Интернің аты-жөні __________________________________________________________________
Мерездің микроскопиялык диагнозын анықтау үшін материал алу әдістемесі
|
1
|
Негіздеу. Мерездің микроскопиялык диагностикасы – сифилидтердің (қатты шанкр, суланған түйіншектер, сирек - көпіршікшілер, іріңдіктер, эрозиялар,жаралар, төмпешектер, гуммалар) бетінен алған жағындыдан Treponemapallidum-ді анықтау. Қатты шанкрға екіншілік инфекция қосылған жағдайда алдын ала 1-2 тәулік бойы стерилді физиологиялық ерітіндімен сулы танбалар қойылады.
|
2
|
Стерилді физиологиялық ерітіндіге малынған дәке немесе мақта тампонмен бөртпелердің бетің тазартып, стерилді пинцетпен тітіркендіреді. 30-60 секундтан кейін бөртпелердің бетіңде бөлінді пайда болады. Алынған материалды тампонмен (зондпен) майсыздандырылған таза заттық шыныға жағылады.
|
3
|
Бұл жолмеи материал алу мүмкін болмаған жағдайда шанкрдың екі жағынан екі саусақпен сөлі шыққанша қысу керек (колғаппен).
|
4
|
Әйнектің бетіне тамызылған материалды жапқыш әйнекпен жауып, арнайы конденсормен караңғыланған алаңда зерттейді.
|
Презервативті қолдану техникасы
|
1
|
Мүшеқаптың түбін ауаны толық шығару үшін, аздап қысу қажет. Ауа толып алып, эякуляттың ағуын шектейді немесе мүшеқаптың жыртылып кетуіне себеп болады.
|
2
|
Жыныс мүшесінің басына мүшеқапты кигізген соң, эррекция жағдайындағы жыныс мүшесіне, мүшеқапты жайлап шетінен тарта отырып толық кигізеді.
|
3
|
Эякуляциядан кейін мүшеқапты бірден жыныс мүшесінен шешіп алады, тайып кетпес үшін, шетін сәл қысып ұстайды.
|
4
|
Пенистен мүшеқапты ұқыптылықпен, ішіндегісін шашыратып алмай шешіп, утилизациялайды. Әр мүшеқап бір рет қана қолданылады!
|
3. Екі стакандық сынама жүргізу әдістемесі
|
1
|
Негіздеме. Екі сатылы сынама гонорея кезінде ер пациенттерде уретраның топикалық зақымдану диагнозын белгілеу үшін жүргізіледі.
|
2
|
Сынама стакандардағы зәрдің лайлылығымен анықталады, зәрдің лайлылығы іріңнің қоспасына байланысты.
|
3
|
Науқасқа мөлдір әйнегі бар 2 таза стаканға зәр шығару ұсынылады: зәрдің бастапқы бөлігі (орта есеппен 50-60 мл) 1-ші, қалған бөлігі (зәр шығаруды тоқтатпай) 2-ші стаканға шығарылады.
|
4
|
Бағалау. 1-ші стакандағы зәр лайлы, 2-ші мөлдір-сынақ тек алдыңғы уретраның гонококк процесінің зақымдануын көрсетеді(алдыңғы уретрит).
Екі стакандағы зәр лайлы-сынақ уретраның алдыңғы және артқы бөліктерінің (жалпы уретрит) зақымдануын көрсетеді.
|
4. Уретраға енгізу техникасы, ерлерде профилактикалық процедура
|
1
|
Жыныстық қатынастан кейін ер адам зәр шығарады. Ер адам қолымен уретра каналының саңылауын толық түзетеді. Инстиляция жасайтын ертінді хлоргексидин биглюконат, мирамистин т.б.
|
2
|
Сол қолымен жыныс мүшесінің басын жоғары қаратып көтереді, инстиляция жасайтын ертінді флаконының канюлясы уретра тесігіне енгізіледі, басбармақ және сұқсаусақпен жыныс мүшесінің басын қысып ұстап тұрады.
|
3
|
Ерітінді ұқыптылықпен 5 мл көлемінде (алдынғы уретра көлемі) енгізіледі, содан кейін енгізілген ертіндінің шығып кетуіне жол бермеу үшін, басбармақ және сұқсаусақпен жыныс мүшесінің басын қысып ұстап тұрып, флакон алып тасталады. Экспозиция 5 минут
|
4
|
Саусақтарды босатып, пенис төмен бағытталады, ертінді өз бетімен сыртқа ағып кетеді (Каналда уақытша аздаған күйдіру, ашу сезімдері болады). Ер адам процедурадан кейін 3 сағат бойы зәр шығармайды.
|
5. ЖЖЖА микроскопиялық және дақылдық диагноз қою үшін материал алу әдісі
|
1
|
Алдын-ала дайындық: материалды алу процедурасынан бұрын науқасқа зәр шығармау (кем дегенде 3-4 сағат), гигиеналық жууды жасамау (әйелдер) ұсынылады.
|
2
|
Науқас ер адам. Фолькманның стерильді қасығымен (бір рет қолданылатын урогенитальды зондпен) уретраның шырышты қабығынан бөлінетін (парауретральды жолдар сирек) бөлінді алынады. Бос секрециялар болмаған жағдайда материал (эпителий қабырғасының шырышы және/немесе сынығы) несеп шығару каналына 1-2 см тереңдікке енгізілген Фолькман қасығының тарту қозғалысымен алынады.
|
3
|
Науқас әйел. Процедура гинекологиялық орындықта жүзеге асырылады.
Фолькманның стерильді қасығымен (бір реттік урогенитальды зондпен) материал (урогенитальды жолдың шырышты қабығынан эпителий қабырғасының бөлінетін және/немесе сынығы) 3 нүктеден алынады.
- уретра (сирек қынаптың кіреберісі, паруретральды жолдар, бартолин безінің шығару жолы)
Әрі қарай, гинекологиялық айна енгізілгеннен кейін
- қынап
- жатыр мойнының жатыр мойны арнасы
|
4
|
Алдын-ала дайындық: материалды алу процедурасынан бұрын науқасқа зәр шығармау (кем дегенде 3-4 сағат), гигиеналық жууды жасамау (әйелдер) ұсынылады.
|
Интернің аты-жөні __________________________________________________________________