Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет202/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   271
Литература
1.
Государственная программа развития образования и науки Республики Казахстан на 2020- 
2025 годы №988 от 27 декабря 2019 года 
2.
Алексашина И.Ю., Абдулаева О.А., Киселев Ю.П. «Формирование и оценка функциональной 
грамотности учащихся»/ Учебно-методическое пособие, Санкт – Петербург, Каро - 2019 г, 160 с 
3.
Богданова Ю. Н., Хасенов А. К., Темирова Д. М., Балыкова Б. Ж. «Как развить 
функциональную грамотность учащихся 8 класса через чтение графиков и решение задач с 
практическим применением на готовых чертежах?» — Молодой ученый. — 2017. — № 18.1 
(152.1). — С. 9-12 
Жумабекова А.С. 
№ 46 ЖББМ, Қарағанды қ. 
 
ЗАМАНАУИ САБАҚ: ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУҒА 
БАҒЫТТАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің 
басты міндеті — оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, 
халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, 
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби 
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» — деп көрсетілген. Тек білім 
иесі болу бүгінгі күні жеткілікті емес. Жас ұрпақтың өмір бойы білім алуын тиімді ету үшін 
олардың жеке қабілетін жан-жақты дамытып, білім беру шеңберінде тиімді ойлау қабілетін 
дамыту қажет екені сөзсіз. Сондықтан да білім беру ұйымдары оқушыларға бар білімді үйіп- 
төгіп берумен ғана шектелмей, оларды өз бетінше алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында 
пайдалана алуға үйрету керек. Жаңартылған білім мазмұны оқушылардың оқу барысында алған 
білімдері мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын дамытуға 
бағытталған. Оқушылар білім алу барысында өмірде кездесетін түрлі мәселелерге қатысады. 
Олар комплексті ойлануды талап ететін жоспарлау жаттығуларын, дәлелдемелер келтіруді және 
шешімдер қабылдауды қажет ететін тапсырмаларды орындайды.
Қазіргі маңызды проблемаларды шешуде қазақ тілі мен әдебиеті пәні айырықша орын 
алады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабағында оқушыларға нақты мысал келтіре отырып, алған 
білімдері өмірлік мәселерді шешуге қажет екендігін түсіндіру қажет. Оқушылардың білімнің 
өмірлік маңызын түсінуі теория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын 
арттырады.
«Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық!» демекші білім оқумен 
келсе, түсінік оқығанды көкейге тоқумен, ой қорытумен келеді. Осы тұрғыда оқушылар қай 
нәрсеге болса да терең оймен қарайды, салыстыра отырып талдау жасайды, өз көзқарасын 
білдіреді, өзіндік мәнін қалыптастырады, өз ойын тұжырымды жеткізе алады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудағы білім мазмұнының жаңғыруы -сындарлы оқыту 
теориясына негізделгендігі. Сындарлы оқытудың мақсаты -оқушының пәнді терең түсіну 


411 
қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана 
білуін қамтамасыз ету.
Орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқыту мұғалімдерден көп дайындықты талап етеді. Өзге 
ұлт өкілдерін тілге үйретуде мұғалім оқушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы 
ұқсастықтар мен айырмашылықтарды есепке ала отырып оқытады, түрлі әдіс-тәсілдерді, жаңа 
технологияларды тиімді қолданады. Оқыту барысында қолданылатын жаңа технологиялардың 
түрлері жақсы нәтижеге жеткізеді және оқушылардың тілге деген қызығушылығын, 
шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмегін тигізеді. 
Мәтiнді толық түсiнгенін дәлелдейтін машықтары мен меңгере білу деңгейлерін бағалау 
үшін мынадай тапсырмалар орындаймыз.
«Кластерлер» 
«Жүзімнің шоқтары» - идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға 
арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) 
ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып
шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өзара байланыстары туралы 
әңгімелейді. 9-сыныпта «Алаш қайраткерлері» тақырыбын өткенде 1 топқа бірінші кестені,
келесі топқа екінші кестені толтыру арқылы мәтінді түсіну деңгейін анықтауға болады.
Айтылым және жазылым дағдыларын қалыптастыруда «ПОПС» формуласын қолдану өте тиімді. 
11-сынып оқушыларымен «Құсбегілік - өнер» тақырыбын өткеннен кейін оқушылар тақырып 
бойынша өз пікірін дәлелдеп, көзқарасын білдіріп, шешім шығарды. 
«Синквейн» 
әдісітілдік 
қорды 
байытуға, 
қысқаша 
мазмұндауға, 
ой-пікірді 
қалыптастыруға үйретеді. Синквейнмен жұмыс жасау барысында әр түрлі лексикалық 
тақырыптарға сай сөздік қорын толықтырады. 8-сынып. Сабақтың тақырыбы: «Т.Айбергенов» 
9-сынып. Сабақтың тақырыбы: «Күн энергиясы». Проблемаларды анықтау және одан шығу 
жолдарын қарастыру моделі болып табылатын әдістің бір түрі – «Балық қаңқасы». 
Осы тұрғыда оқушылардың жауаптары әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан «ТӨДК» әдісі бойынша 
әр оқушы сыныптастарының пікірін тыңдай отырып, берілген пікірді ТОЛЫҚТЫРЫП, 
ӨЗГЕРТІП, ДАМЫТЫП немесе КҮРДЕЛЕНДІРЕ алатынын шешуі керек.


412 
«Телебағдарлама жүргізушісі» 
әдісі. Мұғалім бүгін ерекше телестудияға баратындарын 
хабарлайды. Ол жерде оқушылар өздері қалаған телебағдарлама жүргізушісі болуға 
мүмкіндіктері болатынын айтады. Мысалы:«Айтуға оңай» бағдарламасында «Сабақтас құрмалас 
сөйлем түрлері» бас қосады. Жүргізуші олардың әрқайсысын тыңдап, проблемаларын айтқызу 
керек. 
Сонымен қатар, оқу процесінде топтық пікірсайыстар, жазбаша мазмұндамалар және 
шығармалар, сұхбаттар, жастарды «тең – теңімен» қағидаты бойынша құрдастарымен жұмыс 
істеуге оқыту, бейнефильмдер мен бейнесюжеттерді қарап шығып талқылау, әртүрлі науқандар 
мен акцияларды өткізу–оқушының ауыз және жазба тілінің дағдыларын қалыптастырады. 
Үлгерімі жақсы оқушыларға көбіне «РАФТ» немесе «Кейіпкерге хат» стратегиясын жиі 
қолдануға болады, өйткені ол оқушының қиялын өрбітіп, тілін дамытады.
В.А.Сухомлинскийдің «Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына ойландырып 
қоймас үшін оны ойланту керек» деп айтқан сөздерін негізге ала отыра, заман талабына сай жаңа 
заман оқушысының функционалдық сауaттылығы жоғары болуы тиіс деп ойлаймын. Ал 
оқушының функционалдық сауаттылық деңгейін арттыруда баланы ойлантуымыз маңызды 
болып табылады. Яғни оқушы мектеп қабырғасында алған білімдерін өмірде қолдана білсе ғана 
ол табысты бола алады. 
Қорыта келе, оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман 
талабы. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ 
өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін 
оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат 
болып қалыптасады. «Қыран - түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз - шәкіртіне талмайтын 
талап сыйлайды»,- деген даналық сөзіндей, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. 
Қоғам тұлғаны қаншылықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде 
дамытады.
Қазақтың бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде дейтін болсақ, жас ұрпаққа әлемдік 
стандартқа сәйкес білім беруді темірқазық қылып ұстасақ қателеспеспіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   271




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет