғалымы, әpi кемеңгер ойшылы, әpi данышпан ақыны. Лирикалық қаһарманның көңіл күйін, жан дүниесін ашатын туындылары. Абайдың шығармашылық мұрасындағы оның поэмаларының орны. Абайдың жазба әдебиетімізде көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері, жаңашылдық бастамасы. Абайдың Крыловтан аударған мысалдары. Олардың көркемдік ерекшеліктерін тұпнұсқамен салыстыра талдау. Абайдың шығармашылық мұрасында оның қара сөздерінің алатын орны, ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы. Қара сөздердің ақынның өлендерінде өрбітілген пікірлермен үндестігі. Автор тұрғысынан алғандағы мұның себептері. Абайтану ілімінің тарихы. 20-30 жылдарда Абай мұрасы жөніндегі өрістеген айтыс. Абайтану ілімінің негізін салған М.Әуезовтің еңбегі, Абай шығармаларын жинастырып, бастырып, насихаттау жөніндегі Әуезов бастамасының 40-шы жылдардан кейінгі дамуы. Бұл жөніндегі алғашқы іргелі ғылыми зерттеулер.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Презентация, фонотекалар (аудио және видео)


2 курс

3 семестр


Пәннің аталуы

Философия

Қысқартылған атауы

Филос.

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Лекция, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ж.:

Кенжебаев А.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Лекция – 30, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Мәдениеттану», «Логика», «Өзін өзі тану», «Әлеуметтану», «Саясттану», «Психология»,

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

мақсаттар: болашақ мамандардың философиялық көзқарастарды қалыптастыру.

Мазмұны

Лекция. Философия мәдениет феномені ретінде. Философия пәні және қызметтері Мәдени-тарихи контексттегі филосифия. Мәдениет контекстіндегі философияның тарихи типтері. Ежелгі Үнді философиясы шығыс мәдениетінің феномені ретінде. Қытай мәдениетінің гүлденуі кезіндегі ежелгі Қытай философиясы. Антика мәдениетіндегі философия Орта ғасырлық мәэдениеттегі философия феномені. Ислам мәдениеті аясындағы араб-мұсылман философиясы. Ба­тые Еуропалык орта ғасырлык мәдениеттегі философия. және дін феномені Қайта өрлеу және Реформация мәдениетіндегі философия. Жаңа Заман мәдениетіндегі батыс еуропалық философия.

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқудың мақсатында философияның негізгі терминдерін және философия мәселелерінВ результате изучения дисциплины студент должен знать основные термины и проблемы философии, основные философские способы решения мировоззренческо-методологических вопросов в контексте культуры/емтихан.




Пәннің аталуы

Шетел тілі 3

Қысқартылған атауы

Шет.тіл.3

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ж.:

Морозова В.Ю

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Ағылшын, қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Практикалық – 30, ОСӨЖ – 15, СӨЖ – 15.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 60 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: «Қазақ тілі», «Орыс тілі»

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Курстың мақсаты коммуникацияның төрт түрін: оқу, хат, шет тілде сөйлесуді қолдана отырып, маманның кәсіптік ортасында шет тілін қолданумен анқталады.

Мазмұны

Практикалық сабақтар: Фонетика деңгейінде: фонетика бойынша мәліметтерді кеңейту және тереңдету, артикуляциялық дағдыларды бекіту. Сөйлемнің әр түрлі типтерін, яғни 1. хабарлы; 2. сұраулы; 3. бұйрықты сөйлемдерді интонациялық тұрғыдан рәсімдеу. Басқа тілдерден енген сөздердің жалқы есімдерді қоса алғанда, айтылуы. Морфология деңгейінде: аффикстік сөзжасам, зат және сын есімдердің, үстеудің, етістіктің префикстері: конверсия-сөзжасам тәсілі. Синтаксис деңгейінде: затты, тұлғаны, құбылысты, іс-әрекетті, жағдайды, үдрісті білдіретін грамматикалық түрлер мен конструкциялар, іс-әрекетке бейімдеу, іс-әрекеттің қажеттігі, мүмкіндігі, нақтылығы, іс-әрекеттің болған орны, уақыты, мәні, заттың, тұлғаның, құбылыстың қасиеті, сапасы. Сөйлемнің құрылымдық түрлері: сұраулы (сұраулы сөзбен), (сұраулы сөзсіз), хабарлы(болымды, болымсыз), бұйрықты: жай, құрмалас, салалас құрмалас, сабақтас сөйлем. Сөйлемдегі күрделі конструкциялар: жайылма анықтауыштың формалды белгілері, инфинитивті айналым топтың формалды белгілері. Мәтін элементтері арасындағы логикалық-мағыналық байланыстардың формалды белгілері (жалғаулықтар, жалғаулық сөздер, клише жасалған фразалар, енгізу айналымдары мен конструкциялары). Мәтін деңгейінде: экономикалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері. Айтылым қызметі деңгейінде. Мәтін мазмұнын айту, диалог, монолог құру, іскерлік келісімдер, тұсаукесерлер өткізу. Жазу деңгейінде: резюме (түйіндеме) және іскерлік хаттар жазу.

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Күнделікті қолданысты жағдайларда сөйлесу үшін қажетті лексико-грамматикалық материалдарды меңгеру, сөйлеу түрлерінің және сөйлеу қызметінің әр қилы түрлерін дамыту/ емтихан.




Пәннің аталуы

Қазақ (орыс тілі) 3

Қысқартылған атауы

Қаз. (орыс тіл.)3

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ж.:

Баймурзаева К.Б.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Практикалық – 30, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: Мектеп бағдарламасы бойынша қазақ тілін меңгеріп, тіл дамыту, сөздік қорды байыту, екі тілді қоса меңгеру, сауаттылықты арттыру қарастырылған.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Академиялық, арнаулы публицистикалық және басқа басылымдардан алынған мәтіндерді сыни көз қараспен оқи алу; эссе, баяндама, іскери хат, мазмұндама және басқа да түрдегі академиялық және арнайы прозаны сауатты жаза білу; академиялық, арнай және әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасай алу; академиялық, арнайы және әлеуметтік контекстердегі ауызекі қазақ тілін түсіне алу; жоғарыда келтірілген дағдыларды игеру үшін негізгі терминологиялық өзекті меңгеру; сонымен қатар қазақ тілінің грамматикалық жүйесін меңгеру.

Мазмұны

Практикалық сабақтар:Орыс тілін оқыту барысында орыс тілінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салалары қамтылады. Грамматика бөлімінде орыс тілінің фонетикалық, орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалары мен негізгі түсініктері беріледі. Сөйлем деңгейінде жай және күрделі сөйлем құрылысындағы субъектілі-предикативтік қатынастар, жай және құрмалас салалас пен құрмалас сабақтас сөйлемдердегі объектілік, анықтауыштық, толықтауыштық мәндері ашылады. Лексика саласы бойынша төмендегілер қарастырылады: тура, ауыспалы, көп мағыналы сөздер; омоним, синоним, антоним сөздер; фразеологизмдер; лексикография; жиі қолданылатын сөздер; кәсіби лексика; экономикалық терминдер; ауыз екі сөйлеу лексикасы. Мәтін деңгейінде түрлі тақырыптағы мәтін байланыстарының құралы мен құрылымы, қазіргі орыс тілінің түрлі стилінің (ғылыми, ауыз екі, көсемсөздік, ресми-іскерлік, көркем әдебиет стильдері) ерекшеліктері негізге алынады.Оқытудағы негізгі ұстаным–үйренушінің күнделікті сөйлеу жағдаятында (әлеуметтік–тұрмыстық және кәсіби– іскерлік жағдаяттарда) тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана алуы. Сондықтан тілді үйрету барысында үйренушілердің сөйлесім әрекетінің 4 түрін-түрлі типтегі монолог, диалог, полилог құра білуге үйрету, мәтін мазмұнын талдау мен қайта жаңғыртып оқыту арқылы олардың белсенділігін арттыру көзделеді.

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Жоғары оқу орнында мектептен алған білімдерін арттыра отырып, жаңа технологиялық әдістермен қатар активті, интерактивті әдістерді қолданып, лексика-грамматикалық тақырыптарды еркін меңгертумен бірге, сөздік қорды молайту / емтихан.




Пәннің аталуы

Мәдениеттану

Қысқартылған атауы

Мәдени.

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Лекция, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ж.:

Толеуов Е.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі, ағылшын тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Лекция – 15, практикалық сабақтар-15, ОСӨЖ – 15, СӨЖ – 15.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 60 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: «Әлемдік мәдениет тарихы», «Әлеуметтану», «Философия», «Қазақстан тарихы»

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Студенттерге мәдениеттің негізін, құрылымын, қызметтерін, заңдылығын және негізгі тарихы типтеріне қажетті теориялық білім беру; көркем мәдениетіндегі бағыттарға, стильдерге және әлемдегі мәдени симводарға бағадарлануға көмектесу.

Мазмұны

Лекция: Мәдениеттiң құрылымы мен үлгiсi. Материалдық және рухани мәдениет элементтерiнiң өзара байланысы. Тiлдiң, жазбаның, өнердi», ғылымның қалыптасуы. Қазақстан мәдениетiнiң дамуы мен оның әлемдiк мәдениет кеңiстiгiне ену тарихы. Қоғамның ғаламдық мәселелерiнен шығу жолдары: қоршаған орта және адамзат экологиясы.

Практикалық сабақтар: Шығыс мәдениетінің типтері, құрылымы және маңызы. Шығыс елдеріндегі тілдің, жазу өнерінің және ғылымның құрылымдануының ерекшеліктері. Қазақстан мәдениеті Шығыс мәдениетінің құрамдық бөлігі ретінде.

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Мәдениет тұсігінімен, қызметімен, құрылымымен байланысты мәселелерді өңдеуге дағдалану; қазіргі мәдениетте болып жатқан процестерді дұрыс бағалау және қабылдау; Қазақстан халқы мәдениетінің даму ерекшеліктері және кезеңдерін көре білу/емтихан.




Пәннің аталуы

Қазіргі заман музыкасы

Қысқартылған атауы

КZМ

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 3.

Оқытушының Т.А.Ә.

Турдалиев А.М.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компанент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -15, ОСӨЖ -15, СӨЖ -15 .


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер / сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Музыка теориясы», «Орындаушылық өнер тарихы», «Қазақстан тарихы», «Өнер тарихы», «Музыка тарихы».

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Курстың негізгі мақсаты келешек мамандардың музыка өнерінің тарихи кезеңдері мен олардың шығармашылық бағыты, ағымдары мен стильдік өркендеу жолдарымен таныстырып сол кезеңмен осы кезеңді салыстырып, көзқарастары мен ұғымдарын қалыптастыру болып келеді. Курстың міндеті болашақ кәсіби мамандарды музыка өнерінің өсу жолдары мәселесіне музыкалық шығармашылығының құбылыстарымен байланысты, оның халықтың әлеуметтік өзгерістерін, философия, мәдениет пен өнер өзара толықтырылып идеялық көзқарасты көркемдік талғамды тәрбиелеу мақсатындағы бағытта толық мағлұматын алу мен меңгеруі көзделеді.

Мазмұны

Дәрістер: «Қазақ музыкасының тарихы» пәнінің көздеген мақсаты мен міндеті. Көне түркі дәуірінің музыкалық мәдениеті. Ортағасырлардағы музыка мәдениеті. Оғыз дәуірі мәдениеті. Хандық дәуір музыкасы (15-18 ғасырлар). Халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр. Аспаптық музыка (19 ғасыр). Кәсіби музыкалық дәстүр. 19 ғасырдағы әншілік өнер. Көне дәуір музыкасының қазақ руханиятынан алатын орны. Шетел ғалым-этнографтарының, музыкатанушыларының қазақ музыкасы туралы ой-пікірлері. 20 ғасырдың 30 жылдарындағы кәсіби музыкасының қалыптасуы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ музыка мәдениеті. 60-70 жылдардағы қазақ музыкасы. Қазіргі дәуірдегі қазақ музыкасы. Қазақстан Республикасында қазіргі кезеңдегі музыкатану ғылымының дамуы. Қазақстан Республикасының орындаушы-шығармашылық ұжымдары мен музыкалық оқу орындары.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Фильмдер, роликтер, кесте, слайд, презентация, фонотекалар.




Пәннің аталуы

Мамандық 3

Қысқартылған атауы

Мам.3

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Жеке сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ә.

Сейдалиева Р.Т.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компанент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Жеке сабақтар -30, ОСӨЖ -30, СӨЖ -30 .


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 90

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Музыка теориясы», «Гармония», «Сольфеджио», «Музыка тарихы» пәндері.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

“Мамандық”/домбыра пәні дәстүрлі аспапта орындаушылық өнеріміздің дамуына шығармашылық белсенділіктің артуына ықпал жасайды.

Мазмұны

Жеке сабақтар: Күй мен шығарманың техникалық қиын тұстарымен жұмыс. Орындау-шылық әдіс-амалдарды меңгеру. Фортепианоның сүйемелдеуімен музыкалық шығарманы орындау. Сол қолда кездесетін күрделі әдіс-амалдар. Тербеліс әдісі. Күйді, шығарманы мәнерлі етіп, көркемдік сипатын жүргізе орындау. Форшлаг, мордент, флажолет. Нота мазмұнын бірден ойнап кету қабілетін жетілдіру. Бағдарламаны жатқа ойнау.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Презентация, фонотекалар (аудио және видео)




Пәннің аталуы

Полифония

Қысқартылған атауы

Пол.

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 3.

Оқытушының Т.А.Ә.

Турдалиев А.М.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компанент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық сабақтар-15, ОСӨЖ -15, СӨЖ -15 .


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер / сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Гармония», «Музыкалық шығармаларды талдау», «Шет ел музыкасының тарихы», «Орыс музыкасының тарихы», «Қазақ музыкасының тарихы», «Фортепиано».

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Студенттерге полифонияның негізгі мақсаттары-ол полифония заңдылықтары жөнінде түсінік беру. Полифония – музыкалық әсерлі форманы қалыптастыруда маңызды зор құрал болып табылады. Полифония түрлеріне қызығушылықты қалыптастыру. Әуенді полифония түрлерін дамыту дағдыларына баулу. Пәнді оқуда негізгі пән ретінде өткен заман мен қазіргі заман классиктерінің шығармашылығынан, оның озық үлгілерін келтірген жөн. Көпдауыстылық ерекшеліктері жөнінде студенттердің түсінігін қалыптастыру. 050402-«Аспаптық орындаушылық» мамандығында оқитын студенттердің кәсіби дайындығы жолында полифония курсының зор маңызы бар.

Мазмұны

Практикалық сабақтар: Бір дауысты құрылым. Қатаң стильдегі екі дауыстылық. Интервалды жіктеу (классификациялау). Екі дауыстылықтағы күрделі контрапункт. Тік қозғалмалы контрапункт. Тік қозғалмалы контрапункттің кең қолданылатын түрлері. Көлденең-қозғалмалы контрапункт. Имитациялық (еліктеушілік) полифония. Имитациядағы тік қозғалмалы контрапункт. Үш дауысты құрылым. Полифониялық формалар. Көмекші дауыстық (подголстық) полифония. Еркін жазу стилі. Фуга.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Фильмдер, роликтер, кесте, слайд, презентация, фонотекалар.


Фс қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу