Г. Д. Рыскелдиева М. Т. Иманбаева С.Қайыпжанқызы



бет13/230
Дата07.02.2022
өлшемі1,83 Mb.
#90146
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   230
Байланысты:
мұғалім кітабы 8 сын әдеб

Бейне өлең. Табиғат немесе өмірдің кез келген құбылысын суреттеуге арналған, т б.
5. Шумақ түрі анықталады. Төмендегі шумақ түрлерінің қайсысына жатады? Шумақ дегеніміз – аяқталған синтаксистік құрылым.
6. Тармақ – өлеңнің әр жолы.

  • Екі тармақты шумақ.

  • Үш тармақты шумақ.

  • Төрт шумақты шумақ.

  • Бес тармақты шумақ.

  • Алты тармақты шумақ.

  • Жеті тармақты шумақ.

  • Сегіз тармақты шумақ қайсысына жатады?

  • Ерікті өлең.

7. Бунақ түрлерінің қайсысына жатады? Бунақ – өлеңнің белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.

  • Бір бунақты өлең.

  • Екі бунақты өлең.

  • Үш бунақты өлең.

  • Төрт бунақты өлең.

Ескерту:
1). Бір бунақты өлеңге 3, 4 не 5 буынды тармақтан тұратын өлеңдер жатады.
2). Екі бунақты өлеңге 6, 7, 8, 10 буынды тармақтан тұратын өлеңдер жатады.
3). Үш бунақты өлеңге 9, 11, 13 буынды тармақтан тұратын өлеңдер жатады.
4). Төрт бунақты өлеңге 14, 15, 16, 18 буынды тармақтан тұратын өлеңдер жатады.
Мысалы:
Атам бар менің \5\
Ақбасты шыңдай \5\
Атам бар менің \5\
Сақалы қудай. \5\
(Р.Ғамзатов)
8. Өлеңнің буын саны анықталады. Ол сөздегі дауысты дыбыстарға байланысты, яғни сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Оның түрлері:

  • Тоғыз буынды өлең

  • Он буынды өлең

  • Сегіз буынды өлең

  • Жеті буынды өлең

  • Алты буынды өлең

  • Аралас буынды өлең

  • Көп буынды өлең

9. Өлең ұйқасы анықталады. Ұйқас дегеніміз – тармақтың соңғы сөздерінің өзара үндесіп айтылуы. Ол өлеңнің бүкіл өн бойымен тамырлас. Ұйқас түрлері:

  • Қара өлең ұйқасы: А А Б А

  • Егіз ұйқас: А А Б Б

  • Шалыс ұйқас: А Б А Б

  • Ерікті ұйқас: А Б В Г

  • Аралас ұйқас: А А Б В Б В Б

  • Шұбыртпалы ұйқас: А А А А

  • Аттамалы ұйқас: А Б В Б

10. Сөз сыры. Мұнда өлеңде қолданылған сөздердің мағынасы анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет