Гбж (геологиялық барлау жұмыстардың сатылары) сатылары


Қатты пайдалы қазбаларға жер қойнауын өңірлік геологиялық зерттеу



бет2/6
Дата27.09.2022
өлшемі29,41 Kb.
#150969
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ГБЖ сатылары

Қатты пайдалы қазбаларға жер қойнауын өңірлік геологиялық зерттеу
Жер қойнауын өңірлік мемлекеттік геологиялық зерттеу жер қойнауын мемлекеттік зерттеудің негізі болып табылады және ел аумағының жүйелі геологиялық зерттеу жүйесінің, жер қойнауларындағы пайдалы қазбаларды болжаудың негізін құрайтын кешенді геологиялық ақпаратты алу мақсатында жүргізіледі.
Масштабтар бойынша ранжирленген аудандық геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық түсірмелер (далалық, топтық, кешенді, бұрын түсірілген аудандарды зерттеуге дейін, терең геологиялық карта жасау), жер беті, аэрогеофизикалық жұмыстар (тартылыс барлау, магниттік барлау, электрлік барлау, аэрограмма-спектрметрлік), сондай-ақ мамандандырылған жұмыстардың кен кешені:
көлемді, космофотогеологиялық, аэрофотогеологиялық, аэрогеофизикалық, космоқұрылымдық, геологиялық-минералгендік және геохимиялық карта жасау;
жылу, радиооқшаулау, көпаймақтық түсірмелер;
геологиялық-экономикалық, геоэкологиялық зерттеулер мен карта жасау, геологиялық орта мен жер қойнауы мониторингі, жер сілкіністерін болжау, тіректі геологиялық-геофизикалық пішіндердің мемлекеттік желісін құру;
параметрлік және терең ұңғымаларды бұрғылау;
карта жасау, карта-басып шығару жұмыстары, оларды болжамды-минерагеникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету жұмыстары негізгі жұмыс түрлері болып табылады.
Жер қойнауын өңірлік геологиялық зерттеу бойынша жұмыстардың түрлері, масштабтары, кезектілігі мен кешенділігі Қазақстан Республикасының аумақтарын геологиялық зерттеу дәрежесін және экономикалық даму қажеттілігінің дәрежесін есепке ала отырып анықталады.
Жер қойнауын өңірлік геологиялық зерттеу өңірлік геологиялық және арнайы мәнді аудандық және бейімдік жұмыстарының кешенімен функционалдық байланыс кешенін қамтиды. Аудандық жұмыстар мынадай қосалқы сатылар бойынша жүргізіледі:
1-қосалқы саты. Кіші масштабты геологиялық құрама және шолу картасын жасау (масштаб: 1:500000 және одан да ұсақ).
Кіші масштабты геологиялық құрама және шолу (масштаб: 1:500000 және одан да ұсақ) картасын жасауға, зерттелетін аумақтың геологиялық құрылысы және минерагениясы жөніндегі қолдағы бар материалдарды талдауды және қорытындылауды (артықшылықты масштабтар 1:1000000 және 1:200000) қамтитын, қажет болған жағдайда, дала зерттеулерінің минималды көлемдері орындалатын жұмыстар кешені кіреді.
Геологиялық мазмұндағы құрама және шолу карталары, геологиялық атластар, геологиялық-геофизикалық және басқа да бейінді, оның ішінде цифрлық және электронды модельдерінің түпкілікті нәтижесі болып табылады, сондай-ақ ұқсастарымен салыстыру арқылы металлогенді шет аймақтардың және аймақтардың шегінде белгілі бір кешеннің пайдалы кен орындарын анықтау үшін аумақтардың минерагенттік болжамды әлеуетін сапалық бағалау;
2-қосалқы саты. Орта масштабты геологиялық карта жасау (масштаб: 1:200000).
Кешенді жұмыстарды жүргізу арқылы орта масштабты геологиялық карта жасауға (масштаб: 1:200000) геологиялық түсірме, гидрогеологиялық түсірме, инженерлік-геологиялық түсірме, геологиялық-экологиялық зерттеулер, аудандарды геологиялық зерттеулер, терең және геологиялық-минералогиялық карталау жатады, гидрогеологиялық зерттеулер геологиялық-экологиялық және геологиялық түсірмелердің сәйкес түрлерімен бірге орындалуы мүмкін. Осы масштабтағы жұмыстар алдын ала және қоса орындалатын аэрокосмостық, геофизикалық, геохимиялық түсірмелермен, геоморфологиялық, болжау-минерагенитикалық және арнайы зерттеулермен және міндеттердің шешілу дәрежесіне қарай дербес немесе әртүрлі үйлесімділікте орындалатын басқа да арнайы зерттеулермен бірге орындалатын жұмыстар кешені кіреді.
1:200000 масштабты геологиялық-түсіру жұмыстарының нәтижесінде перспективті аудандар (минерагенді аймақтар, бассейндер, кен аудандары, тораптар, көмірлі аудандар) анықталып нобайланады, кен орындарының болашақтары анықталып, бассейн, кен аудан және торап рангінде объектілердің минералдық ресурстарын бағалап, зерттелген аумақтың кешенді бағалау немесе қайта бағалау беріледі.
1:200000 масштабты өңірлік зерттеулердің түпкілікті нәтижесі 1:200000 масштабты геологиялық мазмұндағы полисті карталарды жасау болып табылады;
3-қосалқы саты. Үлкен масштабты геологиялық карта жасау (масштаб: 1:50000).
Үлкен масштабты геологиялық карта жасауға пайдалы қазбалар кен орындарын табу үшін болашағы бар жергілікті аудандар мен құрылымдарды анықтау мақсатындағы жұмыстар кешені кіреді.
1:50000 масштабты жұмыстардың құрамына геологиялық түсірме, аудандарды геологиялық зерттеу, гидрогеологиялық түсірме, геологиялық-экологиялық түсірме, алдын орайтын және сүйемелдейтін арақашықтықтан және жер бетіндегі геофизикалық, геохимиялық, геоморфологиялық, болжамды-минерагендік, арнайы зерттеу немесе ертеректе түсірілген аудандарды зерттеу тәртібінде дербес орындалуы мүмкін басқа да зерттеулер кіреді. Осы масштабтағы геологиялық-түсірме жұмыстары кезінде пайдалы қазбалар тараған учаскелерді зерттеу, анықталған геофизикалық және геохимиялық ауытқулардың геологиялық табиғатын анықтау, минералдық ресурстарды бағалап, белгілі алаптардың, басқа да болжамды аудандардың және болашағы бар учаскелердің жаңаларын бөліп шығару немесе параметрлерін анықтау жүргізіледі.
1:50000 масштабты жер қойнауын аумақтық геологиялық зерттеудің ақырғы нәтижесі міндетті және арнайы геологиялық карталардың кешені, кен алаптарын бөліп зерттелген аумақтың болашағын кешенді бағалау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет