Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет42/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   271
Әдебиет
1. Жаратылыстану – ғылыми цикл пәндері бойынша жоғары мектеп оқушыларының 
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктері. Әдістемелік құрал, Астана – 2013. 
2. Айғабылов Н. Оқушыларының ақыл-ой белсенділігін арттыру. - Алматы, 1970 ж. 
3. Жәркенов М. Әдебиет пәнін өмірмен байланыстыра оқыту. - Алматы, 1984
 


89 
Акимжанова Г.С. 
«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ, Сәтбаев қаласы 
 
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 
САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Қашықтықтан оқыту – компьютерлік, мультимедиялық және ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларға негізделген оқытудың әртүрлі құралдары мен түрлерін пайдаланып, білім беру 
үрдісіндегі инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы қашықтықта отырып білім беру тәсілі.
Қашықтықтын оқыту технологиясы – оқу процесі кезінде білім алушылар мен оқытушылар 
арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып-
үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, олардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін 
ақпараттық технология.
Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту жүйесі бір-бірінен алшақ отырғаноқушылар мен 
мұғалімнің арасын байланыстырып отыр. Еліміздің болашағы білім беру жүйесіне байланысты 
болғандықтан, педагог мамандар оқытудың тиімді ақпараттық-коммуникациялық әдіс-тәсілдерін 
оқып-үйреніп, зерттеп, өз тәжірибелерінде қолданып келеді. Сабақ өткізу барысында әр оқытушы өз 
шеберлігіне қарай оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, ақпаратты білім алушыға ыңғайлы 
және түсінікті түрде жеткізуге және кері байланыс жасауға тиімді әртүрлі интернет 
платформаларды пайдалануда.
Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – 
Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арналған жолдауында: «Оқу жастарға 
тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана 
білуге де үйретуі тиіс» - дей келе, үкіметке мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын 
дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. [1]
Оқушының функционалдық сауаттылығы оқу пәні арқылы қалыптасады. Функционалдық 
сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылар ақпараттарды сыни 
тұрғыдан бағалай біледі, алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда тиімді қолданады, зерттеулер 
жүргізе алады, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасай алады, өзінің болжамдарын ұсынады, 
өзінің ойын негіздей біледі. 
«Оқу сауаттылығы» термині кең мағынада қарапайым оқу біліктілігін емес, мәліметтерді 
айқындай білу қабілетімен анықталады. Мектеп жасындағы балалардың оқу техникасын меңгеруі 
қазіргі уақытта қабілеттілік болып саналмайды. Оқу сауаттылығы – оқушылардың әр түрлі 
форматта берілген мәтіндерді түсіне білуі, олардың мәні мен мазмұнын ұғынуы және әртүрлі 
өмірлік жағдаяттарды шешуде оқығанын қолдана білуі. [2]
Осы мақсаттарды ескере отырып, мен де барлық ұстаздар секілді қашықтықтан оқыту 
жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында ZOOM 
платформасы, ВilimLand-онлайн мектебі, Google Forms, Google Jamboard тақтасы, flippity.net веб-
сервисі, LearningApps.org. интерактивті жаттығулар сервисі секілді көптеген интернет 
платформалар мен интербелсенді оқыту сервистерін сабақтарымда үнемі қолданып жүрмін.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, оқытудың түрлі инновациялық әдіс-тәсілдерін 
пайдаланып өткізген сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырары сөзсіз. Осыны 
басшылыққа ала отырып, қазіргі қашықтықтан оқыту жағдайында өз сабақтарымда пайдаланып 
жүрген платформалардың бірі – «ВilimLand-онлайн мектебі». Мұндағы белгілі бір тақырып 
бойынша оқушының тыңдалым дағдысын дамытуға арналған бейнематериалды тамашалап, оқылым 
мен жазылымға бағытталған сұрақтарға жауап жазу, сәйкестендіру, сөздерден сөйлем құрау сияқты 
жаттығуларды орындауда, «Өзіңді тексер» айдарымен берілген тест тапсырмаларына жауап беруде 
оқушылар ерекше қызығушылық танытады.
Flippity.net веб-сервисі мен LearningApps.org. интерактивті жаттығулар сервисінде 
оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған интерактивті жаттығуларды 
дайындап, әртүрлі сыныптарға арналған тапсырмалар базасын жинақтап алдым.[3]


90 
Аталмыш сервистер арқылы оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту, танымдық 
қызығушылығын қалыптастыру,зейінін жетілдіру, оқу сауаттылығын дамыту мақсатында 
«Топтастыру», Миллион кімге бұйрады? «Пазлдар» әдісі, «Суреттерді ірікте», «Бос орынды 
толтыр», «Хронологиялық кесте», «Құлыптар» деп аталатын интерактивті жаттығуларды, сонымен 
қатар, пәнге деген қызығушылығын арттыру, жазу сауаттылығын қалыптастыру, сөздік қорын 
байыту, ізденіппаздыққа, өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу, ойын шыңдап, белсенді жұмыс істуіне 
ықпал етуге бағытталған «Қатесін тап!», «Интерактивті диктант», «Сөзжұмбақ», «Викториналық 
сұрақтар», «Кездейсоқ таңдау» секілді алдын ала дайындап қойған тапсырмаларды орындатамын 
және өздік жұмысы ретінде беремін.[4]
Google Forms – қашықтықтан оқыту барысында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын 
арттыруда, оқу жетістіктерін диагностикалау және бағалауда пайдаланатын өте тиімді құралдардың 
бірі. Бұл оқушылармен тест өткізгенде, жиынтық бағалау жұмыстарын алғанда, жазба жұмыстарын 
орындатқанда, кері байланыс жасағанда пайдалануға болатын өте қолайлы сервис. Аталмыш 
формада тапсырманы дайындап, сілтемесін смартфондарға арналған мессенджерлер арқылы 
оқушыларға жіберемін. Оқушылар тапсырманы уақытында орындап, қайта өзіме жолдайды. 
Оқушылардың жауаптары бірден дискіге келіп түседі және нәтижесі көрініп тұрады. Нәтижесін 
кестеден қарап, диаграммасын жасап алуға да болады. Ең тиімді тұсы – оқушылардың қанша 
сұраққа дұрыс жауап бергені, жіберген қателері, жинаған ұпай саны, пайызға шаққандағы білім 
сапасының да көрініп тұруы.[5]
Әртүрлі ақпараттар мен құжаттарды сақтауға арналған осы Google диск сервисінің тағы бір тиімді 
құралы – Jamboard тақтасы. Оқушылар бұл тақта арқылы дайындалған тапсырмаларды да ерекше 
қызығушылықпен орындайды. Барлық сервистер секілді сілтеме арқылы жұмыс жасалады. Бұл да 
қарапайым тақта секілді, жазбаша тапсырмаларды орындауға, яғни қаламмен де жазуға болатын 
құрал.[6]
Қорыта айтқанда, қазіргі қашықтықтан оқыту жағдайында әртүрлі ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалана отырып, оқушыларға өмірге бейімделе 
алатындай, алған білімдерін күнделікті өмірде кездесетін кез келген жағдайда, қажетті жерде 
оңтайлы қолдана алатындай білім беру басты мақсатымыз, өмірлік ұстанымымыз болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   271




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет