Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері / Пәннің оқу-әдістемелік


Дәріс № 10. Тақырыбы: «Сортсынаудағы, жайылым мен шабындықтарда тәжірибелерді жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері»



бет3/5
Дата14.04.2017
өлшемі4,89 Mb.
#13932
1   2   3   4   5

Дәріс № 10.

Тақырыбы: «Сортсынаудағы, жайылым мен шабындықтарда тәжірибелерді жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері»

1 Сортсынау әдістемесінің ерекшеліктері

2 Табиғи мал азықтық жерлерде тәжірибелерді жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері
Сортсынауда, табиғи мал азықтық жерлерде, суармалы жағдайда және топырақтарды жел эрозиясынан қорғау танаптық тәжірибелерді жоспарлауда, салуда және өткізуде агротехникалық танаптық тәжірибеге қойылатын барлық талаптар сақталу керек – типтілік, дәлділік бір айырмашылық принципін сақтау, бірақ мұнда бірқатар ерекшеліктер бар, сондықтан осы тарауда оларға назар аударылады.
1 Сортсынау әдістемесінің ерекшеліктері

Сорттарды салыстырмалы бағалау жұмыстарының технологиясы «Ауылшаруашылық дақылдарының мемлекеттік сортсынау әдістемесінде» тиянақты түрде келтірілген, оның негізгі ұстанымдары төменде келтірілген.

Сорттарды сынау бірнеше кезеңде өтеді: біріншіден селекциялық орталықтарда және ғылыми мекемелерде жаңа сорттарды шығарғанда, ал сортты шығарғаннан кейін – мемлекеттік сортсынауда, мұнда тәжірибелерді салу мен өткізу әдістемесінде айтарлықтай айырмашылықтар жоқ, бірақ сортсынау жүйесіне өз әдістемесі жасалған, бұл жұмыстар соған сәйкес жүргізіледі.

Селекциялық мекемелерде сынаудың үш түрі өткізіледі – алдын-ала, конкурстық және мемлекеттік.

Алдын-ала сынау біріншілік селекциялық атқарудағы селекциялық материалды бағалау үшін жүргізіледі, яғни мұнда селекционер перспективті нөмірлерді, линияларды таңдап, жамандарын шығарып тастау мүмкіндігіне ие болады.

Конкурстық сынау – алдын-ала сынаудан таңдалған селекциялық нөмірлердің ең жақсыларын, жаңа сорттар сияқты мемлекетік сынауға берер алдындағы соңғы тексеру болып табылады. Селекциялық үдерістің алғашқы кезеңдерінде тұқымдар аз, сондықтан алдын – ала сынауда конкурстық сынауға қарағанда мөлдектер ауданы аз, ал кейде қайталымдарда да аз, басқа әдістемелік талаптары бірдей.

Мемлекеттік сортсынау арнайы сортсынау учаскелерінде жүргізіледі, олар әр облыстың территориясында 7-12 жерде біркелкі орналасады.

Сынаудың келесі түрлері бар: конкурстық, кеңейтілген, суармалы және кептірілген жерлердегі арнайы, сорттарды агротехниканың әртүрлі тәсілдерінде сынау, аурулар мен зиянкестерге жаңа сорттар төзімділігін тексеру, өндірістік және тағы басқалар.

Осы тарауда конкурстық, кеңейтілген және өндірістік сынаулар ерекшеліктеріне назар аударылады. Конкурсты және кеңейтілген сынауларда тәжірибелерді қою және өткізу әдістемелері селекциялық мекемелердегі конкурстық сортсынау әдістемелерімен сәйкес келеді.



Сорттарды сынау агротехниканың әртүрлі тәсілдерінде көпфакторлы тәжірибелер принципі бойынша жүргізіледі. Сортсынауда ауыспалы егіс және агротехникалық фон барлық учаскеде бірдей болу керек, бұған жоғарыда сәйкесінше тарауларда назар аударылды.

Ауылшаруашылық дақылдардың сорттарын конкурстық сынауларда тәжірибені қою мен өткізуге, оның дәлдігін арттыру үшін, аса қатты талаптар қойылады, өйткені тәжірибе қателігі 3-4% аспау керек. Бұл тәжірибелерде мөлдектердің минималды ауданы астық, жарма, дәнді бұршақ және басқа дақылдарда 4-6 реттік қайталымда 100 м2 кем болмау керек, көпжылдық және біржылдық мал азықтық шөптер, сүрлем дақылдары үшін 6 реттік қайталымда 50 м2 кем болмауы керек. Кейбір жағдайда конкурстық сортсынауда мөлдектер ауданын 3-4 реттік қайталымда 300-600 м2 дейін арттырады.

Сорттар мөлдектер бойынша сорттар мен стандарттарды салыстыруға болатындай орналастырылады, ол үшін қайталымдағы стандарттар санын арттырады, ал әр түрлі морфологиялық ерекшеліктері бар сорттарды қайталымдар мен мөлдектерде қуатты вегетативті массасы бар өсімдіктер көрші өсімдіктерге әсері болмайтындай етіп орналастырады.

Танаптың ерекшеліктеріне, сорттар және қайталымдар санына сортсынау бойынша тәжірибені агротехникалық сияқты, бір қабатқа салуға болады немесе бірнешеуге, бірақ әр қабатта қайталымдар саны жұп болу керек.



Кеңейтілген сынау конкурстықтан сорттар жинағының көп болуымен ерекшеленеді, сондықтан егер 20-дан астам сорт сыналып жатса, қосымша стандарт кіргізуге тура келеді. Селекциялық мекемелердегі және мемсортжүйесінде барлық өндірістік сынаулар бір әдістемемен өткізіледі.

Сортсынау жұмысында тәжірибелерді қойғанда ең маңыздысы себу болып табылады, өйткені онда кеткен қателер түзелмейді. Сондықтан тұқымдар тиянақты түрде дайындалады, әрбір сорт сыртқы және ішкі этикеткалары бар қаптарға салынады, сепкіштер қорғаныс жолақтарында себу үшін себу нормасына қойылады, әрбір сортты себу алдында сепкіш керекті себу нормасына қойылады, себуден кейін тұқымдар қалдықтары сол қапқа қайта салынады да өлшенеді, ал журналға нақты себілген тұқымдар санының көрсеткіші және олардың қалдықтары жазылады. Нақты себу нормасының ауытқулары есептелгеннен 4-5% аспау керек.

Себу жұмыстары өндіріс жағдайларына ұсынылған мерзімдерде жүргізіледі, егер олар зерттелетін сұрақ болмаса, себу нормасы сабақ бітіктігінің оңтайлы жиілігіне жету үшін қойылады. Сортсынауда тұқымдарды себу нормасы бір гектарда шыққан тұқым санына қойылады, тұқымдар массасына, ал кең қатарлы себу тәсілінде өсімдіктердің қоректену алаңына саналып қойылады.



2 Табиғи мал азықтық жерлерде тәжірибелерді жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері

Табиғи мал азықтық жерлер (жайылымдар мен шабындықтар) Қазақстан Республикасында үлкен аудандарды (155 млн.га аса) алып жатыр, олар жайылымдық мал азығының маңызды бөлігін, және қыстау кезеңінде пайдаланылатын пішеннің бір бөлігін береді. Бірақ бұл жерлердің көбінің өнімділігі өте аз, сондықтан малдар азықтардың жетімсіздігін жайылымдық кезеңде де сезінеді.

Қалыптасқан жағдай бұл мал азықтық жерлердің өнімділігін көтеруге арналған тәсілдер жасау бойынша зерттеулер өткізу керектігін көрсетеді.

Шабындықтар мен жайылымдарда ғылыми-зерттеу жұмыстары келесідей негізгі бағыттары бойынша жүргізіледі:

1. Мал азықтық жерлердің жағдайын бағалау (түгендеу), ол өсімдік құрамын (фитоценозды) талдауды қарастырады, өнімділік, өсімдіктердің ауысуы (мерзімдік және белгілі-бір уақыт кезеңінде, яғни сукцессиялық үдерістер). Шөптердің негізгі түрлерінің шаруашылық-биологиялық сипаттамасы.

2. Мал азықтық жерлерді жіктеу.

3. Шабындықтар мен жайылымдарды жақсарту тәсілдерін жасау.

4. Табиғи мал азықтық жерлерді рационалды пайдалану тәсілдерін жасау және т.б. бірқатар сұрақтар.

Жоғарыда айтылғандай барлығы біріншіден ғылыми зерттеулердің жан-жақтылығын көрсетеді, екіншіден, егістік дақылдармен жүргізілетін тәжірибелермен айтарлықтай айырмашылықтар бар екендігін, өйткені зерттеу обьектісі болып, Республиканың әртүрлі топырақ-климат аймақтарының түрлі фитоценоз құрамы бар, ауылшаруашылық жерлердің толық бір категориялары (жайылымдар мен шабындықтар), және бұл жерлерде өсетін өсімдіктердің жүйеленуі мен жіктелуі табылады. Бұл жерлерді тиімді қолданудың тәсілдерін зерттеуге тәжірибелерге малдарды қосуды қарастырады, және шабындықтар мен жайылымдардың шөпоттарының өміршеңдігін, өнімділігін көтерудің тәсілдерін жасау болады.

Осыған байланысты В.Р.Вильямс атындағы мал азығын БҒЗИ ғалымдары Н.С.Конюшков, И.П.Минина (1959) және т.б. шабындықтар мен жайылымдарда тәжірибелерді өткізу әдістемесі жасалды, оның кейбір сұрақтары төменде келтірілген.

Айта кету керек, жоғарыда айтылған әрбір бағыттар немесе мәселелер бойынша зерттеулер жүргізгенде, жұмысты таңдалған жер учаскесіндегі фитоценоз құрамын зерттеу мен шөпотын жіктеуден бастау керек.

Табиғи шабындықтарда тәжірибе учаскесін бір өсімдіктер тобының маңайында таңдау керек, оны талдау үшін алдын-ала геоботаникалық сипаттама жасалады. Учаскеде өсіп жатқан, өсімдіктердің толық тізімі жасалады, олардың саны мен жалпы үлесі анықталады, біріншіден топтың ішінде бұршақ, астық, әртүрлі шөптер, қияқолең тұқымдастары, содан кейін әр топтың ішінде басым түрлерге ерекше назар аударып, түр құрамын сипаттау жасалады. Өсімдік құрамын сипаттау жыл сайын немесе бірінші шабыс алдында жасалады, сонымен бірге тәжірибе варианттары бойынша фитоценоз құрамының өзгеруін белгілейді.

Табиғи мал азықтық жерлерде күту тәсілдері бар тәжірибелерді қойғанда, әртүрлі агрошаралар әсерінен жүріп жатқан өзгерістерді түсіндіру үшін, шөпотының бастапқы жағдайын білген дұрыс, мысалы су, ауа және қоректену режимдерін бақылауға арналған үстіртін жақсартуда (топырақты өңдеу, ылғал жинау, тыңайтқыштар еңгізу, шөптер себу және т.б.).

Шөпотындағы түрлердің сандық арақатынасы, оның ішінде басым түрлерінде де, осы немесе басқа жылдардағы метеорологиялық жағдайларға байланысты, сондықтан бастапқы жағдайын бағалағанда ерекше назар тәжірибе учаскесіндегі өсімдік және топырақ жамылғысына аудару керек.

Тәжірибені салу жылы жер телімі мөлдектерге бөлінеді, оларда өнімділік, ботаникалық құрамы есепке алынады, ал тәжірибені қою тек алғашқы жағдайы есептелгеннен кейін бірінші шабыстан соң, тәжірибенің мақсаттарына қарай және аймақтың топырақ-климат жағдайларына байланысты, күзде немесе келесі жылдың көктемінде жүргізіледі.

Мөлдектің ең аз мөлшері 100 м2 ұсынылады, кейбір жағдайларда тәжірибені біркелкі ауданда орналастыру мақсатымен есептелетін мөлдек ауданын 50 дейін және кейде 25-10 м2 дейін төрт-алты қайталымда орналастыруға болады.

Топырақты ірі габаритті машиналар мен құралдар қолданып өңдеу тәсілдерін зерттеу тәжірибелерінде, тәжірибе мөлдегінің ауданы 400-500-1000м² дейін артады, сонда екі қайталыммен шектелуге болады, бірақ әрбір мөлдекте ауданы 25-50 м² 2-3 есеп алаңы болу керек, олар тәжірибе өткізудің кезеңінде тұрақты болады.

Өнімді есепке алу жалпы тәсілмен немесе үлгі бауы тәсілі арқылы жүргізіледі, осымен бірге жағдайларға байланысты көк балауса өлшенеді, немесе келтіргеннен кейін, бірақ барлық жағдайда әрбір мөлдектен салмағы 1-2 кг орташа үлгі алынады да стандартты ылғалдылыққа көшіріледі.

Пішеннің сапасын оның ботаникалық құрамы және азықтағы протеин, ақуыз, клечатка, АЭЗ, азықтық өлшемдер, витаминдер және т.б. биохимиялық анализі негізінде, тәжірибенің молекулаларына қарай бағалайды.

Ботаникалық құрамы массасы 100-200 г үлгілерді талдау жолымен анықтайды, олар төрт қайталыммен көшіруге алынған үлгілік баулардан іріктелінеді. Орташа үлгіні қайталымның әрбір мөлдегінен алады, яғни төрт үлгі бауынан алады. Шөптер үлгілерін талдауды жас күйінде жасаған дұрыс.

Табиғи шөп оттарын ботаникалық құрамын анықтағанда тәжірибенің мақсаттарына байланысты зерттелінеді.

а) ең жай жағдайларда төрт ботаникалық топ: астық, бұршақ тұқымдастары, әртүрлі шөптер және қияқөлеңдер, әр топтары басым түрлерді көрсетумен (толық талдау);

б) астық және тұқымдастарды түрлер бойынша талдайды, әртүрлі шөптер мен қияқөлеңдерді жеке топтарға бөледі (жартылай түрдік талдау);

в) барлық үлгіні талдау, мұнда барлық фракцияларды кептіріп өлшейді, тұрақты салмаққа дейін жеткізеді (толық түрдік талдау);

Үлгінің ботаникалық құрамын одан да тиянақты талдау үшін, үлгілерді варианттың әр мөлдегінен алынады, бұл өнімділік мәліметтерінің статистикалық өңдеуін ғана емес, тәжірибе варианттары бойынша топтарының басым компоненттері немесе ботаникалық топтарының өнімділігін анықтауға мүмкіндік береді.

Жайылымдарда шөпотының өнімділігін есептеуді әрбір мал жаю циклінің алдында жүргізеді, бұл үшін 2,5 м² (1×2,5) өлшемдегі 4-8 есептеу алаңдары шабылады, әр шабыста жаңа жерде салынады. Әрбір мал жаю циклі біткеннен кейін малмен желінген көк балаусаны есептеп анықтау үшін, сол тәсілмен өсімдік қалдықтары есептеледі, кейбір жағдайда шөптің қалдықтарының биіктігі негізінде желінген шөпті пайызбен өлшеуге болады.

Жайылымдарда тәжірибелерді жүргізуде зерттелетін тәсілдердің тиімділігін зоотехникалық әдіспен мал шаруашылығы өнімдері бойынша – сүт өнімдері, малдардың салмақ қосуы анықтаған маңызды. Бұл жағдайда тәжірибе үшін тұқымы, жынысы, тірі салмағы, жасы және т.б. көрсеткіштері бойынша малдардың бірдей топтарын таңдайды.

Әрбір салыстырылатын топта 8-10 ірі қара малдан кем болмау керек. Малдардың салмағын өлшеуді ең азы үш рет жүргізу керек – жайылымдық кезеңінің басында, ортасында, және аяғында, ал сүттің сауылуын - әр күн сайын әр сиырдан, немесе топтар бойынша, бірақ барлық сиырларды кезеңаралық бақылау сауып тұру керек.

Жайылымның өнімділігі алынған мал шаруашылығының өнімі негізінде азықтық өлшеммен саналады, бірақ бұл әдісті тәжірибелерде шабылмалымен бірге қолдану керек.

Жайылымдық тәжірибе малдарды ұстаудың загонды жүйесінде зерттелетін сұраққа және бар мүмкіншіліктерге байланысты үш тәсіл бойынша ұйымдастыруы мүмкін:



  1. Тәжірибенің әр вариантында ашық загонды жүйесі, мұнда жайылымдар мен малдар топтарының саны тәжірибедегі зерттелетін варианттарға тең болу керек.

  2. Әрбір вариантқа бір загон, мұнда малдардың да соншама тобы қажет болады, бірінші вариантта сияқты, бірақ жайылымның ауданы, мысалы сегіз загонды жүйеде сегіз есе аз болады.

  3. Тәжірибе сұлбасының загон ішінде орналасуы, онда жайылым аумағы аздау қажет және тәжірибедегі малдар саны да аз.

Бұндай тәжірибелер загонды көп бағу жүйесін қолданғанда өндірістік жағдайда да қолдана алады, сонымен бірге зерттелетін тәжірибе варианттарын тек қана бірінші, орташа немесе соңғы загонда, немесе тек орташа загонда орналастырған дұрыс.

Ең оттылы өсімдіктер мен олардың қоспаларынының жиынтығын, технология тәсілдерін, бірінші зерттегенде тәжірибелерді мал жаю имитациясымен шөптерді жайылмалы піскенде әртүрлі варианттар мөлдектерінен шабу жолымен тәжірибелерді салуға болады (биіктігі 12-15 см биік емес шөптерге және 20-25 см биік шөптерге).


Бақылау сұрақтары:

1. Сортсынаудағы танаптық тәжірибелерді өткізу әдістемесінің ерекшеліктері?

2. Сортты өндірісте қолдану үрдісінде қандай сортсынау түрлері жүргізіледі?

3. Сортсынау бойынша жүргізілген жұмыстарға қойылатын талаптар (себу, куту, жинау)?

4. Жайылым мен шабындықтардағы тәжірибелерде қандай сұрақтар зерттеледі?

5. Жайылым мен шабындықтарды тәжірибені қою мен өткізудің әдістемесі қандай?

6. Жер учаскесін тәжірибеге дайындау және шөпотының жағдайын бағалау?

7. Жайылым мен шабындықтарда шөп өнімділігін анықтау әдістемесі?

8. Шөпотының ботаникалық құрамын анықтау әдістемесі қандай?

9. Малдарды загонда ұстаудағы тәжірибені қою әдістемесі?

10.Тәжірибелерде жайылымдық шөпті оттату имитациясы қай жағдайларда жасалады?
Дәріс № 11.

Тақырыбы: «Танаптық тәжірибе бойынша құжаттар және есеп беру»

1.Танаптық тәжірибе бойынша құжаттар

2.Танаптық журналдағы кестелердің мысалдары
Танаптық тәжірибені өткізу өте қиын және ұзақ үрдіс, оған көптеген әртүрлі жұмыстар кіреді: тәжірибе учаскесін таңдау, оны дайындау, тыңайтқыштар енгізу, топырақты негізгі және себу алдындағы өңдеулер, себу, күтіп-баптау, өсімдіктердің өсіп-дамуын бақылау, метеорологиялық жағдайды бақылау, өнімді жинау және есепке алу, эксперимент материалдарын өңдеу және тәжірибе сұлбасы мен зерттеулер бағдарламасымен ескерілген басқа бірқатар жұмыстар.

Тәжірибедегі барлық жасалған жұмыстар мен олар жасалған жағдайлар сәйкес құжаттарда есептеліп, жазылып отыру керек.

Жұмыстың бұл бөлігі неғұрлым толық жасалса, соғұрлым тәжірибедегі сандық көрсеткіштерді нақты және дұрыс бағалауға болады, олар өнімділіктің көрсеткіші мен сапасын, өсімдіктердің өсіп-дамуын, өнімділік қалыптасуын сипаттайды, бұл тәжірибе нәтижелерінің мәнін дұрыстап ашып, негізделген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Н.Г. Найдиннің (1968) ойы бойынша, тәжірибелерде құжаттар әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оларда міндетті түрде келесі көрсеткіштер болу керек:

1. Тәжірибе учаскесі туралы толық мәліметтер;

2. Тәжірибе жасалып жатқан жұмыстарды бақылауларды және есептеулерді тәжірибе мақсаттарына сәйкес тіркеу;

3. Мәліметтер жинағын (сведения ) уақытында құру және олардың дұрыстығы;

4. Жазулардың біртектілігі;

5. Тәжірибені басқаратын және оның сапасына жауап беретін адамдар тарапынан жазулардың уақытында және дұрыс болуын қадағалау;

Құжаттардың толықтығы, уақытында толтырылуы, біркелкілігі (типтілігі) және дұрыстығы танаптық тәжірибенің нәтижелерін толық талдауға және тәжірибе бойынша және бірнеше жылдық есептерді жасауды қамтамасыз етеді.

Танаптық тәжірибе құжаттарына қосылатын мәліметтер мазмұны бойынша келесі категорияларға бөлінеді:


  1. Тәжірибе учаскесі (жер бедері, топырақ, шаруашылық тарихы және т.б.), тәжірибе бағдарламасы әдістемесі туралы негізгі мәліметтер. Барлық негізгі мәліметтер тәжірибе қоюдың алдында жасалып, безендірілу керек және тәжірибе мен оның бөлшектері үшін жалпы болады.

  2. Күнделікті жұмыс жазулары, жасалған жұмыстар туралы, бақылаулар мен есептеулер жазылатын ағымды біріншілік құжаттарды жүргізу. Бұл жазулар танапта, лабораторияда немесе бақылау мен есептеулер жүргізіліп жатқанда жасалады.

  3. Есеп және жинақ құжаттарын біріншілік ағымдық құжаттардан жұмыстар, бақылаулар, талдау мен есептеулер туралы өте маңызды мәліметтерді көшіру арқылы құрастырылады.

Ол құжаттарды танаптық жұмыстардан бос кезде біріншілік ағымды құжаттардағы жазуларды жүйелеу мен жалпылау негізінде толтырады.

Әрбір тәжірибеде біріншілік құжат болып «Егістік жұмыстар мен бақылаулар күнделігі» табылады, ол танаптық сумкада немесе қалтада ұстауға ыңғайлы кітап-дәптерше болуы мүмкін.

Қосымша біріншілік құжаттар болып жұмыс дәптерлері саналады, оларда барлық бақылаулар, талдаулар мен есептеулердің керекті жазулары жүргізіледі.

«Танаптық тәжірибе журналы» өзіне тәжірибенің бағдарламасы, сұлбасы, зерттеу әдістемесі, өткізу жағдайлары, барлық агротехникалық жұмыстар жазулары, бақылаулар мен есептеулердің өңделген нәтижелері, өнімділік және т.б. қорытындылауға, жалпылауға және практикалық ұсыныстар жасауға керекті мәліметтер жинақтайтын құжат болып табылады. Журнал уақытында қара сиямен біріншілік құжаттар негізінде толтырылады, журнал беттері нөмірленіп, тігіліп, мөрленеді және бөлмеде сақталады (лаборатория, жұмыс кабинеті).

Барлық мәліметтер журналда басқаларға оңтайлы және түсінікті түрде берілу керек, онда танаптық тәжірибедегі негізгі материал кесте, график, жазбаша түрде жинақталу керек.

Көптеген ғылыми мекемелер, мемсортжүйесі есептеулерді реттеу мен стандарттау үшін типографиялық тәсілмен танаптық кітапшалар, көмекші құжаттар, танаптық журналдар, есеп карточкалары және т.б. біркелкі етіп шығарады, бірақ барлық жағдайда танапты журналда келесі мәліметтер болуы керек:



  1. Тәжірибе атауы, нысанасы мен уақыттары;

  2. Тәжірибені натурада (табиғи) орналастырудың сызба-нұсқасы мен жобасы;

  3. Учаскенің сипаттамасы мен тарихы (топырақ, алғы дақыл, тыңайтқыштар және т.б.).

  4. Учаскенің топырақтық, агрохимиялық және басқа сипаттамасы;

  5. Зерттеулер бағдарламасы мен әдістемесі;

  6. Алғы дақылды жинаудан бастап өсімді жинау мен есепке алуға дейінгі тәжірибедегі барлық жұмыстардың тізімі (мерзімі, тәсілдері мен жасалу сапасының көрсетілуімен);

  7. Барлық бақылаулар мен талдаулардың кесте, сызба, сурет түріндегі нәтижелері;

  8. Өсімдікті мөлдектер бойынша гектарға ауыстырғанда және стандарты ылғалдыққа келтіргендегі есептеу нәтижелері;

  9. Маңызды есептеулер, талдауды және өнімділікті статистикалық өңдеу нәтижелері;

  10. Қорытынды, алдын-ала қорытынды мен ұсыныстар.

Бұл материалдардың түсініктемелері және кестелердің үлгілері 2 қосымшада берілген ( 1-17 кестелер).

Жасалған тәжірибелік жұмыс негізінде есеп, мақала, дипломдық немесе диссертациялық жұмыс жасалады және оларға келесі негізгі тараулар қосылады::



  1. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері;

  2. Сұрақтың қысқаша тарихы;

  3. Тәжірибенің сызбанұсқасы, әдістемесі және жағдайлары;

  4. Тәжірибе нәтижелері;

  5. Қорытынды және тәжірибелік ұсыныстар;

  6. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Тәжірибелік жұмыстың біржылдық нәтижелерін келтіргенде немесе әсіресе көпжылдық материалдарды көрсеткенде кестелер, графиктер, диаграммалар, суреттерді және т.б. қолданған дұрыс, сонымен бірге жасалған жұмыстың маңыздылығын көрсету үшін оған статистикалық өңдеу нәтижелерін қосу керек.
Бақылау сұрақтары

  1. Танаптық тәжірибе өткізу барысында қандай құжаттар жүргізіледі?

  2. Тәжірибе құжататрында қандай негізгі бөлімдер көрсетілу керек?

  3. Қандай құжаттар біріншілік және қосымша құжаттарға жатады?

  4. «Танаптық тәжірибе журналы» деген не және оны рәсімдеу, толтыру тәртібі?

  5. Танаптық тәжірибе журналына қандай негізгі мәліметтер енгізіледі?

  6. Тәжірибелерде қандай есептеулер мен бақылаулар жүргізіледі және қандай форма бойынша толтырылады?

  7. Тәжірибелер нәтижелері қандай мақсатта қолданылуы мүмкін және қорытынды жұмыстарға қандай негізгі бөлімдері қосылу керек?


Дәріс № 12.

Тақырыбы: «Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеудің негіздері»

1.Статистикалық өңдеудің жалпы мағлұматы және міндеті

2. Дисперсиялық талдаудың негізі
1. Статистикалық өңдеудің жалпы мағлұматы және міндеті

Егістік тәжірибелер нәтижелері басқада зерттеулердегі тәрізді зертттеу жүргізу үрдісінде қателіктер туындайды, ол тәжірибедегі барлық варианттарды бірдей жағдайға келтіре алмау мүмкіндігіне байланысты. Егістік тәжірибелердің шығуы көзі көп, бірақта олардың ішінде топырақ құнарлығының әртүрлігі, тәжірибе салу, жүргізу және өнімділігін есепке алу әдістемесін бұзу немесе одан ауытқуы көп кездеседі.

Осыған байланысты, танаптық тәжірибелер нәтижелерін қорытындылай отырып, ұқыптылық танытқан дұрыс. Себебі кездейсоқ жағдайлар болуын ұмытпау керек, олар тәжірибенің нәтижелеріне айтарлықтай өзгерістер, тіпті тәжірибе варианттары арасында илюзорлық (кейде жалған, өтірік) айырмашылықтар жасайды.

Түсініксіздіктеріне қарамастан, кездейсоқтықтардың әсері көптеген жағдайда белгілі-бір заңдылықтары болады, оларға математикалық форма жасап және математикалық модель негізінде кейбір статистикалық көрсеткіштерді анықтауға болады, олар тәжірибедегі алынған нәтижелердің дәлдігін және растығын сипаттауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге бір есте сақтайтын жағдай, ешқандай статистикалық өңдеу тәжірибе нәтижелеріндегі қателіктерді жөндеуге ешқандай математикалық амалдар көмектеспейді, себебі мұндағы ұстаным біреу ғана, тәжірибеде не алынды, сол жазылып отыру керек.

Сондықтан, ең бастысы, тәжірибелерді өткізу әдістемесін қатаң ұстанып, дәл мәліметтер алу – ол біріншілік, ал мәліметтерді өңдеу екіншілік сипат алады. Эксперименттердің басты міндеті - әдістемелік негізделген тәжірибелерді қою, ал математикалық статистика тәжірибелерде алынған мәліметтерге дұрыс баға беруге мүмкіндік береді.

Материалдарды өңдеуде бірқатар терминдер қолданылады: өзгергіштік, таңдау, вариациялық қатар және т.б.

Өзгергіштік (варьирование) - әрбір танапта, мөлдекте бір дақылдың немесе сорттың ішінде бір-бірінен биіктігі, массасы, түптенуі, жапырақтануы, масақтағы дәндер саны және т.б. белгілерімен айырылатын өсімдіктер болады, бұл генетикалық белгілердің, әртүрлі сыртқы факторлар әсерінен, кездейсоқ себептердің (есепке алынбайтын) болуы, бұл өзгеретін өсімдіктер танаптарын бағалауда қиындықтар туғызады.

Таңдау – оның басты мақсаты орташа үлгінің статистикалық көрсеткіштері объектілердің жиынтығын сипаттау.

Вариациялық қатар – онда өзгергіштік белгілері арту немесе кему тәртібінде орналасқан.

Сандық өзгергіштік (варьирование) – варианттар арасындағы (өсімдіктер) айырмашылықтар, олар сандық көрсеткіштермен көрсетіледі – биіктігі, массасы, өнімділігі және т.б.

Келесі белгілер қолданылады:

Cv – тәжірибе варианттары бойынша өнімділіктің өзгергіштігі (рассеивание);

Cp – өнімділіктердің өзгергіштігі, қайталымдар бойынша таралуы немесе өзгеруі;

Cz – қалдық таралу (рассеивание), кездейсоқ факторлардан болған өзгергіштік;

Cy – жалпы өзгергіштік, ол варианттар, қайталымдар өзгергіштіктерінің жиынтығын білдіреді, яғни Cy = Cv + Cp + Cz.

Тәжірибе жадығаттары тәжірибені жүргізу және салу әдістемесі дұрыс деп сесептелінеді, егер Cv › Cp; Cv › Cz; және егер Cv › Cp + Cz болса.

Сапалы өзгергіштік – варианттар арасындағы айырмашылықтар сапа көрсеткіштерімен (түсі, дәмі, формасы және т.б.) көрсетіледі.

Еркіндік дәрежесі – тәжірибедегі варианттар саны (l) минус бір (l – 1) және қайталымдар (n) минус бір (n – 1) арасындағы айырмашылық.

Еркіндік дәреже саны мына формула бойынша анықталады: (l – 1)*(n – 1), мұнда

l – тәжірибедегі варианттар саны;

n – қайталымдар саны;

Б.А. Доспехов мәліметтері бойынша (1985) зерттеулер нәтижелерін статистикалық өңдеудің қазіргі кезде бірқатар тәсілдері бар:


  1. Эмпирикалық және теориялық бөліну (распределение).

  2. Белгінің сандық өзгергіштігінде таңдаудың (таңдама) статистикалық сипаттамасын санау

  3. Сапа белгілерін зерттегенде таңдаудың статистикалық сипаттамасын санау

  4. Гипотезаларды тексерудің статистикалық әдістері

  5. Біржылдық және көпжылдық дақылдармен жасалған бірфакторлы танаптық тәжірибе мәліметтерін дисперсиялық талдау

  6. Көпфакторлы танаптық тәжірибе мәліметін дисперсиялық талдау.

  7. Танаптық тәжірибелердегі есептеулер мен бақылаулардың мәліметтерін дисперсиялық талдау.

  8. Корреляция және регрессия.

  9. Тұқымқуалаушылық коэффициентін анықтаулар.

  10. Пробит – талдау.

Атап айтылған әдістердің барлығынан қазіргі кезде ғылыми агрономиялық практикада кең қолданылатыны танаптық тәжірибе мәліметтерін (жанама есептеулер мен бақылаулар мен өнімділік мәліметтерін) талдаудың дисперсиялық әдісі, сонымен бірге корреляция және регрессия.
2 Дисперсиялық талдаудың негізі

Ағылшын математигі мен статистигі Р.А.Фишер (1890-1962) авторы болып табылатын, тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеудің дисперсиялық талдау әдісін қолдана отырып, мынаны анықтауға болады:



  1. Тәжірибе варианттары бойынша және бақылаумен салыстырғандағы өнімділіктің көтерілуі немесе төмендеуінің растығын;

  2. Тәжірибе қатесінің көрсеткішін, тәжірибенің шекті қатесін;

  3. Ең төменгі маңызды айырмашылықты (ЕТА0,95 немесе ЕТА 05);

  4. Тәжірибе дәлдігін (m %).

Статистикалық өңдеу барысында әдетте мынадай терминдер мен анықтаулар қолданылады:

  1. Өнімділіктегі айырмашылық– тәжірибе варианттары бойынша және бақылаумен салыстырғандағы өнімділіктің көтерілуі немесе төмендеуі.

  2. Варианттағы орташа өнімділік–тәжірибе қайталымдары бойынша өнімділіктер жиынтығының қайталымдар санына қатынасы.

  3. Ең төменгі маңызды айырмашылық (ЕТА0,95 немесе ЕТА 05) – мұнда 0,95 – мүмкін болу жағдайы, тәжірибе мәліметтері 95 жағдайда рас және тек қана 5 жағдайда жалған (дұрыс емес, қате) екенін білдіретін, есептеу тәсілімен анықталатын көрсеткіш. ЕТА 05 көрсеткіші – тәжірибенің шекті қатесі, яғни 5% маңыздылық деңгейінде тәжірибеде 5-пайызды қателік болуына рұқсат етіледі. Тәжірибе варианттары бойынша өнімділік көрсеткіштерін бақылаумен салыстырғанда, егер олар ЕТА 05 көрсеткішінен жоғары болса, қосымша өнімді рас деп айтуға болады.

  4. Дисперсия - тәжірибе мөлдектері бойынша өнімділіктердің барлық тәжірибедегі орташа өнімділіктен ауытқуы. Дисперсия деп тәжірибелердегі өнімділіктің өзгергіштік (варьирование) түрлерінің орташа мән көрсеткіші (орташа квадрат) аталады. Дисперсия варианттар, қайталымдар және қалдықты (кездейсоқ ) өзгергіштік үшін саналады.

  5. Тәжірибе қатесіm) – қалдықты өзгергіштік дисперсиясы арқылы анықталады.

  6. F критерийі немесе Фишер критерийі – варианттар дисперсиясының қалдықты өзгергіштік дисперсиясына қатынасы, ол есеп жолымен анықталатын нақтылы – Fнақты және Fкестелік (кестелік) – «F критерийінің 5% - ды маңыздылық деңгейіндегі көрсеткіштері (мүмкін болуы 95%)» кестесі бойынша (қосымша 3) алынады..


Бақылау сұрақтары:

  1. Танаптық тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеудің негізгі міндеттері қандай?

  2. Танаптық тәжірибенің нәтижелерін өңдегенде математикалық статистикада қандай негізгі терминдерді кездестіруге болады?

  3. Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеудің қандай әдістері бар?

  4. Дисперсиялық талдауды жүргізу кезінде қандай негізгі сұрақтар шешіледі? Дисперсия, тәжірибенің қателіктері деген не?

  5. Дисперсиялық талдауды жүргізу бойынша қандай негізгі жұмыс кезеңдері бар?


Дәріс № 13.

Тақырыбы: «Бірфакторлы тәжірибелердің өнімділік мәліметтеріне дисперсиялық талдау жүргізу әдістемесі»

1.Бірфакторлы тәжірибелердің жүргізу әдістемесі
Дисперсиялық талдауды өткізу жүйелігі мен әдістемесін меңгеру үшін, басында бір танаптық тәжірибе мәліметтерін өңдеу мысалында, бұл жұмысты кезеңдеп қарастыру ұсынылады, ал одан кейін өңдеуді өткізудің қысқартылған (концентрлі) түрдегі формасы берілген.

Жұмыстың бірінші кезеңі өнімділік мәліметтерінің құрама кестесін жасаудан және оларды математикалық өңдеуден басталады, оның негізгі мақсаты тәжірибе варианттары бойынша орташа өнімділікті және тәжірибенің барлық мөлдектері бойынша (М) орташа өнімділікті, сонымен бірге бұл көрсеткіштің жинақталған мәнін (А) анықтау болып табылады (1 кесте).


1 Кесте – «Тіршілігінің үшінші жылындағы көпжылдық шөптердің көк балауса өнімділігінің салыстырмалы өнімділігі» тәжірибесіндегі өнімділік мәліметтерін өңдеу мысалы, ц/га*

Дақылдар

Қайталымдар

Қайталымдар бойынша өнімділіктер жиынтығы

Қайталымдар бойынша орташа өнімділік

1

2

3

4

Тарақша еркек-шөп (бақылау)

67,5

73,4

68,8

74,3

284,0

71,0

Құмдақ эспарцет

76,8

84,2

73,7

71,7

306,4

76,6

Егістік жоңышқа

75,5

68,8

71,4

66,1

281,8

70,4

Қылтықсыз арпабас

69,2

71,6

66,3

60,7

267,8

66,9

Тарлау қияқ

34,4

41,9

37,0

41,5

154,8

38,7

Орташа бидайық

39,5

40,8

48,1

43,6

172,0

43,0



362,9

380,7

365,3

357,9

∑∑

Q=1466,8


ср – 366,7



Тәжірибедегі дақылдардың келесі сорттары зерттелді: еркекшөп Батыр, эспарцет Шортандинский 83, көк жоңышқа Фестивальная 85, арпабас Лиманный, қияқ Шортандинский, бидайық Дамсинский.

∑ - варианттар бойынша өнімділіктер жиынтығы, ц/га

∑∑ (Q) - қайталымдар бойынша өнімділіктер жиынтығы, ц/га

ср – қайталымдар бойынша орташа өнімділіктер жиынтығы, ц/га



М – тәжірибе бойынша орташа өнімділік, ц/га.

Учаскенің құнарлылық және басқа көрсеткіштері бойынша жақсы тегістелу жағдайында және тәжірибелерді қою мен өткізу әдістемесін ұстанғанда, қайталымдар бойынша өнімділік қатты өзгермеу керек.

Екінші кезеңде– орташа жинақталған өнімділіктен ауытқуларды есептеу өткізіледі, оның негізгі мақсаты 1 кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, келесі көрсеткіштерді алу үшін есептер шығару:

  1. тәжірибе қайталымдары бойынша жинақталған орташа өнімділіктен ауытқу (А=61);

  2. тәжірибе нұсқалары мен қайталымдары бойынша өнімділіктің жинақталған орташа өнімділіктен ауытқуы;

  3. тәжірибе қайталымдары бойынша ауытқулар жиынтығын (Р1);

  4. тәжірибе варианттары бойынша ауытқулар жиынтығын (V1);

  5. тәжірибе варианттары мен қайталымдары бойынша ауытқулар жиынтығын (q).

Тәжірибе бойынша есептелген орташа өнімділік (кесте 1) М=61,1 нөлге дейін немесе толық санға дейін дөңгелектенеді (қарастырылып жатқан мысалда А=61 алынды) және өнімділік мәліметтерінен ауытқулар жиынтығы V1, Р1 және q. есептеледі (кесте 1). 2 және басқа кестелерде 1 кестеде келтірілген тәжірибе мәліметтері қарастырылған).
2 кесте – Жинақталған орташа өнімділіктен ауытқуларды санау мысалы (1 кестедегі мәліметтерді есептеулер жалғасы)

Тәжірибе варианттары

Қайталымдар

Ауытқулар жиынтығы, V1

1

2

3

4

Еркекшөп (бақылау)

+6,5

+12,4

-7,8

+13,3

+40,0

Эспарцет

+15,8

+23,2

+12,7

+10,7

+62,4

Жоңышқа

+14,5

+7,8

+10,4

+5,1

+37,8

Арпабас

+8,2

+10,6

+5,3

-0,3

+23,8

Қияқ

-26,6

-19,1

-24,0

-19,5

-89,2

Бидайық

-21,5

-20,2

-12,9

-17,4

-72,0

Р1 жиынтығы

-3,1

+14,7

-0,7

-8,1

q=+2,8


Егер есептеулерде қате жіберілсе, онда q көрсеткішінің мәні, тәжірибе қайталымдары бойынша (горизонталь бойынша) ауытқулар жиынтығы Р1 және вертикаль бойынша варианттардың ауытқулар жиынтығы V1 сәйкес келу керек.

Жұмыстың үшінші кезеңінде ауытқулар квадраттарының есептеулерін жүргізу және өзгергіштіктің түрлерін келесі көрсеткіштерді алу үшін анықтау:



  1. тәжірибенің барлық варианттары мен қайталымдары бойынша ауытқу квадраттарын;

  2. тәжірибе варианттары мен қайталымдары бойынша квадраттар жиынтығын ∑ а2 = V12;

  3. тәжірибенің барлық қайталымдары бойынша квадраттар жиынтығын ∑∑ а2

  4. тәжірибенің барлық варианттары бойынша квадраттар жиынтығын ∑V12;

  5. тәжірибенің варианттары мен қайталымдары бойынша ∑Р12 және q2 квадраттар жиынтығын Р12 (кесте 3).

Кесте 3 – Ауытқулар квадраттарын есептеу мысалы (1 кестедегі мәліметтерді есептеулер жалғасы)



Тәжірибе варианттары

Қайталымдар

∑ а2

V12

1

2

3

4

Еркекшөп (бақылау)

42,2

153,8

60,8

176,9

433,7

1600,0

Эспарцет

249,6

538,2

161,3

114,5

1063,6

3893,8

Жоңышқа

210,2

60,8

108,2

26,0

405,2

1428,8

Арпабас

67,2

112,4

28,1

0,1

207,8

566,4

Қияқ

707,6

364,8

576,0

380,2

2028,6

7956,6

Бидайық

462,2

408,0

166,4

302,8

1339,4

5184,0

∑ а2

1739,0

1638,0

1100,8

1000,5

∑∑ а2 = 5478,3

∑V12 = 20629,6

Р12

290,0

273

183,5

166,7

∑Р12=913,0

q2 = 7,8

Есептеулер қорытындысы бойынша:



  1. ∑∑ а2 = 5478,3

  2. ∑V12 = 20629,6

  3. ∑Р12=913,0

  4. q2 = 7,8

Әдістемені ұстанып өткізілген тәжірибелерде, V12 квадраттар жиынтығы∑Р12 квадраттар жиынтығынан жоғары болу керек, яғниV12 >∑Р12.

Төртінші кезең - өзгергіштіктің (дисперсиялар) түрлерін анықтау, жоғарыдағы кестелер мәліметтері негізінде төмендегі көрсеткіштерді есептеу үшін жүргізіледі:

  1. түзету факторын анықтау (ℓ);

  2. тәжірибедегі өнімділіктің жалпы өзгергіштігін анықтау (Су);

  3. варианттар жасайтын өнімділік өзгергіштігін анықтау (Сv);

  4. қайталымдар жасайтын өзгергіштік көрсеткішін анықтау (Ср);

  5. кездейсоқ себептермен жасалған, қалдықты өзгергіштіктің көрсеткішін анықтау (Сz).

Түзету факторы – төмендегі көрсеткіштерді түзететін тұрақты шама.

Жоғарыдағы көрсеткіштерді есептеудің әдістемесі және мысалдары:



ондағы

С – түзетуші фактор;

q2 – 3 кестеде есептелген көрсеткіш;

n – тәжірибедегі мөлдектер саны (тәжірибедегі варианттар санының (ℓ) қайталымдар санына көбейтіндісі (n) немесе n = ℓ х n = 6х4 = 24, сонда



С =

Су = ∑∑ а2 – С, мұнда

Су – тәжірибедегі өнімділіктің жалпы өзгергіштігінің көрсеткіші;

∑∑ а2 – квадраттар жиынтығы ∑ а2;

С – түзетуші фактор.

Су = ∑∑ а2 – С = 5478,3-0,33=5478



Сv – варианттар бойынша өзгергіштік мына формула бойынша анықталады:

ондағы

∑V12 –варианттар бойынша квадраттар жиынтығы (кесте 3);



n – қайталым саны;

Сv =

Ср – қайталымдар жасайтын өзгергіштік шамасы, мына формула бойынша анықталады:



Ср = ондағы

∑Р12 – квадраттар жиынтығы Р12 (кесте 3);



1 – тәжірибедегі варианттар саны;

Ср =

Сz – қалдықты өзгергіштік мына формула бойынша есептеледі:

Сz = Су – Сv + Ср, мұндағы барлық шартты анықтаулар жоғарыда айтылған, ал абсолютті көрсеткіштер жоғарыда есептелген.

Есептеу мысалы келесідей болады:

Сz = Су – Сv + Ср = 5478-5157,1+227,9=548,8

Жүргізілген есептеулер келесідей қорытынды сандарды алуға мүмкіндік берді:

Су = 5478

Сv = 5157,1

Ср = 227,9

Сz = 548,8

Сонымен, Сv > Ср, Сv > Сz, бұл - өзгергіштікті тәжірибе варианттары жасайтынын, қайталымдар бойынша өзгергіштік те маңызды.

Бесінші кезең - өзгергіштік (дисперсиялар) түрлерінің орташа шамаларын есептеу келесі әдістеме бойынша жүргізіледі:

Әртүрлі өзгергіштіктердің орташа шамаларын анықтау, өзгергіштік шамалары (Сv, Ср. Сz) еркіндік дәреже санына бөлінеді.



  1. ℓ-1 – варианттар үшін еркіндік дәреже саны, (варианттар саны минус 1=5);

  2. n-1 – қайталымдар үшін дәрежелер саны (қайталымдар саны минус 1=3);

  3. (ℓ-1) (n-1) – қалдықты өзгергіштік үшін еркіндік дәреже саны = 5х3 = 15;

  4. орташа мәндері (дисперсия)


Варианттар бойынша өзгергіштік = ондағы

ℓ - варианттар саны.



Қайталымдар бойынша өзгергіштік = ондағы

n – қайталымдар саны.



Қалдықты өзгергіштіктің орташа шамасы

δ =

4 кесте – Дисперсиялық талдау нәтижелері



Өзгергіштік түрлері

Шама

Еркіндік дәреже саны

Орташа мәні (дисперсия)

Критерий

Нақты

Кестелік

Су-жалпы

5478

-










Сv – вариант

5157,1

5

1031,4

13,4

2,9

Ср – қайталым

227,9

3

75,9

2,1

3,29

Сz (δ)- қалдықты

548,8

15

36,6

-

-


Бақылау сұрақтары:

  1. Өнімділік мәліметтерін өңдеудің және есептеудің маңызы неде ∑, ∑∑ (Q), ∑ор., М?

  2. v1, жиынтық р1 және q ауытқуларын есептеудің маңызы неде?

  3. Ауытқулардың екі еселенген мәндерін есептеудің әдістемесі қандай және алынған нәтижелер негізінде қандай қорытынды жасауға болады?


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет