Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет92/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   271
Литература
1. А.Байгулова «Важность развития читательской грамотности казахстанских школьников» -
Журнал «12 жылдық білім беру -12 летнее образование» №3,2015 
2. Логвина И., Рождественская Л. Формирование навыков функционального чтения: Книга для 
учителя. 2012г. 
3. Интернет ресурсы: http://4brain.ru/skorochtenie/_tablicy-shulte.php 
4.Казахстанская карта детского чтения в аспекте формирования функциональной грамотности 
школьников. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. 
Алтынсарина, 2013. 
 
Бименова Ш.А. 
Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің 
«№8 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ 


188 
Атақты математик Джордж Поя: «Математиканы меңгеру дегеніміз не? Бұл стандартты 
мәселелерді шешіп қана қоймай, сонымен қатар ойлаудың белгілі бір тәуелсіздігін, ақылға 
қонымдылығын, өзіндік ерекшелігін, тапқырлығын талап ететін қабілет»- деген. Шынында да, 
кез-келген тапсырмада логикалық ойлауды дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар. Бұл жағдайда ең 
үлкен әсерге математика сабағында ойын технологиясын қолдану нәтижесінде қол жеткізуге 
болады. 
Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамның сыртқы ортамен қатынасқа түсу, оған 
тез бейімделу қабілеті. Мектептің ең маңызды міндеті - сауатты адамдарды қалыптастыру. 
Функционалдық сауаттылықтың негіздері бастауыш мектепте қаланады. Функционалдық 
сауаттылық - бұл барлық алынған білімдерді, дағдыларды адам қызметінің, қарым-қатынас пен 
әлеуметтік қатынастардың әр түрлі салаларындағы өмірлік міндеттерді шешудің кең ауқымын 
пайдалану мүмкіндігі ретінде қарастырылады. Функционалды сауатты адам - бұл әлемге 
бағдарланған және әлеуметтік құндылықтарға, үміттер мен мүдделерге сәйкес әрекет ететін адам. 
Функционалды сауатты адамның негізгі белгілері: бұл адамдар арасында өмір сүруді 
білетін және белгілі бір қасиеттерге, негізгі құзыреттерге ие тәуелсіз адам. Әр білім беру саласы 
функционалдық сауаттылықтың барлық түрлерін дамытуға қатысады (оқу мен жазудағы 
сауаттылық, жаратылыстану ғылымдарындағы сауаттылық, математикалық сауаттылық, 
компьютерлік сауаттылық, отбасылық сауаттылық, денсаулық сауаттылығы, құқықтық 
сауаттылық). 
Математикалық сауаттылықты меңгерген оқушылар: 
• қоршаған шындықта туындайтын мәселелерді математика арқылы шешуге болатынын таниды; 
• осы есептерді математика тілінде тұжырымдайды; 
• есептерді математикалық фактілер мен әдістерді қолдана отырып шешеді; 
• қолданылған шешім әдістерін талдайды; 
• қойылған проблеманы ескере отырып, алынған нәтижелерді түсіндіреді; 
• шешімнің нәтижелерін тұжырымдап жазады. 
Ойын менің жұмысымдағы таптырмас көмекшім, ол оқушылардың бойында оқу 
материалына қызығушылық, мектепке деген оң көзқарас, зейін, ойлау сияқты қасиеттерді 
қалыптастырады. Ойын барысында оқушылар түрлі жаттығуларды орындай отырып, жаңа 
білімді игереді, өтілген материалды қайталайды. Ойын оқушыларды ізденіс жағдайына қояды, 
жеңіске деген қызығушылықты оятады, демек, балалар ойын ережелерін сақтай отырып, 
тапсырмаларды тез, тапқырлықпен орындауға ұмтылады. 
Сабаққа ойындар мен ойын элементтерін қосу оқыту үрдісін қызықты етеді, балаларда 
жағымды көңіл-күйін қалыптастырады және оқу материалын игеруге ықпал етеді. Ойынның 
мақсатына, тақырыбына және сипатына байланысты -мен сабақтың әр түрлі кезеңдерінде ойын 
әлементтерін қосамын. Төменде математика сабақтарында бастауыш сынып оқушылардың 
функционалды математикалық сауаттылығын дамытуға ықпал ететін бірқатар жұмыстарым 
келтірілген. 
«Тез орныңды тап!» 
Мақсаты: сандарды ретімен ест есақтау. 
Оқушылар еденде шашылып жатқан сандардар жазылған парақтан бір-біреуден алады. «Тез 
орныңды тап!» деген мұғалімнің бұйрығы бойынша балалар қолдарындағы санға сәйкес өз 
орындарын табады. (кему ретімен ,өсу ретімен) 
«Көру диктант» 
Мақсаты: геометриялық фигураларды ажырату, кеңістікті бағдарлай алуын және есте сақтау 
қабілетін дамыту; 
Тақтаға бірнеше 3-5 геометриялық фигуралар ілінеді. Балалар 1-2 минут қарап 
алған соң, мұғалім фигураларды жинап алады. Балаларға дәл сол реттілікті 


189 
сақтап, геометриялық фигураларды тақтаға қайта орналастыру ұсынылады. Дұрыс атап, әрі 
қатесіз орналастырған балалар жеңеді. 
«Домино» ойыны 
Мақсаты: көбейту кестесін жатқа білу, есте сақтау қабілеттерін дамыту 
Ойын жұппен ойналады. Оқушыларға көбейту кестесіне және бөлуге сай 
карточкалар беріледі. Бірінің жауабы ,екінші карточканың жауабына сәйкес болу 
керек. Домино ойынының ережесімен құрылған, (мыс, 81: 9 и 27: 3) 
 
1.Математика сабағында қызықты логикалық тапсырмалар 
Логикалық ойлауды қалыптастыру педагогикалық процестің маңызды компоненті болып 
табылады. 
2. а) Сіз көпқабатты үйде тұрсаңыз, сіздің пәтеріңіз белгілі подьезде және этажда орналасқан. 
Суреттегі әр заттың подьезін, этажын жаз
1-сурет 
Ә)1- суреттегі үйге жақшаның ішінде жазылған мекен-жайлар бойынша заттарын орналастыр 
В)(1,1) мекен-жайдан бастап қозғалып, баланың мекен-жайын тап 
Осындай есептерді қолдану кіші жастағы оқушылардың математикалық ой-өрісін 
кеңейтеді, математикалық дамуға ықпал етеді және математикалық сауаттылық сапасын 
жақсартады. 
«ХОККЕЙ» көбейту кестесін жаттауға арналған ойын 
 
«Миллион кімге бұйырады?» ойыны 


190 
Сонымен, математика сабағында ойынның ерекше екендігіне көз жеткізе отырып
мынадай қорытындығы келдім: 
Математика сабағындағы ойын технологиясының пайдасы, қазіргі кездегі математиканы 
терең меңгеруге, жаңа тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді; 
Қызықты тапсырмалар мен жаттығулар түрлері білімді меңгерумен қатар, оқушылардың 
танымдық, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін арттырады. 
Оқушылардың оқу қабілеттерін күшейтеді, күрделендіреді. Соның әсерінен ойлау 
жүйесін дамытады. 
Оқушылардың алған білімдерін тереңдетеді, сабақтың сапасын жақсартады; 
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет