Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет83/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

қорықпас жүрек, айнымас көңіл, бо
-
санбас буын 
керек екен...» Бұл жерде 
жүрек, көңіл, буын 
де-
ген бірыңғай мүшелер алдарына бірдей тұлғадағы эпитеттерді 
салып, параллельдер түзіп тұр. «Мал көбейсе, 
сұлуды жайлап, 


190
жүйрікті байлап 
отырмақ» деген сөйлемде де шешендік белгі 
бар. Мұнда көрсетілген сөздер, бір жағынан, образды фра-
зеологизмдер болып, екінші жағынан, тұлғалас қатар түзіп, 
айтылмақ ойды оқырманға әсерлі етіп жеткізіп тұр. Абай про-
засынан осы сияқты қатар келген: 
өнер қуып, мал тауып... 
ішіп ақтап, арамдығын жақтап... 
адам баласы 
жылап ту
-
ады, кейіп өледі... я көзден жас боп ағады, я тілден сөз боп 
ағады... орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып... біреуді 
жетілтейін, біреуді құтылтайын... жастығы тозбастай, 
буыны босамастай көріп жүріп
... 
шайқақтап шалықтанып, 
салбырап салғырттанып 
(бұл жерде Абай аллитерацияны 
да «жеккен»),.. 
жақсы иіске ғашық, жаман иістен қашық 
болмақтық... малды 
не жерден сұрау керек, не аққан терден 
сұрау керек... 
деген образды параллельдерді теріп ала аламыз.
Абайдың прозалық туындыларының тілін көріктеуде жиі 
қолданған амалдарының бірі – тұлғалас баяндауыштарды 
(әрине, көбінесе етістіктерді) келтіру болып табылады. «Қара 
сөздер» тексінде бірыңғай баяндауыштарды сыйыстыру, яғни 
алдыңғыларын көмекші етістіксіз беріп немесе 
-ып
 
жұрнақты 
көсемше тұлғасында келтіріп, тиісті жақтық, шақтық, 
райлық қосымшаларды ең соңғысына жалғау тәсілі өте си-
рек. Сондықтан мұнда: «Әрберден соң, сыртымызға шықты, 
жауластық, дауластық, партияластық 
(бұл сөйлемді: 
жаула
-
сып, дауласып, партияластық 
деп құруға да болар еді)... 
Кірді, 
шықты, ілді, қашты, 
түбегейлеп оқыған бала да жоқ 
(кіріп-
шығып, іліп-қашып 
деп беруге де болар еді)...» деген сияқты 
сөз өрімдерін таба аламыз.
Біздің байқауымызша, бірыңғай сөйлем мүшелерінің не-
месе компоненттерінің әрқайсысын жеке-жеке тұлғалаудың 
эмоциялық әсері қалыптағы нормамен келгендерінен әлде-
қайда күшті болады, өйткені олардың әрқайсысы интонация 
жағынан оқшауланып, өздеріне назар аудартады. Шебер сурет-
кер осыны жақсы сезген.
Толғаныстарын қара сөзбен білдіруде Абай қолданған 
стильдік тәсілдердің ішінде ең бір көзге түсетіні – айтпақ 
ойын сұрау арқылы білдіру. Байқасақ, «Қара сөздердің» ба-
сым көпшілігі сұраулы сөйлеммен аяқталып отырады. Ал 


191
кейбіреулері тұтасымен дерлік сұраулы сөйлемдерден тұрады. 
Оның бір мысалы жоғарыда қайталама әдісті қолдануына 
қатыстыра келтірілген 22-сөзі болса, келесі 23-сөз деп атала-
тын туындысының шағын тексі де абзац басындағы сөйлем-
дерден өзгесі түгелімен дерлік сұраулы сөйлемдер етіп ұсы-
нылған. Мұнда «біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, 
бір жұбаныш дегендер бар» деп бастайды да, әрі қарай 
«мынадай-мынадайларға адам қуана ма екен» 
(Жаманмен са
-
насып жақсы бола ма? Мен бес аттан, он аттан ілгері едім 
дегеннің несі қуаныш? 
т. т.), «мынадай-мынадайлар жұбаныш 
бола ма екен» деп тұнып тұрған сұрақтармен толғанады. 
Бұл жердегі сұраулары өзінің келіспейтін пікірлерін айтуға 
жұмсалған.
40-сөз деп аталатын шығармасы да бастан-аяқ сұраулы 
сөйлемдермен келген сауалдар.
Абай прозасында да, өлеңдеріндегідей жиі болмағанмен, 
образды тіркестерді қолданудан бас тартпаған. Мұнда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет