Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет241/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

Абай және поэзия тілі
Қазақ халқының рухани және мәдени өмірінің тарихында 
ерекше орын алған Абайдың есімі және бір тұста айрықша 
аталуға тиісті. Ол – қазақ халқының ұлттық жазба әдеби тілінің 
даму барысындағы істеген қызметі мен атқарған рөлі.
Әдеби тілдің әр алуан кезеңдерін, сан салалы тармақтарын 
(стильдерін) бастауда, оның даму барысында жаңаша бағыт 
сілтеп, жаңа тенденциялар ұсынуда жеке қаламгерлердің 
қызметі, орны, үлесі болуы әбден заңды. Абайдың есімін қазақ 
әдеби тіліне жанастыра сөз еткенде, осы тұрғыдан келу қажет.
Сонымен қатар Абай – поэзия атты ерекше өнердің шебері. 
Сондықтан ұлы ақынның поэтика дүниесін талдап-тану – 
өз алдына бір проблема. Мұнда да Абай – тек «өз қаламын» 
көрсетіп қоюшы емес, қазақ поэзиясы тіліне сапалық өзгерістер 
жасаушы, жаңа принцип-бағыттар сілтеуші, барды синтездеп, 
жоқтарды енгізуші. Осы қырынан келгенде, әңгімені, біздіңше, 
мынадай мәселелерге топтап қарастыруға болады:
1) поэзия тілінде «творчестволық контекст» дегеннің 
айқын көрінуі;
2) өлең тілінің сөздік қазынасының өзгеруі;
3) фразеология саласындағы, образдар дүниесіндегі 
өзгерістер мен сонылықтар (революция деуге болады);
4) жеке сөздерді таңдап қолданудағы жаңа принциптер, 
оларды поэтизмге айналдыру тәсілдері;
5) өлең архитектоникасы және өлең құрылысы мен тілдік 
амалдардың қарым-қатысы;
б) поэзия тіліндегі акцент құбылысын (дыбыстық гар-
монияны) жасауға тілдік элементтерді жаңаша пайдалану 
принциптері;
7) өлең синтаксисіндегі түбірлі өзгерістер;
8) өлең құрылысындағы (шумақ, тармақ, өлшем, ұйқас) ре-
форма, жаңалықтар.
Абай қазақ поэзиясында «творчестволық контекст» (сурет-
кердің өзіндік қолтаңбасы) дегеннің айқын көріну дәстүрін 
бастады. Творчестволық контекст дегеніміз – жазушының көр-
кемдік-бейнелеуіш тұлғасын тікелей көрсететін тілдік факті-


532
лер жүйесі болса,
114
бұл аспектіден келгенде, Абай тілі өзіне 
дейінгі, өзімен тұстас қазақ көркем сөзі тілінен ерекшеленіп 
тұрады. Абайда ақындық индивидуалдықты көрсететін 
белгілер аз емес. Мысалы, заттың немесе құбылыстың сыр-
сипатын әр жақтан айқындай түсетін жаңа эпитеттерді мо-
лынан енгізу (айталық, 
асау жүрек, мұз жүрек, үрпейген 
жүрек, қырық жамау жүрек 
дегендердегі эпитеттерді не-
месе 
сүтпен енген надандық, нұрлы сөз, нұрлы ақыл 
сияқты 
образдарды қараңыз), стильдік мотив пен экспрессиялық бо-
яуы қалың сөздерді шоғырлап келтіру, кейбір грамматикалық 
тұлға-тәсілдерге образдық жүк арту, бұрын қазақ поэзиясы 
қолданбаған фразеологизмдердің жаңа типтерін енгізу т.т. 
туындының Абай қаламынан шыққандығын танытады.
Абай қазақ өлеңінің сөздік құрамының түрін өзгертті, 
бұрын поэзияда көп қолданылмайтын сөздер тобын енгізді
поэтикалық лексиканы жеке өлеңнің жанры мен стиліне 
сәйкестендірді. Осы арқылы өлең тіліне қатысқан сөздердің 
бір-біріне «иек артуы», стильдік жүк арқалауы, экспрессоид-
ке айналуы күшейді. Абай өлең тілінің айқын, дәл, жинақы 
(аз сөзді) болу принципін енгізді. Ол үшін қазақ қауымына 
бейтаныс, айналадағы шындыққа жанаспайтын образдардан 
сақ болу тәсілін берік ұстады. Поэзия тілін жинақы етіп беру-
де ақын өлең жасау техникасын да пайдаланды, өлеңнің жеке 
тармақтары мен шумақтарының сыйымдылығын арттырды.
Ең үлкен өзгеріс-жаңалықты Абай қазақ поэзиясы тілінің 
фразеология саласына енгізді. Атап айтқанда, сандаған жаңа 
фразалар ұсынды, образды тіркес жасаудың жаңа жолдарын 
көрсетті, бұл орайда перифрастиканы системаға айналдырды.
Реформа іспеттес өзгеріс-сонылықтарды Абай тілдің син-
таксис саласында жасады. Бұл тұжырымды оның поэзиясы-
на да, прозасына да қатысты айтуға болады. Абай ұсынған 
синтаксистік амалдар осы күнгі нормалардың негізі болып 
танылады. Ақын айтпақ идеясына ырғағы мен өлшемі сай 
түсетін өлеңнің соны түрлерін іздеп табады, ұсынады. Ал бұлар 
өлеңнің синтаксистік құрылымының өзгеше болып келуін та-
114


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет