жұттың бір ағайы-
ны –жау,
Ырыс,
ұран,
зұлым
Батыр
Бөрінің орнына қасқыр келді, бірақ шын мәнісінде екеуі
бір-ақ аң: бөрі деген – қасқыр, қасқыр деген – бөрі.Сырттай қа-
рағанда, атау ғана ауысқан тәрізді болып көрінеді. Ал, шын мә-
нісінде... бәрі өзгерді. Кейінгі қасқыр – бұрынғы бөрідей бола
алмады. Ырыс, ұран, батыр болған Бөрі енді қасқыр болып сорға
айналды, ұранға ене алмады, оның ерлігінің өзі қарақшылыққа
саналды. Барлық асқақ сыпат, жақсы қасиет – бөрінің бойында
қалды. Абыройсыз істің бәрі қасқырға телінді. Баяғы құрт пен
шенеден, кешегі бөріден қалған бақ, көшкен рух қасқырға қон-
бапты. Қасқыр – даланың төрт аяқты жыртқыш, қорқау, жебір,
рахымсыз аңы ғана емес, жұттың бір ағайыны – жау екен. Бұрын
батырды бөріге теңесе, енді қадыр-қасиеттен ада зұлым адамды
қасқырға теңейтін болыпты. Дегенмен, қасқыр мен бөрі – атауы
бір, түп негізі ортақ, бір-ақ мақлұқ емес пе? Қасқыр қанша азса
да, оның бөрі атауының ескірмеу себебі неде, қасқырға қашан,
қалай айналғаны туралы ой толғайды.
Жазушы тегінен айырылып, өлексе үшін жұлысып қас-
қырға айналып бара жатқан бүгінгі ұрпағының тірлігіне қапала-
53
нады. Еркіндікті аңсап, дүниеге асқақ қараған Бөрі бабаларының
рухын қайта тірілткісі келіп, аспанға қарап ұлығандай болады.
М.Мағауиннің прозасында қасқырдың символы айрықша
орын алады. Оның аталмыш әңгімесінде автордың «үшінші да-
уысы болып» (Томас Элиот ) көбінесе қасқырдың образы сөй-
лейді. Алайда оның шығармаларындағы осы бір дала тағысы
«Бөрі басы ұраным, бөрілі менің байрағым, бөрілі байрақ көтер-
се, қозып кетер қайдағым» деп Аронұлы Сүйінбай ақын жырла-
ған бөріден мүлде бөлек образдың символы. Жыр алыбы
Сүйінбайдың өлеңін оқығанда тағылық мінезіне ырза болып, да-
ланың апайтөс төсінде ойнақ салған Көк бөрінің образы көз ал-
дыңызға елестейді. М.Мағауин керісінше абайсызда апанға тү-
сіп кетіп, не істерін білмей еркіндігінен айырылып аласұрған
көкжалдың бейнесін мүсіндейді.
«Ал мен көрген сияқтымын. Бөрінің қасқырға емес. Қас-
ыр атанған бөрінің қайтадан әуелгі – бөрі кейпін тапқанын» деп
әңгіменің ішіндегі әңгіме басталады. Қой қораға кіріп кеткен
әлі құрыған аш қасқырды шоқпар емес, сойыл емес, жеңіл аша-
ен соғып алады. Қор болып өлген аш қасқырдың терісін бітеу-
ей сыпырып алады. Бір қасқыр екеу болып шығады: терісі және
өзі. Адам жиіркенерлік қып-қызыл қылып сыртына айналдырып,
құйрығын шұбалтып ілулі тұрған аш қасқырдың түкті терісі мен
қасқырдың тоны сыпырылған жалаңаш денесі деталь қызметін
атқарып, артынан символға айналады. Сорғып, аз-маз кептіріп,
шелдеп, тұздап, малма жағып, неше бүктеп орап, бабына келті-
іп иленген тері қайта тірілгендей болды.
«Мен керіскедей бөріні арқасынан ептеп сипадым. Жүні
қатқыл, бірақ алақанға жайлы. Мерейлі жылу бар. Қолымды
әрең айырып, сәл-пәл шегініп, бажайлай, сүйсіне қарап тұрдым.
Бар бітісімен айбынды әрі әсем еді. «Нағыз ал бөрі!» – дедім
мен атамның соңғы сөзін қайталап». Ырсиған, арық, қу сүйек
қасқырдың жалаңаш денесі мен иленген теріні бір-біріне анти-
теза формасында қарама-қарсы алады. Ырсиған қасқырдың жа-
лаңаш денесі қандай аянышты болса, жаны жоқ, тіпті ішкі мүр-
десі де жоқ иленген тері анағұрлым айбарлы шыққан. Автор-
дың айтпағы кешегі арық, жалаңаш дене жаңа бір күш-қуатқа
еніп, өзінің мына, әуелгі қалпына түскен тонын қайтадан кисе не
54
болар еді? Нағыз дауыл бөрі болар еді деп түйіндейді. Байыптап
қарасаңыз, сыпырылған – тері емес, Рух! Кешегі қызыл бөрі, көк
бөрінің бүгінгі ұрпағы өзінің әуелгі қалыбын табуы үшін, тек
жүрек қана басқаша соғуы керек! – деп ұран тастайды автор.
«Ендеше, әңгімеміздің аты «Қасқыр» емес, «Бөрі» бол-
сын» деп, автор «Қазақтың қасқыры – қасқыр емес, шене, құрт
кезінде, яғни бағзы заманда әлемдегі ең айбарлы аң болған» деп
басталатын шағын әңгімесінің БӨРІ туралы басын қайталау
формасымен қайтадан береді. Тек соңғы аяқталуын ғана «...
арада елу жыл өтті... Қасқыр қайтадан бөрі атанды... ..қасқыр-
дың қайтадан бөріге айналғаны туралы менің немерем Бату жа-
зады.» деп, өзгертіп беріп, келешекке аманатқа қалдырады.
Шағын ғана әңгіменің үшінші бөлімін «ҚАСҚЫР» деп
алып, қайтадан шегініс арқылы «...Әлі құрыған, аш қасқыр
екен...» деп, аш қасқыр туралы үзінділерді қайталаумен бере
келіп, тек қана соңын, «...бүкіл ұрпағымның тағдырын тәлкекке
бере алмаймын. Қасқырда келешек жоқ. Демек, «БӨРІ» – деп
басынан бастап, үшінші мәрте бөрі туралы мәтін қайталап бе-
ріледі. Тек соңын «Ал, әңгіменің роман-эпопеяға айналған, ме-
нің немерем Бату биікке көтерген жаңа нұсқасын елу жылдан
кейін оқисыз. Тек ...сол ерекше шығарманың аты да «ҚАСҚЫР»
болып шықпағай... Қауыпсіздік шарасы ретінде «БӨРІ» атауын
біржола бекітеміз. Әңгімеміздің аты – БӨРІ» деп аяқтайды.
Авторлық таным сеніммен аяқталады. Өйткені... Арғы
атам – Ер Түрік. Біз Қазақ еліміз!. Бөрі әулетіміз.Қайта оянған
сана, ұрпағына оралған ежелгі рух мағынасын астарлайтын
алдағы елеулі туындының кіріспесі іспетті. Бұл шығарма то-
лыққанды көркемдік құбылыс. Азаттықты, батырлықты, өжет-
тікті бөрінің бейнесімен беру ұлттық ұғымға жақын болғандық-
тан ғана жазушы дала тағысының образына қызығушылық та-
нытып отырған жоқ. Әңгімедегі Бөрінің символы суреткердің
азапты
ізденісінен
туған
бүгінгі
заманның
көрінісі.
«Қасиетті Көкбөрі» ұғымын жаңғыртып қана қоймай жалғас-
тыруды келешек ұрпаққа аманат етіп отыр.
М.Мағауиннің «Қасқыр – Бөрі» әңгімесі, қазіргі қазақ әң-
гімесіне құрылымдық, түрлік өзгешелік әкелген соны туынды
55
болып табылады. Сондықтан бұл әңгімені – біз
Достарыңызбен бөлісу: |