Г. К. Андабаева КӘсіпорын экономикасы


Еңбек өнімділігі және оны жоспарлау



бет13/25
Дата08.02.2022
өлшемі178,05 Kb.
#122794
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
andabaeva gk ksiporyn ekonomikasy



Еңбек өнімділігі және оны жоспарлау


Еңбек өнімділігі еңбек шығындарының тиімділігін, нәтижелігін сипаттайды және жұмыс уақыты бірлігіндегі өндірілген өнім көлемімен немесе өндірілген өнім, орындалған жұмыс бірлігіндегі еңбек шығындарымен анықталады.
Өнімділіктің екі түрі бар: тірі жан еңбегінің өнімділігі және қоғамдық (жиындық) еңбек өнімділігі. Тіріжан еңбегінің өнімділігі әрбір жеке өндірістегі жұмыс уақытының шығындарымен анықталады, ал қоғамдық (жиынтық) еңбек өнімділігі тіріжан және затқа айналдырылған (өткен) еңбек шығындарымен анықталады.
Барлық халық шаруашылығына қытасты қоғамдық (жиындық) еңбек өнімділігі материалды өндіріс саласындағы жұмыспен қамтылған – бір адамға шаққандағы ұлтық табыс ретінде есептелінеді. Кәсіпорындарда еңбек өнімділігі тек тіріжан еібегі шығынының тиімділігі ретінде анықталады және араларында кері пропорционалды байланыстық бар өнімділік және өнімнің еңбек сыйымдылығы
көрсеткіштері арқылы есептелінеді.
Өнімділік (Ө) – нақты кезең ішіндегі (сағат, смена, ай, квартал, жыл) жұмыс уақыты бірлігінде өндірілген өнім көлемі немесе орташа тізімдік бір қызметкерлерге немесе жұмысшыға шаққандағы өндірілген өнім көлемі. Ол өндірілген өнім көлемінің (Vөнд) сол өнім өндірісіне кеткен жұмыс уақыты шығынына (Т) немесе қызметкерлердің (жұмысшылардың) орташа тізімдік санына (Сорт) қатынасы арқылы анықталады

Ө = Vөнд/T немесе Ө = Vөнд/ Сорт (4.1)


Сағаттық өнімділікті есептегенде жасалған адам-сағат құрамында смена ішілік тоқтап қалулар ескерілмейді, ал күндік өнімділікті есептегенде жасалған адам-күн құрамында толық күндік тоқтап қалулар мен шықпай қалулар ескерілмейді, тіріжан еңбегі өнімділігінң деңгейін дәл сипаттайды.


Өндірілген өнім көлемі натуралды, құндық және еңбек өлшем бірліктері арқылы есептелуі мүмкін, сәйкесінше өнімділікті анықтаудың үш тәсәлі бар: натуралды (шартты – натуралды), құндық және еңбек (жұмыс уақытының нормалануы бойынша).
Еңбек өнімділікті есептеудің натуралды көрсеткіштері дәл және жоғары дәрежеде оның мәніне сәйкес келеді, бірақ оны пайдалану саласы шектеулі. Натуралды көрсеткіштер – газ, көмір, мұнай, электроэнергетика, орман және т.б. шарауашылықтарда, ал шартты- натуралды көрсеткіштер – тоқыма, цемент өнеркәсібінде, металлургиясаласында, минералды тыңайтқыштар өндірісінде және т.б. қолданылады. Өнімділікті анықтаудың құндық тәсілі тек тіріжан еңбегі шығынының өзгерісін ғана емес, сонымен бірге өндірістік бағдарламадағы ауытқуларды, бағаның өзгерісін және т.б. ескереді және пайдалану саласына байланысты жалпы, тауарлы, өткізілген және таза өнім көрсеткіштері арқылы анықтауға болады. Еңбек өнімділігін өлшеудің еңбектік тәсілі еңбек сыйымдылығы көрсеткішін пайдалануды қамтиды.
Еңбек сыйымдылығы (ЕС) өнім бірлігі өндірісіндегі тіріжан еңбегінің шығындарымен сипатталады. Ол өндіріс көлемі мен еңбек шығындарымен сипатталады. Ол өндіріс көлемі мен еңбек шығындарының арасында тікелей байланыстылықты қамтиды және оны анықтайтын формула келесідей болуы мүмкін

ЕС =Т/ Vөнд, (4.2)





мұндағы

Т

-

барлық өнім өндірісіне шығындалған уақыт,
норма-сағат, адам-сағат;




Vөнд

-

натуралды өлшем бірлегіндегі өндірілген өнім
көлемі.

Еңбек өнімділігін жоғарлатуды жоспарлауда еңбек өнімділігінің деңгейін сипаттайтын абсолютті көрсеткіштер мен оның өсу динамикасын анықтайтын салыстырмалы көрсеткіштер қолданылады. Еңбек өнімділігінің өсуін жоспарлау тәжірибесінде кеңінен екі тәсіл қолданылады:



  • тікелей есептеу тәсілі өндірістік бағдарламаның (өнімділіктің) еңбек сыйымдылығының негізінде учаскелер, цехтар, жұмыс орындары бойынша еңбек өнімділігін жоспарлауда жоғары дәрежеде қолданады;

  • техника-экономикалық факторлары бойынша жоспарлау тәсілі – толықтай кәсіпорын (фирма) бойынша қолданылады.

Еңбек өнімділігінің өсу факторлары:

  • өндірістің техникалық деңгейін жоғарлату;

  • өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жақсарту;

  • өндіріс көлемінің өзгерісі мен өндірістегі құрылымдық өзгерісі;

  • сыртқы, табиғи жағдайлардың өзегрісі;

  • басқа да факторлар.

Еңбек өнімділігінің өсу резервтері: еңбек ресурстарын үнемдеудің пайдаланылмаған айқын мүмкіншіліктерін қамтиды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет