Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев



бет2/49
Дата23.10.2016
өлшемі4,5 Mb.
#25
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49

Әбу Әли Ибн Сина

(Авицена)

(980-1037 ж ж)
Әбу Әли Ибн Сина философия, логика, тіл білімі секілді әртүрлі ғылым салалары бойынша жүзден астам еңбектің авторы болып табылады. Оның медицина бойынша еңбектері XVIII ғасырға дейін Еуропада дәрігерлік өнерге оқыту кезіңдей негізгі құрал болды, ол «Емшілік шарттары» медицина бойынша ең өзық шығарма болып, Еуропада латын және өзге де тілдерде бірнеше рет қайтара басылып шықты.

Ибн Сина мұсылмандардың шығыстағы ортағасырлық ең ірі философ болды. Сол кездегі мұсылман ғалымдардан оны тәжірібеге, ақиқатты фактілермен, практикамен сыни тұрғыдан тексеріп көруге деген талпыныс ерекшелеп тұрды.

Өзін адамның ақыл – парасатының күш - қуатына деген сенімі туралы ол былай деген екен:

Өзімнің құдайсыздығым үшін өзімнің алдымда мен ғана жауапты,

Менің сенімімнен берік ешбір сенім дүниеде болмапты.

Айтар едім, бұл жүз жылдықта шын мұсылман қалмапты.


Ақыл - парасаттың билігі Ибн Синоның бүкіл шығармашылығының мәнін құрайды.

Декарттан алты ғасыр бұрын «Мен ойлаймын демек, мен өмір сүремін» деп жазғаны міне сол болды.

Оның шығармаларына логикалық бір тізбектілік, жалпылау, Құдайлық бедел мен діни догмаларға деген соқыр сенімге төзбеушілік, ақыл парасаттың шығармашыл қуатына деген сенім тән болды.

Әбу Әли Ибн Сина көптеген төрт тармақты өлең шұмақтарды – рубайларды жасап шықты. Мұнда ол әділетті билеуші басқарып тұратын кемелденген мемлекет, парасатты заң мен «дін соты» туралы өз ойын келтіреді. Ол надандықты, әділетсіздік пен ақымақтықты қатаң сыңға алады. Өзінің қаламының өткір ұшын ол сондай - ақ дін қызметкерлеріне де қарсы бағытайды.


Есектермен есек бол, өз жүзіңді көрсетпе!

Есектің ең үлкенінен сұрасақ – ол «Мен ұлықпын» дер!

Есектің егер де болмаса кімде құлағы

Есек үшін болар сол адам күпірдің нақ өзі!


Өзінің рубайларында мәнерлі астарлар менастарлы сөздің Эпостық тілін кеңінен қолданады.

Аристотельдың метафизикасының негізі берілген кітапты оқып зерттей отырып, Ибн Сино өзінің өмірбаянында мойындағанындай (Ибн Синоның сөзінен оның шәкірті Абу – Убейд Шузжани құрған) бұл ілімнің мәнін бірден ұғынып кете алмаған. Аристотельдың кітабын ол қырық рет оқып шыққан, ол оны жаттап та алған, алайда оның шынайы мәні ол үшін түсініксіз болып қала берген. Бұған кездейсоқ жағдай көмектесті. Бухараның кітап базарында, Ибн Сино арзан бағаға Орта Азиядан шыққан атақты философ Әбу Насір Әл Фарабидың (950 жылы өлген) аристотельдың «Метафизикасына» жазылған түсіндермелері болып табылатын шығармаларын сатып алады. Фараби материяның мәнгілігі демек дүниенің жаратылмағандығы туралы идеяны жасап шыққан маңдай алды философ болды. Фарабидің түсіндірмелері (комментарийлері) Ибн Синоның сөзіне қарағанда ол үшін Аристотельге барар кілт болды, бұл кітап оған ежелгі заманның ұлы ойшылын дұрыс ұғынуға жол ашып берді.

999 ж Саманилер билігі құлады. Бухарада Илек хан билік құрды. Оның билігінің алғашқы жылдарнда қалыптасқан жағдай Ибн Сина үшін тіптен қолайсыз болғанға ұқсайды, бұл жағдай оны Үргенішке кетуге мажбүр етті, мүнда жергілікті билеуші – хорезмшахтың сарайында бірнеше көрнекті ғалым қызмет етті.Олардың ішінде аса дарынды ғалым энциклапедист Әбу Райхан Беруний (973-1048) болды, оның есімімен Ибн Синаның бірқатар пікір талас тудыратын шығармалары байланысты.

Өзінің жаратылыстану ғылыми және медициналық еңбектерінде Ибн Сина ежелгі медицинаның көрнекті өкілдерінің (Гиппократтың, Галеннің және үнді емшілерінің де) ілімдерін дамытады, сондай - ақ өзінің зерттеулері мен бақылауларының нәтижелерін қорытындылайды. Сонымен бірге ғылыми маселелерді баяндау Ибн Сина кейде өлеңдерге жүгінеді. Мәселен оның емшіліктің негізгі шарттары келтірілген «Урджуза фи-т-тибб» деп аталатын еңбегі 1300 ден астам қос тармақты өлең шумақтарынан тұрады.

Данте өзінің «Құдайы комедиясында» Ибн Синоны христиан емес ретінде Лимбке – тозақтың бірінші шеңберіне орналастырады, алайда бұл жерде ол ұлы бұхаралықтың «баршаға өнер мен білімнің үлгісі ретінде бола алатын» «көпсанды және жоғарғы көпшіліктің» арасында екендігін атап көрсетеді.
Ол жерде болды адамдар жүздері жылы

Жанарлары бар аспай-саспай қарайтын.

Сөздері болды олардың зор даусты, байсалды.

Ол жерде геометр Эвклид, Птолемей де сол жерде

Гиппократ, Гален мен Виценна тұрғой оларда сол жерде
Испандық Лопе де Вега (1562-1635) «Валенсиялық есуастар» атты комедиясында Авиценнаны Галенмен қатар жоғарғы медициналық беделді адам ретінде атап көрсетеді.

Кедергілерден асып өтудей табандылық, ауру - сырқауларды жеңу үшін, табиғаттың сырларын білуге деген құмарлық, адамдардың қасіретін жеңілдету үшін қолдан келгеннің бәрін жасау – Ибн Синаға тән міне осы қасиеттердің бәрі оның рубайларының бірінде анық келтірілген.

Қара түйіршіктен аспан денелеріне дейін

Білдім мен сөз бен істің мәнісін

Зұлымдықтан болдым аулақ бар түйінді шештім де

Тек өмір түйінін шешуде болдым мен дәрменсіз.



Абдулқасым Фирдоуси

(934-1022 ж ж)
Хорасанда Бож қыстағында дүниеге келді. Оқуын аяқтап болғаннан кейін Тус қаласына келіп ілімді адамдардың ортасына қосылады. Ол кезде Туста медресе болды. Жастайынан халық ауыз әдебиетін оқып зерттейді, көп оқиды, билеушілер туралы жазу дәстүрін устана отырып дидактикалық сипаттағы өлеңдерді жазады.

976 жылы Фирдауси әлемдік әдебиеттің ең корнекті ескеркішіне айналған «Шахнама» атты орасан үлкен дәуірнамасын (эпопеясын) бастады.

Бүл еңбегіне ол 60 мыңдай бәйттерді жасай отырып өз өмірінің 30 жылын арнады.

О бастан «Шахнамаға» кірген дастандар көпшілікке әйгілі болды.

Орта Азиямен Ирант халықтарының эпостарын аңыздары мен ертегілері зерттей отырып Фирдауси эпикалық көрініске халықтың 4000 жылдық тарихын, оның мәдениетінжинақтауға тырысты.

Бірінші бөлімінде өңделген түрінде көне әпсаналар пайдаланылған, екіншіге – батырлар туралы аңыздар кірген, үшіншісі – оқиғалар хроникасына раналды. Гете жазғандай: «Фирдоуси өткеннің бүкіл қоғамдың және мемлекеттік, аңызға айналған және тәрихи оқиғаларды беруге тырысты».

Оның негізгі идеясы отанды, халықтың күші мен қуатын, оның нағыз батырларын ұлықтау болып жабылады.
Нұр жанса ақиқаттың қалбында

Жарық етер даналық үндемесең жүзіңді

Нақ осыдан болса егер халық дұрыс

Жаратқан иемнің әрекетінде болмас сен үшін құпия.

Кім адамдарға мейірімді болса сол болар бақытты.

Есімі оның бөленер данқтың гүлінен!


X ғасырда «Шахнаманның» бірнеше прозаикалық және өлеңдік нұсқалары құралған болатын, алайда олар туралы мәліметтер әртүрлі шығармаларда сақталып қалды, ол олардың өздері іс - түссіз жоғалып кетті.

«Шахнаманы» жазу кезінде Фирдоуси аштықты да, аязды да, жергілікті билеушілердің қуғындауын да көрді, алайда ол талмай еңбек ете берді де өзінің зор еңбегін отыз бес жыл өткеннен кейін аяқтады. Кітап жазылып болып, Саманилерді алмастырған жаңа билеуші Сұлтан Махмуд Ғазнауиге (990-1030) тапсырылды. Алайда, қарапайым адамдарға деген зор идеялар мен жанашырлық сезімдерге толы бұл еңбек қатал жиһангердің көңіліне ұнай қоймады.

Фирдауси мен Сұлтан Махмудтың арасындағы жанжал туралы көптеген аңыздар шығарылды, оларға тарихи тұрғыдан көз жеткізу қиын, алайда олар ақын мен қатыгез билеуші әртүрлі тілде сөйлегендігі және олардың саяси көзқарастарында ортақ нәрселер аз болғандығы туралы қарапайым ақиқатты дұрыс көрсетеді.

«Шахнама» композициясы бойынша патшалықтар деп аталатын елу бөлікке бөлінеді. Алайда эпопеяның ең басты кейіперлері, әйтсе де ол «патшалар туралы кітап» деп аталса да, ел үшін немесе жауынгерлік даңқ үшін айқасқа түсіп жүрген батырлар мен ер жүрек жауынгерлер болып табылады. Рүстем мен Исфандияр, Сухраб пен өрелер міне сондай. Мағынасы бойынша зерттеушілер «Шахнаманы» әпсаналық, эпикалық, қаһармандық және тарихи деп үш бөлікке бөлді. «Кіріспе сөзінде» Фирдауси поэтикалық тұрғыдан өңделген формада өзінің ата -бабаларының тәжіктер мен парсылардың космогониялық көзқарастарын келтіреді. Фирдауси Жаратқан Иеміз Аллаға деген мадақтаулардан кейін ақыл парасатқа деген мадақтауды орналастырады.

«Рустем мен Сухроб» дастаны «Шахнамадағы» ең тамашаларының қатарына жатады. Онда әке мен баланың жанжалы туралы баяндалады. Бұл әлемдік әдебиетте кең таралған сарын (орыс аңыздарындағы Илья Муромец пен Қарақшы - бұлбұл, Неміс эпосындағы Гильдербрант пен Ходубрант), және де осының негізіндегі аңыз - әңгімелер әртүрлі тайпалар мен халықтарда мемлекет алдындағы борыш сезімі туыстық байланыстардан басым бола бастаған ру - тайпалық байланыстардың ыдырап мемлекеттік - құқықтық байланыстардың қалыптасқан кезеңінде пайда болғанға ұқсайды.

«Рустем мен Сухроб» дастанында өз әкесінің қолынан өлуге душар болған жас жігіттің тағдырындағы қарама - қайшылықтың драматизмі мен шарасыздықтан болған қасірет адам баласын қайран қалдырмай қоймайды. Сухрабтың әкесі туралы сүрай берді, оның өз әкесін қинала іздеуі мен оны тауып алуға деген ниеті әрбір шумақ сайын алаңдаушылықты күшейте береді, ол өзі жығып қойған Рустемді жіберіп жіберген Сухробтың бейқамдығы оқырманда күйініш пен абыржушылықты, оның қайтпас қайсар мінезімен бірге күш қуат сезімін туғызады. «Шахнамада» бүкіл кейінгі парсы әдебиеттің жүйесінің негізі қаланды.



Омар Хайям

(1048-1131 ж ж)
Омар Хайям Ғиясиддин әбул - фатх ибн Ибрахим. Омар Хайям – бұл ақынның лақап аты. Ол ілімді өз заманының ғұламасы Насреддин Шайхмансурдан алады. Ол математика, география, физика секілді әртүрлі ғылымдармен, дін ілімдерімен шұғылданады, парсы және араб тілдерін зерттейді. Содан кейін ол Балх, Бухара, Самарқанд, Мекке қалаларында оқиды. Бұл қалалар өз заманында ілімнің орталықтары болған. Оның шығармалары «Абдулфатх Умар ибн әл Хайям» - «Есептің қиын мәселелері» деген атпен Балх қаласында шығарылып отырды. Омар Хайям батыс ғылымының әсіресе Грекияның тарихы мен әдебиетін жақсы білді. Сондықтан Грекияның тарихы туралы өте көп жазды. Сондықтан Омар Хайямның шығармашылығы батыста өте әйгілі. Жыл өткен сайын халық арасында оның беделі арта берді. Бухара әкімі Шамсулмүлк (1068-1079) оны өз сарайына шақырады. Оған ол жерде аса құрметпен қарады, сарайда ол өте беделді адам болды. Селжүктердің билеушісі оны Исфахап қаласына шақырды. Селжук ханының уәзірі Низом уль - Мульк Омар Хайямды құрметтеп оған қызығушылық танытады.

Содан кейін ол Нишанур қаласына тұрақтап сол жерде өмір сүреді де өз қызметін осы қалада жалғастырады, және де сол қалада қайтыс болады. Бізге дейін оның «Мунтасар физика», «Рисолай Әл-жабр», «Макасат Фи жабр ва мукобала» (1069-1074), «Рисолатул хонимил Фозил Гиениддин Әбдулфатк Умар ибн Иброхимил Жабр вал мукобала», «Қолқо ва унинг вазифалари хақида» - «Рисолатул набиват тақлиф», «Агебра мен алмукабала есептерінің дәлелдемелері туралы трактат» (математикалық еңбегі), «Болмыс пен міндетті болу туралы трактат» (1080). «Трактат Рубайяттың үш мәселесіне жауап» (төрт тармақты өлең шумақтарының жинағы) секілді туындылары мен Омар Хайямға тиесілі делінетін мыңнан астам төрт тармақты өлең шумақтары жеткен.

Омар Хайям математикалық 10-нан астам ғылыми тарактат жазған өз заманынын ірі ғұламаларының бірі болды. Ол өз артында 8 ғасыр бойы оқырманның жүрегін тебіретіп келе жатқан бірнеше жүздеген рубайларды қалдырды.

Феодалдық қоғамдағы өмір жағдайы еркін ойлайтын ойшылдың еңсесін езді. өзінің Алгебра мен алмукабала есептерінің дәлелдемелері туралы тарактат деп аталатын әйгілі математикалық еңбегінде Хайям былай деп жазды: Мен бұл іспен жүйелі түрде шұғылдану мүмкіндігімнен айырылдым, керек болса, тағдырдың маған салған тауқыметінің кедергісінен мен өз ойымды бір жерге шоғырландыра алмадым.

Қоғамдық өмірдің ауыр жағдайлары Омар Хайямда писсимистік ноталары мен бүгінгі күннің игілікті өмірін насихаттауды туғызды.

Бірақ Хайямның шығармашылығының жалпылама сипаты еркіндік сүйгіш болды. Әсіресе бұл оның жазмышқа жанның өлмейтіндігі, ақыретке, жұмақ пен тозаққа және т.б. деген сенімі басым үстем дүниетанымның негіздерін күмәнға келтіретін дұрыс мән тұрғысынан кез келген екі жүзділік пен кертартпалықты батыл түрде келеке ететін төрт тармақты өлең шумақтарында байқалады. Өз пенделерінің тағдырын алдын ала айқындап қойған Жаратушыға Омар Хайям былай дейді:


Өмір беріп, артынан өлім бердің,

Өлетін қып жараттың Сен барлық жаратқаныңды.

Оларды жақсы жасамадың ба ? кім оған кінәлі?

Егер де болса бәрі де жақсы, жойып оларды не керек?


Омар Хайям – рубайлардың жолына адам сезімдері мен ойларының тұтастай шоғырын сыйғыза алатын ұмтылған өлең шебері.


Низоми Ганджави

(1141-1209 жж)
Абу Мухамет Низами Ганджави Ильяс ибн Юсуф; (1141-шам . 1209) – XII ғасырының соңында тек тәжіктер мен парсылардың ғана емес, сонымен бірге көптеген өзге де халықтардың әдеби тілі болған фарсида жазған әзербайжанның ұлы ақыны. Сондықтан Низами органикалық тұрғыдан тәжік-парсы кіреді.

Низами кейінірек біртұтас циклге біріктірілеген бес дастан жазды. Омар Хамса, философиялық дидактикалық поэма кұпиялар қазынасы (1173): «Хамса» (Бестік): «Байлықтың құпиясы». Хусроу Парвиздың Шірін Сұлуғаи деген махаббаты туралы баяндайтын Хусроу мен Шірін (1181), араб жігіті Мажнүннің Лейлаға деген ессіз әрі қасіретке толы ғашықтығы туралы баяндайтын Ләйлә мен Мәжнүн (1118). Бахрам Ғурдың романтикалық хикаялары туралы баяндайтын «Жеті сұлу», (1196), Ескендір Зухарнайынның өмірі мен әскери жорықтары туралы баян ететін, «Ескендірнама» (1209). «Ләйлә мен Мажнүн» дастаны орта Азия мен батыс Азиядағы махаббат туралы ең әйгілі дастан. Оның көптеген тілдердегі поэтикалық тұрғыдан өңделген нұсқалары, сонымен бірге Мәжнүн мен Ләйләнің махаббаты тарихының көптеген фольклорлық варианттары кездеседі.

Дастанның сюжетінің негізінде жас жігіт Қайстың Ләйлә қызға деген махаббаты туралы ескі аңыз жатыр. Олар бала кездерінен бастап бірге өседі де бірін - бірі сүйіп қалады, алайда Ләйләнің ата - анасы олардың некесіне қарсы болып, қызын байға, күйеуге беріп жібереді. Ессіз ғашықтығы үшін адамдар Мәжнүн (яғни сезім кернеген) деп атап кеткен Қайс адамдардан алыс құмның үшіне кетіп жабайы аңдардың арасында махаббат туралы тамаша әндер шығарып өмір сүреді. Көп ұзамай ол әлсіреп қайтыс болады. Ал Ләйлә Мәжнүнің өлімі туралы есіте сала ол да өледі. (кейбір басқа нұсқаларда алдымен Ләйлә өледі, ал Мәжнүн оның қабірінің үстінде өледі). Бұл аңыз ауызша беріліп келіп прозайкалық нұсқасында арасындағы шеңберімен бірге арабтің поэтика-антологиясына енді. Тек Низамидің қаламының ұшымен ғана бұл қарапайым романтикалық повесть әлемдік поэзияның жәдігеріне, рулық немесе сословиелік тиымдарды білмейтін таза тебіреністі махаббаттың ұранына айналды. Қарапайым аңыз әңгіме ғашық жандардың құпия сырларына тереңінен байлаған адамдар тағдырын трагедиялы бейнелеу тебіренісі бар бай поэтикалық кескіндемеге айналды. Низамидегі Шірін Хусроуға өлердей ғашық басты кейіпкер. Ол Хусроудың мінезіне ықпал еткісі келеді, оның кемшіліктерін көріп тұрады, сонда да болса ол Хусроуды сүйеді, ал Фархадты аяйды.Ал Навойда Шірін Фарходты өлердей сүйеді, ал Хусроуды жек көреді алайда Шірін бұл жерде басты кейіпкер емес. Басты кейіпкерлердің характерлерінің өзгеруіне байланысты Навой поэмасының сюжетіде композициясы да жаңа.

Низамидың шығармашылығы Шығыс пен Батыстың мәдениет қазынасына үлкен үлес қосты.



Шота Руставели

(1146-1198)
Руставели жайлы ең анық өмірдеректік мәліметтер өте аз сақталған. Шота Руставели – XII ғасырдағы грузин ақыны, «Жолбарыс терісін жамылған батыр» атты дастанның авторы. Шамамен XII ғасырдың 60-шы немесе 70-ші жылдардың бас кезінде көп ғасырлық мәдениеті мен дәстүрі бар. Грузияда туды. Ерте замандарда бұл елді Иверия деп атаған, дәлірек айтқанда оның шығыс жағы осылайша аталады: ол Қара теңіз жағалауында орналасқан батыс жағалары Колхида ретінде белгілі. Осы екі атаумен Грузия көне Грекия мен Римде айтылады.

Дәстүрлі халық аңыздары бойынша, Руставели білімді алдымен өз отанында алды, содан соң ол оқуын сол кезде көптеген грузиндер оқыған Афина қаласында жалғастырды. Грек тілі тамаша меңгере отырып әдебиет пен философияны, сондай - ақ өзге ғылымдарды да менгерді. Расында да, поэмаға қарағанда Руставели антикалық философияны, әртүрлі ғылымдарды өте тамаша білген, әлемді көп шарлаған, бұл да Шота Руставелидің ұлы туындысы. «Жолбарыс терісін жамылған батыр» дастанынан көрініп тұр.

Шота Руставелидің дастаны бізге дейін, кейінгі кездерде көшіріліп жазылған қолжазбаларда жетті, (ең көне қолжазба 1646 жылмен, ал жекелеген қолжазбалары – XV ғасырдың үзінділері). Мұның мәнісі – шіркеу топтарының дастанды қабылдамауы. Олар білімді патша Вахтангтің редакциясымен 1712 жылы басылып шыққан бүкіл алғашқы тиражды Кура өзеніне батырып жіберді. Ал грузин халқы Руставели тағдыр мен өмірге мойынсынған Құдайдан енжар құлын емес, рухы биік, өзіне тән үлкен талап тілектері мен сұлулыққа деген ұмтылысы бар кәдімгі адамды бейнелегені үшін дастанды өте қатты ұнаты. Руставели де адам мен Құдай арасында алшақтық жоқ. Керісінше, адам мен Құдай арасында Руставелидің дүниетанымында толық үйлесім бар, адам Жаратушыға жақындай түседі де Оған қосылады. Әрине, бұл философиялық идеализм, алайда ол христиандықтың ресми көзқарасына қарама - қайшы келді. Адамды асқақтата түсетін амал ретіде Руставели неоплатониктер секілді махаббат деп есептейді: Руставели адамда онда жасырынып жатқан рухани және күш – қуаттарды оятады.

Ол отансүгіштік пен басқыншыларға қарсы күресті, Тариель, Афтондил фаридун секілді батыл да қайсар адамдардың образдарын дәріптейді. Ақын грузин әйелінің образын дәріптеп, мадақтайды. Нестон Даритон есімі мен бейнесін ол әлемдік әдебиетке енгізді. Өзінің «Жолбарыс терісін киген батыр» шығармасымен ол қайта өрлеу дәуіріндегі Еуропа жазушыларынан да озып кеткен деп есептелінеді.

Ұлы грузин ақыны – грузинның ұлттық әдебиетінің негізін қалаушы Руставели өз кейіпкерлерінің характерлерін, олардың рухани әлемін аса шеберлікпен аша түседі. «Жолбарыс терісін киген батыр» дастанында бейнеленген идеялардың өзіндік болмысы терең әрі ұлттық мәнге толды. Дастан әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылған.

Саади Шерази

(1210-1292 ж ж)
Парсы жазушысы әрі ойшылы. Жарлы діни отбасынан шыққан. Муслихиддин Әбу Мухаммед Абдоллах ибн Мушрифаддин ибн Муслиге Саади Шираз қаласында туды. Ол тек Иранға ғана бүкіл дүние жүзіне әйгілі тұлға. Бағдадтағы жоғары діни академияда оқыды. 20 жылдан астам дәруіштің кейпінде бүкіл мұсылман әлемін шарлап шықты. Дамаскіде «Бустон» дастанын жазып шықты.

Ширазда Шынғысханның ықпалынын күшеюімен Саади Бағдадқа кетуге мәжбүр болды. Ол Қасиетті Меккеге 15 рет барып, Дамаскіде тұрақтап қалды. Содан соң Қашқарияға, үндістердің қалаларына барады. Қартайған шағында өзінің туған қаласы Ширазға қайта оралды. Оның поэзиясы өте әйгілі. Проза жанрында жазылған «Бустон» өте әйгілі. Гете өзінің «Батыс Шығыс» шығармасында Саади поэзиясына ерекше бөлімді арнаған. Ақынның шығармашылығында дидактикалық өсиетнамалар басым. «Гүлістан» шығармасында зұлым патшалардың билігі туралы тарих жазылған. Кейбір зерттеушілер ол 120 жыл өмір сүрген деп жазады.

Саади адамды дәріптеп, жетімдерге көмектесу керектігі туралы жазады. Саади өмірдерек пен қоршаған ортаны сипаттау жанрында жазған. Ақын Якиний есертуі өзінің туындысындағы «Садақ пен жебе» Саади шығармашылығының ықпалымен жазғандығы туралы айтып өтеді. «Бустон» шығармасын өзбек тілне Маъсуд Ибн Амад аударған, «Гүлістанды» - Сайфи Сарой аударған.

Аңыз аңгімелер Саади отыз жыл оқыған, отыз жыл жер бетін кезіп жүрген, отыз жыл жазған дейді. Өмір жасының едәуір бөлігінен өткен толысқан шағында, ол өзінің ең басты туындылары «Гүлістан» мен «Бустонды» дүниеге әкелді. Алайда оның шығармашылығында ең бастысы – адамзаттың болашағына деген, бүкіл әлем гүлденген және хош иісі аңқыған жемісті бақтай болатын күнге деген сенім жатты.

Ақын адамға, оның жақсы қасиеттеріне – мейірімділік пен ақиқатқа, қуаныш пен сұлулыққа деген құмарлығына сенді. Өмір - байлық жинау үшін берілмеген – деді ол. Байлық не үшін қажет? Оның мәні неде? Өзіне осы сұрақты қоя отырып Саади сөзде емес, нақты істе көрінетін адамдарға деген махаббатта деп жауап береді.
Өзіңнің тәкаппар сұлулығында көрерсің сен әлемнің айнасында

Бірақ та ғашықтардың төзімді болу керектігін түсінсеңші сен.

О, келе ғой! Көктем келді. Біз екеуміз кетейік

Бақты тастап, өзгелерді қалдырып түнде құмда түнеуге.


Ақынның өмірлік тәжірибесінде монғол шапқыншылығының қанды қырғыны да, бірбеткей діни басшылардың өктемдігі де өз таңбасын қалдырды. Ақын Саадиге ұқсап сондай жағдайларда өзінің өмірлік мұратын қорғап қалу үшін, кез - келген пендеге беріле бермейтін батылдық пен рух тәуелсіздігі болуы керек. Онда батылдық та, даналық та және дарын да жеткілікті болды.

Саадидің лирикасы поэтикалық формада кез келген адамның бақытқа деген, мәжбүрлеусіз еркіндікке деген, қадір - қасиетке, мәнгі емес жалған өмірді білуге деген құқығын жариялайды. Бүкіл тірі тіршілік келерінің өлмей қоймайтынын сезіне отырып өзіндік болмыстың әрбір сәтіне, қоршаған дүниенің сұлулығының көрінісіне қуана білуге шақырады.




Әмір Хосров Дехлеви

(1253-1325 жж)
Әмір Хосров Дехлеви. (Яминиддин Абулхасан). Оның ата - бабалары Кеш аймағындағы Шахрисабз қаласынан. Тағдырдың жазуымен олар Үндістанда Дели қаласында тұрақтап қалады, міне сондықтан да оларды Дехлеви деп атаған. Оның әкесі поэзияға жақын адам Туркиғой - өзбек болса, ал анасы – үнді қызы болған. Әкесі мұғалдармен соғыста қаза табады, сондықтан 8 жасар жеткіншек бала Делиде өмір бойы қалып қояды. Ол сарай ақындарына жақын болғандықтан, оның жинағы «Султоний» деген атау алды. Оның қаламынан 400 мыңнан астам бәйт, сондай - ақ 99 кітап шыққан дейді. Ақынның барлық шығармалары «Тушватусигар» (Жастық шақтың сыйы), «Висатул хат» («Өмірдің Ынсапты ортасы»), «Бақия-ун нақия» («Шындардың шыңы»), «Нихаятул камол» («Кемесдіктің шыңы») атты 5 жинақта жинақталған. Бұдан басқа өз ісіне ірі оқиғаларды жинақтаған жинақтар да бар, олар: «Киронүс Саъдайн» («Екі бақытты жұлдыздың қосылуы») «Мифтахул Футуге» («Жеңіс кілті»), «Дуволроний ва Хизрхан», «Нух спехр» («Аспанның тоғыз қабаты»).

Низамиден кейін шығармашылығын Хамса стиліңде жалғастырған Хусроу дехлеуи шығармашылықтың осы түрін де салтанатпен аяқтайды. Оның «Бес тағанды»! «Матла ул Анвар», («Күннің шығуы»), «Шірін мен Хусроу», «Мәжнүн мен Лейли», «Искандар кузгуси» («Ескендір айнасы»), «Хайет бехишт» («Сегіз жұмақ»). Шығыс әдебиетінің Абдурахман Жәми, Ә Науаи секілді дүлдүлдері өз ұстаздары ретінде Дехлеуиді мойындайды.

Негізінде парсы тілінде Жазған Әмір Хусроу Дехлеуи өзінін кейін орасан үлкен шығармашылық мұра қалдырды. Ол шынайы ақынның биік мақсаты мен әдебиеттің баға жетпес құндылығы туралы былай деді: «Көптеген жарқылдаған әміршілер опырақта шіріп жоқ болды, олардың қазір іздері де жоқ. Ал Фирдоусидің немесе Низомидің ақындық дарынының арқасында халық жадында қаншама тәж иелері қалды десеңші». Дехлеуидің лирикасында, оның ғазалдарында парсының ақындық дәстүрінің таңбасы болса да, Үндістанда олардың көпшілігі халықтың сана сезімінде мәнгіге қалды, лирикалық фольклордың ажырамас бөлігіне айналды. Дехлеуидің өлеңдері жайлы айта келіп Жавахарлал Неру өзінің «Үндістанды ашу» атты кітабында былай деген: «Мен, алты жүз жыл бұрын жазалған әндер өзінің көпшілікке танымалдығын мәтінінің ешбір өзгерусіз - ақ күні бүгінге дейін сақтап келе жатқан ешқандай да мысалын білмеймін».
Егер де маған көз жанарыңды салмасаң сен,

Бұл өмірде тозаққа айналған дүниені тастап кетермін мен.

Жүректің тұткынында тұрсам да шөлде тақта боп

Бермен оны ешкімге бұдан былай енді мен.


Оқырман мен өзі соның атыннан сөйлесіп жатқан лирикалық қаһарман – дәстүрлі әпсаналардағы қияли кейіпкер емес, я болмаса шартты қағидалар әдеби маска емес, тірі нақты адам. Лирикалық қаһарман мұнда әдеттегідей қайталанбас іштей дербес дара тұлға, өзінің әлемімен байланыстарының шексіз алуан түршілгінде, барлық рухани күштердің барынша ширыққан сәтінде бейнеленген. Өзінің қарама - қайшылығы мен күрделілігінде көрсетілген бәрін жұтушы сезімнің билігіндегі адам.

Данте Алигьери

(1265-1321 ж ж)
Екі ғасырдың ортасында өмір сүрген Қайта Өрлеу Дәуіріндегі ортағасырлық итальян ақыны. Ол өзінің «Құдіретті комедиясында» о дүниені 3 бөлікке, - тамұққа күнәдан тазаруға, жұмаққа бөлды. Шығарма 10033 әннен тұрады.

Бірінші бөлігінде ол тамұқты иінді сұңқар түрінде бейнелейді де тамұқты 9 шеберге бөлді. Күнәһарлар өз күнәлары үшін жазаны әрқайсысы бөлігінде алады. Күнәһар жан қаншама терең түскен сайын азабы да оның соншама қатты болмақ. Данте өзінің саяси қарсыластарын тозаққа тастайды. Ол әсірісе христиан дін басыларына жаман көзбен қарайды да, оларды тамұқтың ең төменгі түкпіріне тастайды. Поэманың екінші бөлігі «күнәдан тазару» деп аталады. Ол жерге қарама – қарсы бетте орналасқан оларды мұхит бөліп тұрады, мұхиттың ортасында арал орналасқан, ол жерде жеті кертпештен тұратын биік тау бар. Күнәһарлар әрбір кертпештен өте отырып, өздерінің күнәларының бірін жуып отырады. Жеті кертпештен өте отырып олар жеті күнәні - менмендікті, арам ниетті, ашу - ызаны, үмітсіздікті, пайдакүнемдікті, бопсалаушылықты жуып отырады.

Жұмақ та тозақ қабаттан тұрады, жан қаншама биік көтерілген сайын ол Құдайға соншама жақын болады.

Данте өзінің «жаңа өмір» атты туындысында өзінің флоренциялық жас сұлу Беатричеге ұлы деген махаббаты жайлы айтқан.

«Жаңа өмірдің» негізгі өзегін өлеңдер құрайды. Өзінің жас жігіт шағындағы лирикадан Данте «Жаңа өмір» үшін 25 сонетті, 3 канцонда, 1 балладаны және 2 өлеңдің фрагментті таңдап алды.

Данте осы дүниедегі Беатричтің трансцентті әлемге деген қатыстылығын атап көрсетеді.

Болмас қызы пенденің

Бірдей мәні сұлу жаны да ...

Дейді ғой ұлы махаббат.

Алайда ол қарай қойса – дейді ғой жұрт.


Беатриченің өлімі бүкіл адамзатқа әсерін тигізетін ғарыштық апат секілді бейнеленген.

1302-1313 жылдар аралығын қамтыған кезең Данте үшін азапты болғанымен шығармашылық тұрғысынан жемісті болды. Данте Флоренцияның өміріне белсенді қатысты. «Ақтар» мен «қаралардың» текетіресінде гвельфтер партиясында «ақтарға» - папаның қарсыластарына қосылды «қаралар» жеңіске жеткен кезде, сол уақытта Римде болған Дантеге сырттай отқа өртелуге, мүлкін таркілеуге үкім шығарылды. Қуғынды жүргенінде Данте «ақтардаң» ажырап қалды. Оның Италияны кезуі басталды.

Қуғында жүргенінің алғашқы кездерінде Данте «ақ» гвельфтердің флоренцияға қайта оралу әрекетіне қатысты. Данте бүкіл Италия халқымен рухани байланыста жаңаша сезімді және де бұл қуғында жүрген алғашқы жылдарының канцондарын және «құдіретті комедияны» (поэма 1037 жылы басталған), сондай - ақ «Халық тіліндегі поэзия трактаты», «халық тілі» туралы философиялық шығармасы «Пир» мен саяси трактаты «Монархия» туды. Италияны кезіп жүрген жылдарында Данте «әділеттілік ақыныны» айналды.

Данте «Монархияны» жазып болған кезде оның адамзаттың кідірместен қоғамдық саяси түрғыдан түзілуге деген орасан зор үміттерінің күл - талхан болғаны анық болды. Генрих VII нің сәтсіздігі оның дүниеге көзқарасына айрықша әсер етіп өз өмірін қайта қарауға мәжбүр етті.



Каталог: CDO -> BOOKS
CDO -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
BOOKS -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
BOOKS -> Тіл төҢірегіндегі толғамдар ойлар, толғаныстар, пікірлер, ұсыныстар, іс-тәжірибелер, деректер мен дәйектер Астана қаласы, 2007 жыл тіл төҢірегіндегі толғамдар баспасөз және басқа да басылым беттерінен іріктеп, жинақтаған
BOOKS -> Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда
BOOKS -> Нұрғали Қадырбаев көркем әдебиет көкжиегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет