Тұнбалар мен қайнатпаларды алу принциптері. - Екі араласпайтьн сұйықтықта (су мен бензол) үшінші затты (J2) ерітсек, ол еріткіштер арасында белгілі түрде таралады. 3-ші заттың концентрациясы аз және оның бөлшектерінің өлшемдері екі фазада бірдей болса, оның жүйедегі концентрациясын арттыру екі фазадағы осы заттың коңцентрацияларын пропорционалды түрде өсіреді.
- Таралу заңы: Берілген температурада 3-ші компоненттің тепе-теңдіктегі екі сұйық фазалардағы концентрацияларыньң қатынасы - тұрақты шама.
- Дәрілік заттардың ең ірі көзі - өсімдіктер болып табылады.
- Қазіргі кезде өсімдіктерден жеке түрде табиғи
- биологиялық белсенді заттар
- (ББЗ) - алкалоидтар, витаминдер, сонымен қатар
- галендік және жаңа галенді препараттар алынады.
- Дәрілік өсімдіктердің және олардан алынатын фитопрепараттардың синтетикалық препараттарға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Олардың кұрамыпда биологиялык белсенді заттардын комплексі болады: ағзаға жұмсақ әсер етеді; қолданған кезде жанама әсер көрсетуі сирек жәие экономикалық тиімді.
- Өсімдіктерді, препараттарды алу кезінде, экстрактивті заттармен бірге көптеген баллансты заттар да сығындалады. Дәріханада әдетте өсімдік шикізатынан тек кана сулы сығындылар - қайнатпа мен тұнбалар дайындалады.
- Кейбір еріткіштерде таралатын зат диссоциация не ассоциацияға ұшырауы мүмкін, бұл кезде таралатын заттың эр фазадағы бөлшектерінің өлшемдері әртүрлі болады. Бұл жағдайда Нернст-Шилов теңдеуі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |