Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет50/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   271
Литература
1.
Калмыков А.А. и др. Дистанционное обучение. Введение в педагогическую технологию. 
Издательство: Москва, 2005г. 
2.
Дистанционное обучение: Учебное пособие / Под ред. Полат.-М.: ВЛАДОС, 1998. 
Алмагамбетова Б.А., Тұрсымбаева Қ.Қ. 
№13 ЖББМ, Жезқазған қ. 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА КЛИШЕЛЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Тілдік проблеманың үлкен саяси мәні мен маңызы бар. Тіл мәселесіне бей –жай қарап, 
немқұрайлылық танытатын болсақ,мемлекеттігіміз бен ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіріп 
алуымыз мүмкін... . Қазақ тілінде сөйлеу мақтаныш болу үшін қоғамда оған деген қажеттілікті 
арттырған жөн [1]. 
Қазіргі әлемдік білім кеңістігінде білім алушылардың фукционалдық сауаттылығын 
қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр. Функционалдық сауаттылық оқушының сыртқы ортамен 
қарым – қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алу деңгейінің 
көрсеткіші[2]. Қазақ тілін орыс тілді мектептерде оқытудағы басты мақсат коммуникативтік 
дағдыны 
қалыптастыруда 
функционалдық 
сауаттылықты 
дамыту 
болып 
табылады. 
Коммуникативтік дағдыны қалыптастыру төрт сөйлеу әрекеті (тыңдалым, айтылым, оқылым, 
жазылым) бірлігінде жүзеге асырылады.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру - қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында 
оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты. Күнделікті сабақ барысында барлық 
өтілген сөздерді оқушылардың бәрі бірдей жаттап алып, есте сақтауы мүмкін емес. Тіл үйретуде 
сабақтағы типтік жағдаяттар, яғни клишелер үлкен рөл атқарады. Алайда мұғалімдер тарапынан 
оған жете мән берілмейді. Клишелер – дайын тілдік бірліктер. Клишелердің қолданыста екендігі 
бүгінгі күннің ақиқаты. Әдеби тіл дайын формалардың, дайын тілдік қолданыстардың қызметін 
қажетсінеді. Дайын қолданыстарға клишелер жатады және олар сөздік қорда аз емес. Клишелер сөз 
тіркесі, аяқталған ойды білдіретін сөйлем түрінде келеді [3].Дайын тілдік бірліктерді қолдану 
мұғалімнің сыныпқа кіргенінен басталады:
1. Қайырлы таң! (Қайырлы күн! Қайырлы кеш!) Сәлеметсіздер ме! 
2.Сыныпта кім кезекші?
3. Сабақта кім жоқ? Сабаққа кім келген жоқ? Себебі не? Себебін кім біледі?
Оқушылардың тіл байлығын арттыруда екі адамның немесе бір адам мен топтың,бір топ пен 
екінші топтың арасындағы тығыз қарым-қатынас, белсенді іс - әрекет маңызды рөл атқарады. 
Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында қолданылатын тренингтер, сергіту 
жаттығулары оқушы мен оқушының өзара түсінісуіне жол ашады. 
1.
- Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Бәріміз қол ұстасып, дөңгелене тұрайық. 
Күндей жарық, айдай арайлы,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі сабақты бастайық!


105 
2. - Сәлем, достым! (амандасады). Қалың қалай? (Иықтарынан қағады) Қалай демалдың? 
(Құлақтарынан тартады) Мен сені сағындым! (Қолдарын жүректеріне қояды) Қош келдің! 
(Қолдарын жаяды) Күніміз сәтті болсын! (Құшақтайды).
3. Сегіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз. 
Бұрыламыз оңға бір, 
Бұрыламыз солға бір. 
Біз бақытты баламыз, 
Гүл – гүл жайнап өсеміз. 
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.[5] 
Сабақтың басында қолданылатын клишелер: 
4. Үйге қандай тапсырма берілді? Үй тапсырмасын кім айтады? Кім орындаған жоқ? 
Сабақ барысында қолданылатын клишелер: 
5.Оқулықтың бетін ашыңыз. Жаңа сөздерді оқыңыз. Тапсырманың шартымен таныстырыңыз. 
Мәтіннен таныс емес сөздерді анықтаңыз. Сұрақ қойыңыз. Жауап беріңіз. Жаттығуды жазбаша 
орындаңыз. Жұппен диалог құрастырыңыз. Топтық жұмыс. Болжам жасаңыз. Ойыңызды айтыңыз. 
Сыныптасыңызға көмектесіңіз. Пікіріңізді білдіріңіз. Бұл сөздің мағынасы қандай? сөзден тура 
аударма жасамаңыз. Сіздің нұсқаңыз дұрыс болуы мүмкін. 
Сабақ соңындағы, үзілістегі клишелер:
6. Үй тапсырмасын жазып алыңыздар. Тапсырма шарты түсінікті ме? Сабақ аяқталды. Сау 
болыңыздар. Үзіліске шығыңыздар. Тәртіп сақтаңыздар. Сынып бөлмесін желдетіңіздер. Терезені 
ашыңыздар. Тақтаны сүртіңіздер.
Үй тапсырмасын тексеруде пайдаланылатын клишелер:
7. Үй тапсырмасы оңай болды ма, қиын болды ма? Үй тапсырмасын орындау үшін қанша уақыт 
жұмсадыңыз? Неліктен үй тапсырмасын орындамадыңыз? Не істеу керектігін білмейтіндігіңізді 
неге айтпадыңыз? Неліктен тапсырманы басқалар сияқты жазбадыңыз? Бұл сылтауыңыз жөнсіз. Үй 
тапсырмасын орындаңыз да, маған ертеңгісін бірінші болып тапсырыңыз. Сізге 36-беттегі үзіндіні 
оқу керек еді. Солай ма? Сіз бастайсыз ба, Маша? Сөйлемді қайтадан оқып шығыңыз. 
Мен бүгін сіздің дәптеріңізді көргім келеді. Сабақтың соңында мен сіздің дәптеріңізді алып 
кетемін. Мен оны тексеріп ертең қайтарамын. 
Жаңа сөздерді меңгерту клишелері: 
8. Менің бұл сөздердің мағынасын түсінгеніңізге көз жеткізгім келеді. Бұл сөздердің тура немесе 
ауыспалы мағынасы бар ма? Мына екі сөзді шатыстырмаңыз. Жаңа сөздерді сөйлемде қалай 
қолданасыз? Мына сөздің... антонимі кімнің есінде? Синонимін кім біледі? 
Өтінім клишелері: 
9. Дәптерлерді жинап беріңізші. Тақтаны сүртіңізші. Үстелді, тақтаны таза шүберекпен 
сүртіңіз.Гүлге су құйыңыз. Кетер алдында орындықтарды көтеріңіздер. Дәптерлерді таратып 
беріңіз. Тақтадан көшіріп алыңыз. Мұқият тыңдаңыз. Назар аударыңыз. Маған бұрылыңыз, 
өтінемін.
Сыныпта тәртіпке шақыру клишелері: 
10. Алаңдамаңыз. Түзу отырыңыз. Шуды тоқтатайық! Сіз өз орныңызға отырасыз ба, Сергей? Сіз 
ол жерде отыруға тиіс емессіз. Алғакеліңіз. Енді сөйлесуге болмайды. Сабырлық танытайық. 
Тыныштықты сақтайық! Сағызыңызды түкіріңіз! Қаламмен ойнамаңыз! 
Мадақтау, сын айту клишелері:
11. Жарайсыз! Өте жақсы. Сіз қазақ тілін өте жақсы меңгеріп келесіз. Мына жұмысты қатесіз 
орындапсыз. Мен сізге ризамын. Бүгін сіз көптеген жетістіктерге жеттіңіз. Мен сіздің 
оқығаныңызға онша қанағаттанбаймын. Сізге көп дайындалу керек. Мына тақырыптарды қайталау 
керек.
Мәтін соңы жұмысы барысында оқу материалын талдау, жинақтау мақсатында 
қолданылатын әдіс – тәсілдерде клишелер аз емес.
Мысалы, 10 сыныпта берілген «Сұранысқа ие өнеркәсіп өнімдері» тақырыбы бойынша 
оқушылар «ПОПС» формуласын қолданып, дайын тілдік бірліктерге сүйенеді:


106 
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, Қазақстанда жасалған жабдықтар шет мемлекеттерде сұранысқа 
ие». 
Екінші сөйлем: «Себебі мен оны қазақстандық өнеркәсіптер шетелдік нарыққа шыққысы келеді деп 
түсіндіремін». 
Үшінші сөйлем: «Оны мен Ақтаудағы трансформатор зауыты жылына 6 миллиард теңгенің тауарын 
әзірлейді деген мысалмен дәлелдеймін». 
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен қазақстандық өнеркәсіп өнімдері сұранысқа ие деген 
шешімге келдім». 
Мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, хат, өмірбаян, күнделік, түйіндеме жазу 
сияқты мақсаттарды қамтитын жұмыс түрлерін орындау да оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын арттырады. 5-7 - сынып бағдарламасына сәйкес оқушылар хат жазып үйренеді, 
өмірбаян, күнделік, түйіндеме жазуға төселеді. Бұл ретте хат, өмірбаян, мінездеме, түйіндеме жазу 
ерекшелігін ескеру керек. Дайын клишелер арқылы орындалатын тапсырмалар оқушылардың тек 
тілін дамытып қоймайды, сонымен қатар сауаттылығын да арттырады.
Хат. 
Сәлем, Саша! Қалың қалай? Қандай жаңалықтарың бар? Ауа райы қандай? Сабақ үлгерімің 
жақсы ма? 
Менде бәрі жақсы. Ауа райы жылы. Кеше қар жауды. Сабағымды жақсы оқып жүрмін. 
Өткен аптада қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық «Дарын» олимпиадасына қатыстым. 
Жақсы нәтиже көрсеттім. Тапсырмалар қиын болған жоқ. Маған әлі де көп дайындалу керек.
Көктемгі демалыста мен Қарағанды қаласына барамын. Екеуіміз кездесейік. Жақсы, сау бол! 
Хат күтемін.
Сәлеммен Әлишер . 26. 01 
Түйіндеме 
Аты – жөні: Батырхан Бауыржанұлы 
Мекенжайы: Семей қаласы, Абай көшесі, 15 – үй. 
Туған жылы: 2004 жыл, 6 қаңтар 
Ұлты: қазақ
Жынысы: ер адам
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: № 6 мектеп – гимназияның 6- сынып оқушысы.
Тілдік дағдылары: қазақ тілі – ана тілі; орыс тілі еркін; ағылшын тілі орташа.
Жеке қасиеті: адал, жауапты, тиянақты, көпшіл.
Қосымша ақпарат: химия пәні бойынша қалалық олимпиаданың жеңімпазы.
Қызығушылығы: спорт (баскетбол, қазақша күрес), кітап оқу, музыка[4, 108 бет] 
Өмірбаян. 
Мен, Бауыржанұлы Батырхан , 2004 жылдың 6 қаңтарында Семей қаласында тудым.Ұлтым- 
қазақ. 2011жылы Семей қаласындағы №6 мектеп –гимназияның бірінші сыныбынабардым. Қазір 
осы мектептің 6 - сыныбында оқимын. 
Қазақ тілі – ана тілім. Орыс тілін жетік, ағылшын тілін орташа білемін. Мектептегі баскетбол 
үйірмесіне қатысамын. «Химия» пәні бойынша мектепішілік,аудандық олимпиадаларға қатысып 
бірінші орын алдым. 
Ата- анам, әпкем және інім бар.
Семей қаласы, Абай көшесі,15 үйде тұрамын. [4, 104 бет] 
Сонымен қатар сабақта жүргізілетін кері байланыс тәсілі кезінде дайын тілдік қолданыстар 
(клишелер) молынан пайдаланылады. Мысалы, «Аяқталмаған ой», «Шығу парағы», «Мұғалімге
жеделхат», «Рефлексиялық шеңбер», «Бес саусақ»тәсілдері арқылы сабақ үрдісінде күнделікті естіп, 
қолданылып жүрген сөз тіркестері, сөйлемдердің мағынасын түсіну арқылы ойларын еркін 
жеткізуге төселеді. «Аяқталмаған ой» әдісінің қолдану алгоритмі мынадай:
Алдымен, біз былай деп ойладық... 
Одан кейін біз мына мәселеге тап болдық ... 
Мәселені шешу үшін мынаны ... жасадық. 
Бұдан біз ....көрдік. 
Демек, бұл мынаны білдіреді .... 
Сонымен біз.... деген шешімге келдік. 


107 
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қазақ тілі мен әдебиетін 
оқытудың тұлғалық – әрекеттік бағдарын күшейту нәтижесінде жүзеге асады. Клишелер дұрыс 
сөйлей білуге төселдіреді, оқушылардың білімін жетілдіреді, білетіндерін ортаға салып, пікір 
алмасуға үйретеді. Оқушылардың өзін қоршаған ортада тілдік қарым- қатынасқа түсуде, ойын 
сенімді, еркін жеткізуде клишелердің көмегі мол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   271




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет