Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 77
байланысты таңдалып алынады. Сондықтан әр зонаға лайықты реперлердің
конструкциясы жасалынған.
Реперлерді орнатуға ыңғайлы – жер рельефтерінің жоғарғы формалары,
ол ірі түйіршікті және суы аз грунттар немесе жартасты грунттар болуы
мүмкін. Қабырғалық реперлерді қабырғалары жақсы бекітілген ғимараттарға
орнату керек, ол ғимараттар кемінде 7-8 жыл бұрын салынған болсын және
реперлер жер бетінен 0,4-0,6 м биіктікте орналассын. Грунтта бекіту
сапасына қарап реперлер келесідей бӛлінеді: қатарлы, барлық кластың
нивелирлік түзуде әр 5-7км сайын орналасқан және фундаментальды, әр 50-
60 км сайын І және ІІ кластық нивелирлеу түзуінің түйіндерде орналасқан.
Фундаментальды репердің бекіту тереңдігі – репердің тӛменгі жағы
жердің қату шегінен 1м тӛмен орналастырылып, бірақ жер бетінен 2,5м-ден
тӛмен орналаспауы керек; грунттық реперлер үшін бұл шамалар сәйкесінше
50см және 1.3м-ге тең.
7.2 Жоғарғы дәлдікті нивелирлер және инварлы рейкалар Жоғарғы дәлдікті нивелирлер ӛсімшелерді жоғарғы дәлдікпен анықтау
үшін қолданады: кездейсоқ орташа квадраттық қатесі екі жүрістің 1км-не –
0,3-0,5 мм, ал жүйелі қателігі – 0,003-0,005мм болады. Жоғарғы дәлдікті
нивелирлер – бұл: дүрбілерінде деңгейлері бар, дүрбілерінің құлау бұрышын
жоятын, термостатикалық автоматты нивелир дүрбінің үлкейту кӛрсеткіші
25
кіші емес.
Н-0,5 нивелирі мемлекеттік І және ІІ кластық геодезиялық торабын
нивелирлеуге,
геодезиялық полигондарда үлкен дәлдікті қажет ететін
инженерлік-геодезиялық жұмыстарға арналған (14 сурет). Егер нивелирде
компенсатор болса, онда нивелирге К әрпі қосылады, мысалы Н-0.5К,
стабилизатор және компенсатор – бұл арнайы құрал, кӛздеу сызығын
горизонталь деңгейге автоматты түрде келтіреді. Олар цилиндрлік деңгейді
алмастырады.
І және ІІ класты нивелирлеу кезінде Ni 004 «Карл Цейс Йена» жоғарғы
дәлдікті нивелирі, Ni002 компенсаторы бар нивелир және т.б.-лары
қолданылған.