Газет 2005 жылдан бастап шығады
№ 23 (50) сәуір, 2018 жыл
«Жүрген жанның артында ізі қалар, Жүйрік өлсе, артында сөзі қалар»
М.ЖҰМАБАЕВ
М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия
МЕКТЕП
ТЫНЫСЫ
БҮГІНГІ САНДА:
- Гимназия директоры Абылай Армияұлымен сұхбат;
- Қалалық «Мен жастарға сенемін!» атты Мағжан оқуы байқауы турасында;
- «Мен жастарға сенемін!» гимназияішілік кеш;
- «Мағжан – мәңгілік өлең» (Мағжан Жұмабаевқа арнау);
- «Медальға лайық мұғалімдер» (құттықтау);
- Біздің жетістіктеріміз.
Тұранға қарап тәңірге сыйынып таңнан,
Булыққан арман, сыр қалды бұйығып жалған.
Торғын жыр қалды толқындай ирелең етіп,
Қабағында қазақтың түйіліп қалған.
Алаш деп арға салып анықтың жүзін,
Арқаңа арттың қамыққан халықтың мұңын.
Алысқа қарап арыстан жастарға сендің,
Намысқа қарап өлшедің даңқтың құнын.
Өрт тағдыр от кеуде қанжарын сұққан,
Алашқа ақпар айтамын атырап жұрттан.
Өлеңді азап көреміз біздер әйтеуір,
Мағжандай болмасақ та запыран жұтқан.
Сұм өмір – өзің айтқан зарлық-мұң неткен,
Хан Кененің басынан қарғып бір кеткен.
Сенің жырың – шерлі жыр шертілмей қалған,
Қорқыттың қобызында қалғып бір кеткен.
Тұранның рухы жаңғырып күбір еткенде,
Ұлы күш тербеп кетеді дірілдеп кеуде.
Мағжанның жыры аспанды кернеп кетеді,
Арғымақтардың тұяғы дүбір еткенде.
(1893-1938)
ТҰРАН РУХЫ
№93 гимназияның қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Асылбек Мұратұлы Сүлейменов
Мағжан оқуы байқауының «Күншығыстан таң келеді – мен келем» номинациясы бойынша 1-орын иегері
- Сәлеметсіз бе, сізден алып отырған алғашқы сұхбатымыз болғандықтан гимназиямызға қош келдіңіз дейміз!
- Рақмет!
- Гимназиямыздың дамуына үлесіңіз үлкен болады деген сенімдеміз. Біздің гимназиямызға басшы болып тағайындалғаныңызға жарты айдың ғана шамасы болды. Алғаш гимназия табалдырығын аттағандағы сезіміңізбен бөлісе отырсаңыз.
- Гимназиямызда жылда дәстүрлі түрде аталып өтілетін Мағжан күні шарасына байланысты болашақта басқа қандай жоспарларыңыз бар?
- Енді, биылғы жылды ақынның 125 жылдығы болғандықтан «Мағжан жылы» деп атап, барлық іс-шараларды қосып, тек қана бір күндік іс-шара емес жыл бойы өткізілетіндей етсек. Барлығы алдағы күннің еншісінде. Қазір мұғалімдер шығармашылық топ құрып жұмыс жасап жатыр.
- Мазмұнды сұхбатыңызға көп рақмет. Жаңа шығармашылық топпен, жаңа ұжыммен жетістікке жете беріңіз!
«АРТҚЫ КҮНГЕ АНЫҚ ҚАЛУҒА ЖАРАЙТЫН СӨЗ - МАҒЖАННЫҢ СӨЗІ»
Мұхтар Әуезов
- Көп рақмет. Гимназиямызда алғаш жұмысыңызды бастаған күннен үлкен қалалық іс-шара - Мағжан оқуы байқауы өтті. Оның басы-қасында өзіңіз жүрдіңіз. Бауқаудың өтуі жайлы, жүргізілген жұмыс барысы туралы айтып кетсеңіз?
- Әрине, бұл іс-шараның өтетіндігінен барлықтарыңыз хабардарсыздар. Биыл Республика бойынша Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы аталып өтуде. Бұл іс-шара қалалық білім бөлімің әдістемелік кабинетімен бірлесіп, жылдың басында жоспарланған. Мен келмей тұрып, барлық ережелері, талаптары жоспарға қойылып, тек қана өткізілуі ғана тұрған болатын. Сондықтан мен өткізіп тастадым дей алмаймын. Осындағы жалпы біздің ұжым бірігіп, ат салысып жасаған үлкен бір іс-шара болды. Бұл іс-шараға қаланың көптеген мектептерінен ұстаздар, ҚарМУ-нен ф.ғ.д., профессор Рахымов Берік Серікбайұлы, «Өрлеу» БАҰО АҚ аға оқытушысы Смагулова Ғазиза Ғабдоллаевна, Қарағанды облысы тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері Жаканова Жупар Рыскуловна, «Бірінші Қарағанды» телеарнасының бас редакторы Мұсабеков Алмас Дарханұлы, ақын, «Достық аймағы» журналының қазақ бөлімінің редакторы Шалқар Жәлел, ақын, «Жазушылар одағының» мүшесі Қайрат Асқар тағы басқа қонақтар қатысты.
Бірінші отырыс, яғни дөңгелек үстел ретінде болды. Онлайн режиміне қосылып, оны қала мектептерінің барлығы көруге мүмкіндік алды. Өте жақсы ойлар айтылды, тың деректер талданды. Жалпы Мағжанның өмірі, шығармашылығы мен педагогикасын зерттеп жүрген ғалымдар, оқушылар өздерінің ойларын ортаға салды. Қойған мақсатымызға жеттік деген ойдамын, «сырт көз сыншы» сырттың бағалауынша іс-шара жоғары деңгейде өтті.
/Редакциядан: Қалалық Мағжан оқуы байқауының өту барысы жайлы гимназия директоры
Абылай Армияұлымен болған сұхбат, сұхбаттасқан 6 «Б» сынып оқушысы Меңдіғаз Зейнолла/
- Әрине, сезімді толық жеткізу адамға оңай емес. Жақсы жұмыс, жақсы бір ортаға келіп жатқаным - қуанышты жағдай. Бірақ алғашында алаңдаушылық сезім болған сияқты. Жалпы бұл гимназияны бұрыннан білемін. Осы ұжымның мұғалімдерімен серіктестік, әріптестік жұмыс жасағаным да бар. Сондықтан осындай бір үлкен ұжым, киелі шаңырақ - Мағжанның гимназиясына келгеннен кейін іштей толқыныс болуы заңдылық. Ертең маған жүктелген осы үлкен жүкті көтеріп, сенімнен шығып, гимназияның төрт аяғын тең бастырып одан әрі биіктете алам ба деген қорқыныш та болды. Ішкі жан дүнием әрине жақсылықты қалады. Жақсы болатынына сендірді. Қазір де сенемін!
«Рухани жаңғыру және Мағжан» дөңгелек үстел
- Өзіңіз айтып өткендей, гимназиямызға көптеген белгілі адамдар табан тіреді. Солардың іс-шара жайлы, Мағжан оқуы туралы ойы қандай болды?
- Аталған адамдар Мағжан гимназиясымен бұрыннан шығармашылық байланыста. Жылдан жылға, күннен күнге іс-шараның деңгейі өсіп келе жатқанын тілге тиек етті. Мысалы, осыған дейін «Мағжан тағылымы» ретінде конференция ұйымдастырылса, осы жолы "Мағжан оқулары" ретінде болды. Сонымен бірге өз ұсыныстарын, пікірлерін білдірді.
2
3
Қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес 28-29 наурыз күндері «М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия» КММ базасында М.Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай қалалық «Мағжан оқулары» өтті.
Байқаудың мақсаты - ұлт рухын асқақтатқан ақын Мағжан Жұмабаев шығармаларының құндылығын, тәрбиелік мәнін насихаттау, бәсекеге қабілетті тұлғаның шығармашылық құзыреттілігін дамыту.
28 наурыз күні Мағжан оқуының іріктеу кезеңі болды. Іріктеу кезеңінен өткен жеті оқушы «Мен жастарға сенемін!» бағыты бойынша Мағжан шығармаларын жатқа оқыды.
2-бағыт. «Күн шығыстан таң келеді, мен келем» жас дарындар, ақын ұстаздар өз шығармашылықтары бойынша бақ сынады.
3-бағыт. «Рухани жаңғыру және Мағжан» тақырыбында қала мектептерінің мұғалімдері арасында эссе байқауы болды.
Жүлдегерлер мен жеңімпаздар білім бөлімінің дипломдарымен, келген қонақтар мен әділқазылар алқасы Мағжан оқуларын өткізуге қосқан үлесі үшін ҚҚББ-нің Алғыс хатымен марапатталды. Қарағанды облыстық «Әнет Баба» мешітінің наиб имамы Абилов Марғұлан Балтабайұлы келіп, Алаш арыстарына, арнайы Мағжан Жұмабаевтың рухына дұға бағыштап, құран оқытылды. Байқауға гимназия намысын қорғап ұстаздар арасынан өз шығармашылығымен бастауыш сынып мұғалімі Бейсенбекова Тұрсын Мұстафақызы қатысты. Ұстаздар арасындағы эссе жазу байқауы бойынша математика пәні мұғалімі Смагулова Камшат Сағатовна қатысып, жүлделі 3-орын иеленді. «Мен жастарға сенемін!» бағыты бойынша Мағжан шығармаларын жатқа оқудан 6 «А» сынып оқушысы Тусупбекова Алуа қатысып, 2-орын иеленсе, «Күн шығыстан таң келеді, мен келем» яғни, өз шығармашылығы бойынша ІІ қалалық «Қасым оқуларының» 1- орын иегері, қалалық «Асыл сөз» байқауының 1-орын иегері Мұхамедназхаров Жаннұр қатысып, 3-орынға ие болды.
Байқаудың әр бағыты бойынша оқушы дайындап, жақсы нәтиже көрсеткен білім беру ұйымдары мен жетекшілеріне алғыс білдіреміз және жеңістерімен құттықтаймыз!
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Э.Сыздықова
1893 жылы 25 маусымда , Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі
Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген.
Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі. Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың
125 жылдық мерейтойына орай, түркі әлемінде 2018 жыл «Мағжан Жұмабаев жылы» болып жарияланған еді. Биыл алты алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы халықаралық деңгейде тойлануда. Түркі халықтарының тегі бір тұтастығы мен бірлігін жүрегінен өткізе жырлаған ақынның бірі де, бірегейі – Мағжан.
МАҒЖАН (ӘБІЛМАҒЖАН) БЕКЕНҰЛЫ ЖҰМАБАЕВ
«МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!»
Кеш гимназиямыздың директоры Жалелов Абылай Армияұлының құттықтау сөзімен басталды. Сахна төріне Мағжан гимназиясымен бірге жасап келе жатқан, шет мемлекеттерге қазақ биін насихаттап жүрген, атағы аспандап тұрған үлгілі «Шолпан би» ансамблінің бишілері шығып, көрермендерді «Ақбаян» биімен бір сүйсінтіп тастады. Қазақ әдебиетінің алыбы Жүсіпбек Аймауытов «Мағжан-ең алдымен, сыршыл ақын. Мағжан не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады» деп айтқандай алаштың әйгілі ақыны Мағжанның жауһар поэзиясы, оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні қазақ тілінде ғана емес, өзге ұлттың тілінде де жазылған.
Мағжанның «Мен жастарға сенемін» өлеңін орыс тілінде Ақмарал Абатова, Дария Тайшубекова «Сүйемін» өлеңінің орыс тіліндегі нұсқасын жатқа оқыды.
Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған Мағжан жыры ән болып Алаш аспанында қалықтап тұр. Мағжанның сөзіне жазылған «Дайдидау» әнін ұстазымыз Жаннұр Әлиқызы әуелете орындады.
4
Мен сенемiн жастарға,
Алаш атын аспанға,
Шығарар олар бiр таңда,
Мен жастарға сенемiн! – деп Мағжан Жұмабаев сенген бүгінгі жастар, байқаудың соңында ән мен жырдан шашу шашып, келген қонақтарға ғажап билерін тарту етті.
Түркі халықтарының бірлігін поэзиясының қалыптасқан алтын арқауы еткен Мағжан Жұмабайұлының жырларын оқушылар ғана емес, осы оқушыларға тәлім беріп жүрген ұстаздар да жатқа оқыды. Мағжан поэзиясы мәңгі өлмес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу-маржан, махаббат, сүйіспеншілік, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп-жұмыр жауһар дүние екендігіне тағы бір мәрте көзіміз жетті.
Кеш соңында, музыка пәнінің мұғалімі Медеубаева Толқын Мұратбековнаның сүйемелдеуімен 2 «Ә» сынып оқушыларының орындауында «Мағжан ұрпақтарының жыры» орындалды. Музыка ырғағымен біздің мақтаныштарымыз, кешегі Мағжан сенген өр рухты жастар – бүгінгі үкілеген үміттер, ертеңіміздің кемел келешегі болатын оқушылар сахна төріне көтерілді. Мағжан гимназиясының білім мен спорт саласының үздіктері, ән мен би өнерінің жұлдыздары, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері сахнаға сән беріп, сап түзеп тұрды.
Бетті дайындаған: Нұрдәулет АЙТУҒАН
5
Бейсенбекова Тұрсын Мұстафақызы,
Бастауыш сынып мұғалімі
М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия
Сараласаң тарихы тұнып тұрған,
Қазақтан талай батыр ұлдар туған.
Қауіп-қатер еліне төнген шақта,
Ойланбастан жауына тура шапқан.
Болмаса қамын ойлар қас батыры,
Қандай күй кешер еді ұлт тағдыры.
Зер салсаң бүгінгідей шат өмірдің,
Тереңде жатыр екен түп-тамыры.
Келген жоқ егемендік өз еркімен,
Батыстан үдей соққан жел өтімен.
Мағжан мен Міржақыптай ұл тумаса,
Жайылып кетер едік жер бетінен.
Ащы уын зар заманның сарқа ішкен,
Елі үшін шыбын жанын пида еткен.
Арыстар мәңгі бақи ортамызда,
Жүреді бізбен бірге, шықпай естен.
Арыстар – алыстағы асқар таулар,
Олар от күндіз-түні лаулап жанар.
Ақиқат пен шындықтың жаршысы боп,
Арыстар мәңгі бақи есте қалар.
Шоқтығы биік таудың бірі Мағжан,
Артында өшпес мәңгі белгі қалған.
Отан сүйгіш азамат болары анық,
«Батыр Баян» дастанын қолына алған.
Ұлы ғалым – педагог, ұлы ақын,
Адам еді өмірде жүзі жарқын.
Талай ұрпақ Мағжанды еске алып,
Іліміне таң қалып, иер басын.
Рұқсат болса, жырды теріп көрейін,
Әр әріптен ұйқас өлең терейін.
Бәлкім шығар, мағыналы мәнді өлең,
Тағылымды, тәрбиелі жанды өлең.
Арқалаған Алашымның арманын,
Аяулы ақын ардақтаған ардағым.
Алыс болмай ауылынан ақиқат,
Абыроймен аттағансың арлы адым.
Мен мұндалар марғасқамсың, маңғазым,
Мұңлы мұңдар момындарға марғау үн.
Мұраң мәңгі мәйегің мен маржаның,
Миллиондарға мәртебелі, Мағжаным.
№92 гимназияның тарих пәні мұғалімі
Утжанов Досжан Нұржанұлы
Алаш білер адал жүрек ақ жаның,
Ұмытпайды ел ешқашан Мағжанын.
Қазақ барда қадірлісің, қымбатты,
Ажыратар сөз маржанын, арзанын.
Сұр жебесін сөздің қадап кеудеге,
Жан жарасын мол мұраңмен емдеген.
Шақырғандай рухани азық ал менен,
Дәру болған қоғамға бұл ендеген.
№77 мектеп-балабақша кешенінің бастауыш сынып мұғалімі Тажина Шолпан Қойшыбекқызы
Қайда кетті деп едім ақжарма жыр,
Ақжарма жыр тізіліп Мағжанда жүр.
Қадірін білетіндер жыр еркенің,
Енді білді Мағжанның кім екенін.
Ақиқаттан өткен шақ тайқып берген,
Азаттықпен Мағжаның қайтып келген.
Поэзияда Мағжан – күн күлімдеген.
Жыры барда жоқтығы білінбеген.
Өрт уақыттың уларын көтермедің,
Қыршын кеткен елі үшін көкем менің.
Уысынан төгілген маржандарын,
Теріп келем жырларын Мағжандардың.
Баянды болмаса да жалған тұғыр,
Мәңгілік Мағжан – өлең, Мағжан – ғұмыр!
Бетті дайындаған: Айым ЕРЖАН
Мағжан - мәңгілік өлең
Қалалық «Мағжан оқуы» байқауының «Күншығыстан таң келеді – мен келем» номинациясы бойынша өз жұмыстарын ұсынған қатысушылар Мағжан есімін жырға қосты. Өлең өлкесінде жүрген дарындардың қаламынан шыққан жырларды оқырман назарына ұсынамыз!
6
Мұхамедназхаров Жаннұр
8-сынып М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия
Ұлтының ойы мен ұлыс мұратын дөп басқан,
Өрісті өнердің кеңістігіне нұр шашқан.
Алаш жұртының амандығын тілеген,
Жастарға сеніп, батасын беріп жол ашқан.
Сөз зергері мұңнан қашап, от өрген,
Өр өлеңі рухымызды көтерген.
Мағжан жырын жастанып ап кей кезде,
Арыстандай айбаттанып кетем мен.
Сұлу жыры жылғалардың сыңғыры,
Сүйіп оқы!
Бір сиқыр деп біл мұны.
Мағжан бабам жасампаздың нақ өзі,
Мағжан бабам жырдың асыл дүлдүлі.
Мақтан етем есіміңді бүгінде,
Бой саламын сен шақырған білімге.
Сеніміңді ақтау үшін жан салып,
Мен өзіңдей ақын болам түбінде.
«№6 Жалпы білім беретін орта мектебі»
Бақтыбай Арай Маратқызы
Алаштың айдыны едің, Мағжан ақын,
Әйгілі дүйім елге ерек атың.
Болғанда мен Бақтыбай немересі,
Өзіңе көңіл жақын, жүрек жақын.
Сен едің Алты Алаштың айдарлысы,
Жастарға сенім берген арман күші.
Тұяғың мұқалмаған, қазанатым,
Жырлардың, жақұт жырдың жолбарысы!
Мен едім ізін басқан ұлы ақынның,
Бәйгеге анам қосқан бір танымын.
Аламанда қалайша мен үнсіз қалам,
Барыммен айтар ойды жырлап тұрмын.
Мағжанның жолы дара, өзі дара,
Бірі еді мыңнан озған саңлақ ұлдың.
Мен дағы көңілімді бұрып қойғам,
Сүрлеуіне түскім кеп өлең-жырдың.
№66 мектеп-лицейінің 11 - сынып оқушысы
Мадибраимова Арайлым
Әр сөзі асыл, жақұт, кесек үні,
Қоғам деп өткен сан жыл, неше күні.
Тарихтан ойып тұрып орын алған,
Қазақтың Мағжан нағыз көсем ұлы.
Еске алсақ толқымаппыз бұрын бұлай,
Қол жазбаң ұлттық құнды туындыдай.
Мәңгілікке ұрпағына аты қалған,
Сүйген ғой сендей текті құлын құдай.
Барша жұрт тәлім алған әр ісіңнен,
Қолдадың ұлт мұрасын намысыңмен.
Тұрмыстан қоғамыңды биік қойып,
Болған жоқ әдебиеттен алыс іргең.
Жасай бер, өткен сайын ғасырлар да,
Сен басқан өшпек емес асыл таңда.
Шығармаң желісіндей желдей есіп,
Жетеді кейінгілер асуларға.
Қолдайды келер буын жазбаңды әлі,
Әңгімең құйқылжыған саздан да әрі.
Күн болып көктен нұрын түсіріп тұр,
Тіріде көзі талып жазғандары.
№36 ЖББОМ 11- сынып оқушысы
Сәулеғұл Сымбат
Мәңгі тағзым ата – баба рухына,
Әрбір ісі, қалған сөзі –қазына.
Ұлы ерлік – ұлт жолында мерт болу,
Есімдері тіреу боп тұр қазақтың көк туына.
Ұлы дала құрсағында өскендер,
Алашым деп жан шыққанша өткендер.
Қазақ атын аспандатып шың – көкке,
Уа, ұрпақтар, баба сөзін сендер ұмыт етпеңдер!
Биіктік бұл, биік деген, міне, осы,
Келешекке мәңгі мұра – Мағжан сөзі.
Тар абақты еш тосқауыл бола алмай,
Өшіруге ұшқын шашқан отты көзді,
Кісен емес қара сөзге тосқауыл,
Жай сөз емес, өшпейтін ол жел, дауыл.
Құдіреті шексіз баба сөзінің,
Қасиет қып қадір тұтқан ұрпақ бұл.
Жалындайды Мағжан сөзі мәңгілік,
Қазақтардың жүрегімен бір соғып.
Жолбарыстай рухы өшпес жастарың,
Мағжан сөзін алды өйткені ұран қып.
Мәңгі жаса, Мағжан сөзі, жаса, Мағжан,
Алашынан ешқашан арылмаған.
Арылмаған алаш сенен, арылмасын,
Қайта қауышып болғанда есен- аман.
7
Редакция ұжымы
Сонымен бірге, тағы бір сүйіншілей жеткен жақсы жаңалығымыз - Қазақстан педагогтар қауымдастығы ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Сала үздігі - 2018» байқауында жұмысы үздік деп танылып, гимназиямыздың бастауыш сынып мұғалімі Мукушева Жанара Нарынбековна төсбелгі иеленді. Сондай-ақ, Жанара Нарынбековна ХХ аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияға орай қаланың әдістемелік жұмысы жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін мадақтамамен марапатталды.
Жанара Нарынбековнаның білім саласына қосып жатқан еңбегінің елене беруіне, жаңа табысқа жете беруіне тілектестік білдіреміз!
2018 жылдың 10 сәуірі күнтізбеде қызылмен белгіленбесе де, қазақ тілі кафедрасы тарихында қызыл күн боп қалары сөзсіз. Оған себеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Орден Сұрағанқызы Қазақстан педагогтар қауымдастығы Төралқасының шешімімен қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттерінің орындалуына және педагогика саласының өркендеуіне қосқан үлесі үшін «Үздік педагог» төсбелгісімен марапатталды. Орден Сұрағанқызын ұжым болып құттықтап, гимназия директоры Абылай Армияұлы көпшіліктің алдында марапатын табыстады.
Осы бір елеулі күнді ескеріп, біз, Орден мұғалімге шығармашылық табыс, отбасына амандық, келер күндеріне сәттілік тілейміз! Еңбегіңіз елене берсін! Әріптестеріңіздің ыстық ықыласына бөлене бергейсіз!
Құттықтаймыз!
Гимназиямыздың үздік оқушысы, қалалық, облыстық пән олимпиадаларының жүлдегері Бажибаев Азат VII ашық қалалық «Vіvаt, талант!» жеке дауыста ән айту конкурсында «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша І орынды жеңіп алды.
Өнерің үстем болсын, Азат!
Музыка пәнінің мұғалімі Толқын Мұратбекқызының жетекшілігімен гимназиямыздың өнерлі оқушылары қалалық «Өнер әлемі» байқауына қатысып келді. «Солист» бағыты бойынша Толқын Мұратбекқызы
2 - орын, «Вокалдық ансамбль» бағыты бойынша гимназиямыздың «АРУ» триосы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Әнші аруларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!
Жалпы білім беретін мектеп, мамандандырылған мектеп-интернат оқушы-лары арасында «Мектеп лигасы» бойынша өткізіл-ген гандболдан облыстық «Ұшқыр доп» турнирінде 39 гимназия командасы
ІІІ орын иеленді.
Жеңістерің құтты болсын, жігіттер!
Команда мүшелері:
Бекеш Ержас,
Жанұзақов Диас,
Кабиров Самат, Көмек Аңсар, Қалқабек
Ерсайын, Қонысбек Диас, Максутбеков Төлеген, Төлеш Диас, Шакимов Дінмұхаммед. Жетекшілері: Тажкеев Нұрхат Маратұлы.
РЕДАКТОРЛАР:
Мөлдір АЛЬЖАНОВА
Рауан БАСПАКОВА
Перизат ҚАБЫЛОВА
АРНАЙЫ КОРРЕСПОНДЕНТТЕР:
Нұрдәулет АЙТУҒАН
Айым ЕРЖАН
МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:
Сабина ФАЙЗУЛЛАЕВА
Айгерім ТЛЕШҚЫЗЫ
Фатима САМАТҚЫЗЫ
МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
100000, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ,
СТЕПНОЙ-4 М/А, 33/2 ҮЙ.
М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ
№39 ГИМНАЗИЯ.
ТЕЛ: 32-68-42,
E-MAIL SHOOL-39 @
KARGOROO.ORG
АЛАР АСУЛАРЫҢ АЛАСАРМАСЫН!
ДИЗАЙНЕР:
Мөлдір АЛЬЖАНОВА
Достарыңызбен бөлісу: |