Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


Абай және қазақ ұлтының әдеби тілі



Pdf көрінісі
бет232/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

Абай және қазақ ұлтының әдеби тілі
Қазақ халқының рухани және мәдени өмірінің тарихын-
да ерекше орын алған, биыл, 1995 жылы туғанына 150 жыл 
болғанын бүкіл әлем айрықша атап жатқан ұлы Абайдың есімі 
және бір тұста зор ілтипатпен аталуға тиісті. Ол – қазақтың 
ұлттық жазба әдеби тілінің даму барысындағы Абайдың орны, 
істеген кызметі мен атқарған рөлі. 
Белгілі бір халықтың ұлттық қазынасының бірі – әдеби 
тілі болса, оның тағдыры мен табысы жазушы, ақын атанған 
алыптардың
 
адымына тікелей ұштасып жататындығы ай-
тылып келеді. Халықтың әдеби тілін бір адам, жеке адам бір 
мезгілде, бір сәтте жасамайды. Бірақ осы әдеби тілдің әр алу-
ан кезеңдерін, сан салалы тармақтарын (стильдерін) бастауда, 
оның даму барысында жаңаша бағыт сілтеп, жаңа идеялар 
ұсынуда жеке қаламгерлердің қызметі, орны, үлесі зор болуы 
әбден
 
мүмкін. Абайдың есімін қазақ әдеби тіліне жанастыра 
сөз еткенде, осы тұрғыдан келу қажет. 
Алдымен, бір мәселенің бетін ашып алуға тура келеді. Ол 
– «Абай – қазақ әдеби тілінің негізін
 
салушы» деген тұжы-
рымның мән-мәнісі. Бұл фразаның 1950 жылдарда едәуір 
орнығып, тіпті кейбір мақалалар мен тақырыптардың атына 
айналғаны мәлім. Осы түйінді екіұдай ұғушылық болды. Бірі 
– дәл, тура мағынасында, яғни қазақтың әдеби тілі тұп-тура 
Абайдан басталады деген түсінік, екіншісі – Абай бұрыннан 
бар қазақ әдеби тілінің бір кезеңнің – жаңа кезеңінің бастамасы 
деген мәнде танушылық. Абайдың қазақ әдеби тіліне қатысы 
жайында пікір сайыстырушылардың бірқатары, оның ішінде 
біз де осы соңғы көрсетілген мәнде ұғынуды қостаймыз, яғни 
Абайға дейін де қазақ халқының әдеби тілі болып келгенін ай-
тамыз.
Абайдың тек жазушылық, суреткерлік мұрасы емес, бүкіл 
ой-арманын, бағыт-бағдарын, тұтас жазушылық, азаматтық, 
ағартушылық қызметін өте жақсы таныған да танытқан Мұхтар 
Әуезов бұл пікірді ашып айтады: «Абайдың алдындағы қазақ 
халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостардағы, ұзынды-
қысқалы салттық, тарихтық жырларындағы шебер, көркем өлең 


507
үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Бұхар,
 
Махамбеттер-
де әдеби тілдің үлгі-өрнектері жоқ деуге бола ма?» (М.Әуезов 
Қазақ әдеби тілінің мәселелері //Қазақ ССР ҒА Хабаршысы. 
- 1951. - №3 (72). - 97-98-беттер). Бұл жерде Мұхтар Әуезов 
Бұхар, Махамбеттерді атау арқылы қазақтың Абайға дейін 
өткен және онымен тұстас қыруар ақын-жырауларының өлең-
жырлары да әдеби тілді танытатын
 
үлгілер екенін білдіреді.
«Абайға дейінгі қазақ әдебиеті дегенде нені танимыз? Оның 
сыр-сипаты, үлгілері қандай?» деген екінші мәселе және ту-
ады. Бұған жауап беру үшін «әдеби тіл» деген категорияның 
өзін айқындап алмақ қажет. Әдеби тіл – өңделген, екшелген 
нормалары бар, олары біршама тұрақталған және көптеген 
үлгілерге ортақ тіл. Ол ауызекі сөйлеу тілі мен сол тілдің 
ірі-ірі территориялық диалектерінің (егер бар болса) қарама-
қарсысында тұруы шарт. Бұл – жалпыхалықтық сөйлеу тіліне 
негізделген ұлттық әдеби тілдің белгісі. 
Әрине, норма дегеннің өзі әдеби тілдің даму барысының 
барлық дәуірінде бірдей болмайды және сол нормалар тілдің 
барлық қаттауында (фонетика, лексика, грамматика) бір ша-
мада теп-тегіс орнықпайды. Әдеби тілді қалыптастыруда әде-
биеттің әртүрлі жанрлары қатысады. Бұл жанрлардың өзара 
арасалмағы, яғни қайсысының басты, доминанттық рөл атқаруы 
барлық дәуірде және бір қалыпта болмайтындығы – шындық. 
Дегенмен ұлттық әдеби тілдің алғашқы қалыптасуында көр-
кем әдебиеттің рөлі мен орны айрықша болып келгендігін 
көптеген мамандар айтып өткен болатын. Әр ұлттың даму 
тарихының өз ерекшеліктеріне орай, тілінің, сол тілдің әдеби 
немесе ресми түрінің сипаты да, барысы да өзге халықтардан 
өзгеше түсуі
 
тағы сөзсіз. 
Әдеби тіл дамуындағы тарихи процестердің күрделі 
болатындығы, тілдің әдебилігін танытатын белгілердің мол, әр 
алуан болып келетіндігі, сол әдеби тілді қоғам қажетінің қай 
түріне қалайша жаратуға орай стильдік қырларының пайда 
болып тарамдалуы – осылардың баршасы әдеби тіл дегеннің 
әлі де аса қиын, ашылмаған сырлары көп категория екенін 
танытады. Қала берді, әдеби тілдің жазу-сызу тәжірибесінде 
байланыс дегеннің өзі – талас мәселе. Бұл қағида «жазу жоқ 


508
жерде әдеби тіл жоқ» дегенді үзілді-кесілді білдірсе, екіншісі 
«қоғам тарихындағы әртүрлі факторларға байланысты жа-
зу-сызу тәжірибесі әлсіз халықтарда да әдеби тіл өмір сүрді» 
дегенді қуаттайды. Әрине, әдеби тілде пайда болған үлгілердің 
ауызша және жазбаша қолданысының өз ерекшеліктері бола-
ды. Ол ерекшеліктер әдеби нормалардың
 
тұрақтала түсуі, та-
ралуы дамуы сияқты сәттерінде өз іздерін қалдырып отырады. 
Дегенмен әдеби тіл екі жағдайда да ғасырлар бойы қызмет етіп 
дамуы мүмкін. 
Біз «Абайға дейінгі қазақ әдеби тілінің көрсетілген әр түрі 
де болды» деген пікірдеміз. Қазақ халқында белгілі бір әдеби 
дәстүрге байланысты поэзия жанрының
 
өте ерте замандар-
дан айрықша етек жайып, дамығандығын білеміз. Халықтың 
тәуелсіздік үшін жер-суын қорғап, сыртқы жаулармен күресіп 
келгенін танытатын үлкен-үлкен эпикалық жырлардан бастап, 
жеке ақын-жыраулар шығармашылығында көрінген қазақ 
поэзиясы ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа өткен сайын 
күрделене, көркемделе, тұрақтала түсті. Көпшілігіне ортақ өлең 
жолдары, ғажап тіркестер болды. Күнделікті ауызекі сөйлеу 
тәжірибесінен ерекшеленетін тұрақты, әлдеқайда «әдеби», 
яғни көркем поэзия талабын өтейтін тілдік-эстетикалық 
құралдары болды. Қазақ поэзиясы негізінен ауызша сақталды, 
ауызша таралды.
Ауызша тіл үлгілерінің ауызша фиксациясының (сақта-
луының) өз тәртіптері, өз шарттары, тіпті өз мектебі болды. 
Бұлар тілдің әдеби түрінің үзілмей дамуына көмектесті.
Қазақ қоғамында әдеби тілдің екінші жазба түрі қолданы-
лып келді. Бұл түрі ортаазиялық түркі халықтарының бірсы-
пырасына ортақ болған жазу дәстүріне ұштасып жатты. ХV-
ХҮІ ғасырлардан келе одан ортаазиялық
 
жазба әдеби тілдің 
(Еуропа ғалымдарының атауы бойынша, шағатай тілінің)
кейбір қалыптасқан лексика-грамматикалық және орфогра-
фиялық нормаларының басым көпшілігі қазақ жазбасына да 
ортақ болды. Сондықтан ол белгілердің дені қазақ халқының 
күнделікті сөйлесу тілінен, соған негізделе дамып отырған по-
эзия тілінен өзгеше түсіп тұрды. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы-
на дейінгі қазақтың жазба әдеби тілі, әсіресе, көркем әдебиет 


509
саласына тұтас жайыла
 
алмады. Жазба дәстүр негізінен ресми 
құжаттар мен эпистолярлық стильді, ішінара білім-ғылымға 
қатысты ол әдебиетті, діни мазмұндағы кейбір үлгілерлі 
қамтыды.
Абай тұсына келгенде, қазақ әдеби тілінің түрлері, даму си-
паты, қызмет ету аясы әлдеқайда күрделене түскен болатын. 
Абай заманы – қазақ халкының әлеуметтік, саяси-экономикалық 
және мәдени өмірінде болған тарихи актілердің, өзгерістердің, 
жаңалықтардың, шиеленісе түскен тартыстардың заманы. 
Өткен ғасырдын ІІ жартысы – қазақ тілінің күй-қалпы (стати-
касы) мен дамуына (динамикасына) қоғам тіршілігінің қатты 
әсер еткен дәуірі. Бұл кезеңде Қазақстанда кітап бастырудың 
етек ала бастауы әдеби тілдің жазба түрін жандандырды. Осы 
тұста діни және азаматтық оқу-білім көздерінің ашыла ба-
стауы, мерзімді баспасөздің, көпшілікке арналған ағартушы-
танымдық әдебиеттің пайда болуы қазақтың жазба тілінің 
функционалдық стильдерге тарамдалу процесін туғызды. 
Мұсылманша діни оқудың да осы кезеңде қазақ қауымында 
едәуір жандануы араб-парсы тілдері мен шағатай тілінің таныс 
бола түсуіне, бұлардың қазақ тіліне әсер етіп, ауыс-түйіс бола 
бастауына себепкер болды. Осы жайттардың күллісі әдеби 
тілдің әлеуметтік қызметін көтерді. Сондықтан тіл саясатын 
жақсы танып, оның арта түскен қызметін дұрыс түсінген қалам 
қайраткерлерінің ісі мен рөлі күшейді. Қазақ халқының руха-
ни дүниесіндегі Абайдың және бір қырын сөз ете қалсақ, осы 
орайда әңгімелеу қажет болады.
Абай да – заманының перзенті. Абайдың азаматтық, жазу-
шылық бет-бейнесін жасаған – өз тұсындағы қазақ қоғамының 
мүддесі мен талабы.
Тіл қозғалысындағы Абайдың орны мен қызметін белгіле-
ген де – сол тілдің өзіне дейінгі бары мен барысы. Абайдың 
тұсында және сәл алдында қазақ халқының мәдени-рухани 
дүниесінде ауызша да, жазбаша да тараған әр алуан әдебиет 
саласы барлық жағынан екі топқа бөлінді. Тақырып жағынан 
азаматтық және діни әдебиет; жанр жағынан: көркем әдебиет, 
көне өзге жанрларға жататын әдебиет; тегі жағынан төл және ау-
дарма әдебиет, тілдік негізі жағынан: қазақтың халықтық сөйлеу 


510
тіліне сүйенген және ортаазиялық түркіге иек артқан әдебиет 
түрлері. Осы шартты түрдегі екіұдайылық әрдайым бірін-
бірі жоқка шығара бермесе де, тіл саясатының күн тәртібіне 
қойылуына себепкер болды. Абайдың тілге қатысты талабы 
мен талғамы осындай фонда белгіленді. Аталған жағдаятты 
(ситуацияны) жақсы аңғарған Абайға енді өз шығармашылығы 
үшін де, жалпы әрі қарайғы қоғам мүддесі үшін де екіұдай-
ылықтың кейбір сәттерінің бір жағын қолдау қажет болды: 
ұлттық жазба әдеби тілдің негізі етіп бір ғана түрін қостап, 
соны дамыту қажет болды; дүниетанымы мен суреткерлік 
бағдарында демократтық-прогресшіл идеологияны ұстанды; 
поэзиясы мен прозасына
 
азаматтық тақырыпты қалады. Бұлар 
тілге келгенде де Абайды демократтық платформаға алып келді: 
ол қазақтың ұлттық жазба әдебиет тілі үшін жалпыхалықтық 
сөйлеу тіліне негізделген қолтума әдеби тілді, яғни қазақтың 
санғасырлық поэзиясының тілін таңдады.
Бұл таңдаудың себептері де осал емес. Абай өзіне дейінгі 
және өзімен тұстас өмір сүрген түркі жазу дәстүрін
 
(«кітаби 
тілді») акындық дүниесінің есігін қағар шақта, таңдаудан гөрі 
тамашалауы басым кезде, 5-19 жастарында байқап көрді. Ол 
лабораториядан бізге үш өлеңі келіп жеткені мәлім. Кейін са-
налы, мақсатты зор шығармашылықка бет алғанда, шағатай 
тілінен, шағатай әдебиетінің дәстүрінен бас тартты. Бірақ Абай 
көптеген түркі халықтарының мұқтажын өтеп келген тұрақты 
дәстүрі бар шағатай тілін қаламағанда, оның себебі – бұл тілдің 
«жамандығынан» емес, өзге жайттардан. Ең алдымен, бұл жер-
де тілдегі демократия бағыты, яғни, жазба әдеби тілдің негізі 
сол халықтың өз тіліне бет бұру бағыты басты фактор болды. 
Қоғамның өсіп келе жатқан рухани-эстетикалық
 
мұқтажын 
өтеуде сол қауымның қалың Бұхарасына ортақ түсінікті сөйлеу 
тілін таңдау қажеттігін Абай жақсы түсінді.
Халықтың ұлт ретінде әбден қалыптасуына ұйытқы бола-
тын құралдың бірі – жазба тіл болуға тиіс. Абай қазақ халқы 
үшін мұндай ұйытқы қасиетті шағатай тілінен алмады. Ол 
белгілі қазақ поэзиясына сан ғасыр қызмет етіп келе жатқан, ау-
ызша дамыған байырғы қазақ әдеби тілі мен халықтың сөйлеу 
тілінен көріп тапты. Бірақ Абай үшін шағатай тілі немесе оның 


511
қазақ топырағындағы
 
локальды түрі – «кітаби тіл» жазба тіл 
ретінде әрі қарай қызмет ете алмағанымен, құбыжық емес, 
қосалқы құрал болды. Прозалық стилъдердің шағатай тілінде 
ертеден қалыптасып дамуы XIX ғасырда пайда бола бастаған 
қазақ статикасы мен тарихи-ғылыми әдебиетіне тікелей әсер 
етіп, таңбасын басып отырғанын жоққа шығаруға болмайды. 
Әсіресе, Абай шағатай жазу дәстүрінің
 
кейбір элементтерін 
стильдік құрал ретінде пайдалануды көреді. Оның бүкіл про-
засы емес, «38-сөз» деген шығармасында шағатайшыланған 
тұстар кездеседі, «Алла» тақырыбын сөз еткен өлеңдеріне ақын 
шағатай тілінің бірқатар лексика-гармматикалық белгілерін 
қолданады. Демек, Абай шағатай тілінен жалпы безуді емес, 
оны белгілі бір стильдік мақсатта пайдалануды ұсынады. 
Сөйтіп, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақтың байырғы 
ауызша әдеби тілі жаңа кезеңге көтерілді. Тіл өз дәуірінде жаңа 
сатыға


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет