Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет242/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   271
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Бердникова Е.К. Особенности формирования навыков самообслуживания и культурно-
гигиенических навыков у детей со сложной структурой дефекта / Е. К. Бердникова. — Текст: 
непосредственный // Молодой ученый. 2019. №16 (254). 249-251бб. 
2.Максимова М. В. Особенности формирования самостоятельности у детей дошкольного 
возраста в процессе самообслуживания / М. В. Максимова, Н. В. Логина. — Текст: 
непосредственный // Вопросы дошкольной педагогики. 2018. № 6 (16). 12-15бб.
 


475 
Игенова А.А 
№1 «Білім-инновация» лицейі, Қарағанды қаласы 
 
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ – МАҒЖАН 
«ПЕДАГОГИКАСЫНДА» 
Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер,
жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. 
М.Жұмабаев 
Функционалдық сауаттылықты бала тәрбиесінен тыс қарастыра алмаймыз. Бүгінгі үздіксіз 
білім тәрбиесіз ұрпаққа берілсе, адамзат үшін қауіп-қатер, апат әкелетінін ғұлама бабамыз Әл-
Фараби айтып кеткен. Инновациялық технология, инновациялық білім-ғылым тәрбиесіз өз 
шешімін таппайды. Адамзатқа бақыт сыйлау үшін білім-ғылым тәрбиемен ұштастырыла қатар 
жүргізілмесе, қоғамның дерті асқынады. Асқынған дертті емдеу қиынға соғады. Сондықтан 
қайырусыз кетіп бара жатқан ұл-қыздарымыздың бетін саналы түрде бері қаратып алу үшін 
ұлттық үлгі-өнегеміз бен тәрбиемізді функционалдық сауаттылықтың талаптары мен 
міндеттеріне бағыттай отырып, сапалы білім берудің технологиялық тетіктерін шығармашылық 
ой еңбегіне бағыттау абзал.
Осы орайда функционалдық сауаттылықтың сапалы білім беруде атқаратын мақсат-
міндеттерін іске асыруда әр ұстазға көмекке келетін ғылыми әдістемелік құрал – Мағжанның 
«Педагогикасы.» 
«Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау болмаса, адам басқа жануар 
сықылды заттарды, көріністерді құр жадына, есіне ғана алып, жат бір көрініс ұшыраса, оны 
шеше алмайтын, түсіне алмайтын бір жан иесі ғана болар еді. Келешекте не болатынын, 
тұрмысы қалай өзгеретінін білмейтін бір саңлаусыз соқыр болар еді. Адам ойлау арқасында ғана 
заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларды бар қылған себептерді 
табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады. Қысқасы, 
ойлай білетін адам – шын мағынасымен адам» деп, Мағжанның ой топшылауы – функционалдық 
сауаттылықтың жауапты қызметіне дәлме-дәл, айна қатесіз берілген анықтама. «Педагогика» – 
функционалдық сауаттылықтың атқаратын функциясын ғылыми тұрғыда жан-жақты зерделеп, 
оны іске асырудың амал-тәсілдері физиологиялық, педагогикалық тұрғыдан да сауатты түрде 
дәлелденген. Таңғажайып, таңғаларлық ғылыми еңбек! 
Кемеңгер ақын-ұстаз ойлауды өркендетудің мынадай жолдарын ұсынады: «Баланың 
жанында дұрыс әсерленулер һәм ашық суреттеулердің көп болуына иждиһат қылу керек. 
Әсерленулер, суреттеулер өздері аз болып және дұрыс һәм ашық болмаса, баланың ұғым, хүкім 
жасауы һәм ой шығаруы хата болады. Ойдың өзінің терең болуы үшін әсерлеу һәм 
суреттеулердің көп һәм ашық болуы керек. Қанша дегенмен адам суреттеулер бойынша ойлайды. 
Осы орайда мектеп бағдарламасында берілген әдеби шығармалардан бірнеше үзінділерді 
мысалға келтірейін. 11-сыныпта берілген О.Бөкейдің «Атау-кере» романынан: «Табиғат ием-ай, 
тамашаң қандай көп еді... Әдемі, шыншыл, ақылды, сондықтан да адамдар секілді қателеспейді. 
Табиғат мәңгілік тірі, өтірік айтпауды, алдап-арбамауды табиғаттан үйрену керек, өйткені оның 
жүрегі таза. Табиғат бізді алдаған емес, тек өзімізді өзіміз ғана қан қақсатамыз, қан жоса 
қыламыз,» деген үзіндіні түсінгенде оқушылар әсерленді, ойдан ой туып, сұрақтарды қарша 
боратты, талдау барысында адамға ғана айтылатын «әдемі, шыншыл, ақылды» қасиеттерінің 
табиғатқа тән айтылу себебіне ой жүгірте отырып, барлық асыл қасиет адамға тек табиғаттан 
берілетіндігінекөз жеткізді. Табиғат пен адам арасындағы ерекше бір мәңгілік үзілмейтін 
байланыс туралы терең әңгіме қозғады... Нәтижесінде табиғат-ананы «жан-тәнімен сүю, қадірлеп 
қастерлеу, аялап күту» ұғымдарына терең мән бере бастады, табиғаттың арқасында өсіп-өніп, ел 
болып, ержетіп жатқандарын мойындады. Әрқайсысы өзінше бір қорытындыға келіп, ой 
топшылады... 
«Балаға бір пікірді ұқтырмақшы болсақ, жалаңаш пікірді айтуда қасиет жоқ, бала пікірді 
суреттеудің өзінен шығарып алсын.»


476 
«Айна ерте тұрды. Есік алдындағы пешке от жақты. Пештің үстіндегі қазанға су құйды. 
Беті-қолын жуып, тілерсегіне түсетін шашын тарап, төбесіне түйді... Мол шаштың ұйысқанын 
жазып, тарап өруден қиын нәрсе жоқ-ты. Ыза болған күні кесіп тастамаққа сан рет оқталса да, 
енесі: “Қайшыны жалақтатпа, мен өлген күні қиясың,”- деп, келісімін бермейтін. Енесінің сөзін 
екі етпейтін Айна “қойдым, апа, қойдым” деп, бетінен сүйетін. “Ұлымнан гөрі сені жақсы көрем, 
келінжан” деп, Нюра кемпір айналып-толғанатын...» («Атау-кере»): Оқушы осы суреттеуден 
ауыл тіршілігін көз алдына елестетіп, қазақ қызының еңбекқорлығын, сұлулығын, ене сөзін екі 
айтқызбай тыңдайтын тәрбиелі қыздың қайын енесін туған анасындай жақсы көріп, 
сыйлайтынын сезді, кейіпкердің адамгершілік қасиеттеріне сүйсінді. Шығармашылық талдау 
барысында суреттеуден өздері шығарған қасиеттерді бойларына сіңіретіндігіне күмән 
келтірмедім. Оқушы оны өзі байқамайды, ұстаз оның іс-әрекетінен, жауабынан сезіп, ерекше 
қуанышқа бөленеді.
«Кимешек киіп аппақ шатыр астында отырғандай аналық мол мейірім төккенНюра 
Фадеевнаның әр сөз, әр қимылынан кіршіксіз тазалықпен қатар, кісіні арбап алар кірпияздық, 
кісіні баурап алар бауырмалдық, абзал бәйбішелерге жарасар жайсаң мінез, саумал сабыр, 
самалдай байсалдылықты аңғарасың, жаны жадыраңқы, жүзі шырайлы, маңайына шуақ таратып, 
шешіле сөйлеп шешен болып кетер еді. Сырттай бақылаған пендеге: бәрі бар, бәрі жеткілікті 
құдайдан жалғыз ұлының тілеуін тілеп көсем жасқа келді: өмірінің барлық ыстық-суығы 
соңында қалды, алдан күтер ештеңесі жоқ “Алланың” аманатын орындау ғана. Ол қара басының 
мұң-мұқтажын емес, қайран елінің ертеңін ойлап амалсызданатын.» Талдау, талқылау, саралау 
жұмыстарының арқасында үзіндіден оқушы анаға тән бірнеше асыл қасиеттерді сүйсіне 
тізбектеді. Өз баласын жанындай сүйетін ана ешкімді жат санамай, елдің қамын қоса 
ойлайтынына, жүрегінің үлкендігіне таңғалды, тамсанды. Ана махаббатының ерекшелігіне, 
шексіздігінеқайран қалды. 
Ақын «Педагогикасында» бала жаны білімді ұғыну үшін, сіңіру үшін әсерленуі 
керектігіне аса мән бере талдайды. «Жан алдымен білімді осы әсерлену арқылы алады.» 
«Әсерлену» қуаты – ұстаздың шеберлігі мен біліктілігінде. Мұғалім берген білімді, яғни «әсерді 
нерв миға алып барады. Ми осы келген әсермен әсерленеді.» Сонда ғана оқушы бойында әр түрлі 
іс-әрекеттердің күш-қуаты оянады. Балаға ой салады. Содан кейін баланың өзіне тән әрекеттері 
басталады. Мұғалім өзі бала жанына әсер ете алмай одан нәтиже күтуі – бос әурешілік. «Бала 
жанының ең қымбаты – ой. Ой тілі – сөз. Тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан 
түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалады. Ойлаған ойын сыртқа шығарып, 
басқаға ұқтыра алса, адамның не арманы бар?! ...Бала бір нәрсеге ұмтылса, сол нәрсеге баланың 
денесі, жаны, ақылы, сезімі, қайраты – бәрі бірге жұмсалады. Бала шақта алынған әсер ер 
жеткенде адамның ақылының, ой-пікірінің, мінезінің қандай дәрежеде болуына негіз.» Көркем 
шығарманы талдау нәтижесінде функционалдық сауаттылығы қалыптасқан оқушының «денесі, 
жаны, ақылы, сезімі, қайраты» шығармашылыққа жаттығады, яғни қоғамның сұранысына сай 
интеллектуалды көшбасшы, жеке тұлға тәрбиеленіп шығады. 
Бүгінгі заман талабының мүддесін орындаған Мағжан «Педагогикасы» – ғажап құбылыс.
Б.Мұқайдың «Өмірзая» романында: «Ұлттық сезім өлген жерде адам да өледі. …Ұлтын 
сүймейтін, ана тілін білмейтін жанның жәндіктен айырмашылығы қайсы? Оған өнердің, 
әдебиеттің, тарихтың, мәдениеттің, қысқасы, ештеңенің керегі жоқ. Оған қыбырлап тірі жүрсе 
болды. Ондайларды туған халқының тағдыры мен тарихынан гөрі дүниенің бір бұрышындағы 
ешкім білмейтін халықтың мәселесі көбірек толғандырады. Өз халқының басы жарылып, көзі 
ағып түссе де қабырғасы қайыспас. Себебі – оларда тек жоқ, қария.» деген үзіндіден жазушының 
жанайқайын жүрекпен ұққан оқушы бүгінгі заман жастарының кемшілігінің соңы қайда 
апаратынын талдап айтты, «ер туған жерінде, ит тойған жерінде» деген мақалдың астарына 
үңілді. Талдау-талқылаудан әсерленген ойшыл бір оң шешімге келсе, ұлт жанашыры болары 
анық. 
Жаһандану заманының өткір мәселесінің бірі – жас ұрпаққа сапалы білім бере отырып, 
оның өмір сүру белсенділігін арттыру, шығармашылық ой-өрісін тереңдету, интеллектуалдық 
қабілеті мен адамгершілік қасиетін жетілдіру және өз бетінше қорытынды, шешім қабылдай 
алатын, батыл, уәдеге берік тұлға қалыптастыру. Мұндай жауапты істі жүзеге асыруда ұстаздың 
шығармашылық әрекеті қандай болу керектігі «Педагогикада» жан-жақты баяндалған.


477 
Бүгінгі таңда әр мемлекет үшін ұлт болашағынан асқан өзекті мәселе болуы мүмкін емес! 
Қазақ елінің болашағы ұрпақ тәрбиесімен өлшенеді. Қазақ – бала тәрбиесіне айырықша көңіл 
бөлетін ерекше халық. Қазақүшін тәрбиесіздіктен асқан қасірет жоқ. Себебі ұлттың келісті 
келбеті тәрбиесінен байқалады. 
Бала бойындағы білімге құштарлық тәрбиеден бастау алғанда ғана функционалдық 
сауаттылық өз мақсатына жетеді. 
Қазақ елінің болашағы үшін өз басын құрбандыққа шалған кемеңгер ұлт ұстазы, талантты 
ақын Мағжан Жұмабаевтың«Педагогикасы» - функционалдық сауаттылықтың барлық 
талаптарына жауап беретін құнды қазына.Бұл еңбек – жаһандану заманында жұтылып кетуден 
сақтап қалатын тегеуріні мықты, кірпіші берік қаланған тәрбиенің қамалы, бекінісі. Мағжанның 
тәрбие жүйесіндегі басты мақсаты «адамзат дүниесін бақытты қылу». Бақыт – тәрбиеден 
жасалған ұрпақ.Мағжан адам баласы өмір бойы тәрбиеге мұқтаждығын айта келе, оны іс жүзіне 
асырудың барлық өзектілігін жан-жақты саралайды. «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтына қызмет 
қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті.»деген 
тұжырым жасайды. 
Жаһандануда әр ұлт өз құндылығымен ғана көксеген биіктерге жете алады. Ұлттық 
құндылықтарға тәрбиелі ұрпақ қана ие бола алады. Тереңнен ойлай білген даналарымыз 
ұрпағының көкірек көзін ашу үшін ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәрбие үрдісіне сүйенуді 
айтудан еш жалықпаған. Көзі ашық, көкірегі ояу адамға бабалардың айтқан ақыл-кеңестері, 
көркем шығармалары қараңғы түнде адастырмайтын темірқазық іспетті.
Бүгінгі заманында тек өз ұлтымыздың дәстүрлі ойы мен пайым-парасатына, тәлім-
тәрбиесіне сүйену керек. Тарихымызда бүгінге аман-сау жеткен халық педагогикасы, дәстүр 
қазынасы, ой антологиясы, даналық философиясы, өмірлік тәжірибесі, танымдық ілім-білімдері, 
көркем әдебиеті – жарқын болашаққа жол көрсетер бағдаршам, адастырмас темірқазық, телегей 
теңіз рухани азық, ұрпақтан-ұрпаққа мәңгілік жалғаса беретін асыл мұра, өнегелі тәрбие мектебі. 
«Тәрбие жан иесіне тиісті азық беріп, сол иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.» Ендеше 
«адам баласы өмір бойы тәрбиеге мұқтаж.» Тәрбиенің мақсаты – адамды, ұлтты, асса, барлық 
адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі – әрбір адам бақытты болса, ұлт бақытты; адамзат 
дүниесінің мүшесі – әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты.»
Балаға жүрек жылуымен білім беру адами ізгілікті асыл қасиеттердің кең ашылуына жол 
ашады. 
Кемеңгер дана, дара тұлға тәрбиелеу – педагогиканың парызы, функционалдық 
сауаттылықтың басты міндеті. 
Тіл – тәрбие басы. «Жанның жайын жарыққа шығару үшін, жанның сырын сыртқа 
шығару үшін тілдің қымбаттығын» айта келе Мағжан ұстаз «түрік тілімен сөйлейміз деген түрік 
балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші, қазақ тілін қолданбақшы. Күндерде 
бір күн түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік 
тілінің келешек тарихында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы. Келешекте осылай болуына біздің 
иманымыз берік!» дейді. Түбі түркі әлемінің жүрегін қазақтың құнарлы бай тілі мен тәрбиесі 
жаулап аларына ақын жаны кәміл сенімді!
Төл технологиямыздың басында ұлт Алаштарының «Мәңгілік ел» идеясы тұрғанда таспен 
қашалып жазылған қазақтың рухани қазынасы, тәлім-тәрбиесі өлмек емес! Рухани байлықты
кейінгі ұрпаққа жеткізуде,функционалдық сауаттылықтың шығармашылық қызметі мен 
инновациялық технологиясын жетілдіруде, жаңа ғасырға сай сапалы білім беруде Мағжан 
«Педагогикасын» басшылыққа ала отырып, табандылықпен, даналық пен еңбектенуден еш 
шаршамайық, шабыттанайық!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   271




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет