Топтық жұмыс. Бірлескен оқылым «ДЖИГСО» тәсілі 1-қадам. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтап, тақырып бойынша білімді өзектендіреді;
2-қадам. Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алады:
Оқу жылының басталуы. Мұғалім сауалы. Кейіпкер әңгімесі. Айға сапар.
Айға орналасу. Айдағы құбылыстар. Тіршіліксіздік.
Айдағы жасырынбақ
Әке әңгімесі. Қоршаған ортаны қорғау.
3-қадам. Сараптау топтарына қайта бөлінеді (1-бөлікпен жұмыс жасағандар бір топқа, 2-бөлікпен жұмыс жасағандар екінші топқа, т.с.с.).
4-қадам. Сараптау тобында өздері оқып шыққан үзіндіге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізудің жолдарын белгілейді.
5-қадам. Өз топтарына барып, сараптау тобында талқылап келген тапсырмасын түсіндіреді, өзара сұрақтар қояды.