Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет238/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

жүрек, көңіл, ой 
деген 


524
сөздерді адамның символы етіп алып, оларға «жан бітіріп», 
көп өлеңдерін соларға қарата айтады, Шәкәрімде де бұл атау-
лар – автордың жан сарайы. Сондықтан бұлар қаратпа сөз бо-
лып келеді: «Шошыма, 
ойым, 
шошыма...», «Қажыма, 
ойым, 
қажыма...», «Шарлайсың, 
ойым 
шарлайсың, алыстан мені 
барлайсың...», Қой, 
жүрегім, 
қайғырма...».
Бұрынғы қазақ өлең-жырларымен салыстырғанда, Шәкәрім 
поэзиясында көзге түсетін ең үлкен ерекшелік өлең архитек-
тоникасы мен ырғақтық-әуендік бітімінде көрінеді. Абай мен 
Шәкәрім поэзиясының арасындағы үлкен іліктестік те – осын-
да, дәлірек айтсақ, өлең құрауда қазақ көркем сөз тәжірибесінде 
бұрын-сонды болып көрмеген Абай ұсынған жаңа тәсілдерді 
(тәртіптерді), Шәкәрімнің де саналы, сауатты түрде қабыл алу-
ында.
Архитектоника дегеніміз – шығарманың, айталық, өлеңнің 
композициялық құрылымы, екінші сөзбен айтсақ, шығарма 
құрылымының сыртқы пішіні және оны құрайтын бөліктердің 
бір-бірімен байланысуы. Абай қазақ өлеңінің сыртқы құры-
лымына мүлде тың жаңалықтар әкелді, бұл ретте қазақ по-
эзиясын жоғары сатыдағы жазба әдебиет қатарына қосты. 
Ұлы жаңашылдың бұл еңбегін үстіміздегі ғасырдың басында 
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар тұңғыш рет танып, 
атаған болатын. Одан кейін Абайдың ақындық шеберлігін ар-
найы зерттеген Қажым Жұмалиев пен қазақ өлеңі құрылысын 
ғылыми негізде талдаған Зәки Ахметов Абай поэзиясының ар-
хитектоникасын кеңінен сөз етті.
Абай ең алдымен өлеңнің құрылымдық бөліктерінің жаңа 
түрлерін енгізді. Әдетте өлеңдер шумақты, шумақсыз және 
шоғырлы (тирадалы) болып келеді. Абайға дейінгі қазақтың 
шумақты өлеңдері негізінен бір ғана түрде: төрт тармақты 
(жолды), 
а а б а 
ұйқасты болып келетін 11 буынды, кейде 
7-8 буынды туындылар болып кездесетін болса, шумақсыз 
өлеңдерге көбінесе 7-8 буынды жырлар мен кейде 11 буынды 
өлеңдер жататын. Зерттеушілер (3.Ахметов) қазақтың эпостық 
жырларында шоғырларға бөлінген түрі де бар дегенді айтады 
(шоғыр немесе тирада деп өлең-жырдың бір ұйқаспен келген 
бір тақырыпты сөз ететін, төрт-бестен бастап, одан да көп 
тармақтарын атайды).


525
Ал Абай шумақты өлеңдері мен шоғырлы құрылымдарды 
түрлендірді, атап айтқанда, 8 тармақты («Сегізаяқ»), 6 тармақты 
(«Қор болды жаным», «Бай сейілді» т.б.), 7 тармақта («Сен 
мені не етесің?», «Ата-анаға көз қуаныш»), 9 тармақты («Тайға 
міндік»), 14 тармақты («Қатыны мен Масақбай») шумақтардан 
тұратын өлең құрылымдарын ұсынды.
Бұлардың ішінде 6 тармақты өлеңдердің өзі құрылымы
интонациясы, өлшемі, ұйқасы жағынан бірнеше түрлі болып 
келеді. Мысалы, алты тармақты «Қор болды жаным», «Қуаты 
оттай бұрқырап» деп басталатын өлеңдері мен «Бай сейілді», 
«Ем таба алмай», «Кешегі Оспан», «Бойы бұлғаң» деп баста-
латын өлеңдерінің құрылымдары бірдей емес. Демек, Абай 
қазақ өлеңінің бұрынғы төрт тармақты шумақтардан тұратын 
түрлерінен басқа, тармақ саны жағынан тағы да бес түрін 
енгізген екен және олардың өлшемдік, ырғақтық, әуендік 
өрнегін құбылтып, әртүрлі етіп ұсынғанын көреміз. Осы арқылы 
Абай өлең құрылымын түрлендірудің жолын ашты, үлгісін сал-
ды. Ұлы жаңашылдың бұл «ұсынысын» шәкірттерінің ішінде 
бірден қабылдап, амалды әрі қарай жалғастырған, жалғастыра 
отырып, бұл орайда ұстазынан асып түспегенмен, қалыспаған 
Шәкәрім болды деп батыл айтамыз.
Ең алдымен, Шәкәрім «сегізаяқты», яғни сегіз тармақты 
құрылымды қолданды. Сегізаяқтың Абай келтірген өлшемін 
және ұйқас суретін сақтап Шәкәрім «Жастық туралы», және 
«Кәрілік туралы» деген екі өлеңін жазған. Мысалы, «Жастық 
туралы» өлеңінің 1-шумағы мынадай:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет